Quantcast
Channel: Сұхбат –Астана Ақшамы
Viewing all 202 articles
Browse latest View live

МЕКТЕПТЕГІ ОРТАҚ КИІМ ФОРМАСЫ – ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ ТАЛАБЫ

$
0
0
??????????????????????????????????????????????????????????

Білім және ғылым министрлігінің мектеп формасына қатысты бұйрығы қоғамда біраз пікір тудырған еді. Онда мектеп формасына қандай да бір дінге қатысты айқындайтын киім элементтерін қосуға жол берілмейтіні айтылған. Жалпы, мектептегі хиджаб мәселесіне байланысты Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкинмен әңгімелескен едік.

??????????????????????????????????????????????????????????

ӨЗ ЖОЛЫН МЕКТЕПТЕН СОҢ ТАҢДАЙДЫ

– Ғалым Нұрмағамбетұлы, оқушылардың хиджаб киюден, тыйымдар мен шарттылықтан аулақ жүргені қаншалықты маңызды?
– Елімізде хиджаб кию мәселесі қоғамнан парасатты көзқарасты талап етеді. Қазір Қазақстанда азаматтарымыздың білім алу үрдісіне мейлінше көп көңіл бөлінген. Себебі білім беру жүйесі арқылы тұтас қоғамның келешегі қаланады. Бүгінгі мектеп оқушысы – еліміздің ертеңгі болашағы. Сондықтан оқушының бойына қазір қандай құндылық ұялататын болсақ, ертеңгі еліміз сондай болмақ. Осыған орай, балаларымыз білім мен мектеп тәрбиесін алу кезінде кез келген діни шектелуден, тыйымдар мен шарттылықтан аулақ жүрсе дейміз. Балаларымыздың жан-жақты білім алып, әртүрлі мәдениеттер мен дүниетаным өкілдерімен араласу мүмкіндігіне барынша ашық болуы шарт. Тек содан кейін ғана, мектептегі оқуын бітірген соң, жастарға өз бетімен дін жолын немесе дамудың зайырлы бағытын таңдауға болады. Нақ осындай даму жолы Қазақстанда көркейген және білімді қоғам, құқықтық және демократиялық мемлекет құруға көп көмек тигізері сөзсіз. Жалпы, мемлекетіміздің зайырлы құрылымы азаматтарымыздың діни немесе басқа да әлеуметтік-мәдени өзгешеліктеріне қарамай, мүдделері мен құқықтарын қор­ғайтынын түсіну ерекше маңызды. Сондықтан еліміздің діндар азаматтарын аталған мәсе­леге сабырлықпен қарап, заң нормаларын қадағалауға үндейміз.
– Қазір әрбір азамат қалаған дінін ұстануға құқылы. Оған елімізде барлық жағдай жасал­ған. Осы орайда, діндар азаматтар Конституция мен заңдарды орындауға міндетті емес пе?
– Әрине. Елімізде 3,5 мыңнан астам діни бірлестіктер еркін және ашық жұмыс істейді. Олар 18 конфессияға бірігіп, тең құқыққа ие. Бір мезгілде, кез-келген азамат құқық пен діни сенімінен бөлек, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын орындауға міндетті.
– Ал бірыңғай мектеп фор­масына қатысты Діни басқар­маның ұстанымы қалай?
– Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бірыңғай мектеп киімінің үлгісіне қатысты мемлекет саясатын қолдайтын ұстанымын бірнеше рет жария­лағанын айтуымыз керек. Олар өз ұстанымында ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектеп киімі­не қатысты талаптары Конс­титуция мен ел заңдарының ая­сын­да қабылданғанын, сон­дық­тан қатаң сақталуға тиіс деп көрсеткен.
Сонымен қатар, Діни басқарма қыздар мен әйелдерге қара көйлек жамылмай, қазақ халқының салт-дәстүріне сай салмақты киінуді ұсынады. Ислам діні мектеп табалдырығын жаңа аттаған қыз балаларға орамал тағуды мін­деттемейтінін ескертеді. Ата-анаға болашақта баласына қажет болатын толыққанды зайырлы білім алуына ерекше назар аударуға кеңес береді. Және оқу­шылардың діндар ата-аналарын білім беру мектептерінің талаптарын орындауға, өз елінің заңдарына құрметпен қарауға, ел басшылығының шешімдерін құрметтеуге шақырады.
– Бұл заң нормалары барлық конфессия өкілдеріне ортақ қой?
– Аталған заң нормалары бар­лық конфессия өкілдеріне ортақ. Бұл талаптар оқушылардың дін еркіндігіне құқықтарын шектемейді және діни сезімдеріне нұқсан келтірмейді. Діндар адамдар өзгелер секілді еліміздің азаматтары саналады, сондықтан ел заңдарының талаптары оларға да міндетті. Оқытудың зайырлы сипаты оқушыларды ұлттық, діни, әлеуметтік немесе тағы басқа белгілеріне қарай жіктелуден сақтайды.
Конституцияға сәйкес ар-ұждан бостандығын пайдалану құқығы жалпыадамзаттық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге шарт қоюға немесе оларды шектеуге тиісті емес. Елдің заңдарына сәйкес ешкімнің жеке діни нанымдары мен сенімдеріне қарай Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарында белгіленген міндеттерді орындау­дан бар тартуға құқығы жоқ.
Жалпы, басқа да қоғамдық құрылымдар тәрізді діни бірлес­тіктер де еліміздің заңдарын сақ­тауы және құрметтеуі тиіс. Діндар азаматтардың басқа да азаматтар тәрізді құқық пен жауап­кершіліктері теңдей. Өйткені құқық бар жерде міндетті түрде жауапкершілік бар екенін және бұл екі ұғым бір-бірінен бөлінбейтінін есте сақтаған жөн.

СЕНІМ МӘСЕЛЕСІНДЕ АҚЫЛҒА СҮЙЕНГЕН ДҰРЫС

– Бірақ мектеп формасына бола кейбір діндар ата-аналар балаларын мектепке жібермей қойғанын білеміз…
– Неке және отбасы кодексінде айтылғандай, ата-ана баласының міндетті орта білім алуын қам­тамасыз етуі керек. Сонымен бірге, олар білім беру мекемесінің жарғысында айтылған талаптарды орындауға, балаларының оқу орындарында сабаққа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.
Біздің мемлекет азаматтардың білім алуына ерекше мән бе­реді. Жастардың төмен діни сауат­тылығы оларға зайырлылық пен діни қағидаттардың қатар өмір сүруі жағдайында дұрыс әрекет жасауға кедергі жасайды. Ал дес­труктивті діни ағымдар болса қоғамдағы осы факторды жасанды жолмен ушықтыруды пай­даланып, азаматтарды мемлекетке қарсы қойғысы келеді… Осы тұрғыдан алғанда, мектептегі жал­пыға ортақ бірыңғай киім мәселесі айналасындағы дау-дамай да дәл сол теріс дін ағымдардың әрекеті.
Педагогика мен психология тұрғысынан алып қарар болсақ, зайырлылық өскелең ұрпаққа заманауи гуманитарлық білім беру талаптарына толықтай сәйкес.

 ҚЫЗ БАЛАНЫҢ КИІМІНДЕ “ХИДЖАБ” ДЕГЕН ҚАҒИДА ЖОҚ

– Жекелеген азаматтар мектепте хиджабқа салынған тыйымды дін бостандығын шектеу деп қабылдайды. Бұл мәселе әлемдік тәжірибеде қа­лай шешімін тапқан?
– Әлемдік тәжірибе мем­лекеттің зайырлы және демо­кратиялы құрылымын сақ­тау­дың тиімді әдістерінің бірі ретінде мемлекеттік білім беру мекемелерінде діни атрибутикаға заң жүзінде тыйым салатынын көрсетеді. Хиджабты діннің ішкі емес, сыртқы белгісі ретінде қабылдау керек. Сондықтан білім беру мекемелерінде діни орамал тағуға тыйым салуды дін бостандығын шектеу деп ұғынбаған жөн.
Ислам діні ешкімді шек­тен шыққан әрекет жасау­ға мәж­бүрлемейді. Ол жалпы-адам­зат­тық құндылық­тарды бас­шылыққа алатын асқар мұратқа сенуде соқыр сенімге үйретпейді, керісінше, сенім мәселесінде ақылға сүйенуді талап етеді. Исламда адам дінге және оның сыртқы айшықтарына қатынасын саналы түрде анықтауға құқылы.
– Дұрыс, мектеп оқушыла­ры­ның бірыңғай форма кигені – құптарлық іс. Дегенмен қар­сылық танытып жатқан кімдер?
– Мектепте діни киім киюге тыйым салуға, ең алдымен, Қазақстанды зайырлы даму жолынан алыстатуға мүдделі адамдар қарсы. Алайда Қазақстан халқының басым бөлігі, соның ішінде діндар азаматтардың көпшілігі мемлекет ұстанымын қолдайды және заң талаптарын орындаудан бас тартпайды. Осы жерде ашып айта кететін болсам, Қазақстанды зайырлы даму жолынан алшақтатып алып кету бірінші кезекте ислам дініндегі дәстүрлі емес ағым өкілдеріне керек. Бұлар өз әрекеттерінде әртүрлі амал қолданғанымен, мемлекеттің зайырлы негіздерін олардың барлығы қолдамайтынын нақты айтуға болады. Ал кейбіреулері болса өз идеологиясын пайдаланып, адам санасын улау арқылы жастарды Сирия мен Ирак жерлерінде террор жасауға көндіреді. Бұлар қашанда өз пайдаларына сәйкес экономикалық және саяси мақсаттар көздейді, ол оны дін атын жамылып, пайдаға асырады. Сондықтан бүгін мемлекет пен дәстүрлі діндер бірігіп, шынайы рухани құндылықтарды жалған діни және радикалды идея­лармен алмастыруды көздеген күштерге қарсы күрес жүргізуде.
– Бұл ретте ата-аналарға қандай талаптар қою керек?
– Әрбір ата-ана өз бала­сы­ның болашағы үшін жауапты. Үлкендер кейде дін қағида­лары­ның талабымен өмірін өзгертіп, өз балаларының да бойында сәйкесінше діни сананы қалыптастырғысы келеді. Осылайша, ата-ана баласының өміріне өзіндік түзетулер енгізеді. Мектепке хиджаб киіп бару – осының нәтижесі. Ата-ана көп жағдайда мұндай шешімді өздігінен қабылдайды да, балаға жеке шешім шығаруға мүмкіндік бермейді, оның сана-сезімі мен қоршаған ортасы есепке алынбайды. Ал ұстаздар мен психологтардың бұған араласу әрекеті ата-ана тарапынан қарсылыққа тап болады. Ақыр соңында бар соққы баланың басына келіп тиеді. Ата-анаға баласының болашағы үшін ең маңыздысы – білім алу екенін естен шығармаған дұрыс. Сондықтан діни сенім жас тұлғаның білім алуына кедергі жасамауы және баланы қоғамнан алшақтамауы тиіс.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

The post МЕКТЕПТЕГІ ОРТАҚ КИІМ ФОРМАСЫ – ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ ТАЛАБЫ appeared first on .


ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІ КӘСІБИ ШЫҢДАЛУЫМА ЖОЛ АШТЫ

$
0
0
11

Белгілі опера әншісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, сопрано дауысты Майра Мұхамедқызын білмейтін жан кемде-кем. Ол – Париждегі атақты «Гранд-Опера» театрында Қазақстанның атынан өнер көрсеткен тұңғыш әрі әзірге жалғыз қазақ. Жуырда «Астана Опера» театрының жетекші солисі, Қазақстан ғана емес, Еуропа елдерінің сахнасын абыроймен бағындырып жүрген өнер саңлағымен жүздесудің сәті түскен еді.

11

– Биыл – ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Еліміз егемендік алғаннан кейін шартарапқа шашылған талай қандасымыз атамекеніне оралды. Солардың бірі – өзіңізсіз. Атажұртқа алғаш оралған кезіңіздегі әсеріңіз жөнінде айтып берсеңіз?
– Мен елге алғаш рет 1991 жылдың қыс айында келдім. Әу баста қонақ ретінде келген едік. Атақонысымызға табан тіреп, алыста жатқан аға­йындарымызды көріп қай­тайық деп келгенімізбен, негізгі түпкі мақсатымыз атамекенге біржолата көшіп келу болатын. Алайда оған мүмкіндік болмады. Кеңес одағы құрамынан әлі шыға қоймаған біз өте қиын уақытқа тап болыппыз. Заман қиын, дүкендер бос, халықта ақша жоқ, елдің тіршілігі ауыр болды. Қытайдан бері шығарда күйеуіміз екеуіміз нағыз қазақтың ортасына барамыз деп қуанып едік. Өкінішке қарай, олай болмады. Орыстың ықпалы мен тілінің дәурені жүріп тұр. Басында, әрине, қиын тиді. Автобуста тұрып қазақша жөн сұрасаң: «Қашаннан бері қазақ бола қалдың?!» деп ұрыс­қандарды да көрдік. Қаса­қана орысша сөйлеп тұрып алатын қандастарымыз да көңілімізді жабырқатқаны рас.
Оның үстіне Алматыдағы Қазақтар қауымдастығының өкілдері де: «Қалғанда не істей­сіңдер? Күні ертең не боларын өзіміз де білмейміз. Жағдай аумалы-төкпелі болып тұр. Ешкім ештеңеге кепілдік бере алмайды. Одақтан мемлекеттер шығып жатыр. Елдің жалғыз-ақ арманы – тәуелсіз ел болу. Бірақ оған саяси жағдай мүмкіндік бере ме, бермей ме, ешкім айта алмайды. Тек тыныштық болсын, естерің барында елдеріңді тауып алыңдар!» деп кеңес берді. Яғни, тұрақтап қалудың реті келмеді. Визаның уақыты біткенше ел араладық. Туысқандарға қыдырдық. Тұң­ғыш рет қазақ даласындағы Наурыз тойына қатыстық. Той барысында телевизиялық түсірілім болды. Сол жерде алғаш рет Роза Рымбаеваның «Нау­рыз» әнін естідім. Үлкен әсер алдым. Алайда атажұртқа деген сағы­нышымыз бен мау­қымызды басып үлгермедік.
Үш айлық визаның уақыты бітіп амалсыз қайтып кеттік. Сол кеткеннен 1994 жылы бір-ақ келдік.
– «Қазақстан тәуелсіз ел болды» деген хабарды қалай қабылдадыңыз? Кімнен естідіңіз?
– Әлі есімде, сыныбымызда әлем картасы ілініп тұратын. Картадағы «Қазақстан» деген атауды көріп: «Мына жерде қазақтар тұрады. Қазақтардың Отаны не деген үлкен ел, қыдырып барар ма еді?» деп армандайтын едім. Кейін ес біле келе бұл арман «шіркін-ай, қандастарымызға қашан барар екенмін, қашан құмарымыз қанғанша өз тілімізде сөйлесер екенбіз!» деген аңсауға айналды. Тұратын еліміз өзгенің елі болған соң, айналаның бәрі қытайша сөйлейді. Оның үстіне үлкендер жағы бастары қосылса болды, ол жердегі айрандай ұйыған қазақтар мен олардың берекелі тірлігін жыр қылып айтып, туған жерге деген сағынышымызды одан сайын еселеп тастайды. Негізі, біздің атажұртымыз – Семей өңірі. Бабаларымыз сол өңірден ауған екен. «Ана жерде, мына өңірде туысқандарымыз тұрады, түбінде біріміз қалмай ата-жұртымызға көшеміз» деп жақындарымыз да үнемі айтып жүретін. Уақыт сырғып өте берді. Сағынышымыз да басылмады. Керісінше, атажұртқа деген құмарлық күн санап арта түсті.
Сөйтіп жүргенде «Қазақстан тәуелсіз ел болды» деген ақ­жолтай хабар жетті. Кітап­ханада отырған едім, бір қытай келіп айтты: «Ей, қазақ, елің Тәуелсіздік алыпты. Құттық­таймын!» деп. Қуаныштан жүрегім толқып кетті. Мен ғана емес, бұл жаңалық Қытайдағы күллі қазақ баласы үшін мереке, үлкен қуаныш болды. Үлкендер көздеріне жас алып, жылап, ағайын-жұрт той жасап, бір-бірін құттықтап жатты. Қысқасы, Қазақстанның Тәуелсіздік алуы Қытайдағы қалың қазақ үшін үлкен қуаныш болды.
Ақжолтай сүйінші хабардан кейін маған «қалай да кету керек!» деген ой келді. Қытайлар да сезді-ау деймін, кетірмеудің бар амалын жасап бақты. Қоймай жүріп, 1994 жылы келіп, қалып қойдым. Қытайдан заңсыз кетіп, қайтып бармай қойдым. Заң бойынша, үш айлық визамен кеттім. Қытай Үкіметі мені Чайковский атындағы халықаралық конкурсқа дайындыққа жіберіп жатырмыз деп ойлады. Мен Қазақстанға барып, орыс ұста­зыммен бірге дайындаламын деп кеттім.
– Шу болмады ма артынан?
– Жоқ, шу болмады. Мені дереу азаматтықтан шығарып тастады.
– Тәуелсіздік сізге несімен қымбат? Немен мақтанасыз. Тәуелсіздік сізге не берді?
– Тәуелсіз Қазақ елі менің қанатымды қатайтты. Кәсіби деңгейде шыңдалуыма, әлемдік сахналарды бағындыруыма жол ашты. Өз кәсіби саламда айтылмаған опералар мен орын­далмаған шығармаларды орындауға мүмкіндік берді. Небір мықтылармен үзеңгі қа­ғыстырып, көптеген мемлекет басшыларының алдында абыроймен өнер көрсеттім. Концерттер бердім. Қазақ тарихында болмаған Чайковский атындағы әлемдік деңгейдегі конкурсқа қатысып, қазақ тарихындағы тұңғыш дипломант атандым. Менен бұрын белгілі скрипкашы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Айман Мұсақожаева қатысып, лауреат атанған болатын. Париждегі атақты «Гранд-Операда» Қазақстанның атынан өнер көрсеткен тұңғыш әрі әзірге жалғыз опера әншісі болу бақыты бұйырды. Опера, ән арқылы қазақтың атын дәріп­теуіме мүмкіндік алдым.
Елбасының қасында жүру бақыты бұйырды. Бірнеше рет халықаралық деңгейдегі шешуші тарихи сәттерде қасында болдым. Президенттің тікелей шақыртуымен «Астана Опера» театрына орналастым. Сол жерде менің екінші тынысым ашылды. «Астана Опера» театрына алғашқылардың бірі болып келуім керек еді. Бірақ кейбір азаматтардың кесірінен уақытында келе алмадым. Тек Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының шақыртуының арқасында ғана Астанаға жол ашылды. Қазіргі таңда «Астана Опера» театрында жетекші әншімін. Театрымыз өте жас.
Үш жыл болды. Репертуары жылына екі-үш қойылыммен толығып жатыр.
Ең бастысы, елім маған бос­тан­дық сыйлады. Өмір бойы аң­сап келген Отаныма келіп, жаным тыныштық тапты. Елімізде береке бар. Ұлан байтақ жеріміз бен айрандай ұйыған халқымыз бар. Мен осымен мақтанамын. Өзге халықтар тоқымдай жер үшін қан төгіп, соғысып жатыр. Көбісі Отансыз босып жүр. Мен осындай елімнің барына қуанамын, тәубе етемін.
– Еліміздегі өнерге қолдауға көңіліңіз тола ма? Әлемдік деңгейдегі сахналарда жүріп нені аңғардыңыз? Ол жақтағы қолдау мен бұл жақтағы өнерге деген көзқарастың айырмашылығы неде?
– Көпке топырақ шашуға болмайды. Дегенмен, «қарның ашатын» жайттар көп. Елімізде небір таланттар тасада қалып қойып жатыр. Әкесі, көкесі барлар озған заман болып тұр. Яғни, дарынсыздардың заманы туып тұр деуге болады. Бәрі бір ғана қоңыраумен шешіліп жатады. Шетелде талант бірден мойын­далады. Адал еңбек еткендер озады. Бізде осы жетпейді. Мұндай жайттар өз басымнан да өтті. Талай таяқ жедім. Бұл өнер ғана емес, барлық саладағы дерт болып отыр.
Бұл – кеңестік дәстүрден қалған бір сарқыншақ. Ол кезде аты мен атағы бар әншілер ғана үлкен сахнаға шығатын. Басқаларға жол болмайтын. Мен осы үрдісті бұзып, талант арқылы да топ жаруға болатынын дәлелдедім. Қазір жастарға мүмкіндік өте көп. «Бара ғой, қатыса қой!» дейтін жер де, байқау да көп қазір. Бізде кезінде ондай мүмкіндік бомады. Бірлі-жарым халықаралық байқауларға атағы барлар ғана қатысты. Расы керек, ол кезеңде жеңіс емес, қатысу мәртебе саналды. Мені көп жерде сахнаға шығармай, алып қалатын. Сондағы бар айтатындары – «атағың жоқ» деген сылтау. Үлкен сахнада жүріп, тек екі жылдан кейін ғана басты рөл алдым. Оның өзінде орындаушы ауырып қалып, амалдың жоғынан берілді. Атақты «Травиата» рөлі болатын. Ештеңеге қараған жоқпын. Абыроймен орындап шықтым. Сосын барып мойындалдым. Болашағыма сенім білдіріп, ақырындап сахнаға шығара бастады.
Біраз жұрт мені Франциядағы «Гранд-Опера» театрында келісімшарт негізінде ұзақ уақыт өнер көрсеткен алғашқы қазақ қызы деп мақтап жатады.
Ол жерде де еш көмексіз, қол­даусыз жүрдім. Мына күнге оңайлықпен жеткем жоқ. Адал еңбек пен маңдай тердің арқа­сында жеттім. Елімізге әлемдік «Сорос қоры» келмегенде жағ­дайым не болар еді?! Біраз конкурсқа осы қордың көмегінің арқасында бардым.
– Жаңа бір сөзіңізде бірнеше рет халықаралық деңгейдегі шешуші тарихи сәттерде Елбасының қасында болдым деп айтып қалдыңыз. Толық­тай тар­қатып айта кетсеңіз…
– Бәрі де өнердің арқасы ғой, екі рет Елбасының қабылдауында болдым. Сондай қабылдаудың бірінде Нұрсұлтан Әбішұлы: «Чайковский атындағы әлемдік деңгейдегі конкурсқа барып қатыс» деді. Мен «бара алмаймын» дедім. Өйткені орысша білмейтін едім әрі Порту­галиядағы жағдайды айтып, қаржылық мүмкіндігімнің жоқ­тығын айттым. Сосын: «Италиянша ән айта аласың ба?» деп сұрады. «Иә» дедім. «Ендеше, дайындал, бұл байқауға еліңнің намысы үшін барасың. Уайымдама, бәрі жақсы болады!» деп қайрап жіберді. Абырой болғанда, ол кісінің үмітін ақтап, дипломант атандым. Үлкен концерттерден көрінбей қалсам, «Майра қайда, неге көрінбейді?» деп іздеп жатады деп естимін. Бұл мен үшін, әрине, үлкен бақыт.
Мен еліміздің тағдыры шеші­летін бірнеше маңызды халық­аралық кездесулердің бірне­ше­уінде Елбасының қасында болдым. Алғаш рет АҚШ-қа ресми сапарында еріп бардым. АҚШ-тың сол кездегі президенті Билл Клинтон еді. Жол ауыр әрі ұзақ уақыт ұшып барғандықтан, шаршап жеттік. Оның үстіне мұндай алпауыт елге алғаш рет барып тұрмыз. АҚШ жұрты сынай қабылдағандай көрінді. Сапар аясында 500 адамдық залда өнер көрсетуім керек болды. Сол кезде Елбасы айтты: «Майра, еліміздің болашағы мен екі ел арасындағы байланыстың нығая түсуі – менің ғана емес, сенің де мойныңда. Амери­калықтарды өнермен тәнті етуің керек. Залдағы 500 адамды ая­ғынан тік тұрғызатын бол. Жақ­сылап дайындал!» деді. Кеш­кісін АҚШ президенті Клинтон мен Елбасымыз бас­таған 500 адамдық делега­ция­ның алдында Бернштайнның шығармасын орындап шықтым. Зал орнынан тік тұрып қол соқты. Ертеңінде Елбасы: «Үлкен еңбек сіңірдің» деп рақметін айтты.
Сосын елімізге Қытай елінің бірінші төрағасы Цзянь Цзэмин ресми сапармен келген кезде де сол кездегі Премьер-министр Ахметжан Есімов арқылы арнайы шақыртып алды. Қытайша ән айтып, Қытай төрағасының құрметіне орай ұйымдастырылған салтанатты кешті жүргізіп беруімді сұрады. Қытайша ән айтып, кешті жүр­гіздім. Қытайлық делегация өте жақсы қабылдады. Бір кезде мені Нұрсұлтан Әбішұлы ша­қырды. Екі президентің ортасында отырмын. Сөз арасында Қытай төрағасы менен: «Неше жыл болды?» деп сұрады. Мен: «Келгелі неше жыл болды?» деп сұраған шығар деп ойлап, «екі жыл болды» деп жатырмын. Сөйтсем, шетелдік төраға Елбасымызға қарап: «Нұрсұлтан Әбішұлы, жастарыңыз қандай керемет! Екі жылдың ішінде қытай тілін осындай деңгейде меңгеріп алыпты, Мен Қытайда тусам да, әлі күнге дейін шанхай диалектісімен сөйлеймін» деп мақтау айтты. Өзім ыңғай­сызданып келдім. Елбасы «үн­деме!» дегендей ишарат біл­дірді. Кештен соң Президент қасыма келіп: «Азаматтық алып пе едің?» деп сұрады. Мен екі жылдан бері бармаған жерім, ашпаған есігім қалмағанын, ала алмай жүргенімді айттым. Жақында аласың деп, сол кездегі Алматы қаласының әкімі Шалбай Құлмақановқа тапсырды. Азаматтық алдым. Азамат­тық­пен бірге, екі бөлмелі пәтер­дің кілтін де тапсырды.
– Қытай төрағасы сол бойы білмей кетті ме сіздің Қытайдан келгеніңізді?
– Артынша қызық болды. Бұл 1994 жылы болған оқиға еді. 1996 жылы екінші рет келді. Сол кезде: «Әй, сен біздің қыз екенсің ғой!» деп күлді. «Сені екі ел арасындағы мәдени көпір деп білеміз. Білімді біз бердік, ұмытпа!» деп кетті.
– Өнерге баулып жатқан шәкірттеріңіз бар шығар?
– Бар. Биыл мені Қазақ ұлт­тық өнер университетінің рек­торы Айман Мұсақожаева кон­серваторияға шақырды. Сол жерде шәкірт дайындап жатырмын. Үш бірдей сопрано дауысты шәкіртім бар қолымда. Үшеуі де бірінші курс студенттері. Қолымнан келгенше өнердің иірімін үйретіп жатырмын. Алайда бәрі айналып келіп ақшаға тіреледі екен. Балапандарымды үлкен сахналарға алып шығу қиын болып тұр. Бүгінгі таңда Қазақстандағы өнердің жайы да қиын. Өнер адамдарын соншама неге қадірсіз қылып қойғанына таң қаламын. Балаларды бес жа­сынан бастап музыкаға баулимыз. Он жыл бойы академиялық оқуын бітіреді. Ал жемісі мынау – жалақысы небәрі 50-60, әрі кетсе 80 мың теңге. Амалдың жоқтығынан небір мықты таланттар басқа салаға кетуге мәжбүр.
Бір өзгеріс болса, ең алдымен бізді өзгертеді. Осындай жайттардың салдарынан қаржы мәселесі үнемі қолбайлау болып жатады. Сосын амалсыз бәріміз тойға шығамыз.
– Тойға жиі шығасыз ба?
– Жиі шығамын. Шақырған жерден қалмаймын. Барлығын осы тойдан табамыз. Болмаса қайдан табамыз? Киімге, клипке, әнге – бәріне ақша керек.
– Өнер адамдарына салық салуға қалай қарайсыз?
– Мен қарсымын. Түбегейлі қарсымын. Не үшін төлеуіміз керек? Алдымен халықтың бай­лығын миллиондап жеп жат­қандарды тұсап алсын. Ешкім бізге сахнаға киетін киім алып бермейді. Бір көйлек тіктіру үшін кемінде 1000 доллар сұрайды. Әнімізді радиоға, эфирге беру үшін – бәріне ақша керек.
Концерт беру де қып-қызыл ақша. Бір концерт беру үшін кемінде 300 мың доллар керек. Оны қайдан аламыз? Өткен жылы Наурыз мерекесі қарсаңында «Астана Операда» үлкен концерт бердім. Көрермен өте көп болды. Тіптен есікті сындырып кете жаздады. Халық өте жылы қарсы алып, батасын берді. Алайда сол концертім үшін бір тиын да алған жоқпын. Сондықтан соқыр тиын да төлемеймін.
– Жақында «Қазақтың әнші қызы Майра Мұхамедқызы өз кәсібін ашты» деген сыбыс естіп едік. Бұл қаншалықты рас?
– Ол рас енді. Балалардың бренд киімін қолға алып жатырмын. Елімізде сапалы өнім көп. Бірақ бағасы өте қымбат. Қарапайым жұрттың қалтасы көтере бермейді. Арзан әрі сапалы киім өндірісін дамыту көптен бергі арманым болатын. Соның реті енді ғана келіп жатыр. Бір рет подиумға шықтық. 20 шақты киім түрін таныстырдық. Жұрт жақсы қабылдады. Жоба бас­тап жатқанымды естіп-білген жұрт хабарласып: «Айналайын, Майра қызым, бағасы қанша болады? Арзан болсын. Халықтың қолы жетпей қалмасын!» деп хабарласып жатыр. Әрине, сапасын жақсы, бағасын қолжетімді қылуға тырысамын. Бірақ елі­мізде шикізат мәселесі қиын екен. Басында «елімізде мақта көп, бірден дөңгелетіп алып кетеміз. Бағасы арзан болады» деп ойлағанмын. Сөйтсек, мақтамыз шетелге кетеді екен. Өзімізде мата өндірмейді. Амалсыз қажетті маталар мен жіптерді Түркия, Италия, Қырғыз, Қытай секілді елдерден алдыруға тырысып жатырмын. Бұл бағаға әсер етеді. Бірақ шамам келгенше арзан қылуға тырысамын. Құжаттарымен жүрмін. Бәрі сәтті болып жатса, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында халқыма сый жасасам деген ой бар.

Сұхбаттасқан:
Бүркіт НҰРАСЫЛ

The post ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІ КӘСІБИ ШЫҢДАЛУЫМА ЖОЛ АШТЫ appeared first on .

Байғұтты ТОРТАЙ: АҚОРДА – ТАҢДАУЛЫ ЖОБАЛАРЫМНЫҢ БІРІ

$
0
0
bajghutty-tortaev

Тұңғыш Президенттің мерекесі қарсаңында Елбасының резиденциясы, Есілдің сол жағалауында орын тепкен айшықты ғимарат – Ақорданың жобасын жасаған белгілі архитектор, ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі Байғұтты Тортаймен сұхбаттастық.

bajghutty-tortaev

СӘУЛЕТ ӨНЕРІ – ОТБАСЫМЫЗБЕН ТАҢДАҒАН САЛА

– Байғұтты Сейітжанұлы, архитектура мамандығын таңдауыңызға не себеп болды, кім әсер етті?
– Мен өсіп-өнген отбасы мүшелерінің бәрі өнерге жақын. Әкеміз он саусағынан өнер тамған шебер еді. Қанмен берілген қасиет қой. Мектепте жүргенде сурет, сызу пәндеріне бейім болдық, қабырға газетін жасауға белсене араластық. Архитектура факультетіне бірден келе қойған жоқпыз. Бір жылдары әкеміздің ізін жалғап, орман шаруашылығымен айналыстық. Мен оқуға түсуге барған жылы конкурстан өтпедім. Қаладан келе сала тыңғылықты дайындыққа кірістім. Ол кездері ауданға «Архитектура СССР» журналының бір-ақ данасы келетін. Журналға жазылуға рұқсат алып, төрт-бес жыл көлеміндей машықтандым. Өнерімді бағалап, ауылдық мектепке мұғалімдікке шақырды. Ақыры, бес жылдан кейін оқуға түскенде биік шыңды бағындырғандай керемет сезімге бөлендім. Менің әсерім болуы керек, інім Арапбай да сәулет өнерін таңдады. Екеуміз ілгері-кейін сол факультетті бітірдік. Балаларымыз біздің жолымызды таңдады. Үлкен қызым Динара – еліміздің 15 қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің авторы. Міне, ұрпақтар сабақтастығының жарқын мысалы! Ал үлкен ағамыз – құрылысшы. Жас мамандарды бағыттап мені – Таразға, Арапбайды – Ақтөбеге жіберді. Кейін елордамыз Астана болған кезде бас шаһарға қоныс аударуға деген құштарлық пайда болды. Ағайындар бір-бірімізбен хабарласа жүріп, 1999 жылы Астанаға келіп, жұмысқа орналастық.

