Quantcast
Channel: Сұхбат –Астана Ақшамы
Viewing all 202 articles
Browse latest View live

Ардақ Балажанова, дәстүрлі әнші: МЕНІ ЕЛГЕ ТАНЫТҚАН – «ҚАРА ЖОРҒА»

$
0
0
balazhanova_a

balazhanova_a

Ән сөзіне аса байыппен қарайтын, ән айтқан кезде ұлттық нақышты, ұлттық бояуды жоғалтпауға тырысатын талғампаз әншілердің бірі – Ардақ Балажанова. Сонау 2000 жылы-ақ «Шырқа, даусым» республикалық ән байқауының гран-при иегері атанған ол одан бері де талай бәйгелерден оза шауып, халықтың ыстық ықыласына бөленіп келеді. Әншімен әңгіме барысында ұлттық құндылық, ұлттық болмысты сақтау мәселесі төңірегінде де тұшымды ойлар қозғалды.

Өмірлік жарымды Президент оркестрінде таптым
– Сіздің творчестволық өрлеу жолыңыз Президент оркестрімен тығыз байланыс­ты. Бұл өнер ұжымына қалай келіп едіңіз?
– Мен Президент оркестріне Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының екінші курсын оқып жүргенде, 1996 жылы қабылдандым. Содан бері қарай барлық шығар­машылығым, өнерім де, өмірім де осы оркестрмен тығыз байланысты. Менің тағдырымды оркестрмен байланыстырған Бекболат Тілеухан ағам болатын. Мұны мен тағдырдың сыйы ретінде қабылдадым. Әйтпесе, сол уақытта өнерде жүрген жастар көп болды ғой, бірақ таңдаудың біреуі маған түскеніне қуанамын. Осы оркестрде жүріп мен көп нәрсе үйрендім, сах­наның қыр-сырын, адамдармен араласа білу, өзіңді өнер адамы ретінде сезіну деген сияқты. Бұрын жұмыс істеп көрмеген, әлпештеген ата-ананың аялы алақанында өсіп жатқан адамның кон­серваторияның екінші курсында бірден жұмысқа орналасуы басында оңай болған жоқ. Оның артында үлкен жауап­кершілік тұрды, соны ақтау оңай шаруа емес еді. Үлкен жа­уапкершілікті мойынымызға ерте артқандықтан, репертуарымды шыңдаумен айналыстым. Одан бөлек, өнерде өзімше жаңа жол салуға міндетті екенімді, даралануға тиістігімді сол кезде ерте түсіндім. Егер менің өнердегі жолым Президент оркестрімен түйіс­песе, өзімнің ішкі жан-дүниеме үңіліп, өнер деген шаңырақтың ішінде маған даралануға мүм­кіндік болар ма еді, болмас па еді, ол бір Аллаға аян. Құдайға шүкір, осы ұжымның арқасында дос­тар таптым, орта таптым, сол оркестрден өзімнің өмірлік жан жарымды жолықтырдым. Елбасымен танысуға да мүм­кіндік алдым. 1996 жылы Президентіміздің алдында ән салу бақыты бұйырды, сонда ол кісінің алғысын алған едім. Елбасымыз көрген жерде «Ардақжан, қай әніңді айта­сың?» деп сұрап жататын, бұл да өнер адамының мерейін өсіреді емес пе?! Ал 1999 жылы Президентіміздің арнайы ша­қыртуымен Астанаға келдік. Елордаға бірінші бет түзеген жастар біз болатынбыз. Ке­лесі 2000 жылы Елбасының қолынан үш бөлмелі пәтердің кілтін алдық. Сол пәтер біздің бар бақытымыздың куәсі болды. Үш баламызды тәрбиелеп өсірдік. Өнерде жолдасыммен бірге жұмыс істеп келе жатырмын. Астанаға келген жылы бүгінгі Өнер университетіне жұмысқа орналасып, содан бері кәсібилігімді екі жақтап шыңдап келе жатырмын десем болады. Бірінші, әрине, сах­наға лайықты жетілу, екіншісі – шәкірт тәрбиелеу. Бұған қоса, тәжірибемді ұштай түсіп, репертуарымды кеңейте бас­тадым. Мұғалім болып сабақ беру әрдайым формада болуға, ізденуге септеседі.

– Жастарды өнер жолына баулып келе жатқаныңызға да біраз уақыт болған екен ғой, шәкірттеріңіз көп пе?
– Иә, жаңадан көрініп келе жатқан талантты шәкірттерім бар. Болашақта оларды үлкен сахнадан көремін деп ойлаймын. Олардың бірі – Оңғарбай Айдос. Ол биыл Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжін бітіріп, сол университетке оқуға түсті. Одан бөлек, Әйгерім, Толғанай, Жауһар атты небәрі 16-17 жастағы жас шәкірттерім бар. Олардың бәрі болашағынан зор үміт күттіретін жастар.

Жетігенді жаңғыртқан министр
– Соңғы кезде «Асыл», «Пай-пай» сияқты топтармен бірлесіп бейнебаян түсіріп, «Қазына» сияқты топтармен бірлесіп ән айтып жүрсіз. Бұл өзіңіздің бастамаңыз ба, әлде сондай ұсыныстар жиі түсе ме? Жалпы, шығар­машылық бірлестікке деген көзқарасыңыз қалай?
– Жаңа сөзімнің басында Президент оркестрі жайлы айтып өттім ғой, осы оркестр жанында көптеген өнер ұжым­дары бар. Соның ішінде үр­мелі аспаптар, халық музыка ансамблі, түрлі өнер топтары көп. Солардың бәрі жеке сахнада өнер көрсетіп жүрген музыканттардан құралған. Осы оркестрдің ішіндегі кішігірім топтың біреуі – «Пай-пай». Өнер үштігінен құралған жі­гіттер тобы. Менің жолдасым Марат осы топтың мүшесі. Ең алғашында бұл топ болмаған кезде 2004 жылдары өткен патриоттық әндер байқауына бізден жетігенде ойнайтын музыканттар үштігі қатысқан еді. Байқауда Мадияр Малдыбаев, Марат Хайрушев, Марал Сахметова сынды алғашқы жетігеншілермен бірге «Ағжан-ай» әнін орындаған едім. Бұл әннің идеясын белгілі әнші Бекболат Тілеухан мен керемет музыкант Рүстем Бейсенұлы ұсынған болатын. Сол байқауда мен лауреат атандым. Өнерде топтармен бірлесіп жұмыс жасау содан кейін басталған еді. Жаңа бір сөзімде алғашқы жеті­геншілер деуімнің өз мәнісі бар. Сол уақыттарда Президент оркестрін бүгінгі біздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бас­қарып тұрған болатын. Ол оркестрді жан-жақты жетілдіру үшін 1997-98 жылдары-ақ же­тіген аспабының түр-түрін ал­дырған еді. Оны және әртүрлі экспериментпен жасатты, сол кезде тіпті Саха елінен темірден жасалған «Джатыган» деген жетіген аспаптарын эксперимент жасатуға алдырды. Бүгінде жетігеннің кең қанат жайып, халыққа таралуы сол кездегі Арыстанбек Мұхамедиұлының арқасы деп ойлаймын. Ол кісінің үлкен көңіл бөлуі нәтижесінде бүгінде жетіген осындай биікке көтеріліп, халықпен қайта қа­уышты. Бұл еңбек айтылуы тиіс.

– Сіздің ән жазатын қа­сиетіңіз жақсы әндерді таң­дауда үлкен септігін тигі­зетін шығар?
– Менің ән орындаудан бөлек, ән де жазатыным рас, бірақ оны жария еткен емеспін. Шығармашылық қабілетімді халық әндеріне пайдаланамын. Мысалға, халық арасында ұмытылып бара жатқан әндер бар ғой, сол әннің бастапқы бөлігі белгілі болады да, қайырмасы ұмытылып қалады. Сондайда оның қайырмасын өзім толықтырып жіберемін. Тағы бір қатарына иірімін, қайырмасын қосып, жаңаша айтамын. Бұдан ән бұзылмайды, қайта ұмытылып бара жатқан әндер насихатталады. Жалпы, әннің негізі сақталады. Ұмытылып бара жатқан халық әндерін жаңаша өңдеумен осылай шығарып жібереміз. Кезекті бір әнге сөз іздеп жүргенде, қазақтың керемет ақын қызы Танагөз Ілиясованың өлеңдері қолыма түсті. Мен оның шы­ғармаларына шын мәнінде ғашық болып, іздестіре бастадым. Сөйтсем, ол да Астанада тұрады екен. Екеуміз танысқан кезде «қай жақтансыз?» деп сұрап едім. «Қарағандыданмын» деді. Сонда:

Таулардан іздегем жоқ басқа тірек,
Жүрер-ем, тау қызы боп тасқа түнеп.
Тартады да тұрады шыңға қарай,
Қайратты болғаннан соң жас­та жүрек, – деп, бір шумақ өлеңін оқып бердім. Сосын «Бұл өлеңді Қарағандыда жүріп қалай шығардың? Сен бұл жерде өзіңді емес, мені суреттеп тұрған сияқтысың. Мен Алматы облысының қызымын, тауда өскенмін кезінде» десем, «мен негізі Нарын­қол­дың қызымын» деп күледі. Сөйтсем, оның ата-анасы Қара­ғанды жағына кейін көшіп келген екен, барлық балалық шағы Нарынқолда өтсе керек. Творчестволық байланысқа түскеннен кейін мен оған «бұл әннің тақырыбын «Әлемді сүю» деп алайық, өйткені бұл жерде өзің арқылы әлемді суреттеген сияқтысың, әлемге махаббат жайып тұрғандайсың» дедім, ол қарсылық білдірген жоқ. Осылайша, бұл әнді орындауға кірісіп жатқан кезде, «Асыл» тобының продюсері, әнші қыздары бірге ән айтсақ деген ұсыныс білдірді. Өнерде өсіп келе жатқан жас сіңлілерімнің ұсынысын қабыл алып, «Әлемді сүю» әнін бірге орындадық. Бұл ән белгілі бір деңгейде өз тыңдармандарын тапты. Уақытша «хит» болатын емес, тыңдаған сайын адамға жаңаша ой беретін өміршең ән болды. Негізі, мен өзімнің творчествомда бүгін бар, ертең жоқ болып кететін емес, халық әндері сияқты өміршең шығармаларға кеңірек орын беруге тырысамын.

maxresdefault

Ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпаймын

– «Сен ғана» деген әніңіздің бейнебаяны, меніңше, сәтті шыққан дүние. Махаббат туралы әнге басқа біреу бейнебаян түсірсе, оның идеясы мүлдем басқаша болар еді. Бұл бейнебаянда көк бөрі рухы, киім үлгісінен қазақтың түркілік дүниесі көрініс бе­реді. Басқа бейнебаян­дары­ңыздан да түркілік сарын бай­қалады. Сірә, жаныңызға түркі дүниесі жақын-ау…
– Ол бейнебаяндарды Мұрат Бидосов деген мықты режиссеріміз түсірді. Бейне­баяндардың сәтті шығуына ол кісінің еңбегі зор. Бірақ режиссердің сондай шешім жасауы – кездейсоқ емес. Ол менің ән айту мәнеріме назар аударғаны сөзсіз. Тіпті, жаңа заманға сай ән орындап тұрсам да, ол менің ұлттық дәстүрмен астасып жатқан ішкі болмысымды таныды, бойымдағы түркілік сарынды сезді. Менің образымды дәл тапты деп ойлаймын.
Жалпы, менің барлық жұмы­сымда ұлттық көне реңк бай­қалады. Бала кезімнен тау-тасты, көне қорғандарды ара­лағанды ұнататынмын. Жайлау­да жүрген кезде қалмақтармен қырғын болған жерлерде, қа­малдардың қасында ойнағанда, сол жерлердің құпиясын білуге құмартатынмын. Өзім тұрған Сүмбе ауылында Сейпүл деген көше болды. Сейпүл бір кездері үлкен қамал болған деседі. Көк­темде қар еріген кезде, жоғары жағындағы жылғалардан бас сүйектер де ағып түсетін. Сондай кезде ескі құмыраның сы­нықтарын да тауып алушы едік. Ол қамалдың бір шеті әлі күнге бұзылмай тұр. Сол қамалдан мен орта ғасырдың әсерін сезетінмін, тау-тасты аралап жүріп, бұрынғы өткен ата-
бабаларымыз осы жерде жүріп нендей күйді бас­тан кешірді? Қазақтың басынан өткен не­шебір жаугершілік замандарда осы жерде талай қазақтың арыстаны жер үшін шайқасты-ау. Әсіресе, Жетісу жерінде қалмақ-жоңғарлармен көп шай­қастар өтті ғой. Бұл аймақта ата-бабаларымыздың кейінгі өмірі қалай өрбіді, тағдырлары не болды? Ылғи менің көкейімде осындай сұрақтар тұратын.

Ұлттық өнерді насихаттап, оны ұрпақтың санасына ерте бастан сіңіру үшін мектептерде арнайы пән ашқан дұрыс. Дәстүрлі әншілер жас жеткіншектерге халық әні бойынша сабақ берсе, керемет емес пе?!

Шешем – тарихшы, әкем әде­биетші болғандықтан, оларға «бұл қамалды таудың ең биігіне неге салды?» деген сұрақтарды жиі қоятынмын. Көз алдыма сол замандарды елестетем де, құдды бір сол дәуірге еніп кет­кендей, біресе атқа мініп, біресе жаяулап шауып, өзімдей ба­лалардың алдында қол бастаған батырдай сезініп, атойлап келе жататынмын. Ондай балалық дәуренді бәрі басынан кешкен шығар. Бірақ мені сол жерлердегі көне тарихтың қойнауы үнемі қызықтырды, толғандырды. Содан болар, ішкі болмысыма, ән айту мәнеріме ұлттың көне сарыны біте қайнасып кеткені. Кейбір тыңдаушылар «Сіз ән айтқанда, орта ғасырдың лебін сезінемін», кейбірі «тау­да жүргендей әсер аламын» деп жатады. Бұл, шындығында, біздің ішкі дүниеміздің ар жағында жатқан, ерте дәуірде санамызға сіңген ұлттың көне үні, қанымыздағы бүлкілдеп ағып жатқан көк бөрінің сарыны. Кейде адамдар өздерінің қалай айтып, әнге қосылып жатқанын сезінбей қалады. Біздер тек ән айтушылар емеспіз, сахнада өзімізді көрсету үшін жүрген жоқпыз, өнерді насихаттау­шылармыз, ұлтты тәрбие­леу­шілерміз деп ойлаймын. Сон­дықтан ұлттық құнды­лыққа, ұлттың әні мен жырына мұқият, жана­шырлықпен қарап, ескісін жаңғыртып, ұлттың өзіне қайтарып отыруымыз керек. Ұлтқа қызмет етудің бір жолы осындай. Ұрпақ алдындағы жауапкершілік те өнер адамы үшін ең бірінші орында болуы тиіс. Бүгінгі біздің орындауларымыз ертең мұрағатта қалады. Сондықтан мен қара өлеңдерді таңдаған кезде де барынша талғампаздықпен келуге тырысамын. Мысалы, «Айналайын, қарағым алтыным-ай, ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ай» деген қазақтың қалжыңмен айтылған өлеңін негізі ер адамдар орындауы керек, бізде қыздарымыз да осылай ән салып жатады, бұған абай болу керек. Ертеректе мен де «Үкілі кәмшат» әнін орындаған едім, бірақ ол кезде сөзіне онша мән бермеппін, қазір бұл әнді айт десе де, айтпаймын. Неге дейсіз ғой? Әннің өзі керемет, бұл әнді алғаш жеткізуші менің нағашы апамның Асылхан деген сіңлісі еді. Содан үйренген кезде қазіргідей ойым толысқан маман болғанда, сөзін түзейтін едім. Ал бүгінде қара өлеңдерді шығарар кезде үлкен мән бере­мін. Белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбек ағамыздан 65 жылдан кейін есіне түскен анасының әндерін өз аузынан үйренгенмін. Ол ән «Бедел-ай, бөпем-ай» деп аталады. Оны біз «Қазына» тобымен шығарғанбыз. Бұл әнде туысқа, бауырға, ел менжерге деген үлкен махаббат жатыр. Оның өміршеңдігіне, ұрпақтың игілігіне әлі ұзақ жылдар жарайтынына сенемін.

Мектептерде халық әні сабағы енгізілгені дұрыс

– Кейінгі кезде жастар арасында халық әндеріне деген қызығушылық азайып бара жатқандай, ұлттық өнердің насихатын кеңейту үшін не істеу керек, жалпы ұрпақтың бойындағы ұлтжандылықты қалай дамытуға болады?
– Ұлттық өнерді насихаттап, оны ұрпақтың санасына ерте бастан сіңіру үшін мектептерде арнайы пән ашқан дұрыс-ау деймін. Дәстүрлі әншілер жас жеткіншектерге халық әні бо­йынша сабақ берсе, керемет емес пе?! Әрине, оқушылардың бәрі бірдей әнші болып шықпайды. Ондай мақсат қойылмауы да керек. Бірақ мектепте халық әндерінен сабақ алып, ұлттық рухты, әндегі ұлттық колоритті алпыс екі тамырына сіңірген бала өсе келе өз қағынан жерімейді. Ормандай орысы көп ортада жүрсін, шетелге кетсе де, оның бойына бала жастан сіңген ұлттық ән, ұлттың үні үнемі санасында сайрап тұрады. Ол бір жерде келе жатып халық әнін құлағы шалып қалса, сол бойда тұра қалып тыңдар еді. Бір кезде бала жастан қанына сіңген саз, ұлттың сазы әлдебір халық әуенін естіген сәтте санасында жаңғырып, қанында атой салып жүре бермей ме?! Мектепте бес-алты жыл қолына домбыра ұстап ән салған немесе халық әнін жаттаған бала өскенде бизнесмен болып шықса да, оның жүрегінде «айналайын қарағым, алтыным-ай» деген ән үнемі ойнап жатады. Біз ұлттық өнердің негізін ұрпағымыздың бойына сіңіру үшін осыған үлкен мән беруге тиіспіз.