– Бұл – Астананың елорда болған алғашқы жылдары ғой. Сол кезде қазіргі елорданың келбеті қандай еді?
– Ол кезде Астана шағын қала болатын. Біз білетін үш-ақ үлкен көше бар еді: қазіргі Бейбітшілік, Республика және Жеңіс даңғылы. Ал ғимараттардан – қазіргі ескі орталықтағы қалалық әкімдік, бұрынғы Парламент үйі, Сыртқы істер министрлігі болатын. Ал қаланың өзінде дұрыс жол да болмайтын. Сонда «Бұл қашан қала болады?» деп ойлайтынмын. Сөйтсем, ойым ағаттық екен. Шаһар әп-сәтте өзгеріп, әсем қалаға айналды. Құрылыс қарқынды жүргізілді. Елбасынан бастап, сәулетшілерге дейін білек сыбана жұмыс істедік. Алдымен Ақорда мен Үкімет үйінің маңайына шоғырланған ғимараттар салынды. Айналдырған екі-үш жылдың ішінде әкімшілік нысандардың бәрі бірінен кейін бірі пайдалануға берілді.

ӘРБІР ҒИМАРАТ ЖҰРТШЫЛЫҚҚА ЫҢҒАЙЛЫ БОЛУЫ ШАРТ

– Ағайынды Тортаевтар Ақорда, Үкімет үйі, Жоғарғы Сот сынды жалпы саны 30-дан астам ғимараттың сызбасын сызып, авторы атанды. Енді қан­дай жобамен айналысып жатырсыздар?
– Астананың ауа райы өте құбылмалы екені белгілі. Жақын­да осы климатқа қолайлы жоба жасадым. Ғимараттың төбесі «Ханшатыр» сияқты жабық болатындай конструкцияны ойлап шығардым. Ол отқа жанбайтын көпқабатты шыныдан жасалады. Жауын жауған кезде үйдің шатырына салмақ түседі. Автоматты түрде үстінен ыстық ауа үрленіп, жауған қар еріп, суы қазылған кәрізге ағып кетеді. Кіре сала бірінші қабаттың астында көкөніс өсетіндей жер қыртысын дайындауға болады. Келесі қабатта адамның тынығуына арналған бөлме ойластырдым. Тұрғылықты үйдің астына паркинг істеуге болады. Бұл аулада ойнайтын балалардың және үлкендердің қауіпсіздігі үшін жасалған. Жаңа жобаны Астанада, Қызылордада, Атырауда жасау ойда бар. Менің басты қағидам – қаладағы сәулет ғимараттары халыққа мейлінше ыңғайлы болуы шарт.
– Астана архитектурасында ұлттық нышандарымыз неге көп ескеріле бермейді?
– «Травертин» деген таспен түгел ғимараттарды қаптап шығудың өзі – біздің ортаазиялық сәулет өнеріне тән дизайн. Әрине, егер ұлттық нышан деп барлық ою-өрнегімізді пайдалана берсек, көрші Ташкенттегі сияқты көрініс болушы еді. Алайда, еліміз Еуразия кіндігінде жатқанын да ескерген жөн. Демек, Астананы Еуропа мен Азияның тұжырымдалған баламасы деп қабылдау керек.

ЕҢСЕСІ БИІК ЕРЕКШЕ ҒИМАРАТ

– Көркі көз тартатын әсем ғимарат, Президентіміздің резиденциясы Ақорда ағайынды Тортаевтардың қаламынан туған сәулет жобасы. Осы ғимараттың өмірге келу тарихы жөнінде айтып берсеңіз?
– Ақорда – біз үшін де таңдаулы жобалардың бірі. Өйткені бұл мемлекет – өмірінде бір рет қана салынатын жалғыз орда. Тендерге 17 жоба қатысты, басым көпшілігі – шетелдіктер. Сол кездегі ҚР Президенті Істері Басқармасының басшысы Темірхан Досмұхамбетов: «Жігіттер, байқауға 17 адам қатысып тұрсыздар. Қазір өз жобаларыңызды қорғайсыздар. Ішінен төртеуін таңдап аламыз. Бір ай уақыт беріледі. Жобаларды жетілдіріп, қайтадан осы жерде жиналамыз. Бірнеше іріктеуден кейін жеңімпазды анықтаймыз» деді. Елбасы жасаған ескертпелер мен ұсыныстарын жүзеге асырдық. Міне, осылайша, біздің жоба үздік болып танылды. Ал Ақорданың ішкі дизайнын италиялық мамандар жасады. Жобаның авторы ретінде мен де атсалыстым. Ғимараттың өзіне тән ерекшеліктерін ескерту, маңыздылығын түсіндіру менің мойнымда еді.

05-07

Әр залдың өзіндік мінезі бар. Мәселен, күмбезді зал сән-сал­танатты шараларға арналған. Ішіне кірген кезде жан сарайың ашылады. Ал жиын залының табалдырығын аттағаннан бастап өзіңді жинақы ұстайсың. Қабырғалар өткізілетін шараның маңыздылығынан хабар беріп тұратындай көрінеді. Түстері де соған сәйкес таңдалған. Ита­лиялық жігіттер де өнерден құр алақан емес. Бір бағыт берсең, іліп әкететін өз ісінің мамандары. Келген қонақты үлкен салтанатпен қарсы алуға арналған жердің де маңызы зор. Біз оның көлемін мүмкіндігімізше ұйымдастыруға тырыстық. Конструкциялық шешімнің арқасында барлығын ойдағыдай етіп жасағанымызға ризамыз. Жобаны сызған уақытта оған түсетін салмақты, жердің отыруы, жауын-шашынның әсері міндетті түрде ескеріледі. Ақорданың құрылысы 2001 жылда басталып, 4 жылдың ішінде аяқталды. Ғимараттың қаңқасы мен пайдалануға берілген кездегі көрінісі екі түрлі ғой. Осыдан бір жылдан бұрын ғана Ақорданың ішін түгел аралап шықтық.

– Ақорданың өзге мемлекет­тің резиденциясынан қандай айыр­машылығы бар?
– Осыдан бір-екі жыл бұрын ағылшындық Theestle.Net порталы президент сарайларын салыстырып, рейтингтегі орнын айқындап берген болатын. Біздің Ақордамыз үздік үштіктен көрінді. Бірінші орынға АҚШ-тың Ақ үйі лайықты деп танылса, екінші орынды – Тәжікстан президентінің Ұлт сарайы – Касри Миллат иеленді.
Ақордамыз – өте еңселі, өзіндік келбеті мен тәкаппарлығы бар резиденция. Хан сарайындай әкімшілік ғимарат екені көрініп тұр. Салиқалы. Дәулетіне сәулеті сай орда. Ішіне кіргендегі әсер өте керемет. Елбасымыздың әлемдік деңгейдегі ой-санасына пара-пар идеясын жүзеге асыруға әрқашан дайынбыз. Бүгінде, бір адамның ғана бағыты дүйім жұрттың жұмысына ұласып жатыр.

– Ғимараттар жобасын жасап жатқан кезде қандай да бір нысанның ойламаған жерден өзгерген сәттері болды ма?
– Әрине, болды. Мысалы, әу баста Үкіметтің үйі 27 қабат деп келісілді. 19 қабатты салып жатқан кезде қонаққа елімізге Борис Ельцин мырза келді. Ол кісі сол жерде тұрып «Бұл ғимарат Ақордадан биік болып кетеді-ау» деген пікірін білдірді. Ельциннің пікірінен кейін дереу құрылысты тоқтатуға тапсырма берілді. Са­лын­баған 5 қабаттың көлемін сақ­тай отырып, бір күннің ішінде жобаға өзгертулер енгізіп, апарып бердім. Мақұлданды. Осылайша, алғашқыда 27 қабатқа жобаланған нысан Ақорданың биік еңсесін еселеу үшін 21 қабатпен аяқталған еді.

Сұхбаттасқан:
Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

The post Байғұтты ТОРТАЙ: АҚОРДА – ТАҢДАУЛЫ ЖОБАЛАРЫМНЫҢ БІРІ appeared first on .

МЕЙІРІМДІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ

$
0
0
????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

«Мейірімді қала» акциясын өткізу идеясын «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының есеп беру-сайлау конференциясында елорда әкімі Әсет Исекешев жария еткен болатын. Игі ниеттен туындаған акция мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен көп балалы аналардың жайын біліп, жетімдерді сүйеп, айықпас дертке ұшыраған жандардың да көңіл-күйін сұрап, қолдан келгенше көмек беруге бағытталған.

Қоғамды ізгілендіріп, әрбір елордалықтың жүрегіне мейірім шуағын құятын осындай ізгі шараның ортасында біздер де болдық.
Ұлы Отан соғысы ардагері, II топтағы мүгедек Александр Морунов зайыбы, тыл еңбеккері Анастасия Мартыновнамен бірге «Бесшатыр» орамындағы үйде тұрып жатыр екен. Тоқ­саннан асқан майдангер әлі тың, қимылы ширақ. Сарыарқа ауданы әкімі Арман Тұрлыбек қарияларды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, алып келген сый-сияпатын ұсынды. Аудан басшысының ілтипатына риза болған қарт майдангер марқайып қалды. Қарияның отты жылдарының куәсі – 2-дәрежелі «Отан соғысы» ордені, «Жапонияны жеңгені үшін» медалі және басқа наградалары тағылған костюмін киіп, естелігімен бөлісті. Ол жылдары авиация механигі, сержант Морунов Қиыр Шығыста соғысқан екен. Одан кейінгі жылдары Арқаға келіп, осы өңірде еңбек еткен.
«Мейірімді қала» акциясы аясында Кәрібаевтар отбасында да болдық. Отыздан енді асқан Гүлжан – «Күміс алқа» иесі. Ол Нұрым, Нұрсұлтан, Динара, Ерасыл, Береке, Айсұлтан есімді алты бала туып, бағып-қағып отыр.
«Астанаға келгенімізге 16 жыл өтіпті. Елордамен бірге өсіп, кө­бейіп жатырмыз. Балаларымның әкесі – құрылысшы. Үлкендерім мектепке барады. Сабақтан бос уақытында үйірмелерге қатыс­қанын қалап едім, алайда жақын жерде ондай орындар жоқ. Ал орталыққа апарып, алып келуге мүмкіндігіміз жоқ» деп қала маңындағы елді мекеннің бір мәселесін айтты. №4 мектеп-гим­назияның 8-сыныбында оқитын балалардың үлкені Нұрым болса бокспен айналысқысы келеді екен.
Гүлжан мен Есжанның үлкендері мектепке барады. Жаңа оқу жылы­ның қарсаңында қажетті құрал-жаб­дықтарын алуға да аудан әкім­дігі қарасқан екен. Аудан әкімі Арман
Алашұлы осы жолы да құр қол келмей, сәбилерге сыйлығын табыс­тады. Одан бөлек, қысқы оты­нын алуға қол ұшын беретінін айтты.

Айгүл УАЙСОВА

The post МЕЙІРІМДІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ appeared first on .

Елордадағы кезегі жоқ емхана

$
0
0
g35a0106

g35a0106

ХХІ ғасыр – қолжетімді медицинаның ғасыры. Қазіргі кезде басы ауырып, балтыры сыздаған адам дәрігерге қаралу үшін емханаға сабылып, ол жерде бірнеше сағат кезек күтпейді. Өйткені дәрігердің қабылдауына кез келген қолжетімді және барынша ыңғайлы тәсілмен жазылуға болады. Мысалы, науқас адам үйінде отырып-ақ қалта телефонының көмегімен дәрігерге жазылатын заман келді. Электрондық тіркеу жүйесі енгізілген соң ауруханалар мен емханалардағы ұзын-сонар кезектер келмеске кетті.
Бір қуанарлығы, осындай технологиялар елордамыздағы – №4 қалалық емханада сәтімен іске асырылуда. Бұлай дейтін себебіміз, осы дәрігерлік мекеме 2011 жылы «Кезегі жоқ емхана» атты республикалық байқаудың жеңімпазы атанды. Ал 2012 жылы аталған емхана еліміздегі медициналық ұйымдардың рейтингінің жүлдегері болды. Атап айтарлығы, бұл емхана өзгелерден үш түрлі инновациямен ерекшеленеді. Емхананың базасында республикадағы тұңғыш және жалғыз Зертханалық технологиялар орталығы мен Гепатологиялық орталық ұйымдастырылған. 2014 жылдан бастап Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға медициналық қызмет көрсететін бөлімше ашылған.
Сонымен қатар, емхананың үлкен жетістіктерінің бірі – қарт адамдарға арналған жеке тіркеу бөлімінің қызмет етуі болып табылады. Мұндай жаңашылдық елорданың да, еліміздің де әлі ешбір емханасында жоқ.

Инновациялық бағдарламаның игілігі
Бүгінгі технология мен инновация заманында денсаулық сақтау саласына жаңалықты қалай енгізуге болады? Кезегі жоқ емхана – осының нақты мысалы. Жыл сайын Қазақстан халқының, соның ішінде елорда тұрғындарының саны күрт өсіп келеді. Ал қарапайым халық үшін медициналық қыз­меттердің қолжетімділігін қалай жүзеге асыруға болады? Осыған тоқталайық. Негізгі мақсат – емханадағы «тірі кезек» мәселесін оң шешу. Бұған қоса науқас та, дәрігер де алтын уақытын үнемдей алады. Емхана басшылығы мекеме жұмысының онлайн бейнесін жедел бақылап отырады.
Енді елордадағы №4 қалалық емханада толығымен енгізілген «кезегі жоқ емхана» инновациялық бағдарламасы туралы егжей-тег­жейлі әңгімелеп көрейік. Осыдан бірер жыл бұрынғы ахуал қан­дай еді? Дәрігердің көмегіне жүгінгісі келген әр адам әуелі емханаға баратын-ды. Ол жердегі екі кезек: тіркеу бөліміндегі және дәрігердің бөлмесінің алдындағы кезек әр науқастың жүйкесін жұқартты. Көп жағдайларда бірінші өтініш білдіргеннен дәрігердің қабылдауына жазылу мүмкін болмады. Ол уақытта науқастар дәрігерге кіретін кезегін күтіп, кем дегенде 30-40 минут тұратын.
№4 қалалық емхана басшылығы бұл мезгіл мәселесін қалай шеш­ті? Медициналық қызметті тұтыну­шылар емханаға көбінесе не үшін барады? Әрине, қан тапсыруға және флюорографиялық суретке түсуге барады. Міне, осы екі бөлмеге келушілерге электрондық тіркеу жүйесі енгізілді. Бұл жүйе мынадай тізбемен жұмыс істейді: алдымен науқас емханадағы терминалға келіп, «Қабылдауға жазылу» деген түймешені басады. Сол жерден қан жинау мен флюорография бөлмесін таңдайды. Сонымен қоса, ол бөлменің нөмірін, дәрігерге келетін күнді, кезек нөмірін және жазылу тәсілін (аты-жөнін теру арқылы немесе жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы) таңдайды. Осы айтылған мәліметтер мониторға енгізілген соң, жүйенің өзі мағлұматтарды тексеруге шығарады. Содан соң дәрігердің қабылдау талоны шығарылады. Онда дәрігерге келетін күн, уақыт көрсетіледі. Бұл мәліметтер бір мезетте қабылдаушы дәрігердің компьютеріне жеткізіледі. Яғни, ол қаралуға кім жазылғанын біліп отырады. Айта кетерлігі, терминалдан әр адам дәрігерлердің жұмыс кестесін, қабылдауға жазылуды, ақылы қызмет түрлерін, нұсқаулықты және әр науқастың өз учаскесін тексеріп, көре алады.
Жаңашылдықтың тағы бір түрі – науқас өз еркімен дәрігердің қабылдауына жазыла алады. Ол үшін емхананың ғаламтордағы сайтына кіруі керек. Онлайн тәсілмен жазылудың бір тиімділігі, қанша науқасты қабылдай алатынын нақты білетін дәрігерлер өз жұмыс уақытын барынша тиімді пайдаланады. Бұған қоса, барлық медициналық қызметкерлердің жұмыс тиімділігінің деңгейін көтереді. Мысалы, дәрігердің қабылдауына жазылғыңыз немесе оны үйге шақырғыңыз келеді делік. Мұның төрт түрлі жолы бар: терминал көмегімен, емхананың сайты арқылы, қалта телефонымен немесе емхананың е-mail поштасына хабарлама жазасыз. Бұдан кім не ұтады? Науқастың ұтатыны мыналар: қабылдауға ғаламтор немесе терминал арқылы жазыла алады, ғаламтор арқылы дәрігерді үйіне шақыра алды, дәрігердің бөлмесінен шықпай-ақ келесі қабылдауға жазыла алады. Ал дәрігер үшін медициналық құжат толтыру уақыты қысқарады. Сондай-ақ, бұл жағдай науқас пен дәрігер арасындағы мәліметтерді жедел алмасуға көмектеседі.

Қамкөңіл қарттарға қамқорлық – бірінші кезекте
Мақаламыздың басында емхана­ның үлкен жетістіктерінің бірі – қарт адамдарға арналған жеке тіркеу бөлімінің қызмет етуі екенін айттық. Әрине, біз көрген өзгелер қызығарлық жетістіктер емханада өздігінен іске асып жатқан жоқ. Бұл еліміздегі ең үздік медицина қызметкері (ҚР-ның Денсаулық сақтау ісінің үздігі кеуде белгісімен марапатталған), алдыңғы қатарлы жаңа технологиялардың бастамашысы, №4 қалалық емхананың бас дәрігері – Серік Әменұлы Шаймерденовтің қазақша айтқанда табан ақы, маңдай терінің жемісі. Емхана туралы мақала жазардан бұрын, біз Серік Әменұлының өз мамандығын, туған елін сүйетін нағыз патриот екенін естіп-білдік. Айтпақшы, ол науқас қарттарды – Ұлы Отан соғысы ардагерлерін және зейнеткерлердің үйін аралап, ем-дом жасайтын елордадағы жалғыз бас дәрігер.
Қабылдау бөлмесінде ұзақ күткен жоқпын. Жүзі жарқын, болмысы қарапайым ақ халат киген бас дәрігер бөлмесінің есігін өзі ашып, ішке шақырды. Бөлмесі тап-тұйнақтай. Өз ісін сүйетіні көзге көрініп тұр. Көп кідірмей, алғашқы сауалым қарттарды үйіне барып емдеуі туралы болды.
«Өз басым қарт ақсақалдың немесе ҰОС ардагерінің үйіне барып, қал-жағдайын сұрап, ем-дом жасауды жұмыс деп санамаймын. Қамкөңіл қарттарға деген қамқорлығымызды ешқашан аямауымыз керек. Әрбір қариямен қарым-қатынас орнатып, керек кезінде қол ұшын созу – бәріміздің міндетіміз. Бір жолы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасымен Ұлы Отан соғысының қатысушысы В. Толомосовтың үйіне пластика терезе орнатып бердік. Бұл көмегіміз үшін ардагердің отбасы үлкен алғыс айтты» деп сыпайы әңгімеледі бас дәрігер. Одан әрі екеуара әңгімеміз сәтімен «сабақталып» жүре берді.
– Серік Әменұлы, қарттарға арналған жеке тіркеу бөлімін ашу да Сіздің ноу-хауыңыз ба?
– Осы емханаға мені бас дәрігер етіп тағайындаған кезде бірінші көзіме түскені – ұзын-сонар кезектер, емхананың әр бұрышындағы жүздері жабырқаған, белі бүкірейген қариялар болатын. Содан көп ойланып, қарттарға және оларды емханаға әкелетін адамдарға қолайлы жағдай туғызу мақсатымен қарияларға және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған жеке тіркеу бөлімін аштым. Холл бөлме DVD-қондырғысы бар теледидармен жабдықталған. Одан саламатты өмір салтын ұстануға, дұрыс тамақтануға қатысты ұсыныстар айтылатын бейнероликтер көрсетіледі. Денсаулық сақтаудың ортақ ақпараттық жүйесі шеңберінде тіркеу бөлімі емханаға бекітілген халық туралы мәліметтер базасы бар компьютерлермен жабдықталған. №4 емхана­да науқастардың ағынын бөлуге және кезектерді азайтуға мүмкіндік бере­тін 6 тіркеу бөлімі жұмыс істейді.
– Айтыңызшы, электрондық тіркеу жүйесі емхана жұмысы­ның жақсаруына қаншалықты әсер етті?
– Тізбелей берсек, нәтижелер көп. Бірнешеуін мысалға келтіріп көрейін. Біріншіден, бұрынғыдай емханаға міндетті түрде келудің қажеттілігі жоқ. Екіншіден, емханадағы кезектер 50 пайызға дейін қысқарды. Сағат таңертеңгі 08-ден түскі 14.00-ге дейінгі кезек 75 пайызға дейін күрт азайды. Үшіншіден, халықтың мекеме қызметі мен оның жұмысына қанағаттануы 87 пайыздан 92,6 пайызға дейін артты. Электрондық тіркеудің негізгі жетістіктерінің бірі – адамдардың денсаулығына кері әсер ететін біреумен дауласу, жанжалдасу жойылды. Сонымен қатар, дәрігерлердің жұмыс жағдайлары жақсарды. Біздің емханадағы тағы бір жаңалық – бас дәрігердің блогы жұмыс істейді. Емхананың сайтындағы менің блогымды науқастар белсенді пайдаланады. Мысалы, 2016 жылдың бірінші жартысында халықтан 53 өтініш-хат келіп түсті. Олардың әрқайсысына толық жауап қайтардық.
– 2016 жылдың 1 шілдесіндегі статистикалық деректі оқып отыр­сам, емханаға бекітілген 82393 адамның 57741-і – үлкен­дер, 24652-сі балалар делінген. Бір ауысымда 500-ден 800-ге дейін адам қабылдай алатын мекемеге қаралатын жандардың дені үлкендер екен. Сіздердің емханада егде және жас науқастардың арасында өзара қарым-қатынас бар ма?
– Бұрын емханада кезекте тұрған адамдар бір-бірімен дауласып жататын-ды. Біздің емханада ондай дауласу деген атымен жоқ. Себебі, ұзын-сонар кезек жоқ. Бірінің артынан бірі тұрған 4-5 адамдікі кезек емес. Бұған қоса, біз ұрпақтар сабақтастығын үнемі назарда ұстаймыз. Оның дәлелі, «Рауан» атты жастар орталығы және «Золотые годы» деп аталатын қарттар клубы жұмыс істейді. Сізге бір құпиямызды ашайын, біздің емханамызда арттерапия бөлмелері бар. Ол жерде қаламыздағы жалғыз кәсіби суицидолог маманнан анонимдік кеңес алуға болады. Ал қарттарымыз «Золотые годы» клубында бір-бірімен араласып, мерекелерді бірге атап өтеді. Клуб мүшелеріне арнайы әскери фильмдер жиынтығын сатып алдық. Клуб мүшелері «Рауан» орталығының жастарымен де тығыз қарым-қатынас жасайды. Біз өміршең инновациялық технологияларды үнемі өз қызметімізге қолдануға тырысамыз. Мәселен, «Золотые годы» клубы да – сәтімен іске асырылған инновациялық технологиялардың бірі. Клубтың міндеті: денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерді интеграциялау, қамкөңіл қарттар­дың өмір сүру сапасын жақсарту. Бізде жоғарыда сөз болғаннан басқа да инновациялық технологиялардың жобасы бар. Атап айтар болсам, алдағы уақытта «Астана қаласында алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек базасында 0-3 жастағы баладан бас тартудың алдын алу жө­ніндегі кеңестік қызмет», «Солнышко» жас аналар мектебі және «Анашым» атты болашақ ана­лардың денсаулық мектебі сияқты жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз.

P.S. Жұмысы жинақы, басшысы білікті, ұжымы тату мемлекеттік мекемеде біз сөз еткеннен басқа да, жаңашылдықтар жетерлік. Оның бәрі бір мақаланың ауқымына сыймады. Бастысы, халыққа сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуде инновациялық жаңалықтарды енгізуден көшбасшы атанған емхананың ертеңінің нұрлы екенін көріп қуандық.

Төлен ТІЛЕУБАЙ

The post Елордадағы кезегі жоқ емхана appeared first on .

Шолпан Иманбаева

$
0
0
387718_60573094_478_ymanbaeva_sholpan

387718_60573094_478_ymanbaeva_sholpan

Астанада Иманбаева көшесі бар. Ол А.Бараев көшесінен басталып, Отырар көшесінде аяқталады. Ә.Ысмайылов, Рамазан, Жәнібек Тархан, Ақмола, Ағыбай батыр, Баянауыл, А.Иманов, М.Дулати, Кенесары көшелерін қиып өтеді. Көшенің ұзындығы – 1158,8 м.

Шолпан Иманбаева – қазақтың ақын қызы. Ақмола облысы, Қорғалжын ауданының тумасы. Бар болғаны 22 жыл өмір сүрген. Артында өз заманында ғұмыр кешкен қазақ әйелдерінің мұң-мұқтажын, арман-тілегін жырлаған «Қазақ әйеліне», «Апайыма», «Қоңыр қаз», «Жолаушы мен жұмыскер» және «Бұлбұл мен қарға», «Зейнепке», «Жәкең жаман сасады» секілді қоғамдағы ұнамсыз құбылыстарды өткір сынға алған өлмес өлеңдері қалды. Шығармалары мазмұны өткірлігімен, тілінің көр­кемдігімен ерекшеленеді…
Айта кеткен жөн, ақынға берілген көше атауын өзіміздің қазақтар әлі күнге дейін жиі шатастырады. Бұл туралы ілгеріде де айтқанбыз. Әзірге нәтижесіз. Иманбаева орысшасы шығар деп, қазақша Иманбаев көшесі деп айтып жүр. Сол көшенің бойында орын тепкен ірілі-ұсақты кейбір мекемелер ресми түрде мекенжайында көшенің атауын Ш.Иманбаев көшесі деп көрсетіп, қазақтың ақын қызының тегін өзгертіп айтуды әдетке айналдырғалы қашан?!
Мәселен, 54 мектеп-лицей, Иманбаев, 4, «Стройархэкспертиза.kz» ЖШС, Иманбаев көшесі, 5в, кеңсе 9, «Шаңырақ» тұрғын үй кешені, Иманбаев, 5, «Dream Team» компаниясы, Иманбаев көшесі, 8/3… деп жалғаса береді.
Ал орысша нұсқасында аталған мекемелер түгелімен «улица Иманбаева» деп жазады.
Дұрысы, қазақ тілінде – «Шолпан Иманбаева көшесі», орыс тілінде – «улица Иманбаевой» емес пе?!

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

The post Шолпан Иманбаева appeared first on .

АСТАНАНЫҢ АЖАРЫН АДАМДАРЫМЕН АШТЫ

$
0
0
????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков  берісі Қазақ елі, әрісі біртұтас түркі әлеміне сыйлы тұлға. Өткен жазда ағадан сұхбат алуға барғанда бұған әбден көз жеткіздік.

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ТҰЛҒАСЫ

Ғылымда да, қызметте де жолы болған азамат кездесуге өзі басқаратын Қазақ ұлттық өнер университеті жа­нын­дағы Қорқыт ата атын­дағы ғылыми-зерттеу институ­­тына шақырған. Сол жерде Әзер­бай­жаннан арнайы келіп, оның қолын алуға ықылас танытқан қонақпен әңгімесіне куә болдық.
Жалпы Мырзатай Жолдас­бековтің Қазақстанда түркітану ғылымының орнығып, екі ая­ғынан тік тұруына сіңірген еңбегінен жұрт хабардар. Иран Ислам Республикасындағы еліміздің төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарғанын да халық біледі. Ал Түркі мем­лекеттері ақсақалдар кеңе­сінің алғашқы төрағасы бол­ғанынан көпшілігі бейхабар. Мырзатай аға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі дүниесін, түркі тектес халықтардың басын қосу, біріктіру жөніндегі саясатын ілгерілетуге үлес қосты.
Жуырда түркітанушы ға­лым, Әзербайжанның қоғам қайраткері Ибрагимхалил Балаевтың сұхбатын оқып қалдық. Түркі мемлекеттерінің бірігу мәселесі қозғалған бұл әңгімеде ғалым Нұрсұлтан Назарбаев, Олжас Сүлейменов есімдерімен қатар Мырзатай Жолдасбековтің де атын атайды. Бұл сөз жоғарыда айтылған пікірімізді дәлелдейді.
Мырзатай Жолдасбеков Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне алты жыл жетекшілік етті. Сол кезде оқу орнының қақ төріне ежелден өркениетті ел екенімізді дәлелдейтін Күлтегін ескерткішінің көшірмесі орнатылды. Бұған қоса Астанада зиялы ортаның қалыптасуында да Жолдасбековтің еңбегі зор.

ЕЛ ЕРТЕҢІН ОЙЛАҒАН

Қазақстан Президентінің «100 нақты қадам» бағдар­ламасының қадамда­рының бірінде Астананы кәсіп­кер­лерді, студенттерді, зерт­теушілерді, барлық өңір­лерден туристерді тартатын Еу­разияның іскерлік, мәдени және ғылыми орталығына айналдыру туралы айтылады.
Бұл үдеріс Мырзатай Жолдас­беков Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне ректор болып тағайындалған уақыттан басталған сияқты.
2000-шы жылдардың бас кезінен қайтыс болғанға дейін Астана көшелерінде халқымыздың біртуар ұлы, аса көрнекті ғалым, жазушы Ақселеу Сейдімбек қасқайып жүретін. Әйгілі этнограф пен оның жан досы Қойшығара Салғараұлы екеуінің елордада орнығуына бірден-бір себепкер тұлға – Мырзатай Жолдасбеков. Мұның жайы қос ғалым бірігіп жазған «Жүрегіне қаламын сүйеген» мақаласында егжей-тегжейлі айтылады.
Онда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне қызметке ша­қырту алған достар «Не істеу керек? Екеуміздің де барғымыз жоқ. Бірақ өмір көрген ағаның ұтымды ойы біздің бұлтара тартқан бұл­тағымызға ерік бермей, алды- артымызды бірдей орап, өз дегеніне қарай икемдеп әкетті» деген жолдарды келтіреді.
Ал ректор сол кезде қандай уәж айтты? Ендігі кезекті соған берейік. «Бауырым-ау, күндізгі күлкіден, түнгі ұйқыдан қалып, көз майымызды тауысып, не үшін, кім үшін еңбектеніп жүрміз? Бәріміздікі сол сан ғасыр боданда болып, ұлттық болмысынан айрыла бастаған халқымыздың Құдай көз жасын иіп, зарығып жеткен тәуелсіздігінің игілігін баянды етуге лайық білімді де білікті ұрпақ өсірсек деген мақсат емес пе! Ендеше сол ұрпақтың қалғыған санасын оятып, тарихи жадын қалпына келтірер білімді, тәрбиені өздеріңдей азаматтар бермегенде кім береді?» деген Мырзатай Жолдасбеков ақыры қос ғалымға артқа шегінуге жол қалдырмайды.
Иә, осындай азаматтардың елордаға келуіне, Астананың шын мәнінде астана атына лайық мәртебе иеленуіне Мырзатай Жолдасбековтің қосқан үлесі аз емес. Сол ең­бегі ескеріліп, Астана қаласы мәслихатының шешімімен оған 2007 жылы табысты мемлекеттік және қоғамдық қызметі, Қазақстанның елордасы – Астана қаласының қа­лып­­тасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін «Астана қала­сының құрметті азаматы» атағы да берілген болатын. Сөз реті келгенде, ғалым өзі туған Жамбыл облысы мен Алматы қаласының құрметті азаматы екенін де айта кетейік.

АҚМОЛА АТЫН ҚАЙТАРҒАН КІМДЕР?