Біздер тек ән айтушылар емеспіз, сахнада өзімізді көрсету үшін жүрген жоқпыз, өнерді насихаттаушылармыз, ұлтты тәрбиелеу­шілерміз деп ойлаймын. Сондықтан ұлттық құндылыққа, ұлттың әні мен жырына мұқият, жанашырлықпен қарап, ескісін жаңғыртып, ұлттың өзіне қайтарып отыруымыз керек.

– Жетісу өңірінің әндерін, соның ішінде ұмытылып бара жатқан ескі әндерді жинау­мен айналысқаныңызды бі­леміз. Бұған қызығушылық қайдан басталды және қандай жағдайлар әсер етті?
– Менің ескі әндерді жинап, жаңғыртуға деген қы­зы­ғу­шылығымды туғызған – өзімнің анам. Ол кісі халық әндерін сүйіп тыңдайды, біреулер әнді бұзып айтып жатса, қатты қапаланатын. «Өзім айта алмаймын, әйт­песе…» деп күйініп отыратын. Оның өнерге деген құрметі ерекше. Анамның осы хәлін көрген сайын, халық әндерін жинаумен айналысуға қызығушылығым арта түсті. Ұмытылып бара жатқан ән­дерді тауып, оның бұзылмай сақ­талуына үлесімді қосқым келді. Жалпы, менің өнер жолында қалыптасуыма анамның сіңірген еңбегі ерекше. Мен дүниеге келместен бұрын әнші болатынымды білген де сол кісі. Түсінде көріп, жақсылықтың болатынын болжап, қалай жасасам дұрыс шешім шығатынын Құдайға сыйынып отырып айтатын. Ауылда бір керемет ән естіп қалса, «мынадай ән бар екен» деп, бірден маған хабарлайды. Әлі күнге маған ылғи осылай бағыт-бағдар беріп отыратын – менің анам. Халық әні «Қара жорғаны» мен анамның арқасында шығарып едім. Консерваторияда оқып жүргенде, көктемде ауылға барғанымда анам «Қабылбек нағашың (рулас) «Қара жорға» деген бір керемет ән айтып жүр» деген соң, барып тыңдап едім. Шынымен де, бұрын орындалмаған керемет ән екен, бірақ бір-екі жолы ғана, сол қайталана береді екен. Үйреніп алғаннан кейін оған қайырма қостым, тағы бір-екі жолын жалғадым, сөздерін қазақтың қара өлеңдерімен байытып шыққанда, бас-аяғы бүтін бір ән дүниеге келді. «Қара жорға» – менің репертуарымда ерекше ойып тұрып орын алатын ән. Мені халыққа танытқан осы «Қара жорға» әні болатын. Қабылбек ағамыз бұл әнді бұдан бұрын да талай айтқан шығар, бірақ сол өңірден шыққан бірде-бір орындаушы оған назар аудармаған ғой, әйтпесе баяғыда елге таралып кетер еді. Анамның сезімталдығының арқасында «Қара жорға» осылай халқымен қауышқан. Ол әнді «мен композитормын», «мен шығардым» деп айтқан емеспін, негізі, халықтыкі бол­ғаннан кейін, халықтың енші­сінде қалды. Өзімнің ұлттық нақышта шығаратын әндерім бар, болашақта сәті келгенде, тыңдармандарға ұсынамын.
– Әңгімеңізге көп рақмет! Шығармашылық табысқа жете беріңіз!

Сұхбаттасқан:
Меңдолла ШАМҰРАТОВ

The post Ардақ Балажанова, дәстүрлі әнші: МЕНІ ЕЛГЕ ТАНЫТҚАН – «ҚАРА ЖОРҒА» appeared first on .


Амантай ӘУБӘКІРОВ, Астана қаласы ІІД бастығы, полиция генерал-майоры: Қала тұрғындарының тыныштығы қымбат

$
0
0
foto-amantaj

foto-amantaj

Елордалықтар үшін қаланың қауіпсіздігі өзекті мәсе­ле. Осы ретте қаладағы қылмыстың ашылу деңгейі, алаяқтық, ұрлық, криминогендік ахуал туралы Астана қаласы ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровпен әңгімелескен едік.

КІСІ ӨЛІМІ ТҮГЕЛ АШЫЛДЫ
– Амантай Акрамұлы, алдымен, елордадағы қылмыстық жағдайға қысқаша тоқталып өтсеңіз…
– Жалпы, елордадағы қылмыстық жағдай тұрақты. Халықтың өсуі мен ішкі миграциялық үдеріске байланысты қылмыстың 1,6%-ға өскені байқалады. Оның үстіне әкімшілік құқықбұзушылықтың кейбірі қылмыстық разрядқа ауыс-тырылды. Яғни, 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін әкімшілік болып саналған 60-қа жуық қылмыстық құқықбұзушылық Қылмыстық Кодекске енгізілді. Қолданылған шаралардың нәтижесінде аса ауыр емес қылмыс –12,3%, тонау – 9,4%, пәтер ұрлығы – 15,1%, бұзақылық – 44,4%, автокөлікті айдап алып кету 1,4%-ға төмендеді. Сараптамалық көрсеткіш қаладағы жедел жағдайдың тұрақты еке­нін білдіреді. Қылмыстың құры­лымында аса ауыр қылмыс 0,2%-ды, ауыр түрлері 7,8%-ды құрайды. Негізгі 90% үлкен емес және орта ауыр деңгейдегі қылмыстан тұрады.

– Кісі өліміне әкелген қыл­мыстар туралы не айтасыз?
– Бүгінде елордада кісі өліміне әкелген қылмыстың барлығы ашылды. Олардың көбі тұрмыстық жағдай кезінде орын алған.
Сонымен қатар, ауыр алаяқ­тық­тың саны мердігер салым­шылардың қаражаттарын ұрлаған Бектеміров пен тұтыну­шылардың несиесін иемденген Табакованың көп эпизодты қылмыстық істерін жүргізуге байланысты 2,5 есеге өсті. Нақты айтқанда, 369-дан 944-ке дейін. Жыл басынан бері 873 қылмыстық іс тек осы санат бойынша сотқа жолданды.
Біреудің бөтен мүлкін ұрлау үлкен мәселеге айналды. Ол жалпы қылмыстың 57%-ын құрайды. Егер 2014 жылы 21 мың ұрлық тіркелсе, 2015 жылы оның саны 24 мыңға жетті. Ал, биыл 8 айдың ішінде 16 мыңнан астам ұрлық тіркелді. Оның қатарында автокөліктен, құрылыс объектілерінен, пәтерден тонау және ұялы телефон ұрлығы бар.

38 ТОП ҚҰРЫҚТАЛДЫ
– Жыл басынан бері 16 мың­нан астам ұрлық тіркеліпті. Сонда ала жіпті аттағандардың қаншасы құрықталды?
– Жыл басынан бері 38 қылмыстық топ ұсталды. Оның 8-і – пәтер ұрлығымен айналысқандар. Нақтырақ айтсам, биыл Астана қаласының аумағында орналасқан коттедждерден 21 рет ұрлық жасаған Қызылорда облысынан келген «гастролер-ұрылар» тобына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Мұндай пәтер ұрлықтарының алдын алуға консьерждердің қызметі, сонымен қатар тұрғын үйлерде бейнекамера, домофон және басқа да техникалық қорғаныс құралдарын орнатуды көздеген «Қауіпсіз аула» жобасы септігін тигізді.

– Көп қабатты тұрғын үйлер­дің бәрі бейнебақылаумен қам­тылған ба?
– Жалпы, үйлерді күзетуге 200-ден артық консьерж қатысады. «Қауіпсіз аула» жобасы аясында 58 тұрғын үй аумағында ЖБО бейнебақылау жүйесі орнатылған, ПИК қаражаты есебінен 40 аула бейнекамерамен жабдықталған. Тәжірибе көрсеткендей, қауіпсіздік шаралары сақталатын орындарда пәтер ұрлығы кездеспейді. Сонымен қатар, халық арасында, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндірме жұмыстары жиі жүргізіледі. Мәселен, биыл шамамен 700 рет халықпен кездесу өтіп, үйлерді коды бар құлыптар, домофондар, бейнекамералар және күзету дабыл құралдарымен жабдықтау бойынша үгіттеу жұмыстары ұйымдастырылды.

– Автокөлік салондарын үптеп кету бойынша көптеген деректердің тіркелгенін білеміз. Оның себебі неде?
– Дұрыс айтасыз, әрбір алтыншы ұрлық автомашина салондарынан жасалған. Жыл басынан бері осындай 2,5 мың ұрлық тіркелді. Басты себептердің бірі – көлікті қараусыз қалдыру, автотұрақтар мен паркингтердің жетіспеушілігі.

– Елордада қанша көлік бар?
– Қазіргі уақытта қаламызда автопарктер саны өсуде. 343 автопарк тіркелген. Бірақ қалада 22,7 мың көлік бар екенін ескерсек, 174 паркинг пен 53 ақылы тұрақ аздық етеді. Сондықтан көп пәтерлі үйлерді жобалау кезінде оларды бейнебақылау камералары, домофондар, консьерждерге арналған үй-жайлар және басқа да техникалық қорғаныс құралдарымен жабдық­тау мәселелерін, сондай-ақ, күзе­тіле­тін автотұрақтар мен паркингтер желісін кеңейту бойынша ұсыныстар енгізудеміз.
2014 жылдың маусымынан бастап жаңа құрылыс жүріп жатқан аудандарда «Қауіпсіздік шаршысы» жобасы енгізіліп, оның аясында 119 «зияткерлік» камера мен полицияны жедел шақыратын 2 пульт орнатылған. Осы жобаны енгізгеннен бастап, аталған учаскелердегі жағдай жақсарды. Бастапқы кезеңде қылмыс жасау деректері кездесетін, қазіргі кезде қылмыстар саны азайды.

ҚЫЛМЫСЫН ҚАЙТАЛАЙТЫНДАР КӨП
– Қоғамдық көліктерде жасалатын ұрлықтың алдын алу үшін қандай шара қолға алынды?
– Жалпы, «Смарт-Астана» жобасы аясында бейнекамералардың санын айтарлықтай өсіру көзделу­де. Барлық өзекті учаскелер бейнебақылаумен қамтамасыз етіледі. Тіркелген 1,4 мың ұрлық – қалта ұрлығы. Олардың ішінде 80%-ы – қоғамдық көлікте автобустар мен маршрутты таксилерде орын алады. Осы санаттағы қылмысқа қарсы тұру үшін Ішкі істер департаментінің құрылымында қалта ұрлығына қарсы арнайы бөлімше құрылды. Ол оң нәтиже көрсетіп жатыр. Ағымдағы жылы 200-ден астам ұрлық ашылды.

– Қанша автобус бейнекамерамен қамтамасыз етілген?
– «Қауіпсіз автобус» жобасы аясында 500 бағыттағы автобус бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Олар қоғамдық көлік салонымен қоса, сыртындағы жағдайды да бақылайды. Жыл соңына дейін тағы да автобустарда 230 бейнебақылау камерасын орнату жоспарланған.

– Қалта ұрлығы бойынша ұстал­ғандардың көбі – бұған дейін де бірнеше мәрте істі болғандар. Не себепті олар қайтадан ұрлы­ғын жалғастыра беруде, әлде олар­ға қолданылатын жаза жеңіл ме?
– Мәселен, 31 шілде күні №120 бағыттағы автобус салонында Сарбаева есімді қыздың ұялы телефонын ұрлап жатқан жерінен Бейсеков деген ұры ұсталды. Алайда, келуге міндеттелген қол­хатпен босатылды. Екі күн өткеннен соң жазаланбайтынын сезінген ол автобуста Албания азаматшасынан аса ірі көлемде тағы ақша ұрлаған. Автобустағы бейнебақылау камераларының көмегімен оның бір емес, 5 қалта ұрлығына қатысы бары анықталды. Бұл ретте мүліктік залалдың азды­ғына байланысты осындай санат­тағы тұлғаларды қамау прокурорлармен қаралынбайды. Олар босатылып, өзінің қылмыстық қарекеттерін жалғастыра береді.
Тағы біреуі бұрын 10 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған Қарағанды облысы­ның тұрғыны Алдажұманов ағымдағы жылдың мамырында № 8 бағыттағы автобус салонында ұрлық жасады. Тергеуде бола отырып, осы жылдың 25 маусымында қоғамдық көлікте қайтадан ұрлық жасайды. Қылмыс орта деңгейлі санатқа жатқызылғандықтан, оны қарау прокурорлармен кері қайтарылды. Тек үшінші жолы ғана кезекті қыл­мыс жасаған «ұры-қалтаман» қамауға алынды. Осындай ұрылар қамауға алынғанда ғана біздің азаматтарымыздың тыныштығы қамтамасыз етіледі деп ойлаймын.

КҮЗЕТШІЛЕР ҚОСЫЛЫП ҰРЛАЙДЫ
– Астанада жыл сайын 10-15 мың пәтер тапсырылады. 1000-ға жуық нысандарда құрылыс жүріп жатыр. Қарап отырсақ, құрылыс объектілерінде де ұрлық өршіп тұр. Күзетшісі бола тұра неге ұрлық азаймайды?
– Құрылыс нысандарында да ұрлық біршама көбейген. Мұнда құрылыс материалдары, жабдықтар мен саймандар қолды болады. Бұлардың кейбірінде керекті күзет қойылмаған. Кей ретте күзетшілер мен жұмысшылардың өзі де ұрлықпен айналысады. Мысалы, ағымдағы жылдың мамыры мен маусым айы аралығында «Шар Құрылыс» құрылыс компаниясының күзетшілері Құралов, Келесбаев және қойма меңгерушісі Абраевпен бірігіп, осы мекеменің «Алтын-Шар» құрылыс объектісінен 9 млн теңгенің құры­лыс материалдарын ұрлаған. Мұн­дай мысалдар көп. Біршама ұйымдар қаражатты үнемдеу мақсатында қалада жеткілікті болса да, арнайы мамандандырылған күзет құрылымдарына жүгінбейді. Сонымен қатар, велосипед ұрлығы да көп. 1039 велосипед ұрланған. Велосипед ұрлығының негізгі себебі – иелерінің салғырттығы. Өз мүлкін сақтау бойынша ешқандай шара қабылдамай қарау­сыз қалдырып кетеді. Бұл ұрлықпен күресуге болады. Ең болмағанда өз мүліктерін сақтау бойынша қарапайым шараларды қолдану қажет. Ал ірі көлемдегі шығындары бар ұрлықтар, негізі­нен, банктегі немесе валюта айырбастау пункттеріндегі операциялардан кейін жасалады. Осы мекемелерге іргелес жатқан көптеген аумақтарда бейнебақылау камералары орнатылмаған, ор­на­тылған жағдайдың өзінде де техникалық сипаттамалары төмен деңгейде. Мәселен, тамыз айында ғана А.Юровтың «Пульс» айырбастау пунктінен алғаннан кейін машинаның автосалонына қалдырып кеткен 5 млн теңгесін ұрлап кеткен. Елордадағы кри­мино­гендік жағдайға алкоголь өнімдерін сататын ойын-сауық және көңіл-көтеру мекемелерінің саны да ықпал етеді. Мұндай мекемелер мыңнан асады. Нақты осы жерлерде немесе олардың жанында әртүрлі құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасалады. Поли­цияның ұсыныстарына қарамастан көптеген мекемелердің ішінде және оған іргелес жатқан аумақтарда кәсіби күзет, «дабыл нүктесі» ша­қыртулары жоқ. Аталған мәселені шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып бірқатар шаралар жасалуда. Соңғы бірнеше жылда қылмыскерлерді қолға түсіруде 6 полиция қызметкерлері жарақат алып, біреуі қызметтік міндетін атқаруда қаза тапты. Биыл ерлік көрсетіп, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен екі қызметкер III дәрежедегі «Айбын» ордені, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Елордалық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуге барлық күштерін салады.
– Әңгімеңізге рахмет!

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

The post Амантай ӘУБӘКІРОВ, Астана қаласы ІІД бастығы, полиция генерал-майоры: Қала тұрғындарының тыныштығы қымбат appeared first on .

ТИІСТІ ТӨЛЕМНЕН ЖАЛТАРАТЫН ТҰРҒЫНДАР БАР

$
0
0
_mg_0122

_mg_0122

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласының шаруасы шаш етектен. Қазіргі таңда Астанада 2417 көппәтерлі тұрғын үй бар. Осы үйлердің күтімі және лифт, аула, кіреберіс, баспалдақ, шатыр секілді тұрғындарға ортақ қажеттіліктерді талапқа сай ұстау оңай емес. Соған қарамастан елорда тіркелген кондоминиум нысандарының көлемі жағынан республика бойынша алдыңғы орында. Әзірше бұл көрсеткіш 85 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін оның көлемі жүз пайызға жеткізілмек.                                                                           

– Әлихан Жұмаханұлы, сіз басқарып отырған мекеме қашан құрылды? Оның мақсат-міндеті жөнінде айтып берсеңіз?

– Тұрғын үй инспекциясы басқармасы Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 қарашадағы қаулысымен құрылды. Осы бес жыл ішінде Астанадағы тұрғын үй шаруашылығындағы бірқатар мәселелерді бір ретке келтіріп, жүйелей бастадық. Айталық, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде қазандық қондырғыларын жабдықтау, тұрғындардың ортақ қажеттілігіне жататын лифттерді, эскалаторларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын қадағалау, пәтер иелері кооперативтерінің жұмыстарын үйлестіру, жұртшылықтың шағымдарымен жұмыс істеу секілді шаруалар – біздің мойнымызда.

– ПИК демекші, қазіргі күні елордадағы 2400-ден астам үйді басқаруға алған қанша ұйым бар?

– Тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ПИК пен ЖШС-нің жалпы саны – 438. Ал тұрғындардың пәтер иелері кооперативтеріне эксплуатация шығындары үшін төленетін орташа тариф – 45 теңге. Ең төменгісі 23-25 теңгеден басталса, ең жоғарысы 100-150 теңге аралығын құрайды. Алайда жоғары тариф бекітілген тұрғын үйлердің саны барлық қордың екі процентіне жетер-жетпес шамада ғана.

– Жұртшылық пәтер иелері кооперативтерінің жұмысына жиі шағымданады. Мұның басты себебі неде деп ойлайсыз?

– Иә, көп жағдайда жұртшылықтың көңілі ПИК қызметіне тола бермейді. Біз олардың жұмысына сараптама жүргізіп, түйткілді мәселенің неден туындайтынын зерделеп көрдік. Сөйтсек, тұрғын үйлерді кондоминиумге тіркеу мәселесі баяу дамығанын аңғардық. Яғни, көптеген үйлер күтімсіз қалған. Оларды баптап-күтетін нақты ұйым жоқ. Осы мәселені жөнге келтіруге бар күшімізді салдық. Нәтижесінде Астана қаласы тіркелген кондоминиум нысандарының көлемі жөнінен республика бойынша алдыңғы орынға шықты. Бұл көрсеткіш бүгінде 85 пайызды құрайды. Енді 213 үй қалды. Жыл соңына дейін оларды тіркеп бітірмекшіміз.

– Сонда кондоминиумге біріккеннен тұрғындар не ұтады?

– Кондоминиумды тіркеу тұрғындар үшін өте тиімді. Мәселен, кондоминиумның жоқтығын пайдаланып, құрылыс салушылар мен ПИК үйдің ортақ мүлкін тұрғындардың рұқсатынсыз жеке мақсаттарына жаратуы мүмкін. Мысалы, тұрғындардың ортақ меншігіне жататын жертөлені, техникалық қабаттағы бөлмелерді өз бетінше жалға беріп қояды. Одан түскен ақшаны үйдің мүддесіне емес, өздерінің игілігіне ұстайды. Не болмаса, үйді салған құрылыс компаниялары пәтерлерді бөліп берген соң, өзінің үлескер кәсіпорнын ПИК орнына қойып қояды. Ол жауырды жаба тоқып, құрылыс салушының кем-кетігін көрсетпей, жауып жүреді. Ал егер тұрғындар тарапынан «жарық жоқ, подъездер шашылып жатыр, құрылыс заттары сынып жатыр» деген сыңайда шағым түссе, «иә, жасаймыз» деп жұртшылықты алдап-сулап шығарып салып, өздерінің кепілдік мерзімі біткенше уақытты созып жүріп алады. Ал құрылыс компаниясының кепілдік мерзімі біткеннен кейін, ешкім де олардан ештеңе де өндіре алмайды. Ақыр аяғында, ортақ мүлікті бүлдірген, кіре-берісті ластаған, қоқыс тастаған тұрғындар болып шығады. Сондықтан пәтерлерді кондоминиумға тіркеп қойған тиімді. Онда пәтер иелері сол үйдің толыққанды қожасы болып саналады да, басқару органдарын да өздері құрып, өздері таңадй алады. Пәтер иелері кооперативін де өздері таңдайды, тіпті өз араларыннан басқару ұйымын құрып, үйдің жалпы күтімін соларға тапсыра алады.

– Көпқабатты тұрғын үйлердің ортақ қажеттілігіне жұмсалатын электр шығындарды төлеу мәселесі дау болғалы қашан. Астанада бұл мәселе қалай шешіліп жатыр?

– Сіздің пәтеріңіз өзіңіздің жекеменшігіңіз болып саналады. Ал меншігіңізге жатпайтын, бірақ пайдаланбай тұра алмайтын үйдің бөліктері ортақ қажеттіліктер деп есептеледі. Орысша баламасы – общедомовые нужды (ОДН). Еліміздің заңнамалық құжаттарында бұл термин «жалпыүйлік қажеттіліктер» делініп жүр. Сонымен, көпқабатты үйлердің ортақ қажеттіліктеріне нелер жатады: кіре-беріс, жертөле, баспалдақ, лифт, шатыр, аула, алаң, үйге ортақ инженерлік желілер. Дау болып жүргені – осыларды жарықтандыруға, жұмыс істетуге кеткен электр шығындары.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңы бойынша ортақ мүлікке кететін қаржыны пәтер иелері төлеуге міндетті.

«Астанаэнергосбыт» АҚ-ға – тұрғындардың төлегені, ал тұрғындарға – ПИК-тің төлегені тиімді. Осы екі жолдың қайсысын таңдаса да, пәтер иелері бұл шығындарды айналып өте алмайды. Бірақ «ОДН» төлеудің тұрғындарға пайдалырақ тұсы бар. Ол – жиналыс ашып, үйдің ортақ қажеттілігін төлеуді ПИК-тің мойнына жүктеу. Бұл жағдайда пәтер иелері кооперативтерінің тарифі көбейеді. Мәселен, тариф 40 теңге болса, «ОДН» қосылғаннан кейін қайта есептеу жүргізіліп, ол тариф екі, үш не одан көп теңгеге өседі. Тұрғындар келісім берген соң, әрбір үйдің ортақ энергия шығынын тіркейтін есептегіш құрылғы орнатылады. Ол құрылғы коммерциялық тіркеуге алынуы керек. Нәтижесінде ай сайын тұрғын үйдің қанша киловатт энергия жұмсағаны белгілі болады. Тариф есебінен ПИК осы шығындарды төлейді. Осы ретте ПИК тиісті тарифтен артық қаражат жұмсамас үшін үнемдеуге көшеді. Қызметкерлері подъездегі қосулы қалған жарықты сөндіріп жүреді. Лифтінің жұмысын қадағалайды. Сөйтіп, энергияны еріксіз үнемдей бастайды. Осылайша үнемдеуден түскен қаражат та осы үйдің пайдасына жинала береді. Ал үйдің ортақ қажеттілігін пәтер иелері жеке-жеке төлесе, жалпы шығындалған энергия көлеміне бақылау жүргізе алмайды. Ай сайын ЖҮҚ мөлшері құбылып, кейде шарықтап өсіп кететіні де сондықтан. Ондайда тұрғындар «Астанаэнергосбыттан» бір ғана жауап ести алады: «осы айда үйіңіз көп энергия жұмсады»…

– Осы жүйемен жүретіндер бар ма?

– Әрине. Мәселен, Астана қаласының Алматы ауданындағы көппәтерлі үйлердің 90 пайызы ортақ қажеттіліктерді ПИК тарифі есебінен төлейді. Ал Астанадағы бұл көрсеткіш 80 пайыздың үстінде. Жүзге жеткізу бағытында жұмыс жасау үстіндеміз. Бірақ бұл жағдайда тұрғындар тарифке қосымша ақша қосу керектігін ұмытпау қажет.

«Эксплуатациялық шығындарды төлеп жатырмыз. ПИК шатырымызды неге жөндемейді, ауламызды қашан абаттандырады?» дейтіндерді жиі естиміз…

– ПИК тұрғындар есебінен күн көреді. Пәтер иелерінің мақсатты алымдарды жинауына, эксплуатациялық шығындарды төлеуіне қаншалықты қаражат бөлуіне байланысты, ПИК соншалықты жұмыс жасай алады. Одан артыққа жағдайы жетпейді. Айтайық, эксплуатациялық шығындар есебінен бәрін жасау мүмкін емес. Ол қайда кетеді? Төрағаның, аула тазалаушының, еден жуушы, электрик, сантехниктің айлығына, міндетті салықтар тағы бар. Бірақ эксплуатациялық шығындарды тұрғындардың 10-15 пайызы мүлде төлемейді. Олар төлейтін сіз бен біздің есебімізден күн көреді. Былайша айтқанда, «күріш арқасында күрмек су ішеді».

– Төлемегені қалай? Төлемейтін тұрғындарды тәртіпке бағындырудың жолы жоқ па?

– ПИК-тердің «баяғы жартас – сол жартас» күйін кешіп отырғаны тұрғындардың бәрі бірдей тәртіпті болып, заңға сәйкес ортақ қажеттілік шығындарын төлеп жүрген жоқ. Біздің осал тұсымыз – оларға айыппұл да сала алмаймыз. Себебі заң бойынша пәтер иелері ортақ мүліктің шығындарын көтеруге міндеттелсе де, оны орындамаған жағдайда, ешбір әкімшілік жаза қарастырылмаған. Қол байлайтыны – осы. Жалпы ортақ қажеттілік шығындарына кететін энергия төлемін төлемейтін тұрғындарды жауапқа тарту мәселесін мәжіліс депутаттарына жеткіземіз. Министрліктерге хат та жазып жатырмыз. Міндетінен қашқан тұрғындар заң алдында жауап беруге тиіс екені сөзсіз. Қалай болса да, ең алдымен, осы мәселені үкімет шешуі тиіс.

– Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы пәтерлерді жалға алушы тұрғындар пәтер иесі саналмайды ғой. Яғни, ортақ қажеттілік шығындарын кім төлейді бұл жағдайда?

– Бұл мәселеде пәтер кімнің балансында тұрғаны маңызды. Тұрғын үй басқармасы болса, азамат үйді өз атына түсірмейінше, пәтерге жауапты – осы мекеме. Осы ретте келісімшартта қалай жазылғанын білу керек. Жалға алушы соған сәйкес әрекет етеді. Келісімшартта ортақ қажеттілікке кететін энергия шығынын жауапты мекеме өз жауапкершілігіне алуы мүмкін не болмаса тұрғынның төлеуіне міндеттейді. Ең бастысы, келісімшартқа отырған кезде мұқият оқып, «пәленбай пунктімен келіспеймін, себебі…» деуге құқылы. Бірақ жұртшылық бұлай жасайды деп ойламаймын. Себебі бәрі де баспана алғанына мәз болып, алып-ұшып, келісімшартпен келісе кетеді.

– Тұрғындар мен ПИК арасында сенім көпірін орнатуға бола ма?

– ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 320-бабына сәйкес ПИК, кондоминиум секілді қызмет көрсетушілер тұрғындарға тоқсан сайын есеп беруі керек. «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 50-2-бабына сәйкес бұл есеп пәтер иелеріне жазбаша түрде немесе электронды нұсқада тапсырылуы тиіс. Осы мәселені қатаң бақылауға алып жатырмыз. Алдағы уақытта ПИК-тердің жеке сайттары ашылып, онда әрбір қаражаттың қайда жұмсалғаны, қандай жұмыстар жасалғаны жөнінде есептер ашық жарияланады деп жоспарланып отыр.

– Мазмұнды сұхбатыңызға рақмет!

Дайындаған: Мәдина ЖАҚЫП

The post ТИІСТІ ТӨЛЕМНЕН ЖАЛТАРАТЫН ТҰРҒЫНДАР БАР appeared first on .

Қалқаман САРИН, ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты: Ақын – әулие де, әнбие де емес

$
0
0
erm_0804

Талантты ақын Қалқаман Саринді жұртшылық жақсы таниды. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Бірнеше республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы. «Арманымның бейнесі», «Құс жолындағы керуен» атты жыр жинақтарының авторы. Қысқасы, ел аузында жүрген дарынды жас. Жуырда ақынмен жүздесіп, өзінің өмір жолы мен әдебиет туралы ақтарыла әңгімелескен едік.

erm_0804

АЛҒАШҚЫ ӨЛЕҢІМ «АСТАНА АҚШАМЫНДА» БАСЫЛДЫ

– Бір-бірімізді студент кезімізден білеміз. Ол кезде сізді айтыскер ақын ретінде танушы едік. Қазір жазба поэзияның көрігін қыздырып жүрсіз. Қара өлеңге бала кезі­ңізден құштар болдыңыз ба?
– Ауылда туған қазақтың кез келген баласы қара өлеңге ғашық болып өседі. Мен де мектеп жасымнан тығылып өлең жаздым. Оны ешкімге жариялап айтқан емеспін. Өзіммен-өзім сырласатынмын. Даланың тұмса табиғаты, үйіріліп соққан желдің гуілі, құстардың мазасыз шуылы – бәрі де маған өлең айтып тұрғандай көрінетін. Ал айтысты сол ауылда жүрген кезден бастадым. 9-сыныпта оқимын. Мектепішілік оқушылар арасында айтыс өтпек болды. Сынып жетекшім Сәуле Тұрсынғалиева деген кісі еді. Маған «11-сыныптың оқушысымен айтысып көрші!» деп қолқа салды. «Апай, мен айтыспақ түгіл, домбыра шерте алмаймын» деп бұлтарып қашсам да, екі қолымды матап тастады. Шырмауынан шығармай қойды. Ол кісі менің алдымда оқыған ағам мен апа­йыма да сынып жетекші болған еді. Сондықтан ба, «Менің алдымнан өткен Сариндердің бәрі домбыра тартып, ән айтады. Ауылдың, әрі кетсе ауданның намысын қорғап жүрген өнерлі жастар болды. Сен де олардан еш кем емессің. Неге домбыра шертпейсің?» деп, бір деммен қойып қалды. Домбыраны бала күнімнен шертемін. Кейде үйде қолым қалт еткенде, оңашада домбыра тартып, ән айтамын. Бірақ оны көпшілік біле бермейді. Әкем мен анама ғана белгілі. Осы өнерімді ұстазыма әкем айтып қойыпты. «Домбыра шертпегені қалай? Күнде үйде даңғырлатып отырады» депті. Содан сынып жетекшімнің үмітін ақтауға тура келді. Елу шумақ өлең жазып, 11-сыныпта оқитын қызбен айтыстым. Сөйтіп, айтысқа бала күнімнен бейім болдым.

– Соған қарағанда мек­тептегі ұстаздарыңыз сіздің бойыңыздағы талантты ерте байқаған ғой…
– Дұрыс айтасыз. Әрине, адамға талантты Алла береді. Бірақ оны дамытуға, ұштауға ортаның әсері көп. Өз басым туған ауылымдағы мектепте дәріс берген, өнегесін алған ұстаздарыма дән ризамын. Сынып жетекшім болған Сәуле Тұрсынғалиева апайым да өнерден қара жаяу емес еді. Әп-әдемі ақындығы да бар болатын. Әрбір баланың мінез-құлқын жақсы білетін. Оның қандай дүниеге икемі бар екенін де байқап тұратын. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген Бақыт Тұрсынғалиева апа­йымды да ерекше айтып өтуге болады. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болған Төлеген Сүлейменов ағамыздың мен үшін орны бөлек. Мені ақындыққа осы кісілер баулыды. «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, бойымдағы қабілетті аңғара білді. Ақындық талабымды ұштады. Өнерімді дамытуға қолдау көрсетті. Ұстаздың ұстаздығы да сол ғой.

– Бала кезімде Алматыда оқысам деп армандадым. Сондағы қазандай қайнап жатқан әдеби ортаны көргім келетін. Атағынан ат үркетін жазушылармен жүздессек деп ойлаушы едім. Сіз де сондай әсем қалада оқысам деп армандаған жоқсыз ба?
– Әрине, Алматы бала күні­мізден арман қала болғаны анық. Алматыға барып, оқуға түсуге талпынбаған бала жоқ шығар. Руханият пен мәдениеттің ордасы қонған қасиетті жер ғой. Қолымда таңдау болса, мен де сол қалада оқығанды қалар едім. Көпбалалы отбасында ержеттім. Он баланың кенжесі атандым. Біріміз мектепті тәмамдап жатсақ, келесіміз әскерге аттанып, үлкеніміз үйленіп деген секілді кезекпен-кезек тіршілік алмасып жататын. Ол ата-анама оңай салмақ салмайтын. Бәрімізді қатардан кем қалдырмас үшін тырбанып еңбек етті. Қолдағы бар мүмкіндікті жасады. Он баланы жеткіземіз деп, көз алдымызда қартайды. Кейде әкем жоқтық қол байлаған шақта қоңырайып отырып қалатын. Осы бейне әлі күнге дейін есімнен кетпейді. Мектеп бітірген кезде әкем марқұм «Ақмолаға бар, онда табан тірейтін ағаң бар. Бір-біріңе қарайласып жүресіңдер» деп ақылын айтты. Әкенің сөзі – балаға заң, бұлжытпай орындаймыз. Содан қанжығамдағы екі өлең дәптерімді арқалап, Ақмолаға арман қуып келдім. Ақмола педагогикалық институтына (бүгінгі Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті) оқуға түстім.