Шындап қарасақ, Мырзатай Жолдасбековтің Астанамен байланысы 2000 жылдан емес, сонау Целиноград кезінен-ақ басталған екен. Кеңес заманында Тың өлке­сінің астанасы деген желеумен байырғы Ақмола қала­сының атауы өзгертілді. Тәуел­сіз­ді­гіміздің елең-алаңында, ұл­тымыздың қолы өз аузына жете бастаған тұста қалаға бұрынғы атауын қай­тарып беру науқаны қолға алынды.
Ал бұл істің сәтті шеші­луіне сол кезде билік басында бол­ған тұлғалар Әбіш Кекіл­бай­ұлы мен Мырзатай Жолдасбеков атсалысты.
Бұл жөнінде: «1992 жылы Целиноградта құрылған «Тіл және мәдениет» қоғамының жетекшілері түгелдей жұмы­лып, облыс халқынан 12 мың қол жинағанбыз. Осынша ел «Ақмола аты қайтарылсын» деген ұйғарымымызға тілектес болды. Сол ұйғарымды Жо­ғарғы Кеңестегі Әбекеңе жет­кізгенбіз. Әбекең оны сол тұста Республика вице-премьері болған Мырзекеңе көрсетіп, екеуі мәселені тез шешудің жай-жапсарын ақылдасыпты. Тізе қоса жүріп ономастика комиссиясының келісімін алған. Жоғарғы Кеңестен де шұғыл өткізіп жіберген. Сөйтіп Целиноград қаласы көзді ашып-жұмғанша,1993 жылы Ақмола болып шыға келген» деп жазады жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Алдан Смайыл «Тау өзені ағысынан жаңылмайды» атты мақаласында.

Ата тарихын жаңғыртқан қала
Ал 2000-шы жылдардың басында белгілі ақын Қайрат Жұмағалиев:
Отырмын көңілім жайланып,
Бекіндім осы ойға анық –
Бірте-бірте Астана
Барады Мырзатайланып – деп астарында үлкен шындық жатқан шумақты жазды. Рас, Мырзатай Жолдасбеков – көзі тірісінде-ақ аңызға айналған тұлға. Соның дәлеліндей қазір жер-жерде оның есімін иеленген ошақтар ашылуда. Мәселен, екі жылдай бұрын Астанадағы ҚР Ұлттық акаде­миялық кітапханасында «Мырзатай Жолдасбековтің Мемориалдық кітап коллекциясы» залы ашылды. Оған ғалым 10 мыңға жуық жеке заттарын тапсырды. Арасында кітаптар мен кітапшалармен қоса мемориалдық экспонаттар (кәдесыйлар, портреттер, дипломдар, сертификаттар, медальдар, монеталар, т.б.), аудио, бейнематериалдар, грампластинкалар мен открыткалар бар. Ал өткен көктемде Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Мемлекет және қоғам қайраткері М.Жолдасбеков академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар» орталығының ашылу рәсімі өтті.
Астана туралы Мырзатай
Жолдасбековтің өзі: «Жаңа астана ұмыт бола жаз­даған Ата тарихымызды жаң­ғыр­туда. Күлтегін жа­зуы­ның жеткі­зілуі, қаланың ірге­сінен мыңжыл­дық шежіресі бар Ақжол кентінің ашылуы
рухымызды бір сер­пілтіп тас­таса, дала даналары Төле, Қа­зыбек, Әйтеке билерге, Кенесары ханға, Абайға орнатылған ес­керт­кіштер жүгенсіздіктен мәңгүрттене жаздаған санамызды тазартуға тартқан асыл арнадай көрінеді… Жақсы ма, жаман ба, біраз жасқа жеттік. Соңғы жылдары тағдырым Астанаға ауды. Жас елорданың келбетінде уақыттың тынысы мен танымы, қуанышы мен реніші, арманы мен тағылымы арудың қос бұрымындай жа­рыса өріліп жатқанын кө­ре­мін» деп айтқан еді. Біз өз та­рапы­мыздан Астананың адам­дармен ажарлануына сіздің де үлесіңіз бар, Мырзатай аға дегіміз келеді.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

The post АСТАНАНЫҢ АЖАРЫН АДАМДАРЫМЕН АШТЫ appeared first on .

Өмірі еңбекпен өрілген

$
0
0
sagila

sagila

Бүгінгі мақаланың кейіпкері – еселі еңбегімен дараланған, қазақтың айтулы да батыр қыздарының бірі, Социалистік Еңбек Ері Сағила Әбдірахманқызы Есенжолова.

Сағила Әбдірахманқызы Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін, 1942 жылы дүниеге келген. Сағиланың алдында әкесі Әбдірахман мен анасы Бибісараның 13 баласы болған дейді. Болған деп отырғанымыз, бұл балалардың тоғызы 7-8 жасында ашаршылықта шетінеп кеткен екен. Тірі қалған төрт баламен кенже қыздары Сағила соғыс кезіндегі ауыртпалықты аналарымен бірге көтереді.
Бесіктен белі шықпай жатып, анасымен бірге мал фермасына барып, көмектесіп жүреді. Сиыр саууды да осында үйренеді. Жазда ауыл балаларымен бірге бұзау бағу кезегіне барады. Үйдің бар шаруасына араласады. Анасы не істесе, Сағила соны қағып алып, бастаған жұмысты өзі аяқтап тастайды екен. Таңның атысы, күннің батысы тынымсыз еңбекпен бірге болады. Балғын балалық шақты көрмей өскен Сағила ерте есейеді.
Ал әкелері Әбдірахман соғыс бас­талған жылы еңбек армиясына кетеді. Ол соғыста жүргеннен де ауыр, тіпті олар 24 сағат демалмастан еңбек етеді екен.
Бірде анасы Бибісара балаларын қалай тамақтандырарын білмей, мал фермасынан біл­діртпей сүт алып шығады. Соны көріп қойған жағымпаздар ферма басшысына белгі беріп, оны түрмеге тоғытады. Ол кезде заң қатаң, темірдей тәртіп одан да қатты. Сағила түрмеде масақ теріп, қолға түскен әйелдермен бір­ге отырады. Әйтеуір, бес бала­сының барын ескерген бо­лар, үш күннен кейін оны босатады.
Үйге келсе, балалары жалғыз отыр, тамақ жоқ, балалар аш. Қорқыныш пен қуаныштан олар анасының тізесін құшып, жылап жібереді.
Сол жылдары анасы бес баламен жалғыз өзі колхоздың жұмысына да, үй шаруасына да араласа отырып, балала­рын бағып-қағып, аналық қам­қорлығын көрсетуден жалық­пайды. Балаларын аш-жалаңаш қалдырмайын деп шырылдап жүріп, колхоздың басқа да жұмысына араласады.
Ол – ол ма, кезінде анасы Бибі­сараны байдың қызысың деп сауыншылықтан да шыға­рып тас­тайды. Сол жылдары Бибісара апай бес баласын қалай асыраймын деп қиналғанын көрсеңіз. Дегенмен ол осы қиындықтарды да жеңіп шығады. Сөйтіп, сауыншылық жұмысына қайта келеді. Алдында тұрған бөгеттерге қарамай, адал еңбе­гінің арқасында алдына жан салмай, сүттен сел ағызған озат сауыншы атанады.
Бибісара апайдың еңбегі де еленеді. 1940 жылы оны Мәс­кеу­дегі Бүкілодақтық Халық шаруа­шылығы көрмесіне (ВДНХ) жібереді.
Осы жайды естіп өскен Сағила анам сияқты еңбек адамы болсам деп армандайды. Қолы бос болса болды, анасымен бірге мал фермасына бірге барып, қол ұшын беріп, оның жанында жүреді.
1950 жылдары жер-жерде қазақ мектептері жабылып жатқанда, туған ауылы Киров колхозында да қазақ метебі жабылып қалады. Содан Сағила мектепті Ақмола қаласындағы нөмірі 4-ші мектепте жалғастырып, 8-сыныпты бітіреді. Бірақ әрі қарай Сағила мектепті тұрмыстың нашарлығынан әрі анасының шетке жібергісі кел­мегенінен оқуды жалғастыра алмайды.
Содан тура 13 мүшелінде ана­сының жолын қуып, мал фермасына келіп, сауыншы болады. Оған алғашында саууға 10 сиыр береді. Бір-екі жылдай жұмыста жоқтардың орнын толтырып, еңбек етеді. Дегенмен жасына байланысты оның алғашқы екі жыл еңбек өтілі есептелмей қалады. Тек 15 жасқа толғанда ғана оның еңбек кітапшасының алғашқы парағы ашылады.
Сауыншылық ауыр жұмыста Сағила Әбдірахманқызы тапжылмастан бір фермада тура 20 жыл істейді.
1968 жылы ол партия қатарына алынады. Содан 1975 жылы мол тәжірибе жинақтаған озат са­уыншы Сағила Әбдірахманқызын Киров колхозының басшылары фермадағы тауарлы сүт фер­масының бригадирі етіп та­ғайындайды.
Ол кезде бұл фермада 400 бас са­уын сиыр бар еді. Бірер жылдан кейін оның саны 1200 басқа жетеді. Күн сайын олар Ақмола қаласындағы сүт зауытына 10-12 тонна сүт тапсырып, Қазақстан бойынша озаттар қатарына қосылады. Сағила Есенжолова осы бригадирлік қызметте тағы да тура 21 жыл қызмет етеді. Қарап отырсақ, оның Киров кеңшарында еңбек өтілі 41 жылды құрап отыр.
Осындай жауапкершілігі мол жұмыста жүріп, ол қоғамдық жұмы­с­пен де айналысқан. Тіпті сол жылдары еңбек ете жүріп, бір кездегі арман болған оқуын да жалғастырады. 1978 жылы бұрынғы Целиноград ауданына қарасты Новоишим техникумының зоотехник мамандығын бітіріп шыға­ды. Фермаға жаңа келген қан­шама сауыншыларға тәлімгер де болады.
Екі рет қатарынан Цели­но­град облыстық Халық кеңе­сінің депу­таттығына, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депу­тат­тығына да сайланады. Ал 1976 жылы КПСС Орталық Комитетінің ХХV-ші съезіне делегат болады. Сағила Есенжолова басқарған бригада кезінде өзінің бес жылдық жоспарын, үш жыл сегіз айда орындап шыққаны үшін оған «Еңбектегі ерлігі үшін», ал осындай тамаша биік жетістіктерге жеткені үшін кейіннен екі рет Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталады.
Ал 1981 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың қолынан «Алтын жұлдыз» медалын алып, Социалистік Еңбек Ері атанады. Міне, «Еңбек еткен мұратқа жетеді» деген осы да. Иә, осылайша Сағиланың жұлдызы жанып, еңбектің ері атанды.
Иә, өмір жалғасын табады. Сағи­ланың өзі де бүгін сүйікті ана, қа­дірлі әже. Балалары да өмірден өз орындарын тапты. Барлығы да жо­ғары білім алып, бүгінде Қазақ еліне еңбек етуде.
Өмірлік жары Темірғали Қана­пияұлымен Сағила Әбдірах­манқызы кезінде бақытты өмір сүріп, тамаша ғұмыр кешкен. Жолдасы Темірғали 2002 жылы дүниеден өтіпті. Ол да осы Киров кеңшарында жүргізуші болған, еліне еңбек сіңірген құрметті адам. Жұбайы Сағила екеуі үш бала тәрбиелеп өсірген.
Бүгінде ұлдары Еркеғали Темір­ғалиұлы Астана қалалық энергосеть кәсіпорнының басшысы болса, қыздары Мәрзия Астанадағы 41-ші мектептің ди­ректоры, ал кенже қыздары Гүлнәр – жеке кәсіпкер.
Сағила Әбдірахманқызы – 5 не­мересі, 7 шөбересі бар бақытты ана, мейірімді әже.
Құрметті демалыста жүрсе де, ол үйде бос қарап отыра алмады. Өзі туып-өскен Көктал кентіндегі қоғамдық жұмыстарға араласып, тұрмысы төмендерге, өзі құрған бастауыш ардагерлердің ұйымына қолдан келген көмегін аямай қызмет көрсетуде.
Сағила Есенжолова – бүгінде рес­публикалық Ардагерлер кеңесі президиумының, Астана қалалық Ардагерлер кеңесінің, Сарыарқа аудандық Ардагерлер кеңесі плену­мының мүшесі.
Ол уақытының аздығына қара­мастан, міне, тура 10 жыл бол­ды, Көктал-1 кентінде арда­гер­лердің бастауыш ұйымын басқарып келеді.
Сағила Есенжоловамен кездесу соңында тағы бір сұрақ қойып, көкейде жүрген ойыңыз, әттеген-ай деген бұйымтайыңыз бар ма деп айтқанымызда:
– Адам болған соң арман да, ой да, әттеген-ай да болады. Бұйымтайым – қазақтың жері кең, шалғын жерлер де баршылық. Елбасы да айтып жатыр ғой. Ауыл шаруашылығын дамытып, елдің тұрмыс-тіршілігін көтеру керек. Етті, көкөністерді біз неге шет елден аламыз? Мына елдегі әкімдер Үкіметтен несие сұрап, алып, жас мамандарды елге тарту керек. Ел жасыл желекке, жайлау малға толы болу керек. Сонда біз шетелге жалтақтамас едік. Екінші бір ойым, мына компьютердің, ұялы телефонның соңына түсіп алған жастар түбі не болады? Оқушылардың білімі тек осы компьютермен шектелмесе екен. Балалар тіпті ақын-жазушылардың кітабын оқымайды. Бастарын жаңағы техникадан алмағандардың білімі де, денсаулығы да болмайды. Жастардың білімі таяз, ренжісе де айтайын, кісіліктен, адамгершіліктен алыстап барады. Осы жағы толғантады мені, – деп, көкейде жүрген ойын да Сағила Әбдірахманқызы жасырмай ортаға салды. Идеология саласына көңіл бөлу керектігін айтты. «Бұрынғы ерте заманның, біздің кездегі жылдардың жақсы жақтарын алуды ұмытпаса» деп, терезе жаққа қарап, ойға шомды.
Р.S. Иә, әрбір уақыттың өзіне тән пайдалы жақтары бар. Сағила апайдың заманында жас­тарды тәрбиелейтін пионер, комсомол, партия ұйымы болды. Мектеп оқушылары арасында тимуршылар командасы жұмыс істеді. Осы жұмыстар арқылы жас­тар отансүйгіштікке, патриотизмге, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор, адал болуға үйренді.
Көзге түскен Сіз сияқты еңбек майталмандарын, қоғам қайраткерлері мен өнер адамдарын шақырып, кездесу өткізетін. Олар өздерінің жемісті де жеңісті еңбектерін мектеп оқушылары алдында ортаға салатын. Әрине, осындай кездесулер мен әртүрлі тақырыптағы шаралардың жас­тар мен мектеп оқушыларына беретін тәлім-тәрбиесі де өте зор болды.
Сондықтан Сіздің бұйым­тайыңыз­ды ескеріп, осындай жақсы ұсынысты қазіргі басшылар, мектеп директорлары мен мұғалімдері ескерер деген ойдамыз.
Ойыңыз да, бұйымтайыңыз да орынды деп, Жұлдызды анамыз, Социалистік Еңбек Ері Сағила Есенжоловаға бақытты күндер, қы­зықты сәттер тілеп қоштастық. Ден­саулығыңыз мықты, балаларыңыз рухани бай, ауқатты болсын!

Балтабай Ғалия Құсайынқызы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының құрметті журналисі

The post Өмірі еңбекпен өрілген appeared first on .


Бақытжан Малыбаев: Полицияның бастапқы міндеті – құқық бұзушылықтардың алдын алу

$
0
0
c-1

c-1

Елордалық тәртіп сақшыларының қатарын 200 штаттық учаскелік инспектор мен офицерлік құрамнан 150 адам толықтырады. Бұл туралы бүгін Астана қ. Жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев қала тұрғындарымен алғашқы есептік кездесуде мәлім етті. Шараға Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин, елордалық ІІД, қалалық мәслихаттың, қоғамдық кеңес активтерінің өкілдері, ПИК басшылары және елорда тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында Бақытжан Малыбаев Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметі жұмысының қорытындысын шығарды, сондай-ақ, қала өміріне қатысты бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды.

«Бүгінгі күні Жергілікті полиция қызметінің штаттық саны 1,5 мыңнан аса қызметкерді құрайды. Қызмет құрамында полицияның учаскелік инспекторлары, жол-патрульдік, ювеналды полиция және әйелдердің құқықтарын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі полиция қызметтері бар», – деп түсіндірді Малыбаев.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ісінде көзге түскен және белсенділік танытқан полицияның қоғамдық көмекшілерін ынталандыру үшін әкімнің қолдауымен жыл сайын 13 млн теңге қаржы бөлінеді, деді Бақытжан Малыбаев.

Кездесудің қорытындысы бойынша, елорда тұрғындары Малыбаевқа тұрмыстық зорлық-зомбылық, мектеп инспекторларының жұмысы, тұрғын үйлердің аулаларында көлік қою ережелерін бұзу, жол белгілерін орнатуға учаскелік инспекторлардың рейд шараларын күшейтуі, полиция қызметкерлерін ынталандыру сияқты түрлі мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Азаматтардың барлық өтініштері Астана ІІД Жергілікті полиция қызметі басшысының ерекше бақылауына алынды, ол жедел түрде сәйкес шаралар қабылдауға уәде берді.

astana.gov.kz.

The post Бақытжан Малыбаев: Полицияның бастапқы міндеті – құқық бұзушылықтардың алдын алу appeared first on .

МЕНІ НАҒЫЗ ДӘРІГЕР ҚЫЛҒАН – ӨМІР САБАҚТАРЫ

$
0
0
aksholakov2

aksholakov2

Серік АҚШОЛАҚОВ, Ұлттық нейрохирургия орталығының басқарма төрағасы: МЕНІ НАҒЫЗ ДӘРІГЕР ҚЫЛҒАН – ӨМІР САБАҚТАРЫ

– Өзіңізді жақсы білетіндер әске­ри ұшқыштың баласы дейді. Ауылдың шаңына аунап өскен бала­ны атақты дәрігер болуға кім баулыды?
– Мен де ауылдың баласымын. Әкем соғысқа қатысып, кейіннен әскери қызметке алынды. Сол жақтан әскери ұшқыш болып оралды. Оның жүріс-тұрысы, күнделікті өмір салты темірдей тәртіпке негізделді. Бізді ерте оятып, жұмысқа жегетін. Қаталдау кісі болған соң, көп адам сыртынан батылы бара бермейтін. Сол әкем – бір үйдің ұлдан жалғызы. Шешем де жалғыз. Айтайын деге­нім, біздің үй нағашы атамның үйімен іргелес болды. «Жігіттің жақсысы – нағашыдан» демекші, өмірлік жолымды таңдауға нағашы атамның ықпалы болды. Ол кісі тегін адам емес еді. Бойында қазақы емшілігі бар, алдына келген ауруды қарайтын. Ем-шөппен емдеп, сынық салатын. Көп сөйлемейтін біртоға жан. Бір қызығы, үйге кім келетінін алдын ала біліп отыратын еді. Мен осы кісінің жанында өстім. Күнде таңертең қолына су құйып, кешкісін бірге батырлар жырын оқып, жыраулар туралы айтысатынбыз. Атамның іс-әрекетін бойыма сіңіргендіктен бе, менің де сынық салатын қасиетім болды.
Естігенде таң қалатын шығарсыз. Дегенмен нейрохирургия саласына кездейсоқ жағдайда келдім. Алғашқыда өзімді травматолог дәрігердің жұмысына даярлағанмын. Бесінші курстан бастап бос уақытымның бәрін травматология кафедрасында өткіздім. Студенттік үйірмелерге бардым, тіпті жұмыс істей бастадым. Алайда бір ғана оқиға менің кейінгі жолымды түбегейлі өзгертіп жіберді.

Коноваловпен кездесу

– Ол қандай оқиға еді?
– Бір күні өзім жұмыс істеп жүрген Ақтөбе қаласына Мәскеуден академик Н.Н.Бурденконың Ғылыми-зерттеу институтынан жас академик Александр Коновалов келді. Мен ол кезде 26 жастамын. Енді ғана Медициналық академияны аяқтағанмын. Бұл кездесу мен үшін жай ғана сәттілік емес, жоғарыға деген жолдама болды. Біз жақсы араласып кеттік, ол менің үйімде бес күн бойы қонақта болды. Бір сөзінде: «Серік, маған кел, нейрохирургияны үйретемін» деді. Коноваловтың осы сөзі соңында менің тағдырымды анықтады.
– Яғни, Мәскеуден бір-ақ шықтыңыз ба?
– Мен травматолог болғым келетінін айттым әрі Мәскеудегі Травмотология және ортопедия инс­титутына оқуға түсуге көмектесуін сұрадым. Бұған Коновалов күліп жіберді. «Алдымен кел, содан кейін шешім қабылдайсың» деді. Осы әңгімеден кейін, тәуекел деп ештеңеге қарамастан, ешкіммен ақылдаспастан, бейтаныс қалаға тартып кеттім.
Мен сол кезде өз арманымды өзгерткен жоқпын, керісінше, іздегенімді таптым. Хирургиядағы бұл кәсіп анағұрлым күрделі, анағұрлым жұмбақ және ең бастысы біздер үшін, қазақстандықтар үшін, жаңа кәсіп еді.
– Сол кездері біздің елдегі жағдай қандай еді?
– Қазақстанда 80-жылдардың басында дәл мұндай нейрохирургия болмаған. Бұл – игерілмеген тың сала. Еліміз бөлімшелерді ашуға енді ғана бел буып жатқан. Ал мен мұнда қызметті жаңа ғана бастаған дәрігер бола тұра, академик Н.Н.Бурденконың Ғылыми-зерттеу институтының директорының кабинетінде отырмын! Иә, мен тіпті өзімнің осы жерде отыратынымды елестетіп те көрген емеспін. Себебі бұл араға тіпті ғылым докторларының өзі де кіре алмайтын. Мен мұны қазір түсінемін, бұл ойға сыймайтын жағдай – ешқандай аға-көкесіз осындай беделді адамның алдына келу және нейрохирургияға қатысты барлық сұрақтарға толық жауап алу.
Барлығын көріп-білгеннен кейін директор маған жыл сайын келіп тұруды тапсыра отырып, алғашқы екі жыл Қазақстанда нейрохирург болып жұмыс істеуді ұсынды. Содан бері мен жыл сайын демалысымды Мәскеу ҒЗИ-де өткіздім және институт үшін ақ халат киген өз адамына айналдым. Бұл мен үшін барлық арманымнан да жоғары еді.
Тәжірибеден өткеннен кейін аспирантураға түсуге бел будым. Дәл сол кезде біздің елімізде бір орын бөліне қалды. Бірақ осы сәтте екі жылдағы жақсы жұмысым үшін мені мақтап жүрген Коновалов аспирантурадан айнытып тастады. «Өз қызметіңді бұлайша бас­тама. Аспирантура – бұл ғылым үшін. Сенің дәрігер болуың керек, мен саған екі жыл клиникалық ординатураны ұсынамын, ал содан кейін аспирантураға түсе бер» деді жанашырлықпен. Бәлкім, осы адамға «гипноздалған» болармын, әйтеуір, ойланбастан келісімімді бердім. Сол кезден бастап мен отандық нейрохирургия саласына қызмет етіп келемін.

Орталықта 15 мыңдай операция жасалды

– Қазіргі уақытта нейрохирургтарды даярлау деңгейі қалай дамып келеді?
– Әрине, бүтіндей өзгеріске ұшырады, бұл бағыттың өзі ғаламдық өзгерістерді басынан кешірді. Отыз жылдан астам уақыт жұмыс жасайтын отандық нейрохирургияның дамуы туралы айтар болсам, бізде адам өмірін сақтап қалған «алтын қолды» хирургтар болды. Адам өмірін құтқару аса қымбатқа түсті. Ескірген құрал-жабдықтар, қарабайыр жабдықталған операция жасау залдары, дәрі-дәрмектердің тапшылығы… Хирургияның әлемдік соңғы әдістемелеріне қол жеткізу арман болатын. Аллаға шүкір, соңғы он жыл ішінде нейрохирургия саласында айтарлықтай ілгерілеу орын алды.
Мемлекет басшысының қол­дауымен денсаулық сақтау сала­сындағы өзгерістер біздің сала­мызға тың серпін әкелді. Нақты айтсам, Ұлттық нейрохирургия орталығы құрылғалы 8 жыл ішінде Орталық Азия мен біздің елімізде бұрын-соңды қолданылмаған 60-тан аса жаңа технология енгізілді. Орталықта шамамен 30 мыңға жуық науқас емделді, 15 мыңдай операция жасалынды. Оның 70%-ында жаңа технологиялар қолданылды.
Кадрлардың әлеуеті туралы айтсам, мұнда 93 дәрігер жұмыс істейді, оның 44,4%-ы – жоғарғы санатты. 17%-ы бірінші санатқа ие болса, 230 орта медициналық персонал бар. Дәрігерлеріміз АҚШ, Италия, Швейцария, Австрия, Германия, Израиль және Ресейдің үздік клиникаларында тағылымдамадан өткен. Қазіргі уақытта дәрігерлердің көбі ағыл­шын тілін upper-intermediate дең­гейінде меңгерген. Ғылыми қыз­меткерлер 4 медицина ғылым­ы­ның докторы, 3 PhD докторы, 16 медицина ғылымының кандидаты бар.
– Жалпы, нейрохирургиялық аурулардың ерте кезеңін қалай анықтауға болады, әлде тез арада дәрігерге көріну қажеттігін сездіретіндей нақты сырқат белгісі пайда бола ма?
– Нейрохирургиялық патоло­гияның түрі көп. Ол әртүрлі сырқат белгілерімен көрініс беруі мүмкін. Әрбір нейрохирургиялық сырқат үшін, әсіресе аурудың ерте кезеңдерінде өзіне тән нақты бір белгілері болады. Мәселен, ауру барысындағы клиникалық сурет алуан түрлі. Барлық көріністер мен сырқат белгілері бас миының қай тұсы немесе қай бөлігі аурумен зақымдалғандығына байланысты. Әдетте, бастың әртүрлі бөліктеріндегі ауру, бастың айналуы, жүрек айну, лоқсу, қатты шаршау, ұйқы басу, жады мәселесі, галлюцинациялар, эпилептикалық талма, қозғалыс үйлесімінің бұзылысы тәрізді белгілер байқалады.
Бас ауруы, шуыл және бастың айналуы, жадының төмендеуі, естудің нашарлауы, шаршаудың жоғарылауы, жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі тәріздес сырқат белгілері тек қана кәрі адамдарда ғана емес, тіпті орта жастағы адамдар мен жастарда да кездеседі.
Көбіне науқастар, тіпті кейбір медициналық қызметкерлер де мұндай шағымдарға баса назар аудармайды. Жұлын патологиясы барысында неғұрлым жиі шағым белдің ауруына, мойынның ауруына, аяқтардағы созылмалы аурулар, қол-аяқтың жансыздануы, шаншу, жауырын арасының ауруы және басқа да сырқат белгілері болып табылады.
– Орталықта нейрохирур­гия­лық оталардың барлық түрі жүргізіле ме?
– Қазір Қазақстандағы нейрохирургия өте белсенді дамып келеді. Алайда қысқа уақыт аралығында үлкен жарылыс жасау мүмкін еместігін ескеру қажет. Қалыптасу кезеңі болады. Медицинадағы кез келген бағыттың дамуы үшін белгілі бір уақыт қажет. Дегенмен Қазақстан нейрохирургиясындағы әлемдік табыстар басқа елдерге қарағанда ерекше қарқынмен енгізіліп жатқандығын сенімді түрде айта аламын. Біз үздік әлем­дік тәжірибеге қол жеткіздік. Дәрігердің біліктілігімен қоса, қазіргі заманға сай жабдық пен техника да маңызды рөл атқарады. Біз жаңа жабдықтар алуға, тұ­рақ­ты түрде жаңа қызметтер енгізіп тұруға және технология­ларды жетілдіруге тырысамыз. Бүгінгі таңда біз гамма-пышақ қолданылған операциялардан басқа, оперативтік араласулардың барлық түрлерін жүргіземіз. Осы бағытты практикаға енгізу орталықтың жоспарында бар.

Миллиметрлік қателесу – қауіпті

– Адамның миы – жұмбақ жаратылыс. «Ғылымның дамығаны сонша, басты теспей-ақ миға ота жасалады» деген пікір қан­шалықты шындық?
– Біз бас миының тамырлы ауруларын емдеудің төмен инвазивті әдістерін пайдаланамыз. Мұндай операциялар мидың бас сүйегін тесусіз жүргізіледі. Яғни, тамырға катетер арқылы енеді, емдеу инсульттің алдын алуға көмектеседі. Сонымен қатар, омыртқа және жұлын миы патологиясы барысында реконструктивті операциялар жасалынады. Бүкіл Орта Азияда жоқ функционалдық нейрохирургия бөлімшесін ашқанымызды мақтанышпен айта аламын. Паркинсон ауруын, әртүрлі қозғалыстық бұзылыстарды, эпилепсияны, балалардағы бас миы ауруларын, БЦС кейбір түрлерін емдейміз. Бас миының терең орналасқан ісігіне операция жасау барысында навигациялық жүйені қолданамыз. Бұл дәл түсу мүмкіндігін береді. Мида өмірлік маңызды учаскелер орналасқан, миллиметрлік қателесу болса, адам сөйлеуден айырылады немесе ол мүлдем сал ауруына ұшырауы мүмкін.
– Ал нейрохирургияның өңірлік дамуы қай сатыда тұр?
– Өңірлік нейрохирургиялық қызметтің даму деңгейі жыл сайын жақсара түсуде. Біздің орталықта бұған шамадан тыс көмек көрсетіледі. Тұрақты түрде орталықта өңірлерге жаңа технологияларды енгізу трансферті, орталық негізінде аймақтағы мамандарды оқыту, әртүрлі конгрес­тер, семинарлар, оқу курстарын, телеконференцияларды өткізуді ұйымдастыру жүзеге асырылады. Барлық өңірлердің нейрохирургтарын басын біріктірген Қазақ нейрохирургтар қауымдастығы табысты қызмет етіп келеді.
Қазіргі күнде өңірлік нейрохирургтарымен 1-3-санаттағы күр­деліліктегі нейрохирургиялық операциялар жасалады. Алайда медициналық ұйымдардағы мате­риалдық-техникалық базадағы жеткіліксіздік аймақта неғұрлым күрделі нейрохирургиялық әре­кет­терді жасауға мүмкіндік бермейді. Сонымен бірге, бірнеше облыстар қатарындағы балалар нейрохирургиялық қызметінің жоқтығы, сәйкесінше, балалар нейрохирургтерінің жеткіліксіздігі өзекті мәселе болып отыр.