Айтыс деген – текті, синкреттік өнер ғой. Алайда менің ішкі жан дүниеме жазба ақындық жақын болатын. Түпкі мақсатым да, арманым да осы жанрдың жалынын үрлеу еді.

Алғашқы өлеңім де 1995 жылы қалалық «Ақмола ақиқаты» газетінде (бүгінгі «Астана ақшамы») жарық көрді. Оған сол кездегі осы басылымның бас редакторы Кенже Жұма­ғұлов мұрындық болған еді. Ағамыздың сол уақытта жас ақынның өлеңіне редактор ретінде назар аударып, қолдау көрсеткенін ұмытпаймын. Ақмола – ол кезде алақандай ғана шағын қала. Ешқандай әдеби орта жоқ. Өлең жазам десең, қуанып емес, күдікпен қарайтындар көп. Өлең жазбақ түгіл, қазақша сөйлейтін адам іздейтінбіз. Қазақша сөйлесең, қазақша өмір сүрсең, көштен қалған жұпыны тіршіліктің иесі деп ұқсатып, мүсәпір күйде қарайды. Орыс тілін білсең, озық ойлы азамат секілді көрінесің. Сондай жағдайды бастан кешіп жүргенде, белгілі айтыскер ақын Айбек Қалиев досым мені біраз айтыстарға алып барды. Төрт жыл бойы Қызылжарда өткен аймақтық айтысқа қатыстым. Суырыпсалма өнердің де өз шарты бар. Оған төзімділік, шыдамдылық секілді қасиеттер қажет. Табан астынан тауып кететін тапқырлық, ұшқырлық керек. Айтыс деген – текті, синкреттік өнер ғой. Алайда менің ішкі жан дүниеме жазба ақындық жақын болатын. Түпкі мақсатым да, арманым да осы жанрдың жалынын үрлеу еді.

Ақмолада бірден әдеби орта­ға танылуға, араласып кетуге мүмкіндік болмады. Өлең жазатын жастар сирек. «Ақындар ауылда туып, Алматыда өледі» деген қағиданың қағында тұрған кезі. Сөйтіп, 1998 жылы осындағы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін, Алматыға баруға оқталдым. Сондағы журналистика факуль­тетіне оқуға түсіп, әдеби ортамен жақын араласқым келді. Алайда Алматыға өзім барам деп жүргенде, астананың өзі Ақмолаға көшіп келді.

Елордамыз менің шығар­ма­шылығыма тыныс, жаңа леп әкелді. Бас қала болғаннан кейін, ақын ағаларымыз қоныс аударды. Әдеби ортаның жаңа әлемі қалыптаса бастады. Қа­зақстан Жазушылар ода­ғының филиалы ашылды. Енді бас қаламыз экономиканың ғана орталығы емес, әдебиет пен руханияттың да ордасына айналды. Көптеген жоғары оқу орындары бой көтерді. Жан-жақтан таланты тас жаратын жастардың басы жиналды. Қай­тадан қыран құстай түлеуіме, ақын болып танылуыма осының әсері тиді. Одан кейін өзім де іштей түсіндім. Жырды жазып беретін ешқандай орта емес екендігін білдік. Оның мың батпан бейнетін тартатын өзім екенімді сезіндім. Әрине, студент кезімде де еш­кім қаламымды тартып алған жоқ. Сонда да осындағы әдеби аураның жұтаңдығы сезілетін. Бәйгеге шабар тұлпарлар секілді тыпыршып, қатарыңды іздеп тұрасың. Кейін елордаға жас ақындар көптеп келген соң, бір-бірімізбен шұрқырасып табыстық. Бір өлең жазсақ, соны оқуға асықтық. Тезірек жиналып, солардың көзқарасын, эмоциясын көзбен көргің келіп тұрады. Оның барлығы ақынға тән қасиет деп ойлаймын. Қайта қазір сол үрдісті сирексітіп алдық. Интернетпен ғана тілдесетін жағдайға жеттік. Шынайы да күле алмаймыз. Ғаламтор ақпаратты алмасу жағынан тиімді болғанымен, адами шынайы сезімдерді, құндылықтарды көмескілеп жауып жатқан жалмауыз секілді көрінеді.

erm_0744

АТАЛАР АМАНАТЫНА АДАЛМЫН

– Хакім Абай мен заңғар жазушы Мұхтар Әуезов туған топырақта дүниеге келдіңіз. Алдыңызда осындай алыптар тұрғанда, сізге қара сөз­дің жауапкершілігі екі есе жүктелері хақ. Оны қалай сезінесіз?
– Тұтас алып қарағанда, қа­сиетті қалам ұстаған қалам­гердің барлығы қара сөздің жауапкершілігін терең түсінеді деп ойлаймын. Алайда ұлылар дүниеге келген топырақта туғандықтан ба, өз басым оның қасиетін ерекше сезінемін. Кейде бір жерлестерім Абайды, Шәкәрімді, Мұхтардың есімдерін жалаулатып, олардың атақтарымен жер-көкке сый­ғызбай, өздерін мақтап жатады. Сондай кезде мен қатты қысыламын. Мақтанудың да өз жөні бар. «Біз сол мақтануға лайықпыз ба?» деген ойлар мазалайды. «Ұлылардың ұрпаққа аманат етіп қалдырған шығармаларын өз деңгейінде насихаттап жүрміз бе?» деген сауал қаумалайды. Олардың алдындағы жауапкершіліктің қандай ауыр екенін бағамдай білу қажет. 1997 жылы осы қалада белгілі әнші Гүлмира Сарина апайымның Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығына ар­налған концерті өтті. Біз онда отбасымызбен өнер көрсеттік. Кешті жүргізуші дарынды актер Сәкен Омаров деген марқұм ағамыз еді. Сол кісі маған келіп «Қазір сені Мұхтардың ұрпағы деп таныстырамын. Сахнада өлең оқисың» дегенде, қатты толқыдым. Сонда осы жауапкершілікті алғаш сезіндім. Мына өлеңді толқып тұрып оқыған едім:
«Дана Мұхтардың ұрпағы» дейді,
Мына жұрт мені жиі атап,
Санасыз ерді семірте берер
Сылдыр сөзбенен сый, атақ.
Тұяғы дүлдүл тұлпардан туып,
Тартпасам тарлан тегіме,
Алшаңдап басып, ауыз толтырып,
Айтудың өзі – ұят-ақ.

Тұғыры биік баба мұрасын
Ту қылып ұстап бұл күнде,
Дүбірге толы дүние мынау,
Қосылдым ұлы дүмпуге.
Тай кезінен-ақ тұлпар танитын
Талғамы күшті халқымның
Атаға тартып еңіреп туған
Ерді аңғармауы мүмкін бе?

Бүгінде сол бабаларымыз, дарынды аға-апаларымыз көр­меген құрметті, ілтипатты көріп жүргенде, өз басым ұя­ламын. Жазғандарымыз солар­дың жұрнағына татымаса да, халқымыз сөз ұстаған адамды төбесіне ханша көтереді. Сондықтан шамам жеткенше, аталарымның аманатына адал болғым келеді. Әрі-беріден соң бабаларымыздың саф алтындай тот баспайтын асыл мұраларына қызғыштай қорған болып, келесі ұрпаққа аман жеткізу әрбір қазақтың парызы деп ойлаймын.

– Жастар әдебиеті, жастар поэзиясы дегенде алдымен ауызға ілігесіз. Әдебиет бәйге­сінде өзіңізбен қатар ша­уып жүрген әріптестеріңізге кө­ңіліңіз тола ма?
– Қоғамда жастар әдебиеті туралы сөз көп айтылады. Біреу бар дейді, келесі жоқ деп өзеурейді. Көңілі толмайтындар да жетерлік. Жастарды арқадан қағып қолдайтындар да табылады. Қазір кез келген адам жастар әдебиетіне соқтықпай өтпейтін болды. Әрине, олар туралы аға буын өкілдері айтып жатса, қолдай­мын. Оны жарасымды, ақылға қонымды дүние деп қабыл­даймын. Кезіндегі аузы дуа­лы ақсақалдарды көрген, әдеби ортаның тәлімі мен тағы­лымын алған үлкендердің сөзі бөлек.

«Ұлылардың ұрпаққа аманат етіп қалдырған шығармаларын өз деңгейінде насихаттап жүрміз бе?» деген сауал қаумалайды. Олардың алдындағы жауапкершіліктің қандай ауыр екенін бағамдай білу қажет. 

Сосын жастарды да түйрей бермей, оларға мүмкіндік, қолдау көрсету қажет. Әлеуметтік мәселесін шеше алмай жүрген дарынды жастан әдебиеттің жағдайын сұрау қисынсыз. Мемлекет тарапынан қамқорлық болса дейміз. Әуелі талантқа қолдау көрсетіңіз, содан кейін сұрауға толық хақыңыз бар.

ҚАРА ӨЛЕҢ ТҮРЛІ ТҮСКЕ ҚҰБЫЛМАУ ҚАЖЕТ

– Қазір «жаңаша жазып жүрміз» деген жастарға қалай қарайсыз?
– Әдебиет те уақыт талабымен жаңарып, жаңғырып отырары хақ. Бірақ оның ішкі формасын жойып алмау керек. Қазақтың қара өлеңі түрлі түске құбылмау қажет. Ол сол қалпында сақ­тал­ған жөн. Қара өлеңмен ке­ле­­сі ға­сырға да еркін кіреміз. Әде­биет – қашан да жасампаз өнер. Сондықтан дәстүрлі әде­биет­тің өзегі мен қалыбын бұз­­бай, жаңашылдықпен көш­ке ілесуге болады. Ұлттық әде­биет­тің ұлт мәдениетінде алар орны бөлек.

Қазақтың қара өлеңі түрлі түске құбылмау қажет. Ол сол қалпында сақ­талған жөн. Қара өлеңмен келесі ғасырға да еркін кіреміз. Әдебиет – қашан да жасампаз өнер. Сондықтан дәстүрлі әдебиеттің өзегі мен қалыбын бұзбай, жаңашылдықпен көш­ке ілесуге болады.

– Бүгінде жастар арасында әдебиетке толқын-толқынмен келу үрдісі үзіліп бара жатқан жоқ па?
– Бұрын әдебиеттің қоғам­дағы беделі зор болды. Жазу­шылар дуалы сөз айтатын па­ра­­сатты тұлғаларға айналды. Соны көрген жас ұрпақ әде­биет­ті сүйіп, соған келуге құш­­тарланды. Әде­биетке буыр­қа­нып, буын-буын болып келу про­цесі қалыптасты. Жазу­шы­лық ақ­сүйектік, бек­задалық бол­­мыс­тың иесі ретінде баға­ланды. Солармен халық та, билік те санасып отырды. Қазір құнды­лықтар ауысқан уақытқа тап болдық.
Материалдық байлық алға шықты. Жұртшылықтың әде­биетке қызығушылығы азайды. Осындай техникалық прог­ресс дамыған заманда әдебиетті сүйіп, соған келіп жатқандарды жанкешті деп айтар едім.

– Ақтаңгер ақын Ғафу Қа­йыр­беков Шөмішбай Сариевке «Қос қанатты ақын» деп баға берген екен. Осыны сізге де айту­ға болады. Тәп-тәуір әнге сөз жазасыз. Жалпы, әнге сөз жазудың қиындығы, ерекшелігі бар ма?
– Рас, біраз ел айтып жүрген әндерге сөз жаздым. Бірақ осы тақырыпта әңгіме қозғауға сон­шалықты құлықты емеспін.

ҚАТАҢ ҚАҒИДАМЕН ӨМІР СҮРМЕЙМІН
– Байқасақ, мықты ақын­дардың барлығы 40 жасқа дейін шығармашылығын сарқып берген. Сіз де 40-қа келіп қал­дыңыз. Соқталы бір дүние жазу ойыңызда бар ма?
– Осы сұраққа қарсы пікір де айтуға болады. Кешегі Қадыр мен Тұманбай аталарымыз жамбасы жерге тигенше сар­қылмай жазып кеткен еді.

– Әрине, бірақ олар 40 жасына дейін де өнімді еңбек етті ғой…
– Оған дау жоқ. Алайда мен қатаң қағидалармен өмір сүретін адам емеспін. Осыған дейін екі кітабым жарық көрді. Көрнекті ақын Фариза
апайдың «Кітап шығаруға асықпа» деп айтқаны бар еді. Сан қуып емес, сапаға ерекше мән беремін. Бір өлең жазсам да, елдің көңілінен шықса деп ойлаймын. Көлемді дүние жазу да оңай емес. Әрі ол бір күннің ісі емес. Соңғы кездері осындай дүние жазсам деп, тұңғиық ойларға берілемін. Формасын әлі анықтаған жоқпын. Шарқ ұрып, ізденіп жүрмін. Ол ақын қолтаңбасының тынысы мен шеберлігін көрсетеді. Сондықтан оған әбден дайындалып келсем деймін. Бір жағынан, шы­ғармашылық жоспармен жүрмейді ғой.

– Көпшіліктің арасында көп жүресіз. Соның шығар­ма­шылығыңызға кері әсері тимей ме?
– Жалпы, ақынды әулие немесе әнбие тұту қажет емес. Ол да жұмыр басты пенде. Одан түсініксіз тұлға жасайтындарды түсінбеймін. Біреулер осыған әдейі барады. Мен оған қарсымын. Адамның өзінің іштей таным-түйсігі болады. Өлеңді көпшіліктің ортасында отырып жазбайсың ғой. Оны жазар кезде, тіпті отбасынан да бөлініп кетесің. Ондай сезімді ақындар ғана түсінеді. Ал басқа уақытта, кешіріңіз, ақын болып өмір сүру мүмкін емес. Сенің басқадан алып-жұлып бара жатқан айырмашылығың жоқ, көптің бірісің. Сосын осы елдің бір азаматы ретінде қоғамда болып жатқан әртүрлі жағдайларға байланыс­ты өз үнімді, көзқарасымды білдіріп отырамын. Ол – менің азаматтық парызым. Өзімді-өзім қолдан оқшаулағанды қаламаймын.

– Жақын арада Ұлт­тық ар­на­да сіздің жүр­гізу­­ші­лі­гі­ңізбен бір жоба көрер­менге жол тартты. Ол бағ­дарла­ма­ның көздеген мақсаты не?
– Иә, осы қыркүйек айында Ұлттық арнада «Ойтолғау» деген бағдарламаның тұсауы кесілді. Расы керек, қазір жұрт­шылық даңғаза әуеннен, елпі-желпі шыққан шоудан шаршады. Адамның ішкі дүниесін қозғайтын, парасатты сөз өрбітетін дүниелерді көргісі келеді. Өзім де соны қалаймын. Сол олқылықтың орнын толтыру үшін осындай жобаны қолға алдық. Ұлттық арнаның басшылығы маған сенім артып, осы бағдарламаны жүргізуді тапсырды. Аталған хабардың мазмұны мен маңызы жаныма жақын болғандықтан, келісім бердім. Бұған елімізге өрелі ой айтып, өнегелі іс жасап жүрген танымал тұлғаларды шақырып, ұлт мәселелерін сөз етеміз. Сол алаңда халықтың сөзі мен ойы айтылады. Оның әдеттегідей шоулық сипаты жоқ. Таза ұлттық болмыс пен руханияттың әңгімесін мұрат еткен бағдарлама болмақ.
– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан:
Азамат ЕСЕНЖОЛ

Материалды “Астана ақшамы” газетінің astana-akshamy.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі

The post Қалқаман САРИН, ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты: Ақын – әулие де, әнбие де емес appeared first on .

Ермек ОСПАНОВ, Астана қаласы Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы: ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІ – АСТАНАДА

$
0
0
dsc_0040

Жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді

– Биыл қанша адам жұмыспен қамтылды? Жұмыссыздық дең­гейі өткен жылдармен салыс­тырғанда қанша пайызға түсті?
– Бүгінгі күні елорданың еңбек нарығындағы жағдай тұрақты. Жұмыссыздыққа қарсы күрес бойынша белсенді шараларды қолдану жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді. 2016 жылдың екі тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,7 па­йызды құрады (2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда – 5,2 пайыз, 2010 жылы – 6,2 пайыз).

Елорда жұмыссыздықтың төмен деңгейімен көшбасшы позициясын иеленді, аталған көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 0,3 пайызға төмен.

Елордадағы еңбек нарығы жағ­дайының тұрақтылығы шеңберінде Астана қаласының хал­қын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің 2016 жылға ар­налған кешенді жоспары бекітіліп, оның негізінде жұмыссыздарды, оның ішінде халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамту бо­йынша шаралар қарастырылған. Мемлекеттік көмек көрсету шараларымен 16640 адам қам­тылу жоспарланған. Бүгінгі күні кешенді жоспар 98,7 пайыз орындалды.

Бүгінде жұмыспен қамту мәселелері жөнінде 9964 адам сұраныс жасады, жұмыс­сыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 7980 адам қам­тылды. Жұмыспен қамту ор­ганының ықпал етуімен 5725 адам жұмысқа орналасты немесе жалпы сұраныс жасағандардың 57,5 пайызын құрады, оның ішінде 111 адам әлеуметтік жұ­мыс орындарына және 544 оқу орындарының түлектері жас­тар практикасына жіберілді. Қоғамдық жұмыстарға 1632 адам қатысуда және кәсіби даярлаудан 623 адам өтуде.

Елорда халқын жұмыспен қамтамасыз етуді жақсарту мақ­­сатында Астана қаласы әкімдігімен «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағ­дарламасын іске асыру бо­йынша да белсенді жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылда аталған бағдарлама екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» және «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу».

Бағдарламаның «Инфрақұры­лымды және тұрғын үй-комму­налдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бағытына 53 жобаны іске асыру үшін 1133 жұмыс орнын құру жоспарланған болатын (оның ішінде Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша 577 адам). Бүгінгі күні 45 жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, Жұмыспен қамту орталығы арқылы 502 адам жұмысқа орналасты. «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бағыты шеңберінде 811 адамды қамту қарастырылған. Есеп беру кезеңінде мемлекеттік көмек көрсету шараларымен 836 адам қамтылған.
Жыл басынан бері елордада жұмыссыздарға арналған 9 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды, әйелдерді және жас­тарды жұмысқа орналастыру бойынша нысаналы жәрмеңкелер өткізілді. Сонымен қатар, қала­ның оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша жәрмеңкелер ұйымдастырылды.

dsc_0040

Еңбек қауіпсіздігі – ерекше бақылауда

– Мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекпен қамту қалай жүргізіліп жатыр?
– Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы жұмысының маңызды бағыттарының бірі мүмкіндігі шектеулі адамдарды мемлекеттік қолдау бойынша жұмыс, оларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және оған қоғамдық өмір сүруге тарту болып табылады. 2016 жылға арналған Астана қаласының халықты жұмыспен қамту бойынша кешенді жос­пары шеңберінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік бейімделу жұмысын күшейту бойынша шаралар қарастырылды және 460-тан астам адамды қамту жоспарланған.

Жылдың басынан жұмыс іздеп, 416 мүмкіндігі шектеулі жандар хабарласты, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 493 адам қамтылды, оның ішінде 189 адам жұмысқа орналастырылды (оның ішінде жастар тәжірибесіне – 4 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 16 адам), қоғамдық жұмыстарға кіріскені – 299 адам, кәсіптік оқудан өткені – 5 адам.

– Өндірістегі жазатайым оқиғалар азайды ма? Жалпы еңбек қауіпсіздігін күшейту үшін қандай іс-шаралар жасалып жатыр?
– Өткен жылдың осы кезеңі­мен салыстырғанда 9 ай ішінде 2015 жылы 57 жазатайым оқи­ғадан 2016 жылы 45 жазатайым оқиғаға дейін өндірістік жарақат алу төмендеді. Ауыр жағдайлардың саны 2015 жылы 40 жағдайдан 2016 жылы 26 жағдайға дейін азайды. Өлімге әкеп соққан жағдайлардың саны 2015 жылдың ұқсас кезеңі деңгейінде – 21 жағдайда қалды.

Қабылданған шараларды айтсам, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасын бұзғаны үшін 19 құрылыс объектісі тоқтатылды. Еңбек заңнамасын құқықтық наси­хаттау мақсатында 2016 жыл­дың ағымдағы кезе­ңінде бұ­қа­­ралық ақпарат құрал­да­рында мемлекеттік еңбек инс­пек­торларының 5 рет сөз сөйлеу ұйымдастырылды. Мем­ле­кеттік еңбек инспекторлары қаланың прокуратурасымен бірлесіп, өндірістік жарақат алуды тө­мендету мақсатында құрылыс алаңдарына барумен, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманы түсіндіру бойынша еңбек ұжымдарымен 3145 адамды қамтыған 85 кездесу өткізілді.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша құрылыс компаниялары мен өндірістік кәсіпорын басшыларын және жауапты тұлғаларды тартумен, мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен 7 мәжіліс өткізілді.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары Астана қаласының кәсіпорындарында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу және өндіріс­тік жарақат алудың алдын алу бойынша 38 семинар өт­кізілді. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты қалалық комиссияның жұмысы күшейтілді, онда өндірісте болған ауыр және өлімге әкеліп соққан жаза­тайым оқиғаға жол берген кәсіп­­орын басшыларының есеп­тері тыңдалады. Әлеуметтік әріп­тестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жө­ніндегі үшжақты қалалық комиссияның отырысында 2017-2019 жылдарға арналған Астана қаласында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасы әзірленді және мақұлданды. Басқармада толық көлемде интернет ресурс жұмыс істейді. Деректердің жинақталуы бойынша ақпарат сайтта орналас­тырылады.

Әлеуметтік жәрдемақылар мен жобалар

– Жыл басынан бері қанша адамға әлеуметтік көмек көрсе­тілді?
– Әлеуметтік қолдаумен 130 000 адам қамтылады, оның ішінде 68 631 зейнеткер, ҰОС ардагерлері –153. 20 265 – мүм­кіндігі шектеулі жан, оның ішінде балалар – 3624; 7 097 – көпбалалы отбасылар, 4 103 – көпбалалы аналар.

Астана қаласы әкімдігімен 2004 жылдан бастап жалпы бiлiм беретiн қала мектептерінің түлектерiне, оның ішінде тұлдыр жетімдерге, бала жасынан мүгедектерге, балалар үйі түлектеріне, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала­ларға, көпбалалы отбасы балаларына оқу ақысын төлеу үшiн еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқу үшін Астана қаласы әкімінің жалпы бiлiм гранттары беріледі.
2015-2016 оқу жылдарында әкімнің жалпы бiлiм гранттары бойынша 81 студент оқуларын жалғастыруда. 2016 жылдың 1 қыркүйегі жағдайы бойынша жалпы бiлiм беретiн мектептің 20 түлегіне, оның ішінде тұлдыр жетімдер ішінен 1 адамға, көп балалы отбасылар ішінен 19 адамға әкімнің жалпы бiлiм гранттары берілді. Осы іспетті шаралар жетерлік.

– Қандай әлеуметтік жобалар жүзеге асты?
– Ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы 14 ҮЕҰ-мен 15 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды. Солардың бірін айта кетсем, 1340 мүмкіндігі шектеулі тұлғаға, оның ішінде 522 балаға «Инватакси» қызметін көрсету бойынша 3 үкіметтік емес ұйыммен бірлескен жұмысты қолға алдық. Басқарма қоғамдық институттар өзара қарым-қатынасы жағдайында әлеуметтік жәбірленген топтарды қолдауға қатысты жұмыстар да жалғасуда.
– Әңгімеңізге рақмет!

Орынбек ПАЗЫЛОВ

The post Ермек ОСПАНОВ, Астана қаласы Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы: ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІ – АСТАНАДА appeared first on .

Оңғарбек ҚҰРАЛОВ, Қазақ радиосының Бағдарламалар директоры: қазақ радиосы ел бірлігін нығайтуға үлес қосып келеді

$
0
0
20130923161240-kopiya

ТАРТЫМДЫ ХАБАРЛАРДЫ ПРАЙМ-ТАЙМҒА ҚОЮҒА ТЫРЫСАМЫЗ

20130923161240

– Қаладағы мен дала­дағыны, ойдағы мен қыр­дағыны, атамекені мен жақын шет елдердегі дүйім қазақты ортақ үнге ұйытқан қасиетті қарашаңырақ құ­рылғанына биыл 95 жыл толып отыр екен. Құтты болсын!
– Рахмет!

– Бүгінгі күні еліміздің ақпарат кеңістігінде радио­ның ықпалдылығы қандай?
– Расында, ұлы даланың үніне, тұтас бір дәуірдің дауысына айнала білген Қазақ радиосы бір ғасырға жуық уақыттан бері халыққа қызмет етіп келе жатыр. Көрнекті жазушы, қазіргі қазақ журналистикасының атасы Шерхан Мұртаза ағамызша айтсақ: «Қазақ радиосы – рес­публика мәдениетінің бел омыртқасы. Жылдамдығы жағынан газеттен де, теледидардан да шапшаң». Ал профессор Намазалы Омашевша әспеттесек: «Радио тәулігіне 40 «Правда» газетіне жүк болатын материалдарды эфирге беріп келеді».

Радио – бұл электронды ақпарат құралдары ішіндегі тыңдаушылар үшін, халық үшін ең қолайлы әрі күй тал­ғамайтын ақпарат алу құралы ғой. Радиоқабылдағыш болса болды, ойда да, қырда да, кө­лікте де, ұшақта да, жүріп те, жатып та тыңдай беруге болады. Әрі 95 жыл бойы халықтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған, елдікті ұран етіп, мемлекеттің туын көкте желбіреткеніндей, әуе толқынындағы ұлттың үн байрағына айнала білді. Өзіңіз де білерсіз, 28 қыркүйек күні Қазақ радиосының 95 жылдығына орай Астанадағы «Қазмедиа орталығында» салтанатты шара өтті. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жиынға қатысып, Мемлекет басшысының құт­тықтау хатын оқып берді. Онда радионың торқалы тойы қастерлі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен тұспа-тұс келгенін айта келе: «Тәулік бойы хабар тарататын Қазақ радиосы – ел Тәуелсіздігін тұғырлы етуге қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан бұқа­ралық ақпарат құрал­дарының бірі. Ел бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосуда» делінген екен. Осыған қарап-ақ, Қазақ радиосы елімізде отаншылдық пен ынтымақтың, бірлік пен берекенің орнығуына ықпал етіп келе жатыр деп айтуға болады.

– Сіздердің негізгі тың­дармандарыңыз кімдер?
– Қазіргі кезде Қазақ радиосы әңгіме жанрындағы радиоға айналып отыр. Өйткені, тұтас эфирдің 75 пайызы сөз, яғни мемлекеттік тапсырыс аясындағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, әдебиет, мәдениет, өнерге арналған хабарлар болса, қалған 25 пайызы музыка деуге болады. Бізді 7-дегі баладан 70-80-дегі ата-апала­рымызға дейін тыңдайды десек, қателеспейміз. Оны және күн сайын тікелей эфирге соғылатын жүздеген қоңыраулардан да байқауға болады.

– Радио апта сайын 148 хабар эфирге шығарады екен. Берілетін хабардың мазмұны қалай, қандай салаларға басымдық берілген?
– Тәулік бойы хабар тарататын Қазақ радиосында ақпараттық-сараптамалық, қоғамдық-танымдық, әдеби-музыкалық, жастар мен балалар хабарларына басымдық беріледі. Сонымен қатар, Қазақ радиосы 9 тілде хабар тарататынын да айта кету керек: қазақ, орыс, ағылшын, неміс, корей, ұйғыр, әзербайжан, түрік және татар тілдерінде.

Ал қазіргі кездегі бірқатар жобаларды атап өтсек: Жаңалықтар/Новости күн сайын әр жарты сағатта эфирге шығады. Тәулігіне – 34 ақпа­раттық шығарылым: олардың 17-сі – қазақ тілінде, 17-сі – орыс тілінде. «Қайырлы таң, Қазақ елі!» – ақпаратты-ойын-сауықтық, танымдық бағдарламасы. Күн сайын 7.00-9.00 аралығында. Радиоконференциялар: «100 нақты қадам» – «100 конкретных шагов», «Вопросы – Ответы», «Терроризм», «Денсаулық» және «Sport.kz». Әлеуметтік желілердің тыныс-тіршілігін радио тыңдармандарына жеткізу мақсатында ашылған «Online FM» хабарын айтуға болады.

Әр бағдарламаға танымал блогерлер, әлеуметтік желі қол­данушылары, БАҚ жетекшілері шақырылып, қоғамдағы өзекті мәселелер туралы сөз қозғалады. Қызықты тұстарынан үзінділер әлеуметтік желілерге (Фейсбукке) орналастырылады. Бұған қоса, әртүрлі салалар бойынша тиісті мекемелермен бірлескен жобаларымыз да бар.

– Рейтингісі бойынша қандай бағдарлама көп тың­далады?
– Электронды ақпарат құралдарында прайм-тайм деген нәрсе бар. Ол – ең көп тыңдалатын не қаралатын уа­қыт. Демек, таңертең ел жұ­мысқа әзірленіп, бара жатқан уақыттарда, түскі үзіліске шық­қанда және кешке жұмыстан қайтар мезгілде берілген хабарлар көп тыңдалады.

– Прайм-таймға мазмұны терең хабарларды қоюға тырысасыздар ма?
– Әрине, мазмұны терең және көпшіліктің сұранысына сай хабарларды қоюға тырысамыз.

Мазмұн дегеннен шығады, Қазақ радиосы соңғы жылдары аудиокітап нұсқаларын эфирден бере бастаған. Қазіргі кітап оқылмайтын заман үшін бұл тыңдаушыға таптырмас тәсіл деп есептейміз. Мәселен, Қазақ радиосының директоры Махат Садықтың бастамасымен заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының тұңғыш рет аудионұсқасы әзірленіп, Қазақ радиосынан да, «Шалқар» радиосынан да эфирге берілді. Оны диктор Аманжан Еңсебайұлы оқыды. Қазақтың даңқты батыр-жазушысы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», «Наша семья» хикаяттарын да эфирде екі тілде сөйлеттік.

Сол секілді, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолына арналған «Автобио-гафия. Нурсултан Назарбаев» атты 28 сериялық жобасы, «Мыслями с народом поделюсь» шығармасы Ресейдің «Радио России» радиостанциясымен бірлесіп эфирден берілді. Бұл хабарлар Ресейде де таратылып, екі елдегі радиосайттарға да қойылды. Бұдан басқа, Елбасының еңбектері бойынша әзірленген «Қазақстан жолы», «Казахстанский путь», «Ой бөлістім халқыммен», «Өрелі өмір өнегесі», «Еуразия жүрегінде», «В сердце Евразии» кітаптары эфирден оқылды. Ал алда ҚР Тұңғыш Президентінің әр жылдарда жарық көрген кітаптарынан, мақалалары мен сөйлеген сөздерінен іріктеліп алынған толғамдары мен қанатты сөздері «Жылдар мен ойлар», «Времена и думы» радиосериалдарында берілмек.

– Радио – шекара дегенге бағына бермейтін ақпарат құралы. Осы ретте, Қазақ радиосының халықаралық байланыстары қандай?
– Қазақ радиосы шетелдік ра­диостансалармен әріптестік байланыс орнатқан. Мәселен, жазушы Александр Бектің «Волоколамское шоссе» рома­ны­ның 134 сериядан тұратын аудионұсқасын «Мир» радиостансасы әзірлеп ұсынды. «Мир» радиостансасының ТМД мен Грузия мәдени өмі­рінің маңызды оқиғалары туралы апта сайын шығаратын «Это – мы!» бағдарламасына да атсалысып, онда Қазақстандағы маңызды мәдени жаңалықтар туралы апта сайын хабарлап отырамыз. Бұл хабар Қазақ радиосымен қатар, ТМД елде­ріне және Грузияға тараты­лады. Мұндағы мақсат – ТМД елдерінің жаңалықтары негі­зінде бірыңғай мәдени-ақпа­раттық кеңістік құру болып табылады.
Бүгінде Қазақ радиосы «Радио Россий» және Беларусь радиостансаларымен де әріптестік орнатқан. Мәселен, «Астана-Мәскеу», «Астана-Минск» радиокөпірлерінде екі елге ортақ білім, мәдениет, туризм сынды тақырыптар тал­қыланады.

– Бүгінге дейін көпшілік ықыласына бөленген, ең ер­теден келе жатқан бағдар­ламаларыңыз қандай?
– «Жаңалықтар» «Қалам­гер», «Денсаулық», «Інжу-маржан», «Заңгер кеңесі», тағы басқалар.

ҚОРЖЫНЫМЫЗҒА ТҮСКЕН 100 ӘННІҢ 20-25-і ҒАНА ЖАРАМДЫ БОЛЫП ШЫҒАДЫ

– Музыка Қазақ радиосы бағдарламаларының 25 пайызын құрайды екен. Ән мәтіндеріне келгенде қоғамда жиі сын айтылады ғой. Радиодан берілетін музыкалық туындылар көркемдік кеңес­тің іріктеуінен өте ме?
– Әрине, іріктеуден өтеді. Қай кезде де Қазақ радиосына қабылданатын музыкалық шығармалар Көркемдік кеңес­тің қарауынан өтіп барып, эфирге жолдама алатын бол­ған ғой. Бұған дейін эфирден берілетін ән-күйлерді Төле­ген Мұхамеджанов, Жоламан Тұрсынбаев, Секен Тұрыс­беков, Балнұр Қыдырбек, Нұр­тілеу Иманғалиұлы, оның алдында Әшірбек Сығай, Берік Жүсіп, Көпен Әмірбек, Серік Сейітман секілді тұлғалар қарап келген болатын.