Жарық көрмеген баланың тағдырына да жауапты болдым

– Сіздің орталыққа көбінесе қандай ауруға шалдыққан нау­қастар жүгінеді?
– Бізге көбіне бас және жұлын миының ісігіне шалдыққан, бас миы тамырларының ауруы­на шалдыққан науқастар, әр­түрлі қозғалыс бұзылыстары бар науқастар жүгінеді. Бұдан басқа, біз балалардағы әртүрлі нейрохирургиялық патологияларды емдейміз.
– Мұндай аурулардың алдын алу үшін қалай күтінген жөн?
– Тұрғындарға тек қана салауатты өмір салтын ғана емес, сонымен бірге өз денсаулығына өте мұқият қарауды ұсынар едім. Мәселен, қатерлі ісік ауруына адамдар үнемі абайсызда ұшырайды. Шылым шегу және маскүнемдік тәрізді зиянды әдеттер зақымдаушы факторлар болып табылады. Асқазан-ішек жолдарының жағдайын қадағалап отыру және азықтануда жеміс-жидектер мен көкөністерді көптеп пайдалану өте маңызды. Олар асқазан моторикасы үшін пайдалы ғана болып қоймады, оған қоса, ағзаға дәрумендер түсуіне ықпал етеді, яғни бұл дегеніміз – адамның иммунитеті тек қана нығая түседі деген сөз. Әр адам өз ағзасын тыңдай білу керек, ағза үнемі қандай мәселе бар екендігін өзі-ақ білдіреді. Бұған сену қиындау, бірақ көбіне шындыққа алып келеді. Әр азамат үшін денсаулық – оның бар байлығы. Бұл – бүтіндей мемлекеттің алдында тұрған жауапкершілік.
– Әр хирургтің өмірлік тә­жірибесінде естен кетпес оқи­ғалар болады. Сіз үшін қандай сәт әлі күнге дейін ұмытылмай келеді?
– 2008 жыл. Бір перзентхананың бас дәрігері қоңырау шалды. Қиын жағдай болған. Босанушы әйел өлім мен өмір арасында жатыр. Компьютерлік томография жасап үлгердік және артерия-веналық мальформацияның өте үлкен жарылысын және бұл әйелдің миы­на қан құйылып жатқандығын диагностикаладық. Ол 26 жаста екен. Бірінші жүктілік. Қабылдау бөлмесіне әйелді алып келгенде, тыныс алуы тоқтап қалды. Бұл мерзімінен бұрын босануға алып келді. Тіпті, талқылайтын уақыт жоқ. Әйелді бірден операция бөлмесіне көтердік және екі бригада операция­ны бастап та кеттік.
Нәтижесінде мынадай жағдай болды: мидың ісінуі басталып кетуі мүмкін болғандықтан, бас миына операция жасадым, ал гинекологтар болса баланы құтқарды. Аздаған минуттар ішінде өмірге бала келгені есімде. Бірақ балада өмір сүру белгісі байқалған жоқ – жыламады.
Бала да наркозда болып шықты. Операция 8 сағатқа созылды. Әйел 21 күн комада жатты. Содан кейін оянып, өмірге қайта оралды. Айта кетейін, ауруынан айыққан әйел нейрохирургтардың екінші съезінде біздің қонағымыз болды. Осы операция әлі күнге дейін есімнен кетпейді. Бұл менің алдымдағы бір ғана адамның тағдыры емес, бірден екі адамның тағдыры, әлі мына жарық дүниені көрмеген адамның тағдырын шешетін сәт еді.
Тағы бір оқиға есімнен кетпейді. 2012 жыл. Алматыдан қоңырау шалды. Әңгіме 36 жастағы әйел туралы. Ол үш мәрте ЭКО ұрықтандырудан кейін ғана жүктілікке қол жеткізген екен. Өкініштісі, күрделі бас миының ісігі табылған. Кез келген уақытта өліп кетуі мүмкін. Дәрігерлер қорыққаннан жасанды жолмен босануды ұсынған. Біз бұл іске әйелдің жағдайын бақылап отыру үшін Ана мен бала орталығының дәрігерлерін шақырдық. Әйелді бізге алып келгеннен кейін операцияның жүру барысын талқыладық. Сол кезде әйелдің күйеуіне қарап отырып, егер бұл бала болмаса, осы отбасы күйрейтінін сездім. Әйел болса баланың өмірін сақтап қалу үшін өлімге де даяр еді. Бізге әлемдік тәжірибеге сүйенуден басқа амал қалмады. Көрші орталықтағы әріптестерім мен ісікті алғанша баланың жүрек қағысын қадағалап отырды. Әйелдің өз-өзіне келгеннен кейін ең бірінші сұрағы баланың амандығы еді. Өзінің жағдайы туралы тіпті бірде-бір сұрақ қоймады. Біз сол кезде әрекетіміздің өте дұрыс болғандығын түсіндік. Біз баланы сақтамаған болсақ, әйелдің өмірі де үзілер еді.

Ең үлкен бақыт – науқастарыңды сау қалпында көру

– Мойындау керек, кейде пенде болған соң айналамызда арзан күлкі, бос әңгіме, орынсыз қалжыңдар орын алып жатады. Ал мұнда сіз секілді адамдар жан тебіренерлік түрлі жағдайды бас­тан кешіруде. Сіз үшін өмірдің ең басты құндылығы неде?
– Мен үшін өмірдегі басты марапат – өз науқастарымды дені сау және бақытты қалпында көру. Өзім бір кездерде көмек берген адамдарды кездестіргенде қандай қуаныш сезімі билейтіндігін көрсеңіз! Олардың есімдерін білмеймін де, ал олар болса үнемі мені естеріне алып, арнайы келіп амандасып, алғыстарын айтып тұрады.
Мені нағыз дәрігер қылған – өмір сабақтары. Мен де мүм­кіндігінше бар білгенімді, білімімді беруге тырысамын. Осы жылдар ішінде 5 медицина ғылымының докторын, 25 кандидатын, 30-дан астам клиникалық ординаторларды, резиденттерді даярладым. Менің бақытыма орай, командамда жаңа технологияларды жылдам игере білетін, ағылшын тілінде танымдары жеткілікті, дарынды нейрохирургтар жұмыс істейді. Олардың жаңа білімге деген құштарлығы тым жоғары. Менімен бірге жұмыс атқарып жүрген мамандар – АҚШ, Израиль және Еуропа елдерінде білім алған, сол елдерде әзірліктен өткен, өз істерінің нағыз кәсіпқойлары. Мен өз шәкірттерімді мақтан тұтамын. Мен үшін ең басты құндылық – осы.
– Кәнігі маман ретінде нейро­хирургияның болашағын қалай елестетесіз?
– Менің ойымша, қазақстандық нейрохирургия қызметі қазіргі таңдағы нейрохирургияда кез­десетін барлық әлемдік тренд­ке сай дамитын болады. Олардың қатарында қазірде нейрохирур­гиялық диагностиканың идеалды әдіс белгілеріне жақындауын (ауырсынусыз, қансыз, қауіпсіз бас және жұлын миы патология­сын бірден және тікелей көре білу), паллиативті операциялардың радикалды операцияларға ауысуы, жеңіл инвазивтілігі төмен операциялардың таралуын атауға болады. Сонымен бірге, орталық жүйке жүйесінің ошақты патологиясын хирургиялық және нейрохирургиялық жаңа емдеу тәсілдерін енгізу, реконструктивті және косметикалық нейрохирур­гияның дамуы және тағы басқалары да бар. Бұл бағыт Қазақстандағы нейрохирургияны дамытудың басым бағыттары болмақ. Сонымен қатар, аймақтардағы нейрохирургия саласының тиісті түрдегі қалыптасуына, кадрлар даярлау мәселесіне, осы саладағы медицина ғылымының дамуына басты назар аударуымыз қажет.

Туған ауылыма жиі жол тартамын

– Сіздің алдыңызға көмек сұрап келетіндердің санында шек жоқ. Сонау туған ауылдың адамдары да жиі іздеп келетін шығар?
– Егер сенің қолыңнан ешнәрсе келмейтін болса, саған келмес еді және де көмек көрсетуге мүмкіндігің болса, жақсы. Мен әлгінде ауылда өскенімді айттым, бірақ қалада тұрғаныма қаншама уақыт өтті, былайша айтқанда ауылдағылардың арасынан танитыным саусақпен санарлық. Бірақ мен туған ауылда тұрып жатқан адам­дар орталыққа келген кезде, ме­нің кабинетіме есік қақпастан кіреді.
Ауылда өзімнің 90 жасқа келген аяулы анам бар, оның жағдайын білу үшін кіндік қаным тамған ауылыма жиі барамын. Ауылға барған сайын мектеп пен ауруханаға бас сұғамын. Менің кеңесімді алуға тілек білдіргендер үйдің ауласына жиналады. Күніне 10-15 адам келеді. Мен олардың барлығын қабылдаймын, әрине келген адам­дардың көпшілігінің мәселелері нейрохирургияға қатысы жоқ, алайда бұл маңызды емес, қолым­нан келгенше көмектесуге әзірмін.
– Сіздің жолыңызды кім қуып келеді?
– Менің отбасым – мен үшін берік қорған. Жұмыста қанша қиын болғанымен, бәрібір үйге ораласың. Үйде жаныңа жайлылық сыйлайтын жағдай орнаса, онда барлығы жақсы болады. Менің жұбайым да дәрігер, сондықтан ол мені әрқашан түсіне біледі, әрдайым қолдау көрсетеді. Біз Баян Төлеуқызымен студенттік шақтан біргеміз. Біздің есейген екі ұлымыз және төрт немереміз бар. Немерелеріміздің үлкені – Райымбек мектеп бітіргелі отыр, кішісі Едігенің жасы – бірде. Екіншіміз Алдияр 13-те болса да, нейрохирург болуды мықтап жоспарлауда. Менің кішкентай немерем Айбибі де ақ халат киіп, адамдарды емдегісі келеді. Олардың да арманы орындалса екен деп тілеймін.
– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан: Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

The post МЕНІ НАҒЫЗ ДӘРІГЕР ҚЫЛҒАН – ӨМІР САБАҚТАРЫ appeared first on .

«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ» ӘР ЭЛЕМЕНТІНДЕ ТЕРЕҢ МАҒЫНА ЖАТЫР

$
0
0
erm_0797

erm_0797

Қазақстанның Құрметті сәулетшісі Сағындық Жанболатовтың сәулет өнеріндегі теңіздей телегей табысы еңселі елордамыз – арайлы Астана тарихымен тікелей байланысты. Ерке Есіл бойына жаңа астана орнап жатқан кезде осы жерден табылып, елорда мәртебесіне сәулетінің сай болуына сүбелі үлес қосқан адамдардың алдыңғы легінде осы кісінің есімі аталады. Тәуелсіз ел тарихына Астананың көшіп келген күні ретінде 1997 жылдың 10 желтоқсаны таңбаланса, сәулетшінің елорданы көркейту жолындағы еселі еңбегінің алғашқы парағы да сол күндері ашылды. Астанадағы тарихи және саяси мәні терең «Мәңгілік ел» Триумф аркасы жобасы үшін бір топ әріптестерімен бірге таяуда Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанған сәулетшімен әңгімеміз елорданың кешегі және бүгінгі сәулеті жөнінде өрбіді.

500105_2112746280_dsc_0177

Сағындық ЖАНБОЛАТОВ,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты:  КӨНЕ ҚАЛАЛАРДЫҢ СӘУЛЕТІНДЕ ҚАЗАҚЫ НАҚЫШ БАР

АСТАНАНЫҢ АЛҒАШҚЫ ТАҢЫ ЕСІМНЕН КЕТПЕЙДІ

– Сағындық Смайылұлы, Астана қаласының бас ди­зайнері қызметін бес жыл атқарған екенсіз. Астананың ажарын айшықтаған бір­неше жобаның да авторысыз. Әңгімемізді елордамен тағдырыңыз түйіскен кезеңнен бастайықшы.
– Бұл тұрғыдан алғанда менің жолым ерекше болды. 1997 жылдың желтоқсанында Арқаға Алатау баурайынан Ауыл шаруашылығы министрлігі көшіп келді. Министрлік керуенін қарсы алушы адамдардың қатарында өзім де жүрдім. Ол уақытта Ақмола Ауыл шаруашылығы институтының (қазіргі С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – А.Қ.) сәулет факультетінің оқытушысы едім. Осы оқиғаға орай жергілікті басшылық қаладағы барлық сәулетшілерді жинады. Министрлік осы күндері Кенесарының атымен аталатын көшедегі ғимаратқа орналасатын болып, бізге оның іші-сыртын әрлеу жұмысы жүктелді. Берілген тапсырманы дереу атқарып шығу керек болды. Сол кезде Астанаға алғаш рет түрік құрылысшылары да шақыртылған еді. Құрылыс материалдарынан да тапшылық байқалды. Мәселен, плитканы Ақмоладан таба алмай, Қарағанды өндірістік өлке саналған соң, Арқаның сақылдаған сары аязды күн­дерінің бірінде сол қалаға баруыма тура келіп, ғимараттың дәлізіне қажет сұр плитканы әкелгенім есімде. Осылайша бұрын Теміржол басқармасы отырған кеңсеге Ауыл ша­руашылығы министрлігі орналасты.
– 1998 жылдың 10 маусы­мында тәуелсіз ел тари­хын­дағы елеулі оқиға – Ас­та­наның тұсаукесер рәсімі өткені баршаға белгілі. Сол күн сіздің есіңізде ме?
– Әрине, есімде. Астананың тұсаукесеріне әлемнің түкпір-түкпірінен мәртебелі қонақтар, соның ішінде бірнеше мем­лекеттердің президенттері келді. Леонид Кучма мен Асқар Ақаевты, Филипп Киркоровты жақыннан көрдік. Айтулы шара Есіл өзенінің жағалауында өтті. Оның алдында жағалауды соған сай етіп әрлеуге, алаңды мерекеге дайындау жұмыстарына өзім де қатыстым.
Сол уақытта тұрған пә­терім де сол маңайда еді. Жаң­быр жауып кеткен соң мере­кенің аяқталуын күтпей, үйге кетіп қалғанмын. Қалған қызықты сегізінші қабатта орналасқан пәтерімнен тамашаладым. Теледидар да қосылып тұрған. Үй ішімізбен таң атқанша ұйықтамадық. Содан күн қызарып шығып, Нағима Есқалиева «Первое утро столицы» әнін шырқап жібергенде ерекше әсерге бөлендік те қалдық. Қызыл күн бізге Алланың нұрындай болып көрінді. Әттең, ол уақытта қазіргідей видеоға түсіретін мүмкіндік ешқайсымызда болған жоқ. Әйтпесе, сол кө­рініс тарих үшін құнды материал болып жазылып қалар еді. Астананың алғашқы таңы есімнен кетпейді.

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ТАЗА ҚАЗАҚЫ ҮЛГІДЕГІ МЕШІТ

– Астананың тұсаукесері сізді ерек күйге бөлеп, шабыттандырған сияқты ғой…
– Дәл таптыңыз. Елордада жүзеге асырған алғашқы жо­бам – Жеңісдаңғылы бо­йын­дағы бұрынғы Музыка академиясының, қазіргі Қазақ ұлттық өнер университетінің оқу қорпусы. Бұл 1998 жыл болатын. Қалаға Айман Мұса­қожаева келіп, сәулетші іздеп жатқанын естідім. Бұл төрт қабатты ғимаратта бұрын музыка мектебі орналасқан. Айман Қожабекқызымен әң­гімелескенімде ол Елбасы бі­рінші рояль тарту еткенін айтты. Содан қиялыма қанат бітіп, рояль мен клавиш­тер­дің суретін салдым. Рек­торға бұл жоба бірден ұнады. Оқу ор­нының ішкі дизайнын да ойда­­ғыдай жасап шықтық. Қазір қарап тұрсаңыз, ғима­рат­­тың қабыр­­ғасындағы му­зы­­калық аспаптың бейнесі оның маз­мұнын ашып, музыка әлеміне жақындығын айшықтап тұр.
– Сіздің айшықты жоба­ларыңыздың бірі – «Әзірет сұлтан» мешіті. Осы мешітті жобалау туралы кеңірек әңгімелеп берсеңіз.
– Бұл мешіттен бұрын тұр­ғын үй кешендерін, балабақ­шаларды айтпағанда, Бурабай­дағы шаңғы базасы жобасын жасадым. Қазақстандағы туризм әлеуетін арттыруға жол ашатын бұл жобаның пай­далануға берілуі маған белгісіз бір себептермен кейінге ше­герілді. База ел игілігіне жа­қында ғана берілуі тиіс.
Ал «Әзірет сұлтан» ме­ші­тін жобалау конкурсына 54 компания қатысты. Қазақ­стандық ірі компаниялармен қатар Англия, Малайзия, Жапония, т.б. көптеген мемлекеттер өз жобаларын ұсынды. Біз екі нұсқаны конкурсқа шығардық. Басты мақсатымыз – бұрын еш жерде кездес­пеген, таза қазақы үлгідегі мешіт жобасын жасап шығу болды.
– Бұл мүмкін бе? Таза қазақы үлгідегі мешіт қандай болады?
– Бұдан бұрын Қазақстанда мешіттер екі үлгімен салынатын. Мәселен, еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі аталмыш құрылыстарда Өзбекстан мен Иранның әсері байқалады. Яғни, күмбездер көк түске боялып, порталдары мен ою-өрнектері де Азияның классикалық үрдісінде жасалады. Солтүстіктегі мешіттер болса, татар үлгісіне жақын.
Біз осы екі үлгіден тыс таза қазақы нұсқаны таңдадық.
Оның алдында қазақтың көне қалаларының құрылысында кездесетін сәулет өнерінің үлгілерін зерттедік. Сол жолмен жүріп, «Әзірет сұлтан» мешіті жобасында қазақтың ою-өрнектерінің 70 пайызын пайдаландық. Порталдарды да киіз үйге ұқсатып жасадық. Күмбіздер де қазақы нақышта жобаланды.
Мешіт түсіне ерекше мән бердік. Дәстүрлі Ислам дінінің де, қазақтың ежелгі сәулет өнерінде кездесетін түстерін де есепке алдық. Қазір алыс­тан қарағанда мешіт көзге ақ түсті болып көрінеді. Бірақ жақындап барып қарасаңыз, оның түрлі-түсті екенін көресіз. Күмбездері де солай. Мұны Сарыарқаның гүл­деріне ұқсатып жасадым. Неге дейсіз ғой? Жасырақ кезімде осы жерден шығып, Алматыға сапар шектім. Арқаның гүлдеріне мән бермей жүр екенмін, Орталық Қазақстанның бір бекетіне келгенде пойыз бұзылып, сол стансада біраз аялдауға тура келді. Сол жердің гүлдеріне бажайлап қарасам, қурап қалған гүлдер түрлі түстілігімен таң­ғалдырды. Мешіт жобасын жасағанда сол көрініс көз алдыма келіп, мұны жүзеге асырдым.
Бұдан соң жан-жақтан ұсы­ныстар келіп түсті. Қара­ғандыдағы, Көкшетаудағы, Петропавлдағы мешіттер менің жобаммен бой көтерді. Күні кеше ғана Астанадан Қорғалжынға апаратын тас жолдың бойындағы көпір маңайында, С 409 көшесінде жаңа мешіттің құрылысы бас­талды. Бұл мешіт келесі жылы күзде пайдалануға берілуі тиіс. Оның философиясы мүлде бөлек – заманауи қазақ стилінде. Жаңа мешіт жобасында портал мүлде жоқ. Ал атын шартты түрде «Алланың гүлі» деп қойдым. Мұны соған ұқсатып жасап, жанына ирек-ирек қаламды орналастырдым.
Бастапқыда бұл жобаны таныстырғанымда бәрі жобаны түсінбей, таңғалды. Қа­былдамай қоя ма деп қорқып едім, бірақ ақыры қабылданды. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы да мақұлдады.

«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ» ӘР ЭЛЕМЕНТІНДЕ ТЕРЕҢ МАҒЫНА ЖАТЫР

– «Мәңгілік ел» триумф арқасының жобасы үшін жақында Мемлекеттік сый­лықты иелендіңіз. Құтты
болсын! Бұл жоба қалай жүзеге асқанынан да хабар берсеңіз.
– Бұл жоба ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай қолға алынды. Осыған байланысты жарияланған конкурсқа 12 компания қатысты. Оны біз жеңіп шығып аз уақытта жүзеге асырдық. Бізге 16 желтоқсанға қарай толығымен аяқтау тапсырмасы берілді. Ал біз жұмыстарды көктемде бастадық.
Басында сулы-нулы желек­жолға қоямыз ба деп ойладық. Бұдан соң әуежай жаққа қоя­мыз деп шештік. Бірақ ол маңайдағы ғимараттар тым биік болып көрінді. Ақыры қазіргі орны – Орынбор кө­шесіне шығардық. Басында бірнеше нұсқаны ұсынған едік, Елбасы солардың ішінен классикалық нұсқаны таңдады. Оның ішкі жағында музей мен әдемі алаң, жоғарыға көтерілетін лифт бар. Бұрын ол жерде үйлер болмаған соң ешкім ішінде не барына мән бермейтін. Қазір ғана маңайында тұрғын үйлер бой көтеріп, жобаның ішкі жағы жаңаша сипатқа ие болуда. Жуырда мұның бар сырын ел көреді деп ойлаймын.
Ал тарихқа көз жүгіртсек, әлемде триумф аркасы белгілі бір жеңістерден соң бой кө­теретін. Мәселен, Париждегі арка Наполеонның жеңісі құрметіне салынды. Оның құрылысы 33 жыл жүрді. Бір қызықты айтайын, біздің жоба 3 ай, 3 күнде бой көтерді. Қа­зақтың кешегі мен бүгінін, салт-дәстүрлерін айшықтап тұрған бұл нысан еліміздің жарқын болашағына деген қарышты қадамын паш етіп тұр.
Астанадағы «Мәңгілік ел» аркасының әр элементінде терең мағына жатыр. Тарқата айтсам, арканың кіреберісі еуропалық да азиялық да нұс­қаға келмейді. Қос қапта­лында Елтаңба, ортасында Мем­ле­кеттік ту орналасқан.
Жалпы бұл жобаны жаса­ғанда, Әбіш Кекілбайұлы, Қой­шығара Салғараұлы, Ақселеу Сейдімбек сынды ұлттың беткеұстар тұлғаларымен ақылдастық. Әрине, ол уақытта қала әкімі болған Иманғали Тасмағамбетов те одан тыс қалған жоқ.
Тағы бір қызықты айтайын, монументтің бүйіріне тай­қа­зан қоямыз деп шештік. Міне, осы жерде Түркістандағы тай­қазанның масштабы бұған дәл келді. Мен ол жөнінде ой­ламаған да едім, Құдайдың өзі реттеп берген сәйкестік. Шынымды айтсам, әлі күнге дейін бұған таңданумен келемін. Ақсақал мен Ел анасының бейнесі де бастапқыда ойлас­тырылды.

ӘР АДАМ ӨЗ ҰЛТЫНЫҢ НАҒЫЗ ПАТРИОТЫ БОЛУЫ КЕРЕК

– Астананың сәулеті туралы не айтасыз? Сіздің көңіліңіз тола ма?
– Қазір Астана сәулетінде әртүрлі стильдер кездеседі. Атап айтсақ, еуропалық стиль, хай-тек, Әзербайжан, Қытай, Англия, Франция сынды ел­дердің стильдері кездеседі. Өкінішке қарай, қазақы нақыш аздау боп тұр. Халықаралық стиль деген бар. Сәулетшілер осы стильге әуес боп алды. Қай стиль модаға енеді, соны басшылыққа алып, жобалауға көшті.
Әлемдік үрдіске қарасақ, керісінше. Дүние жүзіндегі мемлекеттер өз тамырына оралып жатыр. Мәселен, Араб елдері, армяндар, әзер­байжандар, өзбектер өз дәс­түріндегі жобалар бойынша құрылыс салуда. Ал бізге келсек, біздің сәулет өнерінің тарихы да өте бай. Сығанақ, Сауран, Сарайшық сынды көне қалаларымыздың сәу­ле­тін зерт­тесек жеткілікті. Мен оларды зерттедім, жинаған материалым жеткілікті. Қазір соны меңгеру керек. Бола­шақта көне қалалардың сәулет жобасымен бой көтеретін нағыз қазақы жобаларды ойластырып та қойдық. Қазіргі заманғы сәулет өнерін ұмыт­пай, оған қазақы реңк енгі­зуге де болады. Футур стиль арқылы да ұлт­тың иісін шығара аламыз. Оның сыртында ғұн­дардың, скифтердің стильдері бар. Бұ­лар тіптен керемет.
Жалпы адамның ойының шегі жоқ екен. Ал сәулет өне­рімен мұны ұштастырғанда ой тіптен шарықтап кетеді. Айтарым, әр адам өз ұлтының нағыз патриоты болуы керек. Сонда ісі алға басады. Ме­нің түсінгенім, қазақ – тегі асыл халық. Қазір озық ойлап отырсам, ол маған қан арқылы келді деп білем. Мен қазақ болмасам, сәулет өнерінде мұндай жетістіктерге де жетпес едім, сірә.
Қазір «Ой тек» деген тобымыз бар. Осы топқа мүше адамдардың бірі – Мемле­кет­тік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков. Бәріміз арагідік жиналып, ұлтқа қа­тысты мәселелер бойынша пікір алысып тұрамыз. Бәріміз біріккенде ұлт мүддесі жолында барлық қиындықтарды жеңеміз деп ойлаймын.
– Әңгімеңізге рақмет! Шы­ғармашылық табыстарға жете беріңіз!

Сұхбаттасқан:
Аманғали ҚАЛЖАНОВ

The post «МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ» ӘР ЭЛЕМЕНТІНДЕ ТЕРЕҢ МАҒЫНА ЖАТЫР appeared first on .

Әлеуметтік жауапкершілікті ұмытқан емеспін

$
0
0
almat-tursunov

almat-tursunov

Алмат ТҰРСЫНОВ,
«Қарасу» сауда-өнеркәсіптік компаниясының басшысы: Әлеуметтік жауапкершілікті ұмытқан емеспін

Ел экономикасына елеулі үлес қосып жүрген жандар көп. Солардың бірі – Алмат Тұрсынов. Өзі басқаратын «Қарасу» сауда-өнеркәсіптік компания­сы аз уақыт ішінде ірі ауылшаруашылық тауарларын өндіретін бірден-бір өндіріс ошағына айналды. Астаналықтарды да етпен қамтамасыз етіп отырған сан салалы кәсіпорын басшысымен аз-кем әңгімелескен едік.

– Алмат Жанәбілұлы, осыдан жиырма жыл бұрын құрылған кәсіпорын бүгінде алыс-жақын шетелдермен байланыс орнатқан. Агроөнеркәсіп кешенінде жеткен жетістіктеріңіз қандай?
– Кәсіпорынның іргесі 1966 жылы қаланды. Шүкір, қазіргі уақытта астықты өңірге ғана емес, тұтас елімізге танымал мекемеге айналды. Соңғы он жыл ішінде бірқатар тың жобаларды жүзеге асырдық. Әсіресе, астық және ет өндірісі саласында зор жетістіктерге жеттік деуге болады. «Қарасу» сауда-өнеркәсіптік компаниясы географиялық жағынан ел аумағындағы барлық астық өндіретін және астықты қайта өңдейтін өңірлерді қамтиды. Агроөнеркәсіптік кешеніміз бүгінде сапасы жоғары егін өсірумен, асыл тұқымды мал ұстаумен айналысады.
– Кәсіпорынның құрамы қандай?
– Кәсіпорын құрамында астық өн­­діретін 9 шаруашылық, мал бор­дақылаумен айналысатын 6 ірі шаруа­шылық, жоғары сапалы ұн өндіретін 2 кәсіпорын және ет өңдеумен айналысатын «Қарасу-ет» ЖШС бар. Компанияға қарасты барлық шаруа­шылық өндірісі қуатты базамен қам­тамасыз етілген. Барлығы да заманауи ауылшаруашылық қондырғылармен жабдықталған.
– «Қарасу» сауда-өнеркәсіптік компаниясы мал шаруашылығын интенсивті дамытуды қолға алғаны белгілі. Шаруа қалай жүруде?
– Қазір компания шаруашылығында 6000-ға жуық асыл тұқымды ірі қара бар. Жаратылысында етті келетін қазақтың ақ бас сиырының салмағы орта есеппен 400 келіге жеткенде, оны компанияның Қостанай қаласының іргесіндегі ет өңдеу кешеніне өткіземіз. «Қарасу» СӨК-ке қарасты 4 кәсіпорын асыл тұқымды мал шаруашылығы мәртебесіне ие. Бір ғана «Қараман-К» ЖШС-не қарасты мал бордақылау алаңында 3 мың мал күтімге алынған. Осыдан алты жыл бұрын пайдалануға берілген шаруашылықта қазақтың ақ бас сиырларын өсіреді. Алдағы уақытта мал басын көбейту жоспарлануда.
– Ет өткізуде қиындық жоқ шығар…
– Ешқандай іркіліс жоқ. Отандық өндірістің өрісін кеңейтіп келе жатқан кәсіпорынға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Өйткені біздің шаруашылықта ет соңғы технологиямен өндіріледі. Өткен жылы халықаралық сапа сертификатына ие болдық. Бұл құжат үлкен міндеттер жүктейді. Біз шикізат дайындау, өнім өндірумен ғана емес, оны тұтынушыға жеткізу қызметіне де жауаптымыз. Айта кетейін, мұнда ет өнімдерін шығару және өңдеу бойынша жаңа технологиялық жүйе, яғни құны 215 млн теңге тұратын австралиялық фирманың «Шаллер» жабдығы орнатылған. Ерекшелігі – автоматты сенсорлы жұмыс істейді, дайын өнім мен шикізатты сапалы өңдейді. Бір ауысымда 35 мың консерві, 10 тоннаға жуық шұжық, тартылған ет, тұшпара әзірлейді. Бір тәулікте 24 тоннаға дейін өнім шығарып, сатуға мүмкіндігіміз бар.
– Мал еті сырттан да әкеліне ме?
– Біз өз жерімізде жайылған мал еттерін ғана пайдаланамыз. Өйткені ол – экологиялық таза өнім. Технология бойынша шетелдік мал еттерін қабылдай алмаймыз. Көпшілікке белгілі, Австралия, Бразилиядан әкелінген еттерге ылғал сақтау үшін түрлі қоспалар егіледі. Қатаң бәсекелестікке құрылған нарықтық экономикада ұсақ-түйек дүние жоқ. Тұтынушының талабынан шығу үшін ізденісте жүреміз. Бүгінде бір ғана шұжықтың 140 түрін шығарамыз. Мұның сыртында қазы-қарта, жал-жая, консервіленген, оралған ет өнімдері де біршама. Жалпы, жылына 900 тонна өнім өндіріледі әрі мұнымен шектеліп қалғымыз келмейді. Мал шаруашылығын дамытудың алғышарттарының бірі – қолдағы түліктің белгілі бір бөлігін сату арқылы пайда табу екені белгілі. Биыл осымен төртінші рет аукцион өткіздік. Өз өңірлерінде асылтұқымды қара мал өсіруді қалайтын кәсіпкерлер жыл сайын аукционға қатысады. Мәселен, алғаш рет ұйымдастырғанда қазақтың алпыс шақты ақ бас сиыры, қырықтан астам Әулиекөл тұқымы және жүзден астам қазақтың тығыз жүнді қойы сатылымға шықты.
– Елбасы кәсіпкерлерге бизнестің жауапкершілігін ұмытпауды үнемі ескертіп отырады. Бұл ретте қандай игі шаралармен айналыстыңыздар?
– Соңғы он жылдың ішінде жаңа спорт кешендерін, балабақша, мектеп, ойын-сауық орталықтарын, сұлулық салондарын, мейрамханалар, тұрғын үй құрылысын салуға қаржылай қолдау жасаудан тартынған емеспін. Кез келген өндірістің алға жылжуы үшін ең бірінші еңбек адамының тұрмысы, оның әлеуметтік жағдайы ойлантпай қоймайды. Сондықтан әуелі халықтың мұң-мұқтажына қарайласуды басты парызым деп есептеймін.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

The post Әлеуметтік жауапкершілікті ұмытқан емеспін appeared first on .

Төлеутай СҮЛЕЙМЕНОВ: АЛТЫ АЙДА ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІ ЕЛУ МЕМЛЕКЕТ ТАНЫДЫ

$
0
0
toleutaj-agha

Бүгінде Қазақстан – әлемге танылған, өз сара жолы бар мемлекет. Еліміз азаттықтың ширек ғасыр тойын бір ғасырға жүк болар жетістіктермен қарсы алды. Осы жолда қаншама еселі еңбек пен маңдай тер төгілді. Дербестік алған жылдарда Елбасыға сенімді серік болып, тәуелсіздіктің тұғырын биіктеткен азаматтар болды. Солардың бірі – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, егемендіктің елең-алаң шағында Сыртқы істер министрі болған Төлеутай Сүлейменов. Біз ұлы мереке қарсаңында ардақты азаматпен жүздесіп, сонау бір көк байрағымыз желбіреген алғашқы жылдарға көз жіберіп, әңгіме өрбіткен едік.

toleutaj-suleymenov

АЗАТТЫҚ БАСЫМЫЗҒА ҚОНҒАН БАҚЫТ

– Аға, әрбір халық үшін тә­уелсіздіктен артық құнды­лық жоқ. Сондықтан сөзімізді осы бір киелі ұғымнан бастап ой қорытсақ?