– Редакцияға жолданған әндердің жарамсыз болып қайтарылатын жағдайы жиі бола ма?
– Болады. Мәселен, тоқ­са­нында қоржынымызға 100 ән түссе, соның ары кеткенде 20-25-і ғана эфирге жарамды болып келеді де, қалғандары електен өтпей қалады. Мұндайда әннің сөзі, музыкасы, орындалуы, көркемдік сапасы – бәрі жеке-жеке тыңдалып, сынға алынады.

– Бұрын жаңағы тұлғалар қарайтын дедіңіз ғой. Қазір кімдер қарайды?
– Қазір Көркемдік кеңестің жаңа құрамы жасақталып жатыр…

– Қазақ радиосын қасиетті қара шаңыраққа айналдырып, құнын арттырып отырған бірден-бір нәрсе ел арасында «дауыстар музейі» аталатын «Алтын қор» екені белгілі. «Алтын қорда» қазір қанша материал бар?
– Расында да, бір ғасырға жуық уақытта Қазақ радиосының эфирінен небір хабарлар бе­рілді. Оларда қоғамдағы ма­ңызды оқиғалар талқыланып, ұлт әдебиетінің алыптарына айналған ақын-жазушылардың шығармашылығы насихатталды. Сондағы тұлғалардың дауыстары қазір Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталған.

Қазақ радиосының 1948 жылдан бері жинақталған «Алтын қорында» жалпы хронометражы 20 мың сағатқа жуық үнтаспа бар екен. Ол үнтаспалардың жалпы саны 100 мың данадан асады. Бүгінде бұл үнтаспалар қазіргі заманғы технологиялар талаптарына сәйкес цифрлық форматқа көшіріліп жатыр. Бұл процесс біршама уақытты талап ететіні сөзсіз.

– Оларды жоғалтып алу қаупі жоқ па? Жалпы сақ­талуы қалай?
– «Алтын қордағы» үнтас­палардың сақталуы ойдағыдай деп айтуға болады. Жоғалып, өшіп кету қаупі бар үнтаспалар реставрациядан өткізіліп тұ­рады. Мұндай өңдеуден өткен шығар­малар эфирде де беріліп жүр.

– Ал бүгінгі күні «Алтын қор» толықтырылып отыр ма?
– Әрине, «Алтын қор» то­лықтырылып келеді. Кезінде үнтаспаларды сақтауға орын тапшы болғандықтан, көп шы­ғармалардың, хабарлардың, му­зыкалардың ішінен ең қажетті дегендері ғана сұрыпталып алын­ған болса, қазір ондай қиын­дық жоқ. Мәселен, Кіші көркемдік кеңестің шешімімен «Інжу-маржан», «Терме» хабарларының авторы Қошан Мұстафаұлының соңғы 5-6 жылда 400-дей хабары «Алтын қорға» қабылданды. «Күй-ше­жіре», «Наридірген» ха­бар­ларының авторы Сәр­сенғали Жүзбаевтың 200 хабары, жазушы Темірхан Мом­бек­ұлының «Отырар кі­тап­ханасы» хабары, басқа да бірқатар журналистердің хабарлары қорға қабылданды. Аманжан Еңсебайұлының «Қа­ламгер: қазақ әңгімелері», Ләззат Қапышеваның «Өмірдің өзі новелла» хабары, Бақыт Жағыпарұлының «Қазақ руханияты», Серік Сейітманның «Зиялы қауым», «Парыз», Жанат Жанұзақтың «Ел аға­лары», «Кәусар», Нұржамал Хасанқызының «Қаламгер: поэ­зия антологиясы», т.б. сияқты хабарлары көп жылдарға дейін маңыздылығын жоймақ емес.

ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРІНДЕ ЕҢ БІРІНШІ ҚАЗАҚТЫҢ ТӨЛ РАДИОСЫ СӨЙЛЕП ТҰРУЫ КЕРЕК

– Радио дегенде ғалым, жазушы Ақселеу Сейдімбек ағамыздың: «Астанамыздың орталық алаңында, орталық саябақта ылғи «Русская радио», «Европа плюс Казахстан» қойылып тұрады. Неге «Европа плюс Казахстан» болуы керек? Алаңда неге «Русская радио» самбырлап тұруы қажет? Осы мәселені неге көтермейсіңдер?» деген сөзі ойға оралады…
– Дұрыс айтасыз. Қазақтың жерінде ең бірінші қазақтың төл радиосы сөйлеп тұруы керек. Өйткені онда мемлекеттік мүдде, ұлт саясаты, әлемдегі және өз еліміздегі соңғы жа­ңа­лықтар, қала берді қазақ әуендері, әні мен күйі бар. Бірақ, өкінішке қарай, бізде отан­шылдық рух жетіспейді. Дегенмен, көңіл қуантатын жәйттер де бар. Мәселен, соңғы бір жыл шамасында Оңтүстік Қазақстан облысындағы тілшіміз Ерсұлтан Әмірбектің бастамасымен, облыстық Мәдениет басқармасының басшысы болған Күлия Айдарбекқызының ық­палымен аймақтағы ірі орта­лықтарда, аудандардағы мәде­ниет сарайларында, сауда үйлерінде, көшеде, жалпы 25-30 жерде Қазақ радиосы мен «Шалқар» радиосын таң азаннан кешке дейін қосып қойды. Осының өзі-ақ қазақ халқының ұлттық үрдістерге оралуына оң әсер етері сөзсіз.

Осы дәстүр еліміздің барлық аймақтарына, облыс, қала, аудан, ауылдарға үлгі боп, жалғасын тапса дейсің. Дегенмен, «көш жүре түзеледі», оның да реті келер.

– Оңтүстікте жүзеге асқан сол бастаманы енді Алматы мен Астанада жолға қоюға болмай ма? «Қазақ радио­сы» басшылығының өзі осы мәселені қолға ала алар ма еді?
– «Қазақ радиосы» басшы­лы­ғының өзінің көпшілік орын­дарға радио қостырып қоя алатындай механизмі жоқ. Сондықтан, мұндай бастаманы өзін «Қазақстанның патриотымын» деп санайтын белгілі дәрежеде қолында билігі бар азаматтар іліп алып, жал­ғастырса, құба құп болар еді.

– «Қазақ радиосы» алдағы уақытта тыңдармандарына қандай жаңа бағдарламалар ұсынуы мүмкін?
– «Тәуелсіздікті жырлаймын», «Зарубежные послы о Казахстане», «Өзекжарды», «Алматы түні. Танымал тұл­ғамен сұхбат» хабарлары биыл жарыққа шықса да, қазірге дейін өз тыңдаушысын тауып үлгерді. Ал осы жаңа маусымда тағы да бірқатар жаңа жобалар қолға алынып отыр. Олар: «Қазақ радиосы ұсынады» – Ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламалары, кредит және субсидия алу, кәсіпкерлікті қолдау, т.б. мәселелеріне түсінік беру; «Прокурордың 100 кеңесі» – «100 советов прокурора» – Қазақ радиосының Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасымен бір­лескен жобасы, тағы басқалар.

Қазақ радиосы алда тағы бір ірі жобаны қолға алмақ. Ол «Біздің ел осындай!» ра­дио­байқауы деп аталады. Ән-шеру форматында жүретін байқаудың қорытындысы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында шоу-концерт түрінде қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталады.

Сөз соңында айта кетейік, Қазақ радиосының ресми сайты (http://kazradio.kaztrk.kz/kz) 2006 жылдың 8 тамызынан жұмыс істейді. Радиомызды online-режимде және мобильді қосымша арқылы әлемнің кез келген нүктесінен тыңдауға болады.

Қазіргі кезде «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамындағы Ра­диохабар тарату дирекция­сында 4 радио бар. Олардың эфирге шыққанына биыл Қазақ радиосына – 95 жыл, «Шалқар» радиосына – 50 жыл, «Астана» радиосына – 17 жыл, «Classic» радио­сына 5 жыл толып отыр. Тәуел­сіз
Қазақстанымызбен бірге ал­дағы уақытта да қазақ радиосы қарыштап дами бере­тініне сенім мол.

Әңгімелескен:
Нәзира БАЙЫРБЕК

The post Оңғарбек ҚҰРАЛОВ, Қазақ радиосының Бағдарламалар директоры: қазақ радиосы ел бірлігін нығайтуға үлес қосып келеді appeared first on .

Мемлекеттік қызмет – жауапкершілігі үлкен міндет

$
0
0
img_2751-kopiya

Елордада 69 мемлекеттік мекеме болса, онда 3500-ден астам қызметші жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысындағы азаматтармен қарым-қатынасы, қызмет көрсету сапасы үнемі бақылауда. Мемлекеттік қызметте тәртіп бұзған кейбір азаматтар арнайы кеңес отырысында тәртіптік жазаға тартылады. Жалпы, астаналық мемлекеттік қызметшілердің міндеті, олардың біліктілігі, мемлекеттік мекемелерде кездесетін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Астана қаласы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Тілеген Қаскинмен әңгімелескен едік.

Тілеген ҚАСКИН,
ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы

img_2751

– Тілеген Төлегенұлы, абыройлы міндеттің бірі – мемлекеттік қызмет. Осы салада жұмыс істейтін елордалық азаматтардың бүгінгі құрамы мен біліктілігіне көңіліңіз тола ма?

– Мемлекеттік қызмет, әрине, үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Мемлекеттік саясатты дұрыс жүзеге асырып, азаматтарға сапалы қызмет көрсетуге міндеттейді. Астаналық мемлекеттік қызметшілердің қазіргі жағдайына талдау жасасам, мемлекеттік органдарда 3966 азамат жұмыс істейді. Жергілікті атқарушы органдарда – 932, орталық мемлекеттік органдарда – 3034. Оның ішінде, саяси мемлекеттік лауазымда – 6, «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымында – 9 және «Б» корпусында – 3517. Мемлекеттік қызметшілердің 60%-ын әйелдер құрайды. Ал, қызметшілердің басым бөлігі – 30 жасқа дейінгі азаматтар. Жоғары білімділер – 93%.

– Қызметке қабылдану конкурс бойынша жүргізілетіні белгілі. Жыл басынан бері қанша конкурс ұйымдастырылды?
– Мемлекеттік органдардағы 1362 әкімшілік қызметке азаматтарды қабылдау үшін 343 конкурс өткізілген болатын. Өткізілген 343 конкурсқа 346 адам бақылаушы ретінде қатысса, эксперт ретінде 304 адам қатысты.

– Өзіңіз білесіз, сыбайлас жем­қорлық көп жағдайда мемлекеттік органдарда кездеседі. Оның алдын алу үшін қандай жұмыстар атқарылуда?
– Департамент 18 мемлекеттік органның қызметіне талдау жүргізген еді. Нәтижесінде, 250 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда еке есеге артқанын білдіреді.
Жалпы, мемлекеттік қызметшілер үшін өткізілген іс-шаралардың пайдасы көп. Жыл басынан бері 136 семинар және дәрістер өткізілсе, оған 6 мыңнан астам адам қатысты. Мысалы, Департамент «Нұр Отан» партиясының «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» бағдарламасы аясында Астанада мейманхана ашып кәсібін дөңгелеткен кәсіпкерлерге мемлекеттің жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын түсіндіру бойынша іс-шара өткізді. Конституция күніне «Ата Заң – құқықтық мемлекет қалыптастыру жолын белгілеген Қазақстан халқының тарихи таңдауы» қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция да көптің қызығушылығын туғызды. Жиында Ата Заңды құрметтеу, оның ережелері, заманауи, құқықтық мемлекет туралы айтылды. Одан кейін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін қамтамасыз етудің, мемлекеттің функцияларды әлеуметтік-мәдени жүзеге асырудың бір негізі» тақырыбында мемлекеттік кәсіпорындар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, үкіметтік емес ұйым басшыларының қатысуымен қалалық конференция өтті. Ал, Ұлттық бюро департаментімен бірлесе заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сұрақтары бойынша «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» Акционерлік қоғамының қызметкерлер ұжымымен түсіндіру кездесуін өткіздік. Бес реформаны іске асыру бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдарды әзірлеуді қамтамасыз ету және БАҚ-қа жіберу мақсатында 2000 буклет құрастырылып, таратылды. Департамент бойынша телефон және мекенжай туралы жазылған ақпарат, тіпті БТТ төлем тізімдемесіне енгізілді.
Әдеп жөніне келсек, Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен «КАМЕДА» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Азаматтық бақылау» жобасын ұйымдастырдық. Ол бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі» тақырыбында семинар-кеңес өткен еді.

– Бір сөзіңізде мемлекеттік мекемелер қызметіне талдау жүргізілді деп айтып қалдыңыз. Нақты қай мемлекеттік органдарда жемқорлық көп тіркелгенін айта кетсеңіз?
– Нақтырақ айтсам, ұйымдас­тырушылық-әкімшілік қызметте 87 дерек тіркелді. Өткен жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 61%-ға артқан. Сонымен қатар, жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері –27, сатып алу бағаларын (тауар­лар, жұмыстар, қызмет көрсетулер) жоғарылатудың 20 фактісі анықтады. Нәтижесінде, мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша жалпы сомасы 181 913 710 көлеміндегі бюджет қаражатының тиімсіз шығындарына жол берілмеді.

– Әдеп жөніндегі кеңес отырысында көптеген тұлғалар жауапқа тартылып жатады. Осы уақытқа дейін қанша лауазымды тұлғаның тәртібі қаралды?
– Әдеп жөніндегі кеңестің 5 отырысы өткізілді, онда 25 мәселе қамтылды. Оның көбі басшылық лауазымдағы азаматтардың тәртіптік ісіне қатысты. Отырыс соңында екі азаматқа сөгіс жарияланса, біреуіне ескерту берілді және біреуіне жұмыстан шығартуға ұсыныс енгізілді. Сонымен қатар Білім, Денсаулық сақтау, Мәдениет, мұрағаттар мен құжаттамалар, Ішкі саясат және Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану жұмыс қорытындылары тыңдалды.

– Енді қызмет көрсету саласына ойыссақ. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы қандай?
– Мемлекеттік мекемелердің берген есебіне сүйенсем, 2016 жылдың тоғыз айында 7 306 148 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік қызмет көрсету 131%-ға өскен.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің 64%-ы стандартқа сәйкес көрсетілген. 18%-ы Мемлекеттік Корпорация филиалдары немесе «электрондық үкімет» порталы арқылы ұсынылған. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде 67 коллизиялық және проблемалық сұрақтар анықталды. Осыған байланысты мамыр айында Департаментпен және Астана қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен бірге әрекет ету жөнінде меморандумға қол қойылды. Меморандум бойынша жаңа жұмыс тобы құрылып, халыққа қызмет көрсету кезіндегі проблемалық сұрақтарды оңтайлы шешуді, азаматтардың мемлекеттік қызмет алу барысында әкімшілік кедергілерді болдырмау мақсатын көздейді.
– Әңгімеңізге рахмет!

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

The post Мемлекеттік қызмет – жауапкершілігі үлкен міндет appeared first on .

Қайрат БАЕКЕНОВ: Әнші халыққа жұмбақ болу керек

$
0
0
78

Оның әндері талай жұлдыздың бағын ашты, хит-парадтардың үздігі боп танылды. Өйткені әуендерінің келесі нотасының әуезін болжау қиын. Ешкімнің шығармашылығына жиендік жасамайтын Қайрат Баекенов құрған «Формат» тобы да қазақ эстрадасына жаңа леп әкелгені сөзсіз. Талғамы ерек астаналық әнші, сазгермен әңгімелесудің сәті түсті.

85-2

Әуеннің гармониясын сеземін

– Бүгінде «Қайрат Баекенов ән жазса, міндетті түрде хит болады» деген стереотип қалыптасты. Танымал ән жазудың сырымен бөліссеңіз?
– Ән жазғанда үнемі ой үстінде жүремін. Тыңдаушы құлақты жалықтырмайтын, соңына дейін сүй­сініп еститін ән болса деймін. Ха­лыққа таратпас бұрын мың рет тың­даймын. Өзімді зе­ріктіріп жіберсе, жарыққа шығармай қоямын. Әуеннің мелодикасын, гармониясын жақсы сеземін. Жаңа әнімді ауылда айтсам, ата-әжелер қалай қабылдайды? Заманауи жас­тар не дейді? Көз алдыма жиі елестетемін.
Әнді коммерциялық тұрғыда жазсам, әуелі әншінің сөйлеген сөзін, қимыл-қозғалысын ба­қылаймын. Орындаушымен әңгімелесіп, мінез-құлқын тануға тырысамын. Бұрынғы концерттерін қарап шығамын. Өйткені ән өзіңе арнап тігілген киім секілді. Табиғатыңа тұп-тура, жарасымды болу керек.

Алғашқы әнімді «АБК» орындады

– Өнер жолыңыз неден басталды?
– Өзім Жезқазған облысының Сәтбаев қаласынанмын. 16 жасымда «Ұлар» деген ән шығарып, достар арасындағы отырыстарда домбыраға қо­сып айтып жүретінмін. Бірде жерлесім Қыдырәлі Болманов естіп, ұнатып, әнімді сұрады. Сөйтіп алғашқы туын­дым – «Ұлар» сахнада «АБК» тобы­ның орындауында шырқалды.
Он алты жасымнан жиын-той, рес­торандарда ән айттым. Синтезатор алып, сол шақтағы танымал әндердің минусовкасын құрастырып жүрдім. «А-Студио», Максим Фадеев, «Браво» тобының әндерін наушникпен тыңдап, музыкасының ерекшеліктеріне мән беретінмін. Жезқазған мемлекеттік колледжінің «Халық аспаптар бөліміне» оқуға түстім. Кейіннен мектепте ән-күй сабағының мұғалімі болдым. Оқушыларға домбыра тартуды үйрететінмін.