– Арғы ғасырларды айт­пағанда, соңғы жетпіс жыл бойы Кеңес одағының құрамында өмір кештік. Барлық елдік мә­селелерді Мәскеу шешіп, қа­рапайым жол салу мен тұрғын үй көтерудің өзін солар арқылы жүзеге асырдық. Өзімізде ерік болмады. Қандай бір реформаны іске асыруға жоғарыдан рұқсат қажет. Біздің республикадан шыққан өнімдердің бәрін солар ұқсатып, өз қаржымызға қажетті дүниелерді сол кездегі одақтың астанасында отырғандардың кабинетін жағалап, сұрап аламыз. Сондай бір заман болды.
Ал Тәуелсіздіктің жөні бөлек. Әрине, біз оны майданға шығып алған жоқпыз. Бірақ, ол бізге оңай келген жоқ. Ғасырлар бойы бабалар басын бәйгеге тігіп, армандаған азат рухтың жемісі еді. Ұзақ жылдар бойы әлемдегі супердержава саналып келген одақ түбі шіріген теректей құлады. Енді барлығын өзіміз алдымызға мақсат қойып, шешетін болдық. Азаттық – басымызға қонған бақыт. Оны ұзақ күттік. Осы жолда халқымыздың асыл азаматтары құрбан болды. Өткен ғасырдың басында ғұмыр кешкен ұлт зиялылары Ресейден бөлініп, дербес мемлекет болсақ деп армандады. Кеңес үкіметі еркін ойлайтын, ұлтын сүйген адамдарды қуғындады, түрмеге жапты, ақыры ату жазасына кесті. Азаттық алғаннан кейін олардың бәрі ақталды. Солардың аңсаған армандары мен жүзеге асырмақ болған мақсаттарына қолымыз жетті. Бұдан артық қуаныш жоқ. Екі ғасыр тұсындағы осындай бақытты шақты көргеніме ризамын. Егемендіктің алғашқы жылдарында қиыншылықтар болды. Бұрынғы қан тамырларындай байланысып жатқан одақтас республикалар арасындағы байланыс үзілді. Жаңа шаңырақ көтерген жас елміз. Алдымызға демократиялық зайырлы мемлекет болуды мақсат тұттық.

– Сол кезде алдымызда қандай жол тұрды, үлгі болатын елдер болды ма?

– КСРО-ның Сыртқы істер министрлігінде қызмет істеп жүргенде көп шет мем­лекеттердің саясаты мен тәжі­рибелерімен таныспын. Әсіресе, Еуропа елдері, оның ішінде Венгрия, Польша, Болгария, Чехия, және Румынияны жақсы білемін. Олардың Кеңес одағының блогына кірсе де, бас еркі өздерінде және қаржылық қоры мен жеке әскері болды. Соған таңғалып, осындай болсақ деп армандадық. Ол уақытта үкіметтік делегациямен шет елге шықсақ, бізді Кеңес одағының азаматы санайтын. Қазақ деген сөз жоқ, Қазақстанның аты айтылмайды, соған ішіміз күйеді. Жоғарыда айтқан мемлекеттерде адам капиталы мен саясатты жүргізу тәжірибелері бар еді. Бізде ол дұрыс қалыптаспаған. Сондықтан сол елдердің тәжірибесін бағдарлап көру керек деген ой болды. Неге десеңіз, алдымен тілді түсінеміз, экономика мен әскери қуаты жағынан жақындау. Сол үшін екі арадағы әріптестікті ұлғайтып, бір-бірімізбен танысу керек. Ол кезде бізді ешкім жөнді білмейді. Сөйтіп, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы саясатты Еуропадан бастадық. Қанша дегенмен экономикасы дамыған, өркениетті ел саналады. Одан кейін Оңтүстік Азияға назар аударып, оларда қандай тәжірибе бар, жекешелендіруді қалай жүргізді, ұлттық валюталары бар ма, даму реформасы қалай жүзеге асты, соның бәрін мұқият зерделедік. Егемендік алғаннан кейін біздің алдымызда Қазақстанды әлемге таныстыру мақсаты тұрды. Осымен алғашқы күннен бастап айналыстық. Алдымен Біріккен Ұлттар ұйымы мен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымына кіру қажет болды. Халықаралық қаржы институттары мен одан бөлек аймақтық одақтар бар, солармен байланысу керек. Араб елімен қарым-қатынас құрып, ислам конференциясына қатыстық. Алғашқы алты айда тәуелсіздігімізді елу мемлекет таныды.

– Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылдану қалай болғанын таратып айтсаңыз?

– 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін жария­лады. Жаңа жылға дейін он күннен артық уақыт бар. Мемлекет басшысы «Ең бірінші қандай мәселе қажет?» деп сұрады. Мен ол кісіге Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруіміз қажет, сонда басқалар біздің елімізді таниды дедім. Содан бір аптаның ішінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның сол кездегі бас хатшысына хат жазды. Желтоқсанның аяғында Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға мүше болып қабылдануы туралы Елбасымыз қол қойған өтініш Бас хатшыға табыс етілді. 1992 жылдың 23 қаңтарында БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі өз мәжілісінде Бас Ассамблеяға Қазақстанды бейбітшіл мемлекет ретінде БҰҰ-ның мүшелігіне қабылдауды ұсынды. 1992 жыл­дың 2 наурызында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 46-сессиясы Қазақстанды Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше етіп қабылдады. Біздің еліміздің тәуелсіздігі халықаралық тұрғыдан танылды. Сөйтіп, ұйымға мүше мемлекеттердің жалауы жел­біреген алаңда туымыз көтерілді. Оған біз қатты қуанып, кеудемізді мақтаныш лебі кернеді. Еу­ропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымына да кіру үшін бір жарым апта ішінде құжаттарды әзірлеп, 1992 жылы оның мүшесі атандық.

АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС АҚ ПАРАҚТАН БАСТАЛДЫ

– Егемендіктің елең-алаң шағында Сыртқы істер ми­нистрі болдыңыз. Елімізде дипломатия қызметі толық қалыптаспаған шақ. Сондай уақытта тығырықтан шығу үшін жұмысты неден бастадыңыздар?

– Әрине, қиын болды. Министрліктің алғашқы жұмысы ақ парақтан басталды. Кеңес дәуірінде онда он шақты ғана адам жұмыс істеп, олардың қызметі консулдық виза берумен шектелген. Одан басқа сыртқы саясат болған жоқ. Тәуелсіз ел атандық. Енді аз адаммен жұмыс істеу мүмкін емес. Қан­шама құжаттарды дайындау қажет. Содан Елбасыға «КСРО Сыртқы Істер министрлігінде, елшіліктерде істеген отандастарымызды жұмысқа шақырайын» деп айттым. Ол кісі қолдау көрсетті. Олар баспана мәселесі қалай болады деп сұрады. Елбасы «Мәскеудегі баспаналарын сатып, осы жақтан пәтер сатып алсын» деді. Дегенмен, бес-алты маманға баспана берілді. Сөйтіп, министрліктің жаңа құрамы дипломатиялық қызметте тәжірибесі мол Сәлім Құрманғожин, Қайыр Омаров, Вячеслав Ғизатов секілді кәсіби мамандармен толықты. Бір жыл ішінде министрлікке жеті жүз адамды жұмысқа алдық. Арнайы комиссия құрылды. Оны Сәлім Құрманғожин басқарды. Еліміздегі халық­аралық қатынастар факультетін бітірген мамандар мен тіл білетін оқытушыларды, сыртқы саясатпен айналысып жүрген азаматтардың бәрін шақырып, жеке-жеке әңгіме өткізіп, қызметке қабылдадық. Олардың білімі мен біліктілігін жетілдіру үшін Пәкістан, Индия, Қытай, Иран және Еуропа елдерінің Сыртқы істер министрлерімен келіссөз жүргізіп, үш айға оқу жібердік. Қаржының тапшылығынан мамандардың жолақысын ғана төледік. Олар оқып келгеннен кейін сыртқы саясаттың қызметі жандана бастады. Жұмысымыз жеңілдегендей болды. Министрлік ішінен департаменттер құрып, негізгі құрылымды қамтамасыз еттік. Ол кезде шет елдерде елшілік әлі ашылған жоқ еді.

– Бастапқы кезде қай мемлекетте елшілік ашылды?

– Алдымен Америка Құрама штаттарында, содан кейін Түркияда, Венгрияда ашылды. Ресейде біздің өкілдік болды, оны елшілікке айналдырдық. Содан кейін бұрынғы одақтас он бес республикада елшілік ашуды бастадық. Оған қаржы бөлініп, елшілерді әзірледік.

– Сол күрделі кезеңге бүгінгі көзбен қарап, қандай ой түйер едіңіз?

– Ол – менің өмірім. Жігерге толы жастық шағым десем болады. Табанымыз жерге тимей күндіз-түні жұмыс істедік. Ақша дегенге қараған емеспіз. Бір күнде елімізге өзге мемлекеттердің екі-үш Сыртқы істер министрі келеді, соларды қабылдаймыз. Ол уақытта самолеттердің бәрі түнде ұшып келеді. Таңға дейін аэропортта жүріп, соларды қарсы аламыз. Резиденцияға алып келеміз. Біздің елімізге не мақсатпен келгенін біліп, Елбасыға қандай мәселелер айтады, кіммен кездескісі келеді, соның бәрін жазып аламын. Сол қағаздың бәрі таңертең Мемлекет басшысының алдында жатады. Уақытпен санасу, отбасыны ойлау деген жоқ. Оның барлығы еліміз тезірек еңсесін тіктеп, дамыған мемлекеттердің қатарына қосылып, халқымыздың жағдайы жақсарсын деген адал ниет еді. Экономикамыз даму үшін инвестиция тартылып, озық елдердің қатарына тезірек қосылуды ойладық. Егемендіктің алғашқы шағында заң жағынан да қиындықтар болды. 1993 жылға дейін бұрынғы Қазақ КСР- інің заңдарына қосымша толықтырулар мен өзгерістер кіргізіп отырдық. Ол уақытта Алматыға депутаттар сессияға жылына екі рет келеді. Ол бізге қиындық тудырды. Соның бәрі бүгінде тарихқа айналды.

– Жаңа бір сөзіңізде инвестиция туралы айтып қалдыңыз. Олар бізге қалай келді?

– Ол кезде шетелдің алпауыт компаниялары Қазақстанды білген жоқ. Және біздің территорияда ядролық қару болды. Ядролық держава саналған Еуропа мемлекеттері: «Бізге ол қаруды не істейсіздер, оны өздеріңізге қалдырасыздар ма, әлде Ресейге бересіздер ме?» деп сұрады. Осы келіссөз ұзаққа созылды. Президент оларға: «Біз демократиялық, нарықтық қатынаспен жүреміз. Бізге ядролық қару керек емес. Бірақ сол қарудың зардабын тартқан халыққа қолдау қажет» деген жауап айтты. Бұл Қазақстанның салмақты стратегиялық таңдау жасағанын, ядролық қарудан бас тартқан ел мәртебесіне ие болғанын көрсетті.
Әрине, сондағы қиыншылықты сөзбен жеткізу қиын. Инфляция мен жұмыссыздық деңгейі шарықтап кетіп, жұртшылық шеруге жиі шықты. Зауыт пен фабрикалардың жұмысы тоқтап, оқыған көзі ашық адамдардың дені күнкөріс қамымен саудаға кетті. Тезірек инвестиция тартып, экономиканы көтеру керек болды. Байлықтың бәрі жердің астында жатты. Оны пайдалану үшін мол қаржы қажет. Көршілерде ақша жоқ. Сондықтан инвестицияны дамыған мемлекеттерден іздеу керек. АҚШ, Еуропа мемлекеттері мен Малайзия, Сингапур, Қытай және Араб елдерін қалдырмай аралап, елге инвестиция тартуға тырыстық. Елбасының әлем алдындағы беделі мен іскерлігінің арқасында шетелдік инвесторлар келді.

КҮРДЕЛІ КЕЗЕҢДЕ ШҰҒЫЛ ШЕШІМ ҚАЖЕТ

– Сол тоқсаныншы жыл­дардың басында еліміздің бас ордасын орталыққа көшіру туралы пікірлер айтыла бастады. Сіздің содан хабарыңыз болды ма?
– Хабарым ғана болған жоқ, ортасында жүрдім десем болады.1993 жылы Елбасымен осы Ақмолаға ұшып келдік. Ол кезде мен Сыртқы істер министрімін. Бізді Ақмола әкімшілігінің басшысы А.Браун күтіп алды. Содан вертолетпен Ерейментауға ұштық. Соған барған кезде Президент маған «Оңаша жүріп қайтайық» деп екі тастың үстіне барып отырдық. Ол кісі: «Көрдіңіз бе, мына жер қандай жақсы, ауасы таза, кең дала. Алматыда ауа жоқ, үйлер тауға шығып барады, әрі жер сілкінісінен де қауіп бар, елорданы осы жаққа көшірсек қалай болады?» деген ой тастады. Бұл ұсынысты мен де қолдап, оны ұйымдастыру керек дедім. Мемлекет басшысы «Алдымен зиялы қауымның пікірін білейік, бізбен бірге жазушы Оралхан Бөкей жүр. Соған осы мәселенің шет жағасын айтып түсіндір» деп тапсырма берді. Мен сол кездегі «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, өмірден ерте озған дарынды қаламгер Оралхан Бөкейге Елбасы айтқан пікірді жеткізіп, Астананы Ақмолаға көшіру туралы зиялы қауым мен ел арасына ой тастап, олардың көзқарасын сараптайық деген сөзді айттым. 1994 жылы Ақмолаға он бес шақты министрлердің құрамы жинақталған делегациямен келіп, осы жердің табиғаты мен суын зерттеп, болашақта елорда болған уақытта маңызды ғимараттар қай жерде бой көтереді, соның бәрін анықтап, Елбасыға дайындап көрсеттік. Әрине, алғашында астананы ауыстыруға қарсылықтар болды. Бірақ елорданы Арқа төсіне көшіру дұрыс болғандығын уақыт көрсетіп отыр. Сондай күрделі кезеңдерде тәуекелге бара білетін шұғыл шешімдер қажет болды. Өйткені адамдардың бәрі ақша, жұмыс деп күнкөрістік жолға түсті. Халықтың ойын бұру керек. Астананың ауысқаны халқымыздың санасын өзгертіп, отансүйгіштік рухты оятты. «Елорда салып жатырмыз» деп жастар білектерін түріп, еңбек етті. Адамға жаңа ой келіп, жаңаша мақсаттар қалыптасты. Елдің назары елордаға бұрылып, өткен кемшіліктің бәрі ұмытыла бастады.

– Қатпары мол дипло­ма­тиялық жолға қалай келдіңіз?

– Алаш ардақтыларының табаны тиген Семей қаласында туғанымен, сан тарау шойын жолы түйіскен Аягөзде ержеттім. «Дипломат болып тумайды, қалыптасады» дейді орыстар. Сол секілді адам өмірінде кездесетін тосын сыйлар көп. Сол кездегі комсомолдың тапсырмасымен Теміртауға келіп, металлургия комбинатында жұмысшы, цех шебері болдым. Ол жерде үлкен зауыт салынды. Оған жергілікті ұлт арасынан кадрлар керек деген тапсырма болған. Соған ілігіп, Магнитогорскіге барып, білім алдым. Одан соң Қарағанды политехникалық институтын тәмамдадым. Дипломат болам деп ойлаған емеспін. Кеңес үкіметінің тұсында Мәскеуде Қазақстаннан шыққан елшілер аз болды. Сондықтан қазақтың дипломат жас мамандарын дайындау мақсатында менің кандидатурам жоғарыға барыпты. Сөйтіп, КСРО Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясында оқыдым. Одақ кезінде Ауғанстанда, Иранда жұмыс істедім. 1994 жылдан бастап елшілік қызметімді қайта жалғадым. Қазақстанның АҚШ-тағы, Венгриядағы, Бельгиядағы, Польшадағы төтенше және өкілетті елшісі, 2003 жылы Қазақстанның Солтүстік Атлантика шарты ұйымындағы өкілдігінде атқарушы басшы қызметінде болдым.
– 2005 жылдары ҚР Президенті жанындағы Мем­лекеттік басқару академиясы дипломатия институтының директоры болдыңыз. Мем­лекеттік қызметкердің алдында қандай міндет тұру қажет деп ойлайсыз?

– Елімізде Мемлекеттік қыз­мет заң қабылданды. Бүгінгі осы бағыттағы қол жеткізген жетістіктерді «Назарбаев моделі» деп айтуға болады. Алғашқы таңда мемлекеттік қызметті жетілдірудің жолын Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея секілді дамыған елдердің тәжірибелеріне сүйендік. Қазіргі таңда «Сингапурлық модель» әлемге танылған. Мемлекеттің тұрақты дамуы жолында мемлекеттік қызметшінің рөлі зор. Сингапур мен Малайзияда мемлекеттік аппарат мықты болды. Сингапурдың: «Алдымен өздеріңіз үшін жұмыс істе, қалған қаржыны үкімет өзі алады» деген қағидасы бар. Сондықтан мемлекеттік қызметкерлер уақыт талабына сай бәсекеге қабілетті болған жөн. Жемқорлықтан ада болып, тәртіп қатаң сақталу қажет. Барлық жағынан халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеу керек. Алдымен елдің, халық­тың қамын ойлаған жөн. Бүгінде көп жастар «Болашақ» бағ­дарламасы бойынша шетелде оқып жатыр. Солар өз білімдерін мен тәжірибелерін елге әкеліп, осы саланың бағын одан әрі жандырады деп ойлаймын.

– Егемен еліміздің келешегін қалай елестетесіз?

– Бүгінгі жастардың бойы­нан туған елі мен жерін шын сүйе білетін, патриоттық қа­сиеттерді көріп, сүйсініп отырамын. Алдымен Тәуелсіздік деген киелі ұғымның құнын түсірмей, мәңгілік ел болудың мұратын түсіне білу керек. Осы жиырма бес жыл ішінде көптеген жұмыстар атқарылды. Болашағымыздың бағдары айқын, тәжірибеміз бар, мықты мамандар шоғыры қалыптасты. Енді Ел Президентінің «Қа­зақстан-2050» стратегиялық бағдарламасын одан әрі дамытып, соны жүзеге асыру қажет. Жиырма бес жыл ішінде мемлекеттің іргетасы қаланып, аға буын соны бекітті. Енді соны жас буын жалғастырып, одан әрі биіктетсе деймін.
Сонда алға қойған мақсат­тарымызға жетеміз деп ойлаймын. Қазіргі адам бұрынғы емес, көзі ашық, әлемдегі барлық ақпараттан хабардар болып отырады. Тәуелсіздіктің ширек ғасыр тойы құтты болып, халқымыз аман, еліміз тыныш, бірлігіміз арта берсін демекпін!
– Аға, шынайы әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан:
Азамат ЕСЕНЖОЛ

The post Төлеутай СҮЛЕЙМЕНОВ: АЛТЫ АЙДА ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІ ЕЛУ МЕМЛЕКЕТ ТАНЫДЫ appeared first on .

Дархан МЫҢБАЙ, ҚР Ұлттық музейінің директоры: Ұлттық музей – халықтың рухани қазынасы

$
0
0
era_5361

Музейдің басты міндеттерінің бірі – Қазақстанның материалдық, рухани және мәдени мұрасын насихаттау, Астананы мәдени және халықаралық деңгейдегі гума­ни­­тарлық орталық ретінде және Қазақ­станды тұтастай көне тарихы мен бай мәдениеті бар қар­қынды дамып келе жатқан заманауи мем­­лекет ретінде таныту

era_5361

01-102

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында, мәдени өркендеу мен ілгері­леуге бағыт­талған бас­тама негізінде Ұлттық музей ашылғаны есімізде. Жұмыс істей бастағанына екі жыл енді ғана толған рухани ошақтың қысқа мерзімдегі қадамдарына көңіл қуанады. Енді әңгімемізді музейдегі жәдігерлердің салмағы мен маңызы, мақсат-міндет­те­ріңізден бастасаңыз…
– Музей – кез келген елдің тарихи жадын жаңғыртушы қастерлі орын. Ол ұрпақтар арасын жалғайды, мәдениет­тер арасын жақындатады. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі Елбасының тікелей тапсырмасымен жүзеге асқан мәдени ошақ екені мәлім.
Естеріңізге сала кетсем, 2008 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қоғамдық кеңес­тің отырысында Мемлекет басшысы Астана қаласында Қа­зақстан тарихына қатысты өте құнды мәдени мұра­ларды, артефактілерді, өзге де музей бұйым­дарын мақтанышпен көрсететін халықаралық деңгей­дегі музей салу жөнінде тапсырма берді. Осылайша 2014 жылы Астана күні қарсаңында ашылған Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі бүгінде елдің ғылыми, рухани әрі мәдени орталығы болып үлгерді. Ресейдегі Эрмитаж, Третьяков галереясы, Франциядағы Лувр, Нидерландтағы Рейкс­музеум, Кореяның Ұлттық музейі, АҚШ-тағы Метрополитен, Франциядағы Шығыс өнерлерінің Ұлттық музейі – Гиме музейі сынды әлемнің даңқты музейлерімен ұқсас­тық­тар келтірген кезде, біз таяу арада әлемнің ең ірі мәдени ошақ­­тарының арасынан ла­йықты орын алуға мүмкіндік беретін өзіміздің «қазақстандық жолды» таңдап, бағдар еткен музейіміздің құндылықтарымен шын мәнінде мақтана аламыз.
Музей қызметі өзін Еура­зиядағы бірыңғай кеңістікте заманауи, мәдени және ғылыми орталық ретінде орын алуға бағытталған. Бұл нысан бірегей жәдігерлерге жақындауға, та­рихты терең зерттеу үшін олар­дың мәнін жете түсінуге, Қазақстан халқының ұлттық мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын жандандыруға мүмкіндік береді. Дамудың ғы­лыми тұжырымдамасына сай, музейдің басты міндеттерінің бірі – Қазақстанның материалдық, рухани және мәдени мұрасын насихаттау, Астананы мәдени және халықаралық деңгейдегі гуманитарлық орталық ретінде және Қазақстанды тұтастай көне тарихы мен бай мәдениеті бар қарқынды дамып келе жатқан заманауи мемлекет ретінде таныту. Біздің басты міндетіміз – еліміздің өткені мен бүгінін және келешекке деген ұмтылысын көрсету.
Ұлттық музейде сонау көне дәуір­лерден бастап, бүгінгі күнге дейінгі ұлтқа қатысты құнды мұралардың көбісі жинақталған. Олардың алдыңғы легі археоло­гиялық қазба жұмыстары кезін­дегі мұралар болса, одан кейінгі Қазақ хандығы дәуірінің жәдігер­ліктері, Кеңес үкіметі тұсындағы экспонаттар, Тәуелсіздік жылда­рындағы тарихи маңызы ерекше құжаттарға дейін бар.
– Дархан Қамзабекұлы, Ұлттық музейдің табалды­рығын аттаған жан ондағы соңғы технологияны бірден байқайды. Заман талабына сай жасақталған бұл дүниені, әлбетте, қолдаймыз. Музей ісіндегі осындай соны жаңалықтар және олардың артықшылықтары жайында әңгімелеп берсеңіз.
– Жәдігерлерді көрсету үшін алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану айрықша маңызды. Техника туралы айтқан кезде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ыңғайлы пандустар, келушілердің қызығушылығы мен ықыласы ерекше түскен бағытта экскурсия жасауға мүмкіндік беретін ІТ-технологиялар, мультимедиялық гидтер туралы айтпай кетуге болмайды. Музей барлық заманауи талаптарға жауап береді. Сондықтан оның экспонаттары мен экспозицияларымен танысу өте қолайлы әрі ұнамды. Сонымен қатар, QR-код, аудио гид сияқты заманауи жаңа құрылғылар бар. Бұлардағы ақпараттар – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде. Бұл құрылғылардың көмегімен музейдегі барлық экспозициямен танысып шығуға болады. Оған ешқандай да экскурсоводтың қөмегі қажет емес.
Ұлттық музейге келушілер қай жас­та болмасын, өз ойынан шығатын экспозиция тауып алады. Біздің астанамызда 10 шақты музей қызмет істейді. Жалпы, мен Қазақстандағы музей ісін жүйелі түрде дамыту қажет деп санаймын.
Санкт-Петербургтің бір өзінде 200-ге жуық музей бар. Эрмитажбен қатар, жеке меншік түріндегі және мемориалды мекемелер де жұмыс істейді.
Музей – бұл тарихи жадының қоймасы. Музейге келу – бұл мәң­гілікке жанасуға мүмкіншілік алу, ұлттық құндылықтарды, өз халқың мен ұлтының қазынасын бағалау. Ұлттық музей халық жадының рухани орталығы болу арқылы мем­лекеттің дамуына өзінің лайықты үлесін қосатынына сенімдімін.
– «Бізде музей мәдениеті қалып­таспаған» деген пікірді естіп қала­мыз арагідік. Еліміздегі музей ісінің дамуы­на көңіл тол­маушылық та жоқ емес. Кейбір мемлекеттердің айтулы рухани ошақтары мемлекет қазынасының бір бүйірін томпайтуға жарап жатқанын тілге тиек етеді олар. Ал осы саланың маманы ретінде Қазақстандағы музейлердің даму деңгейі, осының айналасындағы проблемалар, шешімін күткен мәселелер туралы не айтасыз?
– Иә, біздің кейбір адамдар музейді көне заттар қоймасы, күңгірт жарық­танған орын деп түсінуі де мүмкін. Шын мәнінде олай емес. Өздеріңізге мәлім, қазір Ұлттық музей заманауи озық технологиямен жасақталған. Ол жерге келген адамдар экспонаттарды көріп қана қайтпай, аудио, видео құралдары арқылы да мол мағлұмат жинап қайтуға мүм­кіндігі бар. Келуші­лерге ел мұрасын барынша түсінікті әрі қызықты етіп көр­сетуге барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, музей келуші­лерге экспонаттарды ғана ұсын­бай, ұйымдастырушылық, ағар­ту­шылық, тәрбиелік және көп­шілікке ортақ істермен де айналысады. Мұның барлығы – заман талабы.
Сосын, біздің музей саласын­дағы мәселелеріміз еліміздің «Мәдениет туралы» заңында ішінара ғана көрініс тапқан. Бұл, біздің пікірімізше, музей­лердің барлық түйткілді мәселе­лерін шешуге мүмкіндік бермейді. Ал елде мем­лекеттік, ведомстволық және жеке му­зейлердің болуы, жалпы музей жұ­мысының толық ауқымын реттейтін заңнамалық актіні әзірлеуді талап етіп отыр. Қазіргі жағдайда мәртебесі мен заңдық қорғалуы мардымсыз музейлердің көптеген құнды заттары мемлекет назарынан тыс қалып жатыр. Еліміздегі барлық музейлердегі экспонаттарды есепке алу, сақтау, олардың айналымын, қозғалысын, басқа да регламенттерін стандартты нұсқаулықтар мен құжат­тардың негізінде жүргізу – отандық мәдениеттің бақылауындағы және қамқорлығындағы ортақ ісіне айналуы тиіс. Дәлірек айтқанда, музей мәселесіне бірыңғай сауатты көзқарас қажет. Дей тұрғанмен, еліміздегі музей саласында алға жылжу, даму байқалады деп айтуға негіз бар. Елорданың орталық алаңынан бой көтерген Ұлттық музейдің өзі Қазақстанның мәдениет саласында, соның ішінде музей саласында жеткен зор жетістік.
Қазіргі таңда біздің музейге келетін қонақтардың қатары молайып келеді. Әсіресе, көктем-жаз мезгілінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген меймандар Ұлттық музейге міндетті түрде бас сұ­ғады. Олардың барлығын музейге әке­летін, еліміздің тарихына, музейге деген қызы­ғу­шылықтары деп ойлаймын. Тағы бір айта кететін жайт, біз жыл сайын «Музейдегі түн» акция­сын ұйымдас­тырамыз. 2015 жылы акцияға бір күннің ішінде 23 мың адам келген. Ал биылғы көрсеткіш 32 мыңды құрап отыр. Сон­дықтан елімізде музейге деген қызығу­шылық артып келеді деп айтуға болады.
– Қазақстанда музейлер жетерлік. Десе де, көпшіліктің Ұлттық музейге деген ықы­ласы айрықша. Бәлкім, Астанада орын тепкендіктен, бәлкім, сәулетінің айрықша әсемдігімен тартар… Сіздің ойыңызша, бұл нысанның атап айтарлық қандай ерекше­ліктері бар?
– Кез келген мемлекет туралы алғашқы әсер мен түсінік оның тарихымен танысудан басталады. Сондықтан осы маңызды миссия Ұлттық музейге жүктелген. Байтақ Отанымыздың бай тарихын түгендеу, дәстүрімен таныстыру, көнені бүгінге жет­кізіп, қазіргі құндылықтарды қастерлеу арқылы Қазақстанның төл мәдениетін әлемге танымал ету – Ұлттық музейдің алдына қойылған кезек күттірмес міндеттердің бірі.
Ұлтымыздың жауһар жәді­герлері мен мәдени мұралары­ның бір парасы арқылы мемле­кеттігіміз бен елдігімізді ұлық­тайтын Ұлттық музей дәстүрлі қызмет көрсету аясымен ғана шектелмей, қоғамның бар саласына қажетті мәдени-ағарту, ғылыми-әдістемелік, танымдық-ұйымдастыру жұмыстарының қайнаған ортасына айналуда. Әлемдік стандартқа сай салын­ғандықтан, мұнда жаңашыл технология жетістіктеріне негіз­делген ғылыми кітапхана, түрлі кәсіби шеберханалар жұмыс істейді. Жұмыс жүйелі жүріп, сабақтастық сақталу үшін музей білікті ғалымдармен және жас ізденушілермен тығыз қарым-қатынас орнатқан.
Сонымен қатар, Ұлттық музейде ұлттық деңгей бар. Сондықтан да бұл жерде мемле­кеттік маңызға ие экспонаттар ғана сақталады. Еліміздің аумағынан табылған кез келген құнды жәдігердің түпнұсқасын осы музейден көруге болады. Оның үстіне Ұлттық музей материалдық және рухани-мәдени ескерткіштердің табиғи, тарихи нұсқаларын жинақтап қана қоймай, оларды сақтап, зерттеп, халыққа көрсетіп, насихаттап отырады. Құнды мұралар қоры сақталған шаңыраққа келген әрбір адам халықтың құнарлы мәдениетінің кәусарына қанады.
Ұлттық музей – Қазақстанның қазіргі беделі мен мәртебесіне сай нысан. Мұндағы жұмыстың барлығы әлемге әйгілі музейлер тәжірибесімен кәсіби талапқа сай атқарылады. Бір ғана мысал, музейге келушілердің жәдігерлер жайлы қосымша ақпаратты интерактивті құрылғылардан алуына мүмкіндігі мол. Қазір Ұлттық музейде 85 медиақон­дырғы жұмыс істеп тұр. Музейде ежелгі заман мен орта ғасырлар, Ұлы Жібек жолының мол мұрасы кейінгі кезең­дердегі жәдігерлермен сабақтасып, этнография, мүсін, көркемсурет, кескін­деме және ұлттық қол­данбалы өнер туындылары өзара үйлесім тапқан. Ең басты құндылығымыз – тәуелсіздік болса, мұнда еліміздің жаңа дәуіріндегі оқиғалар жөнінде мағлұматтар да кең қамтылды. Халқымыздың тарихы мен мәдениетін терең танығысы келетін кез келген адам жәдігер­лердің ерекшелігі мен айрықша тарихи орны туралы жан-жақты мағлұмат ала алады.
Музей қорларының коллекциялары отандық және әлемдік қоғамдастыққа кеңінен мәлім сонау тас ғасырындағы материалдар мен қоладан жасал­ған бұйымдардан, сақ-скиф дә­уіріндегі бай қазынадан, қазақ­тың дәстүрлі зергерлік, халықтық-қолданбалы өнері­нің үздік үлгілерінен, Қазақ хандығынан бастап қазірге дейінгі құнды материалдардан, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақ­станның қалыптасуы мен ны­ғаюының куәсі саналатын бірегей жәдігерлерден тұрады.
Ұлттық музейдің тағы бір ерекшелігі ретінде Астана және Тәуелсіз Қазақстан залдарын айтуға болады. Астана залы мен Тәуелсіз Қазақстан залы келушілердің барлығын дерлік бей-жай қалдырмайды. Аталған екі зал да құнды экспо­наттарға бай. Нақтырақ айтсақ, Тәуелсіз Қазақстан залында маңызды құжаттар, тәуелсіздік жылдарында түрлі саладағы жеткен жетістіктер жөніндегі мағлұматтар жинақ­талған. Бұдан бөлек, бас­ты құн­дылықтарымыздың бірі болып табылатын Мемлекеттік рәміздерімізге арнайы витринадан орын берілген. Дәл осы Тәуелсіздік залына кіру арқылы келушілер тәуелсіздіктен кейінгі жылдардағы айтулы даталар мен маңызды оқиғаларға көз жүгірте алады. Және де LED экрандардан тәуелсіз Қазақстан туралы видео материалдар, фильм­дер көріп, 3D форматында елордамыздың әлеуметтік-саяси және мәдени орталықтарына саяхат жасау мүмкіндігіне ие. Астана залына бас сұққан келу­шілер көне дәуірден бас­тап, бүгінге дейінгі қала тарихымен кеңінен таныса алады. Қос залдың да Ұлттық музей экспо­зицияларының қатарынан алар орны ерекше. Бірі Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістігін барша музей қонақтарына паш етсе, екіншісі әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтардың таңдайын қақтырған ару Астананы әспеттеп тұр.
– Дархан Қамзабекұлы, елордадағы жаңалықтарға құлағымыз түрік жүретін­діктен, Сіздердің шетелдік әріптестеріңізбен байланыс­тары­ңыздың жоғары екенді­гінен хабардармыз. Осындай ізгі істеріңіздің арқасында ұйымдастырылған бір­неше шараларыңыздың да куәсі болғанымыз бар. Нақты нәти­желерді оқырманымызға өз аузыңызбен әң­гімелеп берсеңіз.
– Иә, дұрыс айтасыз.Ұлттық музей қазақстандық мәдениет пен тарихты ғана емес, жалпы адамзатқа ортақ рухани байлыққа мән беріп отыратыны рас. Музей ашылғалы халықаралық деңгейдегі көптеген іс-шаралар өтіп, мәдени байланыстар жүзеге асты. Әлемнің ірі мәдениет ошақтарымен келіссөздер жүр­гізіп, меморандумдар жасас­тық. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды күшей­туге басымдық беріп отырмыз. Өйткені Елбасының осы музейді салуға тапсырма беріп, жеке қадағалауына алуындағы мақсат, өз еліміздің тарихын ұлықтай отырып, өзге жұрттың да мәдениетін, тарихын білуге, тануға мүмкіндік жасау болды деуге болады. Мысалы, былтыр ғана Ұлттық музейде Эрмитаж күндері өтті. Сол сияқты Ресей этнографиялық музейі, «Исаакиевский собор», Ұлы Петр атындағы Антропология және этнография музейі (Кунсткамера) сияқты көрші Ресейдің бірнеше мәдени-тарихи ошақтарымен байланысымыз орнықты. Сондай-ақ, Ұлттық музей шығыстағы көршіміз Қытай елімен де тығыз қарым-қатынаста. Мәдени, рухани, экономикалық байланысымыздың тамыры тым әріде. Осыдан біраз уақыт бұрын Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы мәдени күндері аясында біздің музейде қытай фарфоры көрмесі және Қытайдың экологиялық мәдениеті тақы­рыбындағы фотокөрме ұйым­дас­тырылды. Көрмелерде Қытайдың экс­клюзивтік, заманауи, қолдан жасалған фарфор бұйымдары, керамика қолөнері және Қытайдың экомәдениеті мен эко­ауылдар құрылысының табысын бейнелейтін фотокартиналар көрсетілген болатын. Сонымен қатар, осы былтыр Қытайдың «Датан Сиши» батыс нарығындағы Сиань музейі директорының шақыртуымен барып, аталған музеймен ынтымақтастық жөнінде уағдаластыққа қол қойдық. Жақында Вьетнам тарих музейімен және Кореяның Ұлттық музейімен байланыс орнаттық. Ұлттық музейде соңғы 2 айдың өзінде бірнеше халықаралық деңгейдегі көрме ұйымдастырылды. Мәселен, Итальян мозайкасының, Корей ұлттық киімдерінің көрмесі, «Үндістан фестивалі» сынды мәдени шаралар өтті. Шетелдің елшілерімен кездесулер өтіп, олардың елдерімен байланыс орнатуға алғышарттар жасалуда. Сайып келгенде, мұның барлығы Мемлекет басшысының қолдауымен және бізге жасаған үлкен мүмкіндігінің арқасында іске асып отыр.
Осындай мәдениет орталығына мерекелер мен мерейтойлар кезінде ғана емес, Құдайдың құтты күнінде бас сұғып жатқан меймандарға, ел-елден, жер-жерден келіп, ат басын бұрған ағайынға қызмет сапасын арттыра берудің өзі сауапты іс деп білеміз.
– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан: Асхат РАЙҚҰЛ

The post Дархан МЫҢБАЙ, ҚР Ұлттық музейінің директоры: Ұлттық музей – халықтың рухани қазынасы appeared first on .

Гүлжан әспетова, Қазақстанның халық әртісі: АКТРИСАНЫҢ ӨЗІ ҚАЛАҒАН РӨЛДІ ОЙНАҒАНЫ – БАҚЫТ

$
0
0
0r3a4257

Қазақ сахнасында Қарагөз, Құртқа, Фатима ханым, Найман-Ана, Толғанай секілді ғажап бейнелердің галереясын жасаған Гүлжан Әспетованың өнер әлемі өзгеше өрімімен ерекшеленеді. Бір қарағанда табиғаты суықтау, қаталдау көрінетін актрисаның ішкі әлеміне үңілсеңіз, қаншама құнды қазынаға кенелесіз. Биылғы жылы дарынды өнер шебері өмірінің тағы бір белесіне шығып, мерейтойлық жасқа толды. Осы орайда талантты тұлғамен жүздесіп, өткен күндерге бір сапарлап қайтқан едік.

0r3a4257

БАСҚА ДӘУІРДІҢ БАЛАСЫ БОЛДЫҚ

– Cіз екі ғасыр тоғысында қазандай қайнаған Алма­тыдағы әкемтеатрдың белді актрисасы бола жүріп, енді ғана астаналық деген атақ алып, керегесі кеңейіп жатқан театрға келдіңіз. Кейбір өнер адамдары елорда менің екінші тынысымды ашты деп айтады. Сізге жаңа ортаның әсері болды ма?
– Айналайын, күрделілеу сұрақ екен. Әрине, жоғары білім алып, өнерге құлаш ұрып қанаттанған, жалындаған өмірімнің ең бір шұрайлы шағы өткен Алматыны қиып кету маған оңай болған жоқ. Жас күнімде табалдырығын жасқана аттап, отыз жыл бойы саналы ғұмырымның тең жарымы өткен заңғар жазушы атындағы театр туған төркінімдей еді. Ол бір жылдары әкемтеатрда күрделі ахуал қалыптасып, бес-алты жыл көлемінде көңілімнен шығатын рөлде ойнай алмай, жаным жабырқап жүрді. Сол тұста көрнекті режиссер, Халық қаһарманы Әзербайжан Мәмбетов Астанаға ауысып, осындағы Қаллеки театрының бас режиссері болып тағайындалды. Сонда Әзекең: «Гүлжан, менімен бірге жүр, барлығын жаңадан бастаймыз, сен менің мектебімді көріп, тәжірибе жинақтаған өнер адамысың, жаңа жерге бара жатырмын, сен маған көмек бер, мен саған қолдау көрсетем, бастысы, шығармашылық орта қалыптастырайық» деп ниеттестік білдіріп, осында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Сөйтіп, енді қабырғасы қаланып жатқан елордаға 1999 жылы қоныс аудардым. Жылы жақта өскендіктен, алғашқыда солтүстіктің суығын жатырқадым. Қазір Алматыға барсам, елордаға жеткенше асығамын. Сонымен, Әзекең сахнаға шығарған қойылымдарға ассистент болдым. Ол кісі елордалықтарға Шыңғыс Айтматовтың «Ана-Жер-Анасын» қойып, мен сондағы Толғанайды ойнадым. Бұл – өте күрделі образ. Трагедиялық кейіпкерді ойнағанда адамның ішкі әлемінде қайшылықтар көбейіп, көрерменді қалың ойға батырады. Сонымен бірге, «Ғасырдан да ұзақ күнде» – Найман-Ананы, Ә.Сарайдың «Балуан Шолағындағы» – Балуанның анасын, Ф.Буляковтың «Күйеуге шыққан кемпірлеріндегі» – Фатиманы, В.Дельмардың «Баянсыз бағындағы» – Люси Куперді, Дж.Патриктің «Қым­батты Памеласында» Памеланы сахнаға шығардым. Осы театрға келгенде орта жаста едім. Сондықтан көбінесе әлеу­меттік, трагедиялық аналардың бейнесін сомдадым.
Астанаға келгеннен кейін тынысым ашылды деп айта алмаймын. Соншалықты шығармашылық өзгеріс болған жоқ. Бірақ бекіген рөлімді шынайы шығара білу үшін ұзақ еңбектендім. Актрисаның өзі қалаған рөлді ойнағаны – бақыт. Жасымнан ұсақ-түйекті, күбір-сыбырды қаламайтын, турасын айтқанды жақсы көретін мінезді адаммын. Осында да өнеріме қызғанышпен қарағандар болды. Әуезов театрында үлкен мектеп бар еді. Сенің талантыңды әріптестерің мойындап, сыйлап, ізгі лебіздерін білдіреді.
Ол кездегі театрды Алматыдағы әкемтеатр­мен салыстыруға мүлдем келмейтін. Қысқасы, өнер иесіне Алладан берген қабілет болса, ол ешқашан жоғалмайды, қайта өсіп, жанданып, биіктейді.
– Бала күніңізден актриса болам деп армандадыңыз ба?
– Біздің ауыл таудың қуысында ор­наласқан отыз-қырық үйлі шағын елді мекен еді. Қазіргі Жамбыл облысының Меркі ауданына қарайды. Ол жердің табиғатын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Таудың етегінде аршалар өсіп, бұлақтар сыңғырлап ағады. Бала күнімде ну тоғайдың арасында қаптаған елік өріп жүретін. «Тоғайда жабайы қабандар бар» деп әке-шешеміз елікті көруге жібермейді. Кешкілік ымырт үйірілгенде қасқыр ұлып, айналамыз азан-қазан болады. Әкемнің аңшылық өнері бар еді. Міне, осындай ғажайып табиғат аясында өскен қыз баланың жаны нәзік, сезімтал, өнер адамы болуы заңды деп ойлаймын. Мектепте орысша оқығанмен, ата-анам қазақы дәстүрді берік ұстаған, өнерді түсінетін, адал еңбекті қанағат тұтқан, шүкіршілігі мол адамдар болды. Үлкен ағам ауданда лауазымды қызмет атқарды. Жоғарғы сыныпта соның қолында оқыдым. Кітапты жақсы көретін, білімді еді. Үйінде әлем классиктерінің кітаптары самсап тұратын. Менің де соларға қызығушылығым оянып, күндіз-түні кітаптан бас алмадым. Сол кітаптардан білім нәрін жинап қана қоймай, өмірге деген көзқарасымды қалыптастырдым. Қиялымды байытып, шығармашылық қабілетімді өсірдім. Роман­тикаға жақын болып, тауға шығып, тастармен тілдесіп, Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» повесіндегі арманшыл баланың басындағы күйді кештім. Біз басқа дәуірдің баласы болдық. Ол кезде мектептегі мұғалімдердің де білімі терең еді ғой, бізге өзге елден жер ауып келген сауатты ұстаздар сабақ берді. Көршілес Қырғыз елінің әртістері ауылға келіп, спектакль қояды. Соларға қызығып, мектепішілік мәдени шараларға қатысып, шағын қойылымдар әзірлеп, басты рөлдерді ойнадым. Мұғалімдерім маған риза болғанда: «Сенің қабілетің бар, саған актриса болу керек» деп айтады. Содан актриса болуды армандадым.
– Бірақ әке-шешеңіз сіз ұнатқан мамандық иесі болғаныңызды қала­маған секілді…
– Шындығында, анам әртіс болуымды ұнатқан жоқ. Бірақ әкем қолдап, тілеулес болды. Ағам медициналық жоғары оқу орынға барғанымды дұрыс көрді. Бірақ өзім қалаған жолдан айнығым келмей, арман қуып Алматыға келіп, консерваторияның актерлік бөліміне түстім.
– Сіз дипломдық жұмы­сыңызда Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» дра­масындағы бас кейіпкерді ойнапсыз. Сол бейне сіздің жолыңызды ашты деп айтады…
– Құрманғазы атындағы консерваторияда оқып жүргенде, екінші курстан бастап қазақ­тың көрнекті композиторлары Сыдық Мұхамеджанов, Шамғон Қажығалиев, Кенжебек Күмісбеков секілді азаматтар қызмет істеген оркестрге бір топ жастың арасынан концерт жүргізушісі болып қабылдандым. Әрі актерлік мамандықта оқығандықтан театрға барып, тәжірибе жинау мақсатында массовкаларға қатыстым. Онда айтулы тұл­ғалардың бәрі бар. Соларды сыр­тынан көрсек, ұялып, қа­шамыз. Нұр­мұхан Жан­төриннің дауысы естілсе, дір-дір етеміз. Хадиша Бөкеева қасымыздан өтіп бара жатқанда үнсіз ғана бас изейміз. Біз оларға адалдықпен, тазалықпен қараймыз. Сөйтіп, оқуды да бітіретін уақыт келіп, дипломдық жұмысымда «Қарагөзді» ойнадым. Оған комиссия төрағасы болып Әзербайжан Мәмбетов келді. Сонда ол кісі отыз үште ғана екен, маған үлкен кісі секілді көрінді. Содан Әзекең менің ойнаған рөліме риза болып, әкемтеатрға жұмысқа шақырды. Театрға барып жұмыс істеуге батылым болмады. Жиырмадан асқан шағымда еліміздегі бас театрда қызмет істеу мәртебесіне ие болдым. Әкемтеатрдың қабырғасында жүріп, ғажайып көркем арулар мен ханшаларды сомдадым. Алдыңғы буынның өнерінен өзгеше ой түйіп, өзімнің соқпағымды іздедім.

ӘР АКТЕРДІҢ ӨЗ ЕРЕКШЕЛІГІ БАР

– Алдыңғы буын деп қал­дыңыз, сіз солардың бар­лы­­ғымен сахнада өнер көр­сеттіңіз, кейінгі­лерге олардың қандай ерекше­ліктерін айтар едіңіз?
– Бүгінде сап-сары сағынышқа айналған ол кезеңдер менің өмірімнің жарқын шақтары деп айтамын. Олардың жүріс-тұрысы мен адами қасиеті, бекзат болмысы, сыйластық қатынастары өзгеше болатын. Жастарға қатал болып көрінгенімен, арғы жағына үңілсеңіз, іштей елжіреп, қамқорлық танытып тұрады. Солардың өнерінен тәжірибе жинадым. Олардың бәрі маған тот баспайтын саф алтын секілді көрінеді. Сәбира Майқанова апайдың кең жүректілігі мен бетке айтатын қасиеті ерекше еді. Кейде қатты айтқанымен, жөнін түсіндіріп айтсаңыз, өзінің қатесін біліп, кешірім сұрайтын. Хадиша Бөкеева апамыз Санкт-Петербургтің театр өнері институтын бітірген ақсүйек кісі болды. Адамға тік тұрып қарайды. Маған осы қарағаны ұнайтын. Фарида Шәріпованың алғырлық қасиеті мен тексті жылдам жаттап алып, интонацияны дұрыс қоя білетін сөз саптауы ерекше еді. Шолпан Жандарбекованың грим салғаны, әдемілігі, киім кигені жарасымды болатын. Зәмзәгүл Шәріпованың әрбір сөзді орнымен қолданып, дикциясы айрықша әдемілігі мен дауысының көркемдігі көрерменді тартып тұратын. Осындай әрбір актердің өз ерекшелігі бар.
Нұрмұхан Жантөрин ағадан тәлім алдым. Ол әрбір рөлдің бейнесін кітаптан іздеп, көп оқып жүреді. Қазір ешкім олай жұмыс істемейді. Ол мені «Гүлгүл» деп атады. «Сен басқаларға ұқсамау үшін образды кітаптан ізде, поэзияны оқы, бір жерден кейіпкеріңді тауып аласың» деп ақылын айтады. Ыдырыс Ноғайбаев ағамен де қойылымда қатар ойнадым. Ол секілді сахнада ешкім пауза ұстай алмайды. Паузаны ұстағанда көрерменнің өзі тілсіз қалады. Таланты кем актер пауза ұстаса, жұртшылық мазақ қылар еді. Оның бойындағы бұла күш ұлы актерде ғана болады деп ойлаймын. Асанәлі Әшімовпен де сахнаға бірге шықтым. Бір спектакльде оның жұбайын ойнадым. Сонда ол: «Асықпа, Гүлеке, асықпа» деп көрерменге рөлді шынайы жеткізе білудің сырын түсінетін. Киноактер ретінде танымалдылығы одан басқа ешкімде болған жоқ. Әнуар Молдабеков жанып тұрған от еді. Сәбит Оразбаев домбырасымен термелерін айтқанда киіз үйде отырып, қымыз ішіп, қазақы ауылға барып келгендей сезімді бастан кешуші едік.
– Сізді жұртшылық «Не­сібелді» деген фильм арқылы жақсы таниды. Бірақ сіз киноға сирек түскен секіл­дісіз. Оған не себеп?
– Ол фильмнің материалы жақсы болғанымен, режиссерлік, операторлық жұмыстары әлсіздеу болды деп ойлаймын. Психологиялық жағынан тереңдетіп, тамаша етіп түсіруге болушы еді. Фильм жарыққа шыққаннан кейін көшеде немесе басқа ортада кездескен әйел азаматшалар: «Сіз кинода мені сомдаған секілдісіз, ол менің өмірім» деп көзге жас алып, жылағандар болды. Сонда киноның түпкі мәнін түсіндім. Фильм бас-аяғы он бес күнде түсірілді. Режиссері Шәріп Бейсенбаев деген жақсы азамат еді, көп актрисаның ішінен мені таңдады. Кинода анам болып ойнайтын Бикен Римовамен өмірде жақын араластым. Жолдасы белгілі драматург Шахмет Құсайынов мені жақсы көріп, «Моя парода» деп әзілдейтін. Сонда бұл кісі неге олай айтады екен деп ойладым. Сөйтсем, ағам мені бойым ұзын, аққұба болғандықтан, «Көкшетаудың қызы» деп жорамалдаған. Бір күні ағама жөнімді айтып едім, ол кісі: «Оңтүстікте сендей көркем қыздар болады екен ғой» деп күлді.
Одан кейін де «Қазақфильм» кино­студиясының «Тоғы­зыншы ұлдан қорық», «Жау», «Мосфильмнің» «Киттер кеткенде», «Ақ бақсы» және «Еңлік-Кебек» телефильміне түстім. Мұның бәрі әкемтеатрда жүргенде жарыққа шыққан киноларым, Астанаға ауысқаннан кейін фильмге түскен жоқпын.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨНЕР МӘҢГІЛІК ӘЛЕМ

– Апай, биыл – сіз үшін мерейлі жыл. Үлкен белеске көтерілдіңіз. Өмірде жеткен жетістігіңізге марқаясыз ба, әлде жүрегіңізді ауыртып жүрген өкінішіңіз бар ма?
– Шығармашылық өнер мәңгілік әлем секілді. Шеберліктің өзі шексіздік. Өнер жолында жүрген адамға «толдым, болдым» деген сөз жараспайды. Соншалықты марқаятындай түгім жоқ, әлі де жанымды салып жұмыс істегім келеді. Нағыз талантты өнер адамының табиғаты сезімтал, жаны жараланғыш. Дүниеге тереңдеп үңілген сайын, өмірге көзқарасыңыз өзгереді. Ұзақ жылдардан бері ұстаздық жолды өнермен қатар алып, шәкірт тәрбиелеп келемін. Қазіргі жастарға көңілім тола бермейді. Кітап оқымайды, ізденіс аз, әр рөлге салмақтап үңілмейді. Осында дарынды актер Нүркен Өтеуіловпен бірқатар қойылымда қатар ойнадық. Сонда ол: «Апай, мен сіздің актерлік шеберлігіңізден көп өнеге алдым» деп айтады.
Бүгінде материалдық құн­дылық алға өрлеп барады. Бұрынғылар «Ақшамен бірге шайтан жүреді» деп айтушы еді. Адалдықты ант еткен адамның өмір жолы қиындыққа толы болады. Бір жетістікке жету үшін оған күрескерлік қасиетпен бірге, табанды мінез де болу қажет. Арды ойлаған адамның жүрегінде Алланың нұры тұрады. Сондықтан менің әлемім басқа, менің көзқарасыммен өмір сүру өте қиын. Ешкімнің ала жібін аттамай, атаққа таласқан жоқпын. Тек қана өнер деп ғұмыр кешіп келемін. Жетпіс жылдық мерейтойымды жасайық деп ешкімге өтініш жасаған жоқпын. Баяғыда Сәбира Майқанова апам: «Бұйырса болады, бұйырмаса ештеңе етпейді» деп отырушы еді. Бастысы, басымыз аман болсын! Жақсы адам – мамандық емес. Кімнің жақсы, кімнің жаман екенін бір Алла біледі. Өмірде актер болып ойнағанымен, сахнада түк ойнай алмайтын әртістер бар. Оны өмірдегі парадокс деуге болады.
– Белгілі режиссер, өмір­лік жол­дасыңыз Виктор Пұсырманов туралы айтып өтесіз бе?
– Онымен консерваторияда оқып жүргенде таныстым. Бізден жоғары оқыды. Мен оған 2-курста тұрмысқа шықтым. Ресей жерінде туған, өмірі қиындыққа толы азамат. Әке-шешесінен жастай айырылып, Балалар үйінде өсіп, жас күнінен тауқыметті көп тартты. Өмірде төрт құбыласы түгел пенде жоқ қой. Ол өте еңбекқор, көп оқитын, ізденімпаз еді. Алматыдағы консерваторияны аяқтағаннан кейін Мәскеудегі Кіші театр мен «Мосфильм» киностудиясында тәжірибе жинақтады. Әуезов театрында З.Шашкиннің «Ақын жүрегі», Ә.Тәжібаевтың «Халқы туралы аңыз» және Н.Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ер» спектакльдерін қойды. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының бас режиссері болды. Онда Ә.Тәжібаевтың «Қыз бен солдат», Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» және С.Жүнісовтің «Жаралы гүлдер» секілді қойылымдарын жұртшылыққа ұсынды. Кейін Олжас Сүлейменовпен танысып, киностудияға барып, көркем фильмдер түсірді.
– Апай, сіз кешегі қазақ театрының іргесін қолымен қалаған алыптарды көзіңізбен көріп, солардың деңгейіне көтерілдіңіз. Қазіргі театр өнеріне көңі­ліңіз тола ма?
– Бүгінде жұртшылыққа жол тартқан спектакльдердің бәрін «классика» деп айту қиын. Дегенмен театр әлеміндегі жаңаша өзгерістерді байқауға болады. Бұрынғыдай өмірдің шынайы бейнесін айқай-шумен, жылап-сықтаумен емес, адамның ішкі дүниесіне үңіліп, психологиялық иірімдермен көрсетуге ұмтылған талпыныстар қуантады. Бір жағынан, қойылымның тартымды болуы драматургияға байланысты. Қандай мықты актер болсаңыз да, драматургия әлсіз болса, одан өрелі өнер шықпайды. Одан кейін режиссер мықты болу керек. Марқұм Әзербайжан ағамызда сұс бар еді, одан актердің өзі ығып, орнын біліп тұратын. Талантты адам текті жерден шығады, шынайы ортада шыңдалады. Шын дарын иесі ғана үлкен өнер жасап, өзіндік өрнегін қалдырады. Талантсыздан ештеңе күтпейсіз.
– Шынайы сыр бөлісіп, ақтарылып айтқан әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан: Азамат ЕСЕНЖОЛ

The post Гүлжан әспетова, Қазақстанның халық әртісі: АКТРИСАНЫҢ ӨЗІ ҚАЛАҒАН РӨЛДІ ОЙНАҒАНЫ – БАҚЫТ appeared first on .


Ерлан ТӨЛЕУТАЙ: «АЛМАС ҚЫЛЫШ» – қазақ көптен күткен фильм

$
0
0
33

Алдағы жылдың 5 қаңтарынан бастап «Қазақ елі» сериалының кинонұсқасы – «Алмас қылыш» фильмі жалпыұлттық прокатқа шығады. Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тойына тарту болған кинотуындының тұсаукесері мереке күндері Астана және Алматы қалаларында өтті. Алғашқы көрермендердің бұл фильмнен алған әсері әртүрлі болды. Көрген адамдардың арасында мақтағандар да, сынағандар да табылды. Анық-қанығына жету үшін біз осы кинодастанның түсіру тобында болып, диалогтарын жазған өнертанушы Ерлан ТӨЛЕУТАЙМЕН сұхбаттастық. Өнертанушы кейінгі жылдары үлкен экранға жол тартқан «Аманат», «Анаға апарар жол» сынды фильмдердің жарық көруіне де сүбелі үлесін қосты. Бірақ бұл жолы «Алмас қылыштың» төңірегінде ғана әңгімелесуді жөн көрдік.

33

erlan-toleutaj

Фильм экстремалды жағдайда түсірілді

– Ерлан аға, «Алмас қылыш» сәтсіздеу болған «Көш­­пенд­ілер» фильмінің олқы тұстарын толтыратын сияқты. «Алмас қылыштың» ұтымды тұстарын атап өт­сеңіз. Көпші­лікті ол несімен тартуы мүмкін?
– Әрине, көрерменнің «Алмас қылышты» «Көшпенділер» фильмімен салыстыратыны түсінікті жайт. Екеуі де көшпелілер тарихынан сыр шертеді, яғни тарихи драма жанрына жатады. Алайда, екі фильмнің түсірілу барысы жер мен көктей. Салыстыра айтсақ, «Көшпенділер» фильмін түсіруге 40 миллион доллар шамасында қаржы жұмсалды. «Жау жүрек мың бала» 11 миллион долларға түсірілді. «Алмас қылыш» 3 миллион долларға жетер жетпес қаражатты қанағат тұтты. Оның өзі үздік-создық бөлініп тұрды. Әйтсе де режиссер Рүстем Әбдірашев осындай аз қаражатпен бұған дейін түсірілген тарихи фильм­дерден ауқымдырақ, сапалы кино түсіре алды деп ойлаймын. Идеялық қуаты, идеологиялық мазмұны жағынан аталған фильм «Көшпенділер» сияқты тарихи фильмдерден көш ілгері. Бұл фильмде осыдан бес жарым ғасыр бұрынғы көшпелі бабаларымыздың мемлекет құру тарихы ұлттық көзқарас тұрғысынан шынайы таспаланды. «Алмас қылыш» – қазақ көптен күткен фильм.

– Жалпы осы фильм ре­жиссері Рүстем Әбдіра­шевтің жұмысы туралы не айтасыз? Сіздің ойыңызша ол өзіне жүктелген міндетті алып шыға алды ма?
– Рүстем Әбдіраш – қазақы ортада өскен, әлем һәм көшпелілер тарихын көп оқыған, көп тоқыған білімді азамат. Өмір жолын суретші болып бастаған. Бұл –режиссерге аса қажет мамандық. Биылғы жылы Оңтүстік Кореяда, атақты Пусан фестивалінде Азияның 100 үздік режиссерінің есімдері аталып, арнайы кітап болып шықты. Осы беделді тізімге қазақтың төрт режиссерінің есімдері айшықталып жазылды. Олар: Шәкен Айманов, Дәрежан Өмірбаев, Рүстем Әбдірашев және Әділхан Ержанов.
Рүстемнің есімі әлемге танымал режиссерлер Ясудзиро Одзу, Акира Куросава, Хоу Хся-Хсиен, Сатьяджит Рей, Аббас Кияростами сияқты даңқты киногерлермен қатар аталғанына қуандық. Аталмыш тізімге киноиндустриясы дамыған Жапон мемлекетінен – 18, бір жарым миллиардқа жуық халқы бар Қытайдан – 11, Индия мен Кореядан – 10, Иран мен Филипиннен 9 режиссер кірді. Ал біздің туыстас Орта Азия мемлекеттерінен, Қырғызстаннан – 2, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан республикаларынан жалғыз режиссерден ғана аталмыш тізімге ілікті. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – қазақ киносына берілген үлкен баға.
Рүстем «Алмас қылыш» фильміне тұлға ретінде толыс­қан, режиссер ретінде пісіп жетілген дер шағында келді. Сосын Рүстемнің бойында режиссерге керекті табандылық, қажырлы қайрат мол. Ел ал­дындағы, көрермен алдындағы жауапкершілікті терең сезіне біледі. Нар тәуекелдің адамы. Фильмді түсіру кезінде адам айтқысыз қиындықтарға кезіктік.
Мәселен, түсірілімді 2015 жылдың шілде айында бастауымыз керек еді. Министрлік уәделі қаржыны көп кешіктіріп, тек қыркүйек айында ғана бере алды. Түсірілім жұмыстары Алатаудың 1800-2000 метрлік биік белдеуінде жүргізілді. Суық түсіп кетті, артынан қылышын сүйретіп қыс келді. Еріксіз етекке түстік. Осы қара суықта ақпан айына дейін далада бүрсеңдеп жүріп кино түсірдік. Фильмді көрген кезде байқаған боларсыз, салқар көш даланы дүбірлетіп кетіп барады, ал адамдардың үстінде жаздық киім, мұздай құрсанған сауытты әскер. Темір сауыт адамның денесін қарып жібереді ғой. Фильм – осындай экстремалды жағдайда түсірілді. Мұндай сәттерде Рүстем идеолог бола білді, түсірілім тобына жігер беріп, демеп қайрап отырды.
Әрине, түсірілім тобына, киногер қауымға мың алғыс. Қиындықтарға шыдас берді, қажымай төзді, бұл орайда бәрімізге Қазақ мемлекетінің іргесін қалаған данышпан хандарымыз бен сайыпқыран ерлеріміздің елдік мұрат жолын­дағы қиян-кескі күресін жас ұрпаққа паш етіп жатырмыз деген биік жауапкершілік, патриоттық сезім дем берді деп ойлаймын.

Қаржы жағы қолбайлау болды

– Осының алдында тарихымызды әлемге танытады деген «Көшпенділердің» сәтсіздікке ұрынуының себебі неде деп ойлайсыз?
– Өз басым «Көшпенділер» фильмін мансұқтаудан аулақпын. Оның көрермен көңілінен шықпай қалуының екі-үш қана себебі болды. Біріншіден, фильмді бірнеше режиссер түсірді, оларда бірауыздылық, ортақ мәміле, берік концепция болмады. Аққу көкке, шортан көлге, шаян шөлге тартқан жағдай орын алды. Масқара болғанда, фильмнің Америкадан аттай қалап алдырылған бас режиссері түсірілім алаңын тас-тап, еліне кетіп қалды. Сол кезде «Қазақфильмде» шетелдік мамандармен юрисдикциялық құжат жасай алатын білікті мамандар да болмаған сияқты. Келісімшарттағы олқылықты сезіп қалған америкалық ақ­шасын алып алған да, түсірілім алаңынан тайып тұрған.
Екінші кеткен бір ағаттық – кинодағы басты рөлдерді сом­дау­ға тағы да сол америкалық ак­тер­лардың шақырылуы. Бұл – өрес­кел қателік болды. Абылайдай кемеңгер ханымызды қандай жағдай болғанда да ұлттық акте­ріміз сомдау керек еді. Осы фак­торлар көрерменнің наразы­лы­ғын тудыруға себеп болды.
Десек те, «Көшпенділер» фильмінің жақсы жақтарын айтқан жөн. Біз тек сынауға, мінеуге келгенде алдымызға жан салмаймыз. Сын – әділ, кәсіби болуы керек. Мәселен, «Көшпенділермен» бірге қазақ киносына америкалық жүйе келді. Бұл – әлемдегі ең озық, ең жетілген жүйенің бірі. Қазір қазақ киносында бірнеше департамент жұмыс істейді. Әр департаменттің басшылары өз ісінің маманы болып алған. Қай жағынан болсын ұтымды. Сосын «Көшпенділермен» бірге қазақ киносына озық технология келді. Ол кезде ішімізде бұл технологияны меңгерген мамандар жоқтың қасы болатын. Фильм түсіріліп біткеннен кейін бұл техниканың бәрі «Қазақфильмде» қалды. Осының негізінде жаңа техно­логияның сырын білетін, оны тәуір меңгерген жас мамандар өсіп шықты.
Ал «Алмас қылыш» фильмін­де жоғарыда аталған келеңсіздіктер орын алған жоқ. Фильмді ұлттық режиссер түсірді, ұлттық мамандар жұмыс істеді, өзіміздің актерлер ойнады. Тек бұл жолы қаржы жағы ғана қолбайлау болды. Еркін көсілуімізге мүмкіндік бермеді, адымымызды аштырмады.
Әрине, кинода қаржысыз еш мәселе шешілмейді. Барлығы да сол қаржыға келіп тіреледі. Бірде түсірілім алаңында жұмыс жүрмей торыққанда «Көшпенділерге» бөлінген 40 миллион долларды «Алмас қылышқа» бергенде ғой деп Рүстем екеуміздің арман­дағанымыз бар…

Жас ұрпақты ата-баба тарихынан адастырғымыз келмеді

– Фильм сценарийінің авторлары Есенберлиннің романынан қаншалықты ауыт­қыды, жалпы олар жаңа­лық енгізе алды ма?
– Фильмнің сценарийін Тимур Жақсылықов пен Смағұл Елубай және Рүстем Әдірашевтің өзі жазды. Кино драматургиясының өз заңдары бар. Ол өзіне бағындырмай қоймайды. Осы тұрғыда ауыт­қушылық болды.
Дегенмен аталмыш роман фильмге лейтмотив етіп алынды. Романдағы тарихи тұлғалар, үлкен оқиғалар түгелдей дерлік кино тіліне айналдырылды. Тіпті, мен кейбір диалогтарды романнан сөзбе-сөз алуға тырыс­тым. Кейін одан бас тарттым. Өйткені, кітаби тілді киноға толық қолдана алмайсың. Бұл жерде сценаристер тек қана Ілияс Есенберлиннің деректе­ріне сүйеніп қойған жоқ, белгілі, беделді тарихшылардың жазған еңбектеріне де сүйенді.
Рүстем Әбдірашевтің алдында бұл кітаптар тау-тау болып үйіліп жатты. Оның ішінде Ақсақ Темірдің ғұмырнамалық кітабына дейін болды. Менің өзім Мұхамед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди», Захир ад-дин Бабырдың «Бабыр-нама» тағы да басқа атақты тарихи еңбектерге жүгініп отырдым.