78

– Эстрадаға кеш келуіңіздің себебі неде?
– Би үйірмесінің жетекшісі Айдос Бекмағанбетов деген жігіт болатын. Мектеп бас­шылығы екеумізге дуэт құрып, 1999 жылы «Жас қанат» рес­публикалық ән байқауына қатысыңдар деп қоймады.
Орын алмадық. «Үздік компо­зитор» атандым. Кейіннен те­ледидардан өз түрімді көріп, «Мә, бұл мен бе?» деп, сахнаға енді шықпайтындай болдым.
«Камера мені сүймейді, теле­видениені қайтем, осылай тыныш қана ән жазып жүре берейін» деп ойладым. Өзімді қатты сынадым, өзіме қашан да көңілім толмайтын.

Астанада шабытым шарықтады

– Астанадағы шығарма­шы­лығыңыз қалай өрбіді?
– Қарағандыда өсіп-жетіл­діретін өнер ортасы болмады. 2001 жылы Астанаға көштім. Бірден «Бәйтерек» тобы іздеп келіп, әндерімді тың­даған соң: «Барлық ақша­мыз­ды салайық, бізбен жұмыс істеші» деді. Тынысым ашылды. Шабытым шарықтады. «Сен», «Ханшайым» әндерім халыққа танылды. «Бәй­те­рекке» альбом жаза бастадым. 2004 жылы Конгресс-холда олар алғашқы концертін беретін болды. Сайлау, Ерлан, Нұркендер сол кеште менің де ән салуыма қолқа салды. «Махаббат мұңы» деген әнімді орындап шықтым. Жеке дауыс­пен Астана сах­насында бірінші рет өнер көрсеткенім сол еді.

«Формат» мейрамханада құрылды

– Жеке дауыспен дейсіз, кейін бірақ топпен шығып жарқ еттіңіз ғой…
– Иә, топ құру арманым еді. «Әй, бірақ қиын шығар» дейтінмін. 2006 жылдың 8 нау­рызында бір мейрамхана ән айтып кетуімді өтінді. Келіскен музыканттары келмей қалыпты. Мейрамхана қожайындары түріктер екен. Дауысымды естіп, дастарқан жайып, құр­мет көрсетті. Аудармашы арқылы тілдестік. Жібергілері жоқ мені. «Айт, не қалайсың? Бәрін істейік. Тек бізде жұмыс істеуге қал» деп қоймады. Арманым ойымда қылаң беріп, «маған аппаратура, гитара, барабан алып беріңіздер, группа жинаймын» дедім. «Жалғыз айтсаң, пайдаңды да ешкіммен бөліспейсің ғой» деп, мені райымнан қайтарғысы келді. Ақыры дегеніме көнді. Сөйтіп, сол жылдың 4 мамырында «Формат» тобын құрдым. Бес жылдай әріптестіктен соң олар жан-жаққа тарап, топтан кетіп қалды. Қатты күйзелдім. Әрі қарай не істерімді білмедім. Шығармашылық то­қырау көпке созылмады. «Әр нәрсенің қайыры бар деген» рас екен. Бір аптадан кейін мүлде жаңа құрам жиналды. Тіпті, бұрынғы «Форматтан» бөлек, күштірек. Көз алдарыңызда жарқырап жүрген қазіргі «Форматтың» әр мүшесі – жоғары білімді, нағыз профессионалдар. «Қап, мен де оқуымды жалғастырғанымда ғой! Жоғары кәсіби білімдерің бар, қандай жақсы» деп қы­зыққанымда, олардың жауабы тіпті ойландырып қояды. «Қайреке, қайта әрі қарай оқымағаныңыз жақсы болған. Әйтпесе әндеріңіз шең­берден шықпай, стандарт болар еді. Ал сіздің қиялыңыз еркін шарықтайды. Уайымдамаңыз, ережеге тіпті бағынбай жатса, дұрысын айта қоярмыз» дейді. Бірақ әлі күнге дейін «мына нотадан кейін былай жазуға болмайды» деп түзетіп көрген емес (күлді).

86

– «Форматтың» музыкалық бағыты қандай?
– Жан-жақты. Меніңше, әртістің репертуары кем­пір­қосақ іспетті түрлі-түсті болуы керек. Жалпы, мен өзімді симбиоз мелодист санаймын. Домбыраның оқуын оқығаным әсер еткен болар. Жастайымнан қазақтың күйлері, халық әндері бойыма сіңді. Онымен қоса, батыстың үздік әндерін де назарымнан тыс қалдырмадым. Байқасаңыз, «Махаббат» әнінде қайырманы дәстүрлі, ал шумақтарды еуропалық стильде жаздым. Сонысымен де хит болған шығар.

– Гонорарыңыз қанша?
– Айтпай-ақ қояйын, барған жерімізді салықшылар аңдып жүреді (күлді). 2006 жылдан бері өнеріміз заңдастырылған, сахнаға, тойға әр шыққанымыз тіркеліп, одан белгіленген мөл­шерде салық алынып тұрады.

Фонограммаға жаным қас

– Бір телевизиялық концертке барғанымда, фонограммамен айтқа­ныңыз қатты білініп еді…
– Бүкіл әншілердің жанды дауыста ән салғанын қалаймын. Өзім жиырма жылдан бері аранжировка жазумен айналысып келгендіктен, компьютердің мүмкіндіктерін жақсы білемін: сәл ғана «әу» дегендер керемет әнші боп шыға келеді. Бұл тұрғыда Роза Рымбаеваның қатаң қағидасын сыйлаймын. Фонограмма дегенге жаны қас. Мен де ешкімді алдамай, барған жерімде жанды дауыс­та ән саламын. Өкініштісі, те­ле­визиялық жобаларда, түсі­рілімдерде бізге плюспен айтуға міндеттейді. Өйткені олардың аппараттары жанды дауысқа арналмаған. Содан мен әннің оригиналын ұмытып, ауызды жыбырлатудан шатасып жатамын. Себебі бір ғана әнімді әр кезде әртүрлі етіп айтамын. Мәнерімді өзгертіп орындаймын. Мәселен, тыңдарман қазір «а» деп айқайлайды, мына жерде былай созады» демей, естіген ән болса да, әнші халыққа әрдайым жұмбақ болып қалу керек деп есептеймін.
Жалпы, батыста бір жақсы әдет бар. Жаңа күйтабақ шықса, олар өнерпазды бағалауға асықпайды. Жанды дауыстағы концертін күтеді. Әнші күйтабағындағы әндерін орындаса ғана сын-пікірлерін айтып, талантты мойындайды. Бұл үрдіс бізде де қалыптасса деймін.

Сұхбаттасқан:
Мәдина ЖАҚЫП

The post Қайрат БАЕКЕНОВ: Әнші халыққа жұмбақ болу керек appeared first on .


Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН: «Дайдидау» дауысымның бар мүмкіндігін көрсетеді

$
0
0
Dimash_Kudaybergen

Газетіміздің «Оқырманнан он сұрақ» атты тұрақты айдарының бұл жолғы қонағы – дарынды әнші, шетелдерде қазақ әнінің құдыретін танытып жүрген дауысы ерекше өнерпаз Димаш Құдайберген. Жастығына қарамастан бірнеше республикалық және халықаралық фестивальдерде топ жарған әнші қазір Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде оқып жүр. Күні кеше ғана Франция­дан оралған әншіге жолығып, оқырмандарымыз жолдаған сұрақтарды қойған едік. 

Dimash_Kudaybergen

Риза Әлмұханова:
– Димаш, әлі жассың, бағыңды ашқан «Славян базары» байқауы болды. Жұлдызың жана берсін, тілекшіміз. Қояр сауалым: ер азамат ретінде, әнші ретінде неден сақтанасың?

– Пейіліңізге рақмет! Халық алдында жиі көрінетіндіктен өзімді әрқашанда дұрыс ұстауға тырысамын. Әнші болған соң тыңдарманға неғұрлым сапалы дүние жетсе екен деп ойлап, сапасыз музыканы шығармашылығыма енгізуден сақтанамын. Адам болып жаралған соң, адами қасиеттерді жоғары деңгейде ұстауды парызым деп санаймын.

Бақытнұр Ожаева:
– Кейбір тың­дар­мандар сізді Витасқа ұқ­сатып жатады. Еліктейтін немесе пір тұтатын әнші­леріңіз бар ма?

– Витаспен аса көп ұқсастықты байқамадым. Өзіміздің еліміздің өнеріне еңбек сіңірген аға­ларымызға теңеп жатса, мен үшін сол мəртебе. Əміре Қашаубаев, Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Айман Мұсақожаева, Майра Мұхамедқызы сынды аға-апаларымызға құрметім ерекше.

Айымжан:
– Белгілі әнші Сүндет Байғожинмен дуэт жазды­ра­тыныңды бір сұхбатыңнан оқығанбыз. Бұл идея қалай туғанын, екеуің бірігіп қандай әнді шырқағандарыңды айтып бересің бе?

– Сүндет Байғожиннің өзінен осындай ұсыныс түсіп, мен үшін үлкен жаңалық болды. Сүндет аға – қазіргі таңда опера сахнасында жарқырап жүрген маңдайалды әншілердің бірі. Аға бұл күндері Мәскеуде өтіп жатқан «Большая опера» байқауына қатысуда. Соның бір бөлімінде өзінің еліндегі танымал əншімен дуэт құру деген шарт бар екен. Ол соған мені таңдапты. Қазір француз тіліндегі опералық əнді жазу үстіндеміз. Әрине, ағамызға жеңіс тілеймін!

Ақбота:
– Осы күндерге дейін қанша, қандай әндерді жаздың?

– Қазіргі таңда əн қор­жы­нымда қазақ, орыс, ағыл­шын, украин, италия, француз тіл­дерінде əндер бар. Репер­туа­рымда 30-40 шақты əн жи­нақ­талып қалды. Авторлық əндерім де баршы­лық. Жаңа əн­дерім де жазылуда. Бей­небаян түсіруді де жоспарлап қойдым.

photo20160127-16-57055619-kalzhan_tursynbayev

Батырхан:
– Сен «Дайдидау» атты халық әнімен жұртқа танылдың. «Паспортың» деп осы әнді айтуға болады. Шығармашылығыңды неге нақты осы әнмен бастадың?

– Бұл әннің «паспортыма» айналғаны рас. Өзім үлкен сахнаға халық əнімен шығу керек деп шештім. Осы әнді дауысымның бар мүмкіндігін көрсететін болған соң таңдадым. Негізінен, қазағымыздың əндері əлем классиктерінің шығармаларынан артық болмаса, кем емес деп ойлаймын.

Санжар:
– Сенің ата-анаң да белгілі әншілер. Дауысың анаңа, ал композиторлығың әкеңе тартқан сияқты, қалай ойлайсың?

– Əрине, өнер маған қан арқылы берілді. Сол айтқандай, әкемнен де, анамнан да жұққаны бар шығар. Ол кісілер өнер адамдары болғандықтан, мен оларды ұялтпауға тырысамын. Барлық жағынан озық болып көріну үшін еңбектену үстіндемін.

Серікқазы Кәкібаланов, IT маманы:
– Имандылық. Байлық. Атақ. Осының қайсысын таңдар едіңіз?

– Ойланбастан иман­ды­лықты таңдаймын.

Айзада Тұрмұхашева, студент:
– Димаш, талантыңды шыңдау үшін тағы не істеу керек деп ойлайсың?
– Әлі де көп еңбектеніп, білімімді тереңдету жəне де тəжірибе жинақтауым қажет деп ойлаймын.

Бексұлтан:
– «Тәуелсіздіктің 25 жылды­ғына – 25 концерт» бағдар­ла­масымен бірнеше қалаға концертпен бардың. Қорытынды концертің Астанада өтпек екен. Оны қашан, қай ғимаратта өткізбексің?

– Алдағы үлкен кештерді Астана жəне Алматы қалаларында, сонымен қатар туған жерім – Ақтөбеде де өткізуді жоспарлап қойдым. Күнін әлі нақтыламадым, бірақ концерттерімді сол қалалардың бас­ты концерт залдарында өткізе­мін деп шештім.

Фариза:
– Майра Мұхамедқызымен де бірге ән айтқаның бар. Атақты опера әншісінен сабақ алып жүргеніңді естідік. Сол рас па?

– «Хабар» арнасындағы «7 əн» байқауында Майра апайымыз ән салу мәнеріме сүйсінді. Содан соң алдағы уақытта менімен бірге дуэт жазуға уәде берді. Сол уәдесін орындап, бірге ән айтып, халыққа ұсындық. Шынымды айтсам, апайыммен əн айту маған үлкен емтихан болды. Ал арнайылап ол кісіден дəріс алып жатқаным жоқ.

Дайындаған:

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Материалды “Астана ақшамы” газетінің astana-akshamy.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

The post Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН: «Дайдидау» дауысымның бар мүмкіндігін көрсетеді appeared first on .

Лейла МАХАТ, суретші: АСТАНА АСПАНЫНА КӨЗ ТОЙМАЙДЫ

$
0
0
Лейла Махат

Бейбітшілік және келісім сарайында орын тепкен «Құланшы» қазіргі заман өнер орталығында есімі елге белгілі елордалық суретші Лейла Махаттың көрмесі ашылды. Қылқалам иесі Астана мен Венада салған соңғы бір жылдағы туындыларын паш етті. Картиналардың дені жеті қат көктің түрлі күйін бейнелеген. Суретшінің өзі көрмені «Аспан мен жер» атаған. Сырға толы суреттердің қалай туғанын автор аузынан естуге асықтық…

Лейла Махат

КӨРІНІСТЕН ТУҒАН СЕЗІМДІ БЕЙНЕЛЕЙМІН

– Бірден ойға келетін сұрақ: неліктен аспан?
– Саяхатшы жаңа мекенде түрлі қызықты байқайды. Көрікті жерлер, халықтың әдет-ғұрпы, сәулет ғимараттары. Адамдармен танысады, эмоция мен сезімдердің жаңа әлемін ашады. Ал менің қабылдауым өзгерек. Бала күнімнен жалғасқан қызық әдетім бар. Аспанды бақылау. Мен үшін жаңа елді, өзге қаланы қабылдауымның басты өлшемі – аспан. Телефонымда ғимараттардан гөрі аспанның мыңдаған фотографиялары бар. Оның биіктігі, түсі, тереңдігі… Бәрі маңызды. Неліктен екенін түсіндіре алмаймын.
– Түрлі-түсті аспан, қа­бат-қабат немесе ақша бұлт­тардан бөлек тауларды да жиі бейнелепсіз. Сізді ша­быттандырған қай жердің табиғаты?
– Мен ешқашан белгілі бір жердің пейзажын бейнелемеймін. Өйткені көрініс емес, сол көріністен туған сезімдерім есімде қалады. Яғни, алған әсерімнің суретін саламын. Сондықтан болар, фантасмагориялық туындылар шығады. Біреулер картиналарымнан Альпі тауын көрсе, біреулер Тянь-Шань дейді. Бірақ ол – менің ішімде өмір сүретін тылсым дүниелер.
Жалпы, өз көзіммен көрген өзен-көлдер мен таулар жер бетіндегі сұлулықтың 10 па­йызына да жетпейді. Анық білетінім, шетсіз-шексіз далаға, биік жартас пен телегей теңіз­дерге қарап табиғаттың орасан күшін ұғынатының сонша, құдды бір өзге әлемге есік ашқандай боласың. Әрбір жан табиғатпен етене байланысқан. Алайда адамдар күнделікті қар­балас тірлікке белшесінен батып, тіпті аспанға қарауды да ұмытып кетеді. Ал мен аспанға үнемі қараймын. Күн райын біліп, не киерімді таңдау үшін емес, өзімнің ғаламмен байланысымды сезу үшін көкке зер саламын. Кейде аяқ киімімді шешіп тастап, жалаң аяқ жер басуға құлшынысым қатты оянады. Өйткені жер бізді қуаттандырады.

kbb_9514
– Астана аспаны қандай?
– Астана аспанына қашан қарасаң да көз тоймайды. Құбылып тұрады, қозғалыс үстінде. Динамикалық аспан. Ұзақ уақыт бақылайтын мүмкіндігің болса, бақыттан басың айналады, сөзбен жеткізе алмайтын бізді қоршаған энерге­тикалық өрісті сезесің.

ОЯУ ЖҮРСЕМ ДЕ ОЯТҚЫШ ҚОЯМЫН

– Аңдар мен құстың сурет­терін көрдік. Картина­ларыңыз І, ІІ, ІІІ… деп жалғасады екен. Неге?
– Бұл – жай сандар емес. Серия. Мәселен, құстың суретін салдым. Сосын екінші құстың жетіспейтінін түсініп, келесісін бейнелеуге кірісемін. Оны бітіргенде басқа құсты салғым келеді. Тағы-тағы кете береді. Бұл тақырыпты толық қамтыдым дегенде ғана құстар топтамасын аяқтаймын. Бір-біріне ғашық қыз бен жігіт секілді, түсінесіз бе? Нақтыласам, тепе-теңдік. Картиналарым диптих не жұп боп келеді. Өйткені маған баланс сақтау ауадай қажет. Екі жағымнан бекітілмесем, алысқа ұшып кететін сияқтымын.
– Бір туындыға қанша уақы­тыңыз кетеді?
– Күніне осынша сағат кетеді деп айта алмаймын. Өйткені өнердің қалыптасқан тұрақты уақыты жоқ. Кейде қолың тез жүреді, кейде ұзақ отырасың. Тіпті, шеберханадан бас алмай сурет салатын кездер болады. Күн шығып тұр ма, түн болды ма, білмейсің. Сағаттан жаңыласың. Балаларды балабақша, мектептен алып кетуді ұмытпау үшін ондайда оятқышты қосып қоямын. Енді бірде өмірдің ағынына ілесіп, шеберханаға кіруге қол тимей кетеді. Бірақ сурет салудан неғұрлым алыстаған сайын сол жаққа соғұрлым асығып тұрамын.

АЛҒАШҚЫ БАЙЛАНЫС МАҢЫЗДЫ

– Көрермендердің реакциясына мән бересіз бе?
– Суретші үшін көрерменнің бағасы қашан да маңызды. Картиналарымды көріп, көз жасына ерік берген адамдар да болды. Таңданыстан болар, бәлкім, қысым сезген шығар. Көрермен не үшін жылағанын өзі де түсінбей қалады. Кейде жылы жымияды. Олардың реакциясын көздерінен-ақ танимын.

kbb_9490
– Өзіңіз кәсіби суретшісіз. Әріптестеріңіздің туындыларына қарапайым көрермен ретінде қарай аласыз ба? Әлде картинаның дұрыс-бұрыс­тығына назар аударасыз ба?
– Әрине, жұмыстың қалай орындалғанын, қандай бояу­лар қолданғанын, қағаздың сапасы, техникасына қараймын. Бірақ бұл – екінші контакт. Ал маңыздысы – алғашқы байланыс. Алыстан көрсең де, бірден өзіне тартып алатын суреттер болады. Сурет сені өзіне жақындатса – контакт орнады деген сөз. Яғни, еңбектің еш кетпегені. Көзіме оттай басылатын, бірден баурап алатын суреттерді бағалаймын.

ТІРІ ЖҮРГЕНІҢ МЕН ӨМІР СҮРГЕНІҢ…

– Өз жерімізде де, шетелде де көрмелер ұйымдастырасыз, белсенді түрде сурет саласыз, отбасыңыз бар, шәкірттерге сабақ бересіз. Бәріне қалай үлгересіз?
– Өткенді өзгерту мүмкін емес. Бірақ ертеңгі күн – бүгінгі қолыңда. Қазір адамның өмірін қоқысқа толтыратын қаншама керексіз дүние бар. Сондықтан әр адамның мақсат-міндеті айқын жолға қойылу керек. Біздің қолымыздан бәрі келеді. Бос жүрмей, бар күшін жинаса, кез келген адам сурет те салады, ән де шырқайды, би де билеп үйренеді. Бастысы, диваннан көтеріл, тұр, алға жүр. Оп-оңай.
Қатты қаласаң, бәріне үлгеруге болады. Уақытты тиімді жоспарлап, әліңді білсең жетеді. Табиғатымызда бәрі әу баста қаланған. Бірақ қабілетті ашу керек. Ал ол үшін ойлану керек, тырысу керек, жаңалыққа талпыну керек. Өмір қозғалыстан тұрады. Бір орында тұра берсең, несі өмір?! Ол – жай ғана тірі жүргенің, бірақ өмір сүргенің емес, меніңше…

Сұхбаттасқан:
Мәдина ЖАҚЫП

The post Лейла МАХАТ, суретші: АСТАНА АСПАНЫНА КӨЗ ТОЙМАЙДЫ appeared first on .

ТАЛАНТТЫ ЖАСТАР ҒЫЛЫМҒА КЕЛСЕ ДЕП АРМАНДАЙМЫН

$
0
0
murat

Қазақстан Республикасы­­ның Ұлттық ғылым ака­демиясының президенті Мұрат Жұрынов газет тілшісімен кездесіп, еліміздегі ғылым саласының жай-күйі жөнінде егжей-тегжей әңгімелеп берді. Биыл құрылғанына 70 жыл толып отырған айтулы ұйымның өткен жолы мен келешектегі бағыт-бағдары осы сұхбаттың өзегіне айналды.

murat

ЭКСПЕРТИЗА ҒЫЛЫМНЫҢ ШЕШУШІ ТҰСЫ

– Жақында Елбасының қабылдауына болдыңыз. Не мәселе қозғадыңыз?
– Ғылым саласында қаржы­ландыру кезіндегі ең күрделі мәселе – экспертиза. Экспертиза – ғылымның ең шешуші тұсы. Оны осы салада кем дегенде он жыл жұмыс істеген, тәжірибелі мамандар жүргізуі керек. Мұнымен осы саланың қыр-сырын, қай жерде қандай ғалымдар жұмыс істеп жатыр, қай жерде қандай үлкен ғылыми мектептер бар, қай елде қандай тәжірибе бар – соның бәрінен хабары бар адам айналысуы қажет. Қазір Білім және ғылым министрлігіне Ерлан Сағадиев мырза келгелі біздің академияның ғалымдарымен ақылдасып жұмыс істеп жатыр, өзі үш рет келіп кетті. Ал алдыңғы министрлердің тұсында бізде экспертиза жасау «Болашақты» бітіріп келген жас мамандарға беріліп келген болатын. Мен жалпы, «Болашақпен» оқыту мәселесін қолдаймын, өзім бұрын министр болып тұрған тұста да талай білімқұмар жастың шетелде оқуына жол аштық. Бірақ, оқып келгеннің бәрі бірден тәжірибелі маман болып шықпайтыны түсінікті. Олар алдымен іске араласып, үлкен ғалымдардан үйреніп, біліктілігін арттыруы керек. Демек, олар дипломын алып келе сап, эксперт болуға жарамайды. Олар бар болғаны, бакалавр, ғылыми дәрежесі жоқ жас маман. Олар қалай эксперт бола алады? Бұл – бір. Екіншіден, экспертизаға түскен барлық материалды, ұсы­ныстарды министрлік бұрын шет елдердегі эксперттерге жіберетін еді. Ол да дұрыс емес. Әр елдегі жетекші ғалымдардың өз жұмысы өз басынан асып жатады. Олар Қазақстаннан келген жұмыс үшін, өзінің бар шаруасын ысырып қойып, ықылас бөліп қарамайды. Айналасындағы кіші ғылыми қызметкерлерге орындатып, өзі қол қойып жібере салуы да мүмкін. Тапсырған адамы бакалавр ма, аспирант па – құдай білсін. Өз басым талай шетелден келген экспертизалық талдауларды оқыдым. Сауатсыздықпен жазылғаны сондай, қол қойған атақты ғалымның мүлдем қара­мағаны бірден білінеді. Тіпті, өзім бір жолы, сондай экспертизалық талдаудан өрес­кел қателерді байқап, соларды көрсетіп, дә­лел­деп тұрып ғалымға хат жазып жібердім. Сонда ол кісі маған кешірім сұрап: «Мен бұл қоры­тындыны өзім жазбаған едім, мұндағы қызметкерлерім мені жерге қаратып отыр» деді.

– Содан кейін көзіңіз жетті ме?
– Бізде ғылымға, мысалы, 20-25 миллиард теңге бөлінетін болса, соның 7 миллиарды осы экспертизаға жұмсалып отыр. Ал 7 миллиардқа жыл сайын бес мыңдай жұмыс қаралатын болса, ол жұмыстардың қаншамасы өтпей қалады. Сонда біз қабылданбайтын бос зерттеу­лерге де ақша жұмсап отырмыз. Бұл, расында, миллиардтар желге ұшып жатыр деген сөз. Осы қаражатты одан гөрі өзіміздің институттарға берсе, қаншама жұмыс істелетін еді. Міне, осы мәселені Елбасына мәлімдедім. Экспертизаны ҰҒА академиктері жасауы керек деген ойымды айттым. Президент менің ұсынысымды қолдады.

– Бұл ҰҒА ғылым саласын­дағы біраз жауапкершілікті қайтадан өз мойнына алады деген сөз бе?
– Мұнда екі мәселе бар. Қазір де біздің академиктердің арасында экспертизаға қатысып жүргендер бар. Бірақ ол ғалымды, айталық, министрліктен бір комитеттің басшысы шақырып алып, «осылай сізге сенім артып отырмыз, сіз кереметсіз, мықты ғалымсыз, бізге эксперт болып берсеңіз» деп отырып, экспертизаға қол қойдырып ала салады. Ал мына біздің жиналысымызда сол жұмыс қаралғанда әлгі ғалым тек қана шынайы пікірін айта алады. Өйткені, мұнда басқа да ғалымдар отырады, бәрі де қырағы, қиыс кеткенде «әй, мұның қалай» дей алады. Сондықтан, бұл жерде ғалымдар ғылымға адал принциппен қарайды. Ғылым үшін ең қажеті – осы. Өйткені, ғылымның дамуы үшін экспертизаның шынайы болуы өте маңызды.
Елбасына жеткізген екінші мәселем, бізде айлық кешігіп беріледі. Кейде ғалым­дары­мыздың мамыр айына дейін айлықсыз жүретін кездері болады. Онда бюджет комиссиясы қарап жатыр, қаражат бөлінбей жатыр деген себептермен кешіктіріледі. Содан соң, мамыр айында қаражатқа қолы жеткен ғалымдар жұмыс істей бастайды. Қазан айында министрлік есеп талап етеді. Сонда біздің ғалымдарымыз бір жылда алты ай ғана жұмыс істей алады. Бұл дұрыс емес. Ғалымдар мамыр айына дейін не ішіп-жеуі керек? Олардың отбасы, бала-шағасы жоқ па, айналысатын жұмысы жоқ па? Бұл дұрыс емес қой. Үлкен-үлкен ғалымдардың айлықсыз жүруі деген не масқара! Елбасыдан осы қателікті түзетуін сұрадым. Одан кейін министр Е.Сағадиевке де кіріп шықтым. Ол кісі түсіністікпен қарап, осы мәселені түзетіп жатыр.

– Бұл мәселе сонда қалай шешілмек?
– Қазір министрлік ғылым қорын тиісті өзгерістер енгізіп қайта құрып жатыр. Сол арқылы қаңтар айынан бастап, барлық ғылыми қызметкерлерге, оның ішінде академиктерге де тиісті жалақысын беріп отырмақ.

ҚОЛДАУ ТӘСІЛІН ІЗДЕУІМІЗ КЕРЕК

– Елбасы алдында тағы қан­дай мәселе көтердіңіз?
– Біз ғылым академиясында жыл сайын «Ғылым туралы ұлттық баяндама» даярлаймыз және сегіз журнал шығарамыз. Баяндаманы жазып бітірген соң, содан қалған қаражатты ғана әлгі журналдарға қосымша жұмсап отырмыз. Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл
тұрғыда бізді қолдап келеді.
Бірақ, бізге журналдардың мерзімді жарық көруін тұрақ­тандыру үшін оны тұрақты қаржыландыру жүйесіне енгі­зіп алу қажет. Осы мәселені айтқанымда да Елбасы оны қол­дайтынын білдірді. Бұл журнал­дардың біразы ха­лықа­ралық «Elzevir-Scopuz» базасына кіреді. Бұл – үлкен жетістік.
Одан кейін біздің бұрын Ұлт­тық ғылым академиясы құр­ған, Ұлттық ғылым академиясы өзі шешім қабылдап, табыстайтын марапаттарымыз болатын. Олар: жылда ең үздік ғалымдарға берілетін Қ.Сәтпаев атындағы сыйлық, одан кейін Д.Қонаев, Ы.Алтынсарин, М.Әуезов атын­дағы сыйлықтар. Бірақ 2003 жылы біздің мекемеміз қоғамдық бірлестік болып өзгерді де, бұл марапаттар министрлікте қалып қойды. Өйткені, оған бөлінетін қаражат – мемлекеттің қаржысы. Қоғамдық бірлестік, заң бойын­-
ша, мемлекеттің қаржысын тікелей пайдалана алмайды. Сонымен біз мұның мынадай жолын таптық. Министрлік келісімшарт арқылы біздің академиямызға белгілі мөл­шерде қаржы бөледі, содан соң біздің ғалымдарымыз кон­курсқа берілген материалдарды қарап, шешім шығарып, оны министрлікке қайта ұсы­нады. Содан кейін ғана ми­нистрлік ғалымдарға берілетін сыйлықтардың қаржылық көле­мін бөледі.

– Сіз айтып отырған мәселе­лердің бәрі шешімін табатын болса, ҰҒА бұрынғыша қау­қарлы мекемеге айнала бастай ма, қалай ойлайсыз?
– ҰҒА қоғамдық бірлестік болып құрылған кезде бірінші президенті болып мен сайландым. Содан кейін Елбасының қабылдауында болған едім. Сол кезде Елбасымыз: «Франция, Жапония, Англия, АҚШ, Германия – ешқайсысында академия мемлекеттік орган емес. Ол – тәуелсіз мекеме. Сондықтан, біздің де ғылым академиямыз тәуелсіз болуы керек. Ғалымдар барлық кезде өз пікірін тәуелсіз айта алуы қажет. Негізгі мәселе осы» деген еді. Сонымен біз Франция академиясы моделін алып енгіздік. Бірақ біздің басқа заңдарымыз Францияныкіндей емес. Сондықтан, бізде ғылым академиясының жұмысына, ғылымды дамытуға кедергі көп болды. Қазір соларды бірте-бірте шешіп келе жатырмыз. Францияда да, Америкада да, рас, академия мемлекеттік мекеме емес. Бірақ, ол елдерде мемлекеттік мекеме ме, әлде тәуелсіз, қоғамдық бірлестік пе – оған қарамай, мемлекет тарапынан тиісті қар­жы бөлініп отырады. Өйткені, ол мекеме мемлекетке қажет. Мысалға, дүние жүзіне белгілі АҚШ-тың ұлттық ғылым академиясы, Америкадағы Стэндфорд, Гарвард университеттері мем­лекеттік мекеме емес. Бірақ, соған қарамастан, осы мекемелерге мемлекет өте көп қаржы бөледі. Ал мемлекеттің беделін көтеріп отырған осы мекемелер.
Бізде болса, заң олай емес. Егер мемлекеттік мекеме болмаса, оған мемлекеттік бюджеттен қаражат бөліне бермейді, тіпті ондай мекеме ешкімге керек емес сияқты, қырын қарайтын көзқарас та бар. Әсіресе, сауаты шамалы шенеуніктеріміздің ұғымы солай. Ал біз қалай демократия орнатамыз, қалай азаматтық қоғам құрамыз – онымен кейбір шенеуніктердің жұмысы жоқ. Азаматтық қоғам құру үшін біз алдымен осындай азаматтық ұйымдарды қолдау тәсілін іздеуіміз қажет. Жазушылар одағы, Ұлттық ғылым академиясы, Журналистер одағы – бұлардың бәрі мемлекет тарапынан қаржыландырылып, мемлекет көмегімен қарқынды жұмыс істеуі қажет. Ал бізде мұның бәрін басқаша етіп қиындатып қойған. Ең алдымен, азаматтық қоғам құру үшін бізге ҰҒА, Жазушылар одағы секілді зиялы қауым өкілдері жиналған, әлеуеті жоғары, ірі-ірі мекемелерді қолдау тетігін қайта жасау керек.

БІЗДІҢ КӨЗДЕГЕНІМІЗ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚОҒАМ

– ҰҒА қоғамдық ұйым болып құрылғалы қай жағынан ұттыңыздар, қай жағынан ұтылдыңыздар?
– Бұл жерде әзірше ұтып жатқан жағымыз шамалы. Бірақ «көш жүре түзеледі», бәрі қолдауға байланысты. Бұрын кеңес үкіметі кезінде Ұлттық ғылым академия-сын «демократия аралы» деп атайтын. Негізінде, баршаға белгілі, И.Сталин еш уақытта демократияны қалаған жоқ. 1919 жылы академияны күйретіп, зиялы қауымды қуып, академиктер мен генералдардың біразын түрмеге отырғызып қойды. Бірақ 1939 жылы Финляндиямен болған соғыста Кеңес үкіметі масқарасы шығып, шағын ғана Финляндиядан жеңіліп қала жаздады. Сол кезде баяғы тәжірибелі генералдарсыз, тәжірибелі ака­демиктерсіз әскери техниканы жетілдіру де мүмкін емесін түсінді. Содан кейін барып барлық генералдарды түрмеден шығарды. Барлық академиктерге бостандық берді. Көзқарасты өзгертті. Одан кейін И.Сталин ғалымдарға жағдай жасау қа­жеттігін Германиямен болған соғыс кезінде жақсы түсінді. 1943 жылы соғыс жүріп жатты ғой, сонда И.Сталин бір академикті қабылдауына шақырады. Бірақ шақырған адамы ауырып қал­ғанын, келмейтінін естиді. Содан соң екіншісін шақырады. Бірақ, оның да ауырып жатқаны, қабылдауға