– Өзіңіз айтқан еңбектерден қандай деректерді пайдалан­дыңыздар? Енді фильмдегі тарихи шындық мәселесіне келсек…
– Негізгі мамандығым тарихшы болғандықтан, ол заман оқиғалары мен сырларын бір кісідей білемін. Бірақ, тарихи дәлдік үшін бәрін қайта қарауға тура келді. Мәселен, Моғолстан, оның билеушісі Есенбұға хан туралы деректерді сол заманның куәгері Мұхамед Хайдар Дулатидің еңбегінен алдық. Этникалық құрамы әркелкі Моғолстан мемлекетін Шағатай тұқымынан шыққан хандар билеген. Олар дулат әмірлерінің ықпалында болған. Ал, дулаттар – қазіргі қазақтар. Моғолстанның көп халқын қазіргі қазақ рулары құраған.
Күнгей жағын қырғыздар мекендеген, қалаларында оты­рықшы тараншылар көп бол­ған, сарайларында кәнизәк күңдер ұсталған. Режиссер бұл кәнизәктарды билету арқылы – Моғолстан заманындағы хан сарайының атмосферасын беруге тырысты. Моғолдар ісләм дінін қатты ұстанған. Сәлдесі жоқтардың бірден басы шабылатын болған. Осы себепті біздің костюм суретшілері моғолдарға көкшіл сәлде кигізді. Бір қызығы, дін күшейіп тұрған шағында Моғолстан халқы ішкілікке салынады, хандары тіпті ішкіш болып, ішінде арақтан өлгендері болады.
Керей мен Жәнібек бастаған қазақтар жер сұрап келгенде Есенбұғаның хәлі мүшкіл еді. Мәуеренаһрдағы Ақсақ Темір тұқымдары Есенбұғаның ағасы Жүніске Моғолстанның тағын алып беруге әрекеттеніп жатқан болатын. Шығысында ойраттардың шабуылы күшей­ген сәт. Қырғыздар да бағынбай бара жатқан. Осы қысылтаяңда қазақтар келіп жер сұрайды. Есенбұғаның бермеске амалы қалмаған еді. Фильмді көрген біреулер қазақтар өзбектерден қорлық көріп бөлініпті деген сөз таратып жүрген көрінеді. Бұл – үстірт пікір. Ол кездегі өзбектердің бұл өзбектерге еш қатысы жоқ, олар көшпелі өзбектер, яғни біздің ата-бабаларымыз – қазақтар.
Түсінікті болуы үшін әуелі өзбек атауының қайдан шыққа­нына келейік. 1313-1342 жылдары Алтын Орданы Өзбек есімді хан билеген. Өзбек – ислам дінін алғаш қабылдаған Алтын Орданың тұңғыш ханы. Өзбек хан билігінен бастап, Дешті Қыпшақ жұрты өзбек атала бастаған, қыпшақ-өзбек боп жүрген кездері де болған. 1428 жылы Әбілқайыр Шайбани билікке келгеннен кейін бұл көшпелі өзбектер мемлекеті, тарихи әдебиеттерде Әбілқайыр хандығы немесе Өзбек ұлысы аталды. Ақ Орда ұлысының орнында орнаған көшпелі өзбектер мемлекеті батысында Жайық өзенімен шектесті, оңтүстігі Арал теңізі мен Сырдың төменгі ағысына дейін, солтүстігі Тобыл мен Ертіс өзендерінің орта ағысына дейін созылып жатты. Хандықтың астанасы Сібірдің Төмен жазығындағы Тұра қаласы болды. Кейінірек Сығанақ шаһарына көшірілді. Әбілқайыр ханның «сартқа» яғни бүгінгі өзбекке қайырылуы осы кезден басталады. Өйткені қол астындағы көшпелі өзбектер біртіндеп, 1460 жылдардан бастап, Керей мен Жәнібек сұлтандарға еріп, Моғолстанға қазақ шығып кете бастайды. Бұл үрдіс бірнеше жылдарға созылады. Ақырында көшпелі өзбектер – қазақтардан айырылып халықсыз қалған Әбілқайыр қарамағындағы қалған-құтқан көшпелі өзбектерді Әмір Темір тұқымдарының ұлысы – Меуеренаһрды жаулап алған соң, сол ұлыстың отырықшы сарт, соғды, тәжіктерімен араластырып Шайбани мемлекетінің негізін салады. Кейін бұл ұлыс Бұқар хандығына айналады.
Бұқар хандығы негізінде Қоқан, Хиуа, Хорезм хандық­тарын біріктірген Совет үкіметі 1920 жылы оған Өзбекстан республикасы деген атау берді. Ал Әбілқайыр билеген Көшпелі өзбектер мемлекеті 1469 жылы Әбілқайыр өлген соң, Қазақ хандығының құра­мына қосылды. Сондықтан бұл жерде «өзбектерден қорлық көру» деген мәселе атымен жоқ. Мәселе көшпелі өзбектерді әділ билей алмаған, сөйтіп қол астындағы халықтан айырылып қалған Әбілқайыр Шайбанида. Ол Ақ Орда билеушісі Барақ ханды өлтіртіп, тағын тартып алған адам. Билікке келген соң, Жошының Орда Еженнен тарайтын тұқымдарына күн көрсетпеген. Өйткені Әбілқайыр Жошыдан тарайтын Шайбан тұқымы, ал Барақ хан, оның ұлы Жәнібек сұлтан, Болат сұлтанның ұлы Керей сұлтан – барлығы Жошының үлкен ұлы Орда Ежен тұқымдары, Ақ Орданың заңды мұрагерлері. Тақ үшін күресте бұлар Ақ Орданы құлатқан Әбілқайырға ата жау.
Ақ Орда тағын заңсыз иеленген Әбілқайыр өз заманының озбыр билеушісі болған адам. Әбілқайыр заманында соғыс көп болып, халық жаугершіліктен қажыған. Осындай аласапыранда Әбілқайырдың айдап салуымен қарақыпшақ Қобыландының арғын Ақжол биді өлтіруі жағдайды одан әрмен ушықтырып жібереді. Сөйтіп, бұл оқиға көшпелі өзбектердің қазақ шығып, Әбілқайырдан бөлініп кетуімен аяқталады. Ол заманда ұлыс құрамынан шығып, орданы, ханды тастап, еркіндікке кетіп қалуды «қазақ шығып кету» деп атаған. Көшпелі өзбектер де Әбілқайыр ханмен ат кекілін кесісіп, Моғолстанға қазақ шығып кетеді. Осы оқиғаны «Ақ Орда» ұлысын қайта жаңғыртуға тырысып жүрген Керей мен Жәнібек сұлтандар ұтымды пайдаланады. Сөйтіп Шу бойына келіп, Қазақ хандығының шаңырағын көтереді. Былай қарасаңыз, барлығы қазақтың тарихы, мемлекет құру, ұлт болу жолындағы жанкешті күрес тарихы. Сол кездің оқиғаларына бажайлап қарасақ, Әбілқайырдың қол астындағы халықтың дені – қазақтар, Моғолстанды жайлайтын елдің де көбі қазақтың ру тайпалары, Керей мен Жәнібектің соңына ерген ел де – қазақтар. Тек әр ұлыстың құрамында тарыдай шашырап, ұлт болып ұйыса алмай жүрген шағы. Бұған Ноғайлыдан ірге айырған ру-тайпаларды қосыңыз. Барлығының бір-ақ мұраты бар, ол – көшпелілік дәстүрмен халық сайлаған қамқор ханы бар еркін ел болу. Осы мұратты арман бір арнаға тоғыса келе, Қазақ хандығының шаңырақ көтеруіне негіз болады. Бұрынғы «қазақ шығып кету» – енді киіз туырлықты алаш ұранды көшпелі жұрттың ортақ атауына айналып, нәтижесінде қазақ ұлты, қазақ мемлекеті тарих сахнасына шығады.
Кейін Моғолстан да күйреді, Көк Орда да құлады. Ноғайлы заманы да тарих сахнасынан кетті. Олардың қарға тамырлы халқы, тілі бір, діні бір, арман-мүддесі ортақ жұрты Қазақ хандығына қосылды. Атырау мен Алтайдың, Алатау мен Арқаның арасындағы көшпелілердің алтын бесігі қазақ халқына мәңгілікке мирас болып қалды. Фильмде осы оқиғалар кино тілімен баяндалды. Әрине, кей жерлерде көркем шындыққа кезек бердік. Онсыз кино болмайды. Бірақ, тарихи шындықтар, хронологиялар сақталып отырды. Өйткені жас ұрпақты қазақ мемлекеттігінің іргетасын қалаған ата-баба тарихынан адастырғымыз келмеді.

Сұхбаттасқан:
Аманғали ҚАЛЖАНОВ
(Жалғасы бар)

The post Ерлан ТӨЛЕУТАЙ: «АЛМАС ҚЫЛЫШ» – қазақ көптен күткен фильм appeared first on .

Жұмыстан қысқарту тәртібі қалай жүргізіледі?

$
0
0
sokrashhenie_na-isp

– Мен Астана қаласындағы шағын кәсіпорынның бірінде жұмыс істеймін. Жуырда басшымыз қаржылық жағдайға байланысты бірқатар кісілердің жұмыстан қысқаратынын айтты. Дегенмен, нақты қандай мамандар кететіні белгісіз. Сұрайын дегенім, жұмыс беруші қызметкерлерді қысқарту тәртібін қалай жүргізеді? Ең бірінші кімдер жұмысынан айырылуы мүмкін?

Елдос Ибрагимов,елорда тұрғыны

sokrashhenie_na-isp

Оқырман сауалына заң саласының білікті маманы Нұржан Пірмағанбетов жауап береді.
– Жұмыс беруші жұмыскерлерді қысқарту кезінде кемінде бір ай уақыт бұрын еңбек шартын бұзу туралы жұмыскерді жазбаша хабардар етуге, айына орташа еңбекақы мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізуге және жұмыспен қамту орталығына лауазымдар мен кәсіптерді, мамандықтарды, біліктілікті және еңбекақы мөлшерін көрсете отырып, алда болатын жұмыскерлердің босатылуы туралы ақпарат беруге міндетті.
Жұмыс беруші жүкті әйелдерді, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді, он төрт жасқа дейінгі мүгедек бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналарды қысқартуға құқы жоқ.

The post Жұмыстан қысқарту тәртібі қалай жүргізіледі? appeared first on .

Астанада мемлекеттік тілді үйрену қажет деп санайтындардың үлесі – 95 пайыз

$
0
0
5

Өткен жылы Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында ауқымды жұмыстарды жүргізді. Бұл жұмыстар бірнеше бағытқа бөлінді. Былтыр атқарылған жұмыстар жөнінде аталмыш басқарма басшысы Тілеуғали ҚЫШҚАШБАЕВПЕН сұхбаттастық. 

5

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ

– Тілеуғали Әшірбекұлы, өткен жылы өзіңіз басқаратын басқарма біраз шара өткізген сияқты. Олардың барысы туралы газетімізде жазылды. Десек те, сол шаралардың қоры­тын­дысын шығаратын уақыт келген секілді.
– Жалпы алғанда былтыр елор­дада барлығы 23 іс-шара ұйымдастырдық. Олардың қата­рында 1 дөңгелек үстел мәжілісі, мем­­лекеттік тілді дамытуға ар­нал­ған 13 байқау, 2 семинар, 1 біліктілікті арттыру курсы, 6 кеш болды.
Кеңірек тоқталар болсам, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары арасында «Тәрбиеден – тағылым», сонымен қатар, «Наурыз мейрамы – 2016» атты қалалық байқаулар өтті. Осылармен қатар 25-30 жас аралығындағы жас-тар арасында көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы ұйымдастырылды.
Өткен жылы ұлық мереке, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өттік. Әрине, оның аясында көптеген шаралар өтті. Атап айтсам, «Тілдарын – 2016» қалалық олимпиадасы және «Тіл шебері – 2016» мемлекеттік қызметші жастар арасындағы қалалық байқауы, қазақ тілінде оқитын жастар арасында «Ой-сана» атты орыс тілі білгірлерінің бәйгесі, өзге ұлт өкілдері арасындағы қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – парасат» атты қалалық байқауы өтті.
«Мәңгілік ел – мұратым» жас ақындар мүшәйрасы мен «Азаттық үні» жыр-термешілер байқауы арқылы талай жастар дарынының ашылуына сеп болды. Ал «Өнер алды – қызыл тіл», «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы», «Аталар ерлігі – ұрпаққа аманат», «Жүрегімнің түбіне терең бойла», «Отан – отбасынан басталады», «Тарих толқынында» атты кештердің берері көп болып, қазақ тілінің мәртебесі асқақтады.
«Менің тілім» атты акция, «Тәуелсіздігім – баға жетпес байлығым» атты іс-шара аясында өткен ашық аймақтық пікірсайыс турнирі, «Мемлекеттік тіл – барлық салада» атты жас мамандар арасындағы жайдарман сайысы да нәтижелі аяқталды.
Мектепке дейінгі және құры­лым­дық мекемелерді де қамтуды ұмытқан жоқпыз. Олардың қата­рында әртүрлі құрылым қызмет­керлері қатысқан «Мемлекеттік тілде іс жүргізуші үздік мекеме» атты байқауды атауға болады.
Жалпы біздің ұстанымымыз – қазақ халқының әдет-ғұрпын, шешендік өнері және жыр-термелері мен күй өнерінің шығу тарихын тереңірек зерделеуге, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға, халқымыздың ға­сыр­ларға жалғасып, ұрпақтан-ұр­паққа жеткен салтын, мәдение­тін, өнері мен әдебиетін адамзат құндылықтарына баланарлық байлық екенін жастардың санасына сіңіру. Сол мақсатта 330 адамды қамтып, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты дөңгелек үстел мәжілістерін бірнеше мәрте өткіздік.
Қала мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдеріне арнап «Тілі мықтының елі мықты» атты семинар ұйымдастырдық. Балаларға арналған «Алақай, ба­лақай» атты әндер жинағын шығардық.
«Әлихан Бөкейхан: Алаш мұраты және Тәуелсіздік құнды­лығы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға көп адам жиналды. Олардың арасында Әлиханның туған жері – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданынан келген делегация болды. Бұл жиын Алаш көсемінің ел үшін еткен еңбегі мен қайраткерлік тұлғасын аша түсті деп ойлаймын.

ХАЛЫҚҚА АҒЫЛШЫН ТІЛІ ОҚЫТЫЛУДА

– Биыл елімізді, елордамызды әлемге танытатын үлкен шара – «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі Аста­нада өтеді. Бұл көрмеге сіздер­дің дайындықтарыңыз қалай?
– Әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде тұру үшін қазір халқымыздың алдына көп тіл білу мақсаты қойылып отыр. Барлығымызға да халықаралық қатынас тілі болып саналатын ағылшын тілін меңгеру керек. Біз осы тілді оқыту курсын жүргізіп отырмыз. Былтыр ағылшын тілін оқыту курсына жиырма басқармадан 110 тыңдаушы қатысты. Жалпы алғанда кейінгі жылдары, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңында мәдени мекемелерден – 105, денсаулық сақтау саласынан – 283, спорттан – 42, Ішкі істер департаментінен – 170, барлығы 600 қызметкерге ағылшын тілі курсы, мемлекеттік және құрылымдық мекемелердің аудармашыларына біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.

КӨШЕЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ШЕШІМ КҮШІНЕ ЕНДІ

– Өткен күзде Астанадағы бірқатар көшелерге қазақы атау­лар берілгеніне шын қуан­­дық. Бұған дейін Әлихан Бөкей­ханның атындағы шағын ғана көше болатын. Алаш ар­дақ­тысына сол жағалаудан даңғыл берілді. Сондай-ақ, қа­лада Ұлы дала, Мәңгілік ел сынды даң­ғылдар пайда болды. Сізден оно­мастикалық жұмыс жөнінде сұрағымыз келіп отыр.
– Жыл басынан бері қалалық ономастика комиссиясына Қазақ­станның әр аумағынан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарынан, қоғам және мемлекет қайраткерлерінен, Астана қаласы тұрғындарынан 77 өтініш хат келіп түсті. Аталған өтініштер қалалық ономастика комиссиясының кезекті отырысында қаралып, 18-і оң шешімін тапты. Оның ішінде атауы жоқ көшелерге 13 жаңа атау беріліп, 5 көше қайта аталды. Көшелерге қатысты шешім осыдан 2-3 күн бұрын, нақтылап айтсақ, 9 қаңтар күні күшіне енді.
– Тұрғындар тарапынан сыртқы жарнама мен көрнекті ақпараттың қазақ тіліндегі мәтін­деріне жиі сын айтылып жатады. Осы бағытта атқарып отырған жұмыстарыңыздан хабар берсеңіз.
– Өткен жылы 148 мекемеде «Тіл туралы» ҚР Заңының орындалуына бақылау жүргізіліп, қорытындысы мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы отырыстарында қаралды. Былтырғы ақпан айынан бас­тап жиыны 1500 тыңдаушыға мем­лекеттік тілді оқыту курсы өтті.
Сондай-ақ, жыл бойы сырт­қы жарнама мен көрнекі ақ­па­рат мәселесі бойынша жұ­мыстар, мемлекеттік қыз­мет­­шілер мен мемлекеттік орган­дарға бағынысты мекемелер қызметшілерінің қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалайтын ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы диаг­ностикалық тест өткізу бойынша жұмыстар атқарылды. Қоры­тын­­дысында тиісті шешімдерді шығардық.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНУ АЯСЫ КЕҢЕЙДІ

– Астанада жалпы алғанда тілдік ахуал қандай?
– Былтыр арнайы әлеуметтік зерттеу жүргіздік. Оның қорытын­дысымен таныстырайын: Астанада мемлекеттік тілді меңгерген ересектердің үлесі – 81%, орыс тілін меңгергендер – 99%, ағыл­шын тілін меңгергендер 25% құрайтыны анықталды. Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін) меңгерген тұрғындардың үлесі – 5%. Мемле­кеттік тілді меңгерген ұлты қазақ емес ересектердің үлесі – 25%. Зерттеу жұмыстарына байланыс-ты мемлекеттік тілдегі сауалнаманы таңдаушылар – 36,8%, орыс тіліндегі сауалнама таңдаушылар – 61,5%, ағылшын тілінде таң­даушылар 1,7% болды. Осыдан жауап берушілердің 63,2%-ы қазақ тілін білмейтіні байқалды. Зерттеуге қатысушылардың ұлттық құрамы: қазақ – 80,0%, орыс – 17%, басқа да 3%.
Жауап берушілердің 72,7% – жоғары білімділер. Мемлекеттік қызметкерлер – 11,9%, бюджеттік ұйым қызметкерлері – 36,2%, кәсіпкерлер – 11,7%, студенттер – 11,3, басқа да – 28,9%. Сауалнама барысында жауап берушілердің 80%-ы өзара қатынас тілі ретінде қазақ тілін белгілеген.
Жауап берушілердің үштен бір бөлігінен астамы (34,5 %) мектептерде немесе оқу орындарында оқыту процесі қазақ тілінде жүргізілгенін, 20%-ға жуығы қазақ-орыс тілдерінде, 42,5%-ы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде және 3,1%-ы орыс тілінде жүргізілгенін қалайтыны белгілі болды.
– Осы зерттеуден қандай қорытынды шығарамыз?
– Сұралғандардың басым бөлігі соңғы жылдарда мемлекеттік тілді қолдану аясы едәуір кеңейгенін жеткізді. Тілдік ахуалды зерделеу барысында мемлекеттік тілді құрметтеу, қадірлеу және оған ұлтына қарамастан өзінің ана тіліндей қарау қажет деп жауап бергендердің саны басым болған. Мәселен, мемлекеттік тілді үйрену қажет деп санайтындардың үлесі 95%-ды құрады.
– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан:
Аманғали ҚАЛЖАНОВ

The post Астанада мемлекеттік тілді үйрену қажет деп санайтындардың үлесі – 95 пайыз appeared first on .

Кино – күшті қару: жазушы кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетовпен сұхбат

$
0
0
_mg_8106

Қазақ өнерін өрге сүйреген қайраткердің бірі – жазушы, кинорежисер Сатыбалды Нарымбетов. Өзекті де өткір шығармалары арқылы халықтың тағдыры мен  ұлттық болмысын көрсете білген талант иесі газетіміздің «Ұлт ұпайы» айдарында қонақта болды.

_mg_8106

Мені әке-шешем «сатып алған»
– Сіздің есіміңіз көптеген шығар­маларыңызда Сәкен деп жазылған екен. Сәкен Нарымбетов деп. Неге?
– Менің Сатыбалды деген есімім төл­құжатымда ғана жазылған. Ал айна­лам­дағылардың бәрі Сәкен дейді. Неге есі­мімді Сатыбалды қойған десеңіз, менің алдымда бес бала болған екен. Бірақ, бәрі бір-екі жастан аспай, көз жұма беріпті.
Оны біреулер көз тигеннен болды деп жатады, енді біреулер ауырды дейді… Содан әке-шешем мен туғанда Қарлығаш деген кіндік шешеме апарып, табыстаған екен. Қырық күн бойы анам сол кісінің үйіне қатынап мені емізіп жүреді. Қырық күн толғанда ырымдап өздеріне қайтып алмақ болады. Сөйтіп, базардан сол кезде шығып жатқан «үйрек тұмсық» таразы алып келіп, мені бір жағына жатқызып, екінші жағына сол кездегі ең тапшы, бағалы деген заттардан қойып, теңшеп, мені «сатып алады». Содан соң есімімді Сатыбалды қояды. Онымен қоймай, құлағымды теседі. Шашымды алып, айдар қояды. Сол айдармен екінші сыныпқа барғанша жүрдім… Бірақ мені туғанымнан ешкім құжаттағы атыммен атаған емес. Бәрі Сәкен деді. Оқу орнында да, кино саласында да әріптестерім әлі күнге мені сол үйреншікті атпен атап келеді. Тек мені жақын танымайтын адамдар ғана құжаттағы есіміммен Сатыбалды дейді.

– Белгілі сыншы Әлия Бөпежанова сіздің бір кітабыңызға жазған алғы­сөзінде Феллинидің: «Мен балық туралы фильм түсірсем де, ол өмір­баяндық болар еді» деген сөзін кел­тірген екен… Сол жазбасында сіздің шығармашылықта жеке тағдырға ерекше ден қоятыныңызды айтып өтеді.
– Мен ғана емес, барлық режиссер сөйтеді. Бірақ мен тағдырды интрига, фабула ретінде алып қарағаннан гөрі характерді, мінезді ашқан маңызды деп санаймын. Мен үшін, киноның алғышарты – кейіпкерің кадрға кіргеннен бастап мінез көрсетуі керек. Жүрісінен, сөйлеу мәнерінен, лексиконынан, әр әрекеті мен қозғалысынан сол мінезі көрініп тұруы шарт. Өйткені, бір жарым сағаттың ішінде көп нәрсені айтып үлгеру мүмкін емес, қысқа штрихтар, мінез арқылы біраз ақпарат берілуі тиіс. Грек ғұламасының «сенің мінезің – сенің тағдырың» деген сөзі осыдан шыққан. Адамның мінезін алғаш есік ашып кіргенінен бастап-ақ көруге болады. Мысалы, біреулер есікті сықырлатпай, жәй ашады. Сөйтіп, «Сәлеметсіздер ме» деп амандасып, жөн сұрай бастайды. Екінші біреу есікті ашып қойып: «Ассалаумағалейкүм! Осында пәленше бар ма!» деп дауыс-тап кіреді. Үшіншісі, есікті сарт еткізіп ашады да, есіктен кіріп кеп, қолыңды алады. Міне, осы үш мінездің арасынан бүкіл адам баласының мінезін табуға болады. Әрқайсымыздың мінезіміз – біздің тағдырымыз. Мінезімізге сай қылық жасаймыз. Ал сол қылығымызға сай тағдырымыз жасалады. Сол себепті, мен үшін кез келген шығарма бірден мінезді ашуға құрылуы керек. «Мұстафа Шоқайды» түсіргенде де, «Аманатта» да алға қойған ең басты мақсатым, кейіпкер мінезін көрсету еді. Мысалы, Кенесарының қайсар мінезі болмаса, ол өліп қалмас еді. Егер ол компромиске баратын болса, мәселені дипломатиялық жолмен шеше алатын қабілеті болса, қырғыздармен келісімге барар еді. Мәмілеге келер еді. Бірақ ол келісімге көнбеді. «Бізді саттыңдар, берген уәделеріңді орындаған жоқсыңдар» деп ашуға мінді де, соңында басы кеткен. Бекмаханов та бірбеткей болған. Ол басқа тақырыпқа өтіп, өз пікірін, мақсатын өзгерте салған жоқ. Сол бірбеткейлігінен ғылымнан алыстатылды, қудаланды. Кейінгі толқын өкілі – әлгі журналист жігіт те бірбеткейлігімен кейіндеу, 1968 жылы «үш әріптің» қармағына ілікті, кинодан байқаған боларсың. Демек, менің осындағы үш кейіпкерім үшеуі де Гамлет болды. Адам боп қаламыз ба, қалмаймыз ба? Титықтап шаршасақ та, ақиқатты іздеуді жалғастырамыз ба, қоямыз ба деген сұрақтар үнемі олардың алдында тұрды. Соңында көрермен ойында «аманат орындалды ма, орындалған жоқ па» деген сұрақ қалды.

Тарихи фильмдер түсіруді өзімнің парызым деп білдім
– «Аманат» шөліркеп, сусап отырған қазақ қоғамы үшін салқын сары қымыз сияқты болды. Ондағы әрбір картина, әр сөз, әр сюжет бір жұтым қымыздай маңызды, құнарлы. Көргеннің санасын сілкімеуі, бойын сергітпеуі мүмкін емес. Жалпы, біздің қоғамда тарихи-патриоттық тақырыптағы фильмдерге сұраныс жоғары екенін сыншылар жиі айтып жүр. Бұл рас қой?
– Рас, бірақ, менің түсіріп жүргенім патриоттық фильмдер емес. «Жаужүрек мың бала», «Алмас қылыш», міне, осылар патриоттық фильмдер. Менің мақсатым, біздің көрермен, қазақ өзінің өткеніне, тарихына, өзіне жиіркенбей қарай білсе екен деймін. Айнаға қарағанда өз бейнесін танымай, өзіне өзі үрген күшік сияқты болмай, өзінің балалығы мен бұрынғы тарихына құрметпен, ойлы көзбен қарай алатын деңгейге жетсек екен деймін. Әуелі, «Мұстафа Шоқай» түсірілгенде, мен сол құштарлық бар екеніне көз жеткіздім. Ол маған қанат бітірді. Демек, Кенесарылар бостан босқа қан төкпеген екен. Бекмаханов да тектен тек басын бәйгеге тікпеген. Бәрі болашақ үшін.
– Ал біз осындағы көрермен сұра­ны­сын қанағаттандыра алып отырмыз ба?
– Қайдағы қанағаттандырған, жұмыс енді басталып жатыр. Біз өз киноиндустриямызды дамытуға енді бет бұрып отырмыз. Енді ғана өзімізге не қажет екенін ойлас­тырып, ізденуге көштік. Енді еркін жүзе бастадық. Жиырма бес жыл бір мемлекет үшін өте қысқа уақыт.

– Өзіңіз осы бағытта фильм түсіруді жалғастырасыз ба? Мысалы, Бекмаханов туралы фильм түсіргіңіз келетінін сіз 2011 жылдары «Егемен Қазақстан» газеті үшін Сауытбек Абдрахмановқа берген сұхбатыңызда айтқан екенсіз.
– Иә, сол тұста айтсам, айтқан болармын. Бірақ ол кезде менікі әлсіз ғана үміт болатын. Кейін «Мұстафа Шоқайды» түсірген соң маған қанат бітті. Өйткені, Шоқай мінезі біраз көрермен санасына ой салғанын байқадым. Алдындағы «Көзімнің қарасы», «Қызжылаған» секілді авторлық фильмдерді қоя тұрып, тарихи тұлғаларымызды экрандау менің өзімнің парызым екенін түсіндім. Әлім келгенінше тарихи тақырыптарға барып, осындай тұлғаларымызды жарыққа шығарсам деген ықылас туды. Жалпы патриоттық, тарихи тақырыптардағы фильм­дерге деген сұранысты қана­ғаттандыру үшін «Қазақфильм» әлі осындай жиырма-отыз фильм түсіруі керек. Қарап отырсаңыз, біздің бірде-бір батырымыз біреудің бір сантиметр жерін жаулап алу үшін күреспепті, өзінің жерін қорғап қалу үшін ғана күресіпті. Бұл дегеніңіз – парадокс. Шыңғысхан да, Наполеон да, басқа атақты қолбасылардың бәрі де басқа елдің жерін жаулап алып, сонымен аты шыққан. Ал біздің батырларымыздың ешқайсысы адамзат алдындағы адалдықтан асып кетпеген, өз дінін, өз жерін, өз елін қорғаймыз деп күрескен.

Сіз ылғи өткір тақырыптарды қозғайсыз. «Қызжылағандағы» полигон қаншалықты өзекті тақырып екені түсінікті. Ал «Мұстафа Шоқайды» көптеген замандастарымыз кеңестік көзқарастан, «сатқын, қашқын» деп қаралаудан арыла алмай жүргенде түсірдіңіз. Ондайлар әлі де бар.
– Иә, әлі де бар.

– Сіз осындай өткір тақырыптарға барарда идеяңыздың жүзеге асатынына, мақсатыңызға жетіп, қолға алған фильміңізді түсіріп шыға алатыныңызға, қарсылыққа, сынға ұшырап, кедергіге тап бол­майтыныңызға сенім бола ма?
– Мен мұндай тақырыпқа барғанда кедергі болатынын білдім. Техника тілінде сопромат деген ұғым бар. Ол «қарама-қарсы материалдар» деген сөз. Кез келген тақырып егер ақиқатқа арналатын болса, ол жерде қашан да сопромат болады. Өйткені, адамзат өзінің үйренген көзқарасынан айнығысы келмейді. Соған үйреніп қалған. Мысалы, мен ылғи да өзіме ұнаған бір киімдерді тастамай киіп жүрем, өйткені, сонда өзімді өте ыңғайлы сезінем. Тіпті, балаларым жаңа киім әперіп, «әке, неге үстіңдегіні тастамайсың, мынаны кисеңші» десе де, айналып кеп бұрынғы киімдеріме қол созып тұрам. Болмай бара жатса, балаларыма «сен киіп, кішкене ескіртіп берші» деп өтінем. Адамзат та солай. Біздің үйреніп қалған көзқарасымыз бар, марксизм-ленинизм деген. Сол кеңестік дәуір қалыптастырған көзқарастан арылғымыз келмейді. 1980 жылы біздің коммунизм бағында шалқамыздан түсіп, алма жеп жататын кезіміз еді. Өйткені, бізді солай үйреткен. Бізді Қабанбай батыр, Алпамыс батыр, Кендебай батыр сияқты бол деп тәрбиелеген жоқ, Павлик Морозов болсаң, сонда ғана бағаң өседі деп тәрбиеледі. Біздің шынымен Павлик Морозов болғымыз келді. Арамызда сондай «дәрежеге» қол жеткізіп, Павлик болып кеткен адамдар да болды. Бірақ, қазір олардың аттары аталмайды. Өйткені, заман өзгерді. Ал енді тарихи тақырыпқа барып, тың дүниелер жасап жатқан режиссер қазір жалғыз мен емес. Таяуда «Алмас қылыш» деген фильмнің таныстырылымы болды. Алда ол да экранға шығады. Сол фильмде де біраз нәрсе қамтылған. Ертең осы киноны көрген соң да «ол заманда ондай болған жоқ, мұндай болған жоқ» деп шығатын көрермен табылатынын мен білем. Өйткені, біздің көрерменнің бәрі – тарихшы. Жалпы, басқа елдің көрермендеріне қарағанда қазақ көрермені өте кірпияз. Бұрын Сұлтан Қожықов «Қыз Жібек пен Төлеген» фильмін экранға шығарғанда да «Қыз Жібек былай киінбеген, былай жүрмеген. Төлеген шашын өсірмеген» деген сияқты пікір айтқандар табыла кеткен. Ондайлар дәп бір Қыз Жібек заманынан келгендей сөйлейді. Мен көбіне осыны қалжыңға айналдырам, жаңағыдай пікір айтатын азаматтарды неге сахнаға шығарып, «Қыз Жібектің замандасы», «Төлегеннің замандасы» деп елге таныстырмадық екен деймін… Шын мәнінде, ол заманда кім болды? Ал болмаса, неге олар Төлегендермен бірге асық ойнаған адам сияқты сөйлейді?.. Кейде осындай сыншыларға шынымен ашуың келеді. Бізде, қайталап айтам, көбі пікір айтпайды, үкім айтады. Бәрі кино сыншысы… Дұрысы, пікір айту үшін де адам алдымен дайын болуы керек деп ойлаймын. Ал жаңа мен айтып отырған фильмдер арқылы біз көрермендерді ақиқатты қабылдай білуге психологиялық, интеллектуалдық тұрғыда дайындайды деп сенем. Болашаққа қазір үлкен негіз қаланып жатыр. Жас режиссерлер өсіп келеді. Ертең талай жаңа фильмдер түсіріледі. Сол кезде көрермен олардың тарихи тақырыпта түсірген фильмдерін тез түсінетін дәрежеге жетеді деп ойлаймын. Ал қазір біздің кейбір көрермендер өздері нота білмейді, бірақ сольфеджиодан сабақ бергісі келеді.

Көрерменді ойға шақыратын фильмдерді көбейту қажет
– Смағұл Елубайдың сіз жайында жазылған «Туған топыраққа нық қадам тіреген суреткер» атты мақаласында өткен ғасырдың екінші жартысында «кино ұлттық құндылықтарды насихаттауда алдына жан салмайтын шап­шаңдығын мойындатып», жұрт шұғыл кино өнеріне бет бұра бастады деп жазыпты. Біз осы киноны ұлттық идеологияға пайдалана алып жүрміз бе?
– Пайдалана алмай отырмыз. Біз аянбауымыз керек. Бұрын көп журналистке айтқан да шығармын, Американың образын 30-шы жылы Голливуд жасады. Әлі күнге америкалықтардың қалай киініп, қалай жүруі керектігіне дейін Голливуд белгілеп отырады. Және онысы вирус сияқты бүкіл дүниеге жайылып жатыр. Демек, кино деген өте күшті қару. Оны шоқ ұстағандай абайлап жасау керек. Баяғыда біздің аналарымыз ошақтың жанындағы самауырды қыздыру үшін ошақтың ішінен алынған шоқты екі алақанына кезек-кезек сап отырып, әлпештеп апарып, самауырға салатын. Міне, киноға да осындай ептілік, ювелирлік жаужүректік, өжеттік қажет. Тарих та сондай. Ол – шоқ, жанып тұрған шоқ. Оның әрқайсысын әлпештеп алақанға салып отырып пайдалануымыз қажет. Тарихқа ұлттық көзбен қарау керек. Басқа елдің көкелерінің көзімен емес, өзіміздің, нағыз қазақтың көзімен қарауымыз керек.

– Жаттанды сұрақ, біз кез келген тарихи фильмде жоқ жоңғармен шабысып жүреміз. Неге? Егер сол жоң­ғарлар қазір үлкен мемлекет болып отырған болса, біз мүлдем тарихи тақырыпқа бара алмас па едік?
– Біз өнерде де шындыққа тіке қарай алмай келеміз.
– Өзіңіз осындай қолайсыздықпен бетпе-бет келмедіңіз бе?
– Егер біз тарихи фильм түсіріп, онда басқа елдермен соғысқанымызды көрсетсек, үкімет ақша береді деп ойлай­сың ба? Біз саяси сыпайылықтан аса алмаймыз. Бұл, шынымен де бір жағынан біздің өнерімізге тосқауыл болып отыр. Мұндай бірақ әр елдің басынан өткен. Мысалы, бұрын КСРО кезінде «Тарас Бульба» түсірілгенде Польшамен, Украинамен арадағы қатынасқа жарықшақ түсе ме деп, шын тарихта болған қатығыстарды экрандауға рұқсат бермеген. Алайда осыдан бес-алты жыл бұрын Олиас Борко деген режиссер жаңағы оқиғаның бәрін қамтып фильм түсірді. Ол фильмнен соң, өздеріңізге белгілі, ешқандай халықаралық соқтығыс, соғыс бола қойған жоқ. Өйткені, ол тарихи ақиқат. Бұл жерде қашан да әділдік, адалдық керек. Тарихқа деген. Сол психологиялық жалтақтық бізде әлі де бар. Егер біз көршілер туралы жаман бірдеңе айтып қалсақ, біздің толеранттығымыз қайда, саяси сыпайылығымыз қайда деп шу ете қаламыз, өз көлеңкемізден өзіміз қорқамыз. Бірақ өткенді айту керек қой. Өткенді айтқанға өкпелеу дұрыс емес шығар. Өткенді білмей болашақты қалай жасаймыз?
Яғни жаңағы сұрағыңа келсем, мен де «Аманатты» түсіргенде Кенесарының қырғыздармен қақтығысын ашық көр­сеткен жоқпын. Қырғыз ағайындар өкпелеп жүре ме де, сол сюжетке келгенде экранды қып-қызыл қылып қанға бояп қоя салдық, өзің байқаған боларсың. Жалпы, біздің көп кейіпкерлеріміз экрандалған жоқ. Тарихтағы батырларымыз бен хандарымыз, тіпті ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлер де көрерменге жетпеді. Қамбар батырымыз, Күн астындағы Күнікей, Ертөстік… Негізінде осы саладан қаржыны аямауымыз керек еді. Америка кезінде ақшасын аяған жоқ. Әлі де аяп жатқан жоқ. Соны ақыры идеологиялық құрал ретінде пайдаланып келеді.

– Әрі сол киноиндустриясы арқылы экономикасына да қомақты кіріс келтіре бастады ғой?
– Иә, ол – үлкен кіріс көзі. Бізде қазір «интертаймент» деген пәле шықты. Біздің көрермендерді үш категорияға бөлу керек. Бірінші категориядағылар жұмыстан шаршап келгенде көңіл көтеріп, демалғысы келеді. Екінші топтағылар – экшн фильм көріп, адреналин алғысы келеді. Ал үшінші категориядағылардың мақсаты бөлек. Олар «біз не үшін өмір сүріп жүрміз? Өмірдің мәні неде?» деген сұрақ білетіндер. Егер режиссер көрермен санасында сұрақ тудыра алса, онда оның жұмысы нәтижелі болғаны. Негізінде бізге жаңа аталған көрермендердің үш категориясына арналған фильмдердің бәрін түсіре беру керек. Бірақ соңғы бағыттағы өнімдерді, көрерменді ойға шақыратын фильмдерді көбейту қажет. Оның бәрін қамтамасыз ету үшін жылына төрт-бес-ақ фильм түсіретін «Қазақфильмнің» мүмкіндігі аз болып тұр.

Ұлттың сөзін сөйлейтін экранымыз болуы керек
– Жақында qazaqtimes.kz сайты режиссерлеріміз ұлттық әдебиетке бет бұрмай жүргенін айтып, мәселе көтерді… Кеңестік кезде ұлттық әдеби туындыларымыздың негізінде түсірілген фильмдеріміз болды ғой.
Сол жол неге үзіліп қалды?
– Иә, бізде тақырып көп. Мұхтар Әуезовте қанша шығарма бар, Бейімбет Майлинде, Сайын Мұратбековте қанша! Бертіндегі жазушыларымыз Дулат Исабеков, Мұхтар Мағауин, Бексұлтан Нұржекеевтердің шығармалары қандай! Ал Қалихан Ысқақовтың бір ғана «Ақсу жер жаннаты» деген романы арқылы тіпті көпсериалды фильм түсіруге болады. Әкім Тарази ағамыздың шығармала­рының бәрі дайын сценарилер. Ал енді әрі қарай не керек? Қаржы керек. Оларды қамту үшін «Қазақфильмнің» фильм түсіру мүмкіндігін кеңейту қажет. Осыдан бес-алты жыл бұрын, «Қазақфильмді» Ермек Аманшаев басқарып тұрған уақытта біздің жұмысымыз жанданған болатын. Сол тұста жылына он екі фильм түсірген кезіміз болды. Биылғы жылы, мысалы, жеті фильм түсіруге жағдай жасалып отыр. Бірақ, мұның өзі жаман емес. Негізінде жыл сайын он бес фильм түсіретін болса, біз бос кеңістікті тез толтыруға мүмкіндік алар едік. «Саннан – сапа» деген осыдан шығады.

– Кейде аз ғана қаражатпен де әдемі көйлек тігіп киюге болады. Ал керісінше, көп қаражат жұмсасаң да, нашар көйлек тігіп киюің мүмкін. Кинода да солай ма? Әлде жақсы кино түсіру қаражаттың ауқымдылығымен ғана өлшене ме?
– Қаржы киноматериалға-сюжетке сай болуы керек. Мысалы, жаңағы биыл түсіріледі деген жеті фильмнің ішінде 200 мың долларға түсіп жатқаны да бар. Оның да өзіндік айтар ойы бар. Десек те, кинода мәселе қаражатқа ғана емес, оған кететін материалға байланысты. Мысалы, «Аманатқа» әжептеуір қаржы қажет болды. «Алмас қылыш» та аз қаражат талап еткен жоқ. Неге десеңіз, онда ең құрығанда 300-500 салт аттыға киім тіктіру керек. Оларға құрал-сайман керек. Оның бәрі – шығын. Ал ендігі бір фильмде үш-ақ адам ойнауы мүмкін. Оған көп қаражат керек емес. Сондықтан, басты мәселе қаражатта да емес, көңілде. Мысалы, біреуге комедия керек, біреуге экшн керек. Олардың бәрінің сусынын қандыру қажет. Жанрдың мейлінше көп болғаны жақсы. Қазір біздің жағдайымызда, ең құрығында екі жылда бір рет тарихи фильм түсірсек те жаман болмас еді. Бұл жерде мынадай көйлек киді деген әңгіме емес, көңіл маңызды болып отыр. Ұлттық сөзімізді сөйлейтін біздің экранымыз болуы керек. Ал қазір экранымызды Американың, Үндістанның, Кореяның фильмдері басып кетті. «Гарри Поттер», мысалы, біздің балаларымызға керек пе? Біздікілер Ер Төстікті, Алпамыс батырды, Қобыландыны көріп өсуі керек емес пе? Біз қазір басқа елдің ертегілерімен балаларымызды тәрбиелеп отырмыз. Бұл – үлкен қателік. Төл ертегілер – бүл­дір­­шіндерге рухани азық. Мен былтыр бір үйде қонақта болдым. Сонда келіні нәрестесін «баю баюшки баю» деп ұйық­татып жатқанын көріп, жағамды ұстағам. Әже­леріміздің «әлдиі» қайда қалды? «Әл­ди» естімей өскен ұрпақ қайда барады?

Киноға да ептілік, ювелирлік жаужүректік, өжеттік қажет. Тарих та сондай. Ол – шоқ, жанып тұрған шоқ. Оның әрқайсысын әлпештеп алақанға салып отырып пайдалануымыз қажет. Тарихқа ұлттық көзбен қарау керек. Басқа елдің көкелерінің көзімен емес, өзіміздің, нағыз қазақтың көзімен қарауымыз керек

Өкінішім, әр фильмімнің арасында үш-төрт жылым өтіп жатыр
– Таяуда «Көзімнің қарасы» деген атпен жинақ кітабыңызды шығарыпсыз. Соны оқып отырғанда сұрағым келді: сіз ақыл-ой азабын көп көрдіңіз бе, жемісін бе?
– Мен мұны әлі ойлап үлгерген жоқ­пын. Қазір жұмыс процесіндемін, сон-
­­дықтан, ол жағын санап көрмедім. Мүм­кін, кейін, қартайып, шау тартқанда отырып, көрген азабым мен жеткен жетістігімді пайызға салып санайтын шығармын. Бірақ кез келген жұмыстың қызығы мен азабы қатар жүреді ғой. Юрий Казаковтың мынадай сөзі бар: «жазушы үшін ең қорқыныштысы, ең азаптысы – ақ қағазбен оңаша қалу» дейді. Неден бастарыңды білмеу, қалам-қағазыңмен жекпе-жекке түсу. Толстойдың ойын кішкене жаңғыртқаны болар. Бірақ, осы сөзде шындық бар.

– Бір сұхбатта жалғызсы­рай­ты­ныңызды, сұрағыңызға жауап тап­пайтыныңызды айтыпсыз. Ойшыл адамдардың, әсіресе ірі тұлғалардың бәрі жалғызсырайтыны түсінікті ғой.
Ал содан құтылудың жолы бар ма?
– Адамның бәрі – жалғыз. Сіз де жалғыз­сыз, басқалар да. Сол жалғыздықтан құтылу үшін бәріміз бірдеңе іздейміз. Кітап оқимыз, еңбектенеміз. Демек, ғұламалар айтқандай, ізденіс жолындағы адам ғана жалғызсырамайды.
– Осыдан бірнеше жыл бұрын «Із» деген фильм түсіргіңіз келетінін де айтқан екенсіз… Жалпы, алдағы жоспарыңыз қандай? Сізден тағы қандай фильмдер күтуге болады?
– Түсіргім келген нәрсе көп. Әсіресе, «Аманаттан» кейін алдымда Алаш азаматтары тізіліп тұр. Бірақ ақша жоқ. Әлихан Бөкейханов, Сырым батыр, Құрманғазы атам… – бәрі қашан түсіресің деп, алдымда қарап тұрғандай болады. Шынында, тақырып көп. Біз қазір жазушы Нұрлан Санжар екеуміз Адольф Янушкевич туралы фильм сценариін жазып қойдық. Енді қаржы күтіп отырмыз. Бексұлтан Нұржекеев деген жазушы ағамыз бар ғой. Сол кісінің «Күтумен өткен ғұмыр» деген романы бар. Соның атын алып, «біздің, режиссерлердің өмірі күтумен өткен ғұмыр» деймін мен ылғи қалжыңдап. Бірақ бұл – шындық. Біздің жұмысымыздың бәрі қаржыға байланысты. Бәріміз – қаржыға тәуелдіміз. Мен, мысалы, кино түсірейін десем, оператор жалдаймын. Оған ақша керек пе, керек. Екеуміз бірге суретші жалдаймыз. Ол тегін жұмыс істемейді. Одан кейін актерлар іздей бастаймыз. Оларға төлейсің бе, төлейсің. Оған ақшаны кім береді?.. Көрдіңіз бе, біз тәуелдіміз. Біздікі сондықтан «күтумен өткен ғұмыр».
– Жазушылар жазғысы келген идея­ны үйінде отырып-ақ жазып тастап, бір шығармадан екінші шығармаға көшіп, еркін жүре алады… Сіз жазу­шылықпен қатар режиссерлікті қолға алып, киноға байланып қалғаныңызға өкінбейсіз бе?
– Күнде өкінем. Неге десеңіз, әр фильмімнің арасында төрт-бес жылым өтіп жатыр. «Мұстафа Шоқайдан» соң жеті жылдан кейін «Аманат» түсірілді. Күттім мен, ақша қашан береді деп күттім… Менің Мәскеуде бірге оқыған бір курстасым өзінің 33 фильмін түсіріп, қазір 34 фильмін қолға алып отыр. Ал мен жеті-ақ фильм түсірдім. Қалай? Не үшін? Ол менің жалқаулығымнан ғана емес. Біздікі – күтумен өткен өмір. Осыған өкінем.

Әңгімелескен: Нәзира БАЙЫРБЕК

The post Кино – күшті қару: жазушы кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетовпен сұхбат appeared first on .

Қазақ әдебиетін әлемге насихаттайды

$
0
0
kitap1_3

Заман алға озды. Биік мансаптыдан қара қойшыға дейін әдебиетті дәріптеп, жата-жастана кітап оқитын күндер артта қалды.
Бұрын қолына қаламы мен қағазын беріп, таңдаулы демалыс орындарына жатқызып қойып, аялап отырып жаздырған қаламгерлер билік қамқорлығынан қағылды. Жаңа заман келді де, әр жазушыға бір-бір арба тізгінін беріп, «өз арбаңды өзің сүйре» делінді.
Жазу дертіне айналған қаламгерлер қалай тартса да, әйтеуір қисалаңдап жүріп арбасын сүйреп жүріп-ақ келеді. Бірақ бұл ұлттың ұтылысына да алып келген сияқты. Әдебиеті арқылы өзге жұртқа айдындана қарайтын қазақ қаламгерлерінің жүзі пәс, көңілі жүдеу.
Олай болатыны, бұрынғыдай қазақ қаламгерлерінің туындыларын өзге тілдерге аудару жұмысы тоқтаған.
Ал енді осы кемшіліктің орнын толтыратын мүмкіндік бар ма? Өз ішінде қайнап, өз ішінде тұншыққан бүгінгі қазақ әдебиетін жарық әлемге алып шығатын жол бар ма?
Бар екен. Көркем шығармаларды әлем оқырмандары алдында насихаттау туралы айтып, тыңнан жол салып жүрген «Bestseller KZ» әдеби агенттігінің негізін қалаушы Бақтыгүл Маханбетовамен осы тақырыпта ой бөлісіп көрдік.

kitap1_3

Бақтыгүл МАХАНБЕТОВА, «Bestseller KZ» қазақстандық бірінші әдеби агенттігінің жетекшісі: Қазақ жазушыларын әлемге танытсақ деп едік

tetka– Бақтыгүл апай, Аста­надағы бір жиында сіздің қазақ туындыларын ағыл­шын тіліне аударып, әлем оқырмандарына ұсыну мақ­сатында жаңа бастама жасап жатқаныңызды естіген едім.
– Мен өзім отыз жылдан бері ағылшын тілін оқытып келе жатқан ұстазбын. Тілді жақсы меңгерту үшін ең алдымен сөздік қорды қалыптастыруға жағдай туғызу керек. Тіл мен әдебиетті қатар ұсынғанда ғана өз нәтижесі болады. Көпшілік жастардың қазір ағылшын тілін оқып, бірақ оны еркін сөйлеу деңгейінде білмей, қиналатыны сондықтан. Мәселен, біздің оқулықтарды алып қарасаңыз, қазақ тілін оқытқанда да бізде грамматикалық тақырыпқа сәйкес бір өңделмеген әдеби шығармадан үзінді бере салады. Оның тілін жеңілдетіп, ықшамдап, мағынасын сақтай отырып, сөздік қорды тиімді сіңдіру жағына мән бермейді. Сондықтан ондағы күрделі сөздер түсініксіз болып қала береді. Қазақ тілін үйренгісі келген өзге ұлттар осының салдарынан қазақ әдебиетін де оқымайды. Осыған көзім жеткеннен кейін мен қазақ әдебиетін британдық үлгіде насихаттау керек шығар деген ойға тоқтадым. Британдық үлгі бойынша кез келген шығарма ағылшын тілін оқитындардың тіл білу деңгейіне қарай ықшамдалып, өңделіп беріледі. Онда мағына, тереңдік, негізгі айтар ой, позиция сақталады, сөздік қор молынан қамтыла отырып, қысқартылып аударылады. Шығарманы аударғанда оны ағылшын тілін аз білетіндер үшін аз көлемге сыйғызады, ал көп білетіндер үшін көлемдірек етіп аударады. Яғни, деңгей-деңгейге қарай әртүрлі нұс­қамен дайындалады. Одан шығармаға зиян келмейді. Сол секілді британдықтар өздерінің классиктерінен басқа, біз білетін Толстой, Достоевский, Чехов секілді орыс жазушыларының шығармаларын да ағылшын тіліне аударып, оқытып жүр. Оны да өңдеп, тілді оқушылардың деңгейіне қарай икемдеп жатыр. Ағылшын тілін оқыту орталығын ашқаннан кейін мен де осы британдық тәсілді қолға алдым. Британ әдебиетінің ықшамдалған көлемді шығар­ма­ларының деңгейлік маз­мұнын пайдалана бастадым. Сабақ барысында «Көркем шығарма оқу» бөлімінде қазақ жазушыларының танымал шығармаларын ағылшын тілінде мазмұнын айтқызудың өзін деңгейлік әдіспен жүргізіп отырдым. Бүгінгі уақытта қалың кітаптарды оқып отыратын оқырманды табу қиын, сондықтан да уақыт сұранысына қарай осындай тиімді әдістен қашпау керек және одан шығар­маға келер зиян жоқ. Негізгі ой да, ақпарат та, оқиға да сақ­талған, өңделген шығарма оқырманға керекті азықты бере алады. Кейін шет елдерге семинар, конференцияларға барғанда, бұл тәсілдің қазақ шығармаларын шетелдіктерге таныстыруда таптырмас жол екенін түсіндім.

Шет елдердегі кітабы ең көп таралып жатқан қаламгерлердің бәрінің жанында бір-бір әдеби агент, тіпті бір үлкен институт жұмыс істейтіндері де бар екен. Яғни, қаламгерлердің бәрі әдеби агенттермен келісімге отырып, шығармасын насихаттап, таратуды жолға қойған

– Қалайша?
– Мысалы, бір жиынға бар­ғанда резонанс тудыратын жақсы шығарманың бір бетке сыйғызылған аудармасын әдейі назарға ұсынып көрдім. «Оқып көріңізші, мынау біздің пәленше деген жазушының шығармасы. Сізге ұнай ма?» деп. Олар оқиды да, сүйсінеді. «Шынымен, қазақта осындай шығарма бар ма? Бұл жазушы кім? Оның тағы қандай шығармасы бар?» деп сұрай бастайды.

– Демек, қазақ қалам­гер­лерінің шығармалары өзге тілдерге аударылса, бас­қа елдің оқырмандарын да қызықтырады ғой?
– Әрине, қызықтыратын туындылар бар. Өзгелердің осындай қызығушылығын көргендіктен, мен қазақ шығармаларын ағылшын тіліне, басқа да шет тілдерге аударып, әлем назарына ұсынуға көбірек күш салсақ қой деген ойға келдім. Ол үшін өзге елдерде әдебиет қалай насихатталатынына зер сала бастадым. Шет елдердегі кітабы ең көп таралып жатқан қаламгерлердің бәрінің жанында бір-бір әдеби агент, тіпті бір үлкен институт жұмыс істейтіндері де бар екен. Яғни, қаламгерлердің бәрі әдеби агенттермен келісімге отырып, шығармасын насихаттап, таратуды жолға қойған.

– Мұндай үрдіс жалпы қашан қалыптасқан?
– Дүниежүзіндегі тұңғыш әдеби агенттік 1875 жылы Ұлыбританияда қалыптасыпты. «Litrejections» сайтынан алынған мәлімет бойынша бүгінгі күні Лондонның өзінде 111 кәсіби әдеби агенттік жұмыс істейді екен. Одан кейін 1893 жылы Америкада да әдеби агенттіктер дүниеге келе бас­тады. Бұл бастаманың жемісті болғаны сондай, қазіргі күні АҚШ-та да 1000-нан астам танымал агенттік тіркеліп, жұмыс істеп келеді. Олардың 134-і – Нью-Йоркте. Канадада 30 шақты агенттік бар. Ал Авс­тралияда мұндай ұйым 1967 жылы ашылған. Қазіргі таңда ол жерде де 20 шақты агенттік жұмыс істейді.
Бұл нені көрсетеді? Бұл – біз «кітап оқу қалып бара жатыр» деп байбалам салып жүргенде, озық елдер баспа ісін, әдеби шығармаларды табыс көзіне айналдырудың жаңа мәдениетін дамытып жатыр деген сөз. Мәселен, Германияның бес ғасырдан астам тарихы бар Франкфурт кітап жәрмеңкесі кезінде жыл сайын 700 миллиондай жаңа кітап оқырманға жол тартады екен. Бұл сондағы 2000-нан астам баспа үйі қызу жұмыс істеп жатқанын көрсетеді. Қытайда әдеби агенттік 1987 жылы ғана іске қосылған. Ал Ресейде 1990 жылы жазушылардың авторлық құқығын қорғау мақсатымен ашылған ұйым әдеби агенттікке айналыпты. Сондықтан біздің ұйым тек еліміздегі ғана емес, Орта Азиядағы алғашқы ұйым болып саналады.

– Өзіңіз негізін қалаған ұйым жұмысын қай кезден бастады?
– Өткен жылдың наурыз айында тіркелдік. Әдеби агенттік жобасын бастамас бұрын, соңғы 2-3 жыл уақытымды бөліп, әлемдік тәжірибенің озық мектептерімен танысып, үздік әдістемелік бағытпен жұмыс істейтін бірнеше компанияның тарихын саралап көрдім. Еуропа, Америка, Азия нарығында жемісті еңбек етіп жатқан агенттіктермен байланыс жасадым. Қазіргі жетістігім – осы елдердегі ұйымдар біздің агенттікпен әріптес болуға ниет білдіріп отыр. Тіпті, менторлық қызмет көрсетіп, бізге өз тәжірибелерінен үйретуге дайын екенін айтты.
Біздің мақсатымыз – кітапты коммерцияландыру ісін халық­аралық стандартқа сай жүргізу. Осы мақсатқа жету үшін біз әдеби өнімдердің сапасын жақ­сартып, жазу шеберлігін арттыруға ықпал ете алады-ау деген кәсіби редакторлар­мен, аудармашылармен, суретші-иллюстраторлармен, дизайнерлермен, сыншылармен жұ­мыс істеп отырмыз. Қазақ авторлары шығармаларының әлемдік деңгейде танылып, таралуына, оның ішінде халық­аралық көрмелерге, кітап жәр­меңкелеріне, конфе­ренция­ларға, теледидар жобаларына қатысуына мүмкіндіктер туғызу, БАҚ құралдарын пайдалану арқылы кеңінен насихаттау, әлемдік баспалармен және әдеби агенттермен өзара тығыз қарым-қатынас орнату – қазіргі біздің алдымызға қойған міндетіміз.

– Сіздің ойыңызша, қазақ қаламгерлері арасында дүние­жүзі оқырмандарын қызық­тыратын туындылар бар ма екен?
– Әрине, «жоқ» деп ауызды құр шөппен сүртуге болмайды. Біздің қаламгерлеріміздің кәсіби деңгейі де, тума таланты да, еңбекқорлығы да жеткілікті. Тек сол дүниелерді шет елдерге насихаттау керек.
Бізде 1991 жылы кітап шығарумен айналысатын 14 баспа болса, соңғы жылдардағы баспа ісімен айналысатын 393 мекеме тіркелген екен. Мұны баспаға ұсынылатын шығармалардың көптігімен де түсіндіруге болады деп ойлаймын. Баспаның көптігі бәсеке тудырады. Бәсеке – дамудың басты шарты.

– Әдеби шығармалардың бағалануы қалай деп ойлайсыз?
– Бізде әдебиетті насихат­тау жоқтың қасы. Әдеби шы­ғар­­малардың таралуы және бағалануы өте төмен. Мен мұны қазақ қаламгерлерінің шығар­малары шет тілдерге аударылып, өзге елдерге таралмай жатқандығымен байланыстырып айтып отырмын.
Қазақ тілі сөздік қорға қандай бай екенін 15 томдық сөздік арқылы ғана аңғаруға болады. Мұнда 106 мың атау сөз бен 48 300 сөз тіркесі қамтылыпты. Ал әлемдегі ең бай тілдер қатарына жататын түріктердің түсіндірме сөздігінде 92 292 сөз бар екен, яғни түрік тілінен қазақ тілі 14 мың сөзге бай деген сөз. Солай бола тұра, Нобель сыйлығына қазақ жазушысы емес, түрік жазушысы Орхан Памук ие болды. Бұның ең үлкен себебі, жаңа айтқанымдай, аударманың жоқтығынан, жарнама жетіспеушілігінен.

Біздің мақсатымыз – кітапты коммерцияландыру ісін халықаралық стандартқа сай жүргізу. Осы мақсатқа жету үшін біз әдеби өнімдердің сапасын жақсартып, жазу шеберлігін арттыруға ықпал ете алады-ау деген кәсіби редакторлармен, аудармашылармен, суретші-иллюстратор­лармен, дизайнерлермен, сыншылармен жұмыс істеп отырмыз

– Сонда қазақ қаламгерлері шығармасын жазуды біледі, бірақ насихаттауды білмей ме? Әдеби агенттік дегеннің бар екенінен қазақ әлемі хабарсыз ба?
– Иә, өкінішке қарай, қазақ қаламгерлері арасында әлі де әдеби агенттіктің не екенін, оның қандай қызмет атқаратынын толық түсіне алмай жүргендер бар. Әдебиет және өнер институты қазақ әдебиеті мен фольклорын, өнерін зерттеуде, ұлттық әдебиет пен өнердің тарихы мен теориясын, шығармаларды зерделеп жатыр. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­ситетінде құрылған Абай атындағы Зерттеу инс­титутының да алыс елдерге насихаттауға лайықты жақсы бастамалары аз емес. Ал жүйелі түрде қазақ қаламгерлерінің шығармаларын екшеп, таң­даулы дүниелерді әлемге танытуды ешбір ұйым мойнына алып отырған жоқ. Бірен-саран қаламгерлер ғана өз ынтасымен шетелдік әдеби агенттіктермен байланысқа шығып жүр.

– Сіздер осы күнге қан­дай жетістікке қол жеткіз­діңіздер?
– Жаңа айтқанымдай, мық­ты сыншылармен, әдебиет­танушылармен, қаламгер­лермен бірігіп, біраз қазақ шығармаларын іріктеп, әлем назарына ұсынуға дайындап жатырмыз. Ал кімдердің шығармасын алғанымызды әзірге құпия ұстай тұрайын.

– Қаламгерлер өз шығарма­ларын сіздерге сеніп тапсырып жатыр ма?
– Шығармасы кең таралғанын кім қаламайды? Сол секілді, біз де өз жұмысымыз жемісті болуы үшін қаламгер шығармасына жоғары талаппен қараймыз. Және өз ісімізді жоғары кәсіби деңгейде атқаруға тырысамыз.

– Сіздерге түсетін пайда қан­дай?
– Бірінші кезекте, біз өзімізге келетін пайданы емес, адам жанын ізгілендіру жолында аянбай еңбек етіп жатқан қазақ қаламгеріне көрсетілер лайықты құрметке ие қылуды нысанаға алып отырмыз, егер қаламгердің қанжығасы майлана бастаса, біз де құр қалмаймыз. Әдебиетімізді насихаттау еліміз үшін де маңызды болғандықтан, қазір үкіметтік құзырлы мекемелерге және жеке компанияларға да ұсыныс жасап, қаражатқа қол жеткізуге әрекеттер жасаудамыз. Қалғаны бір Алланың қалауында. Сәтін салса, жеңісті күнге де жетерміз. «Алло» деген бір әні үшін танымал атандырған сазгерге жас әнші өте-мөте қымбат көлікті сыйлап жіберген екен, үлкен мырзалықпен осы жақын арада, бүгін ғана айтылып, ертең ұмытылатын сондай әндерге қарағанда ертеңге аманат болып ұсынылатын әдебиеттің маңыздылығын түсінген қолы күліс қазақ кәсіпкерлері қолдау білдіріп жатса, біз қуана әріптес болар едік.
Ниетіміз – қаламгерлер мен оқырмандар арасында алтын көпір болу.

Әңгімелескен:
Нәзира БАЙЫРБЕК

The post Қазақ әдебиетін әлемге насихаттайды appeared first on .

Viewing all 202 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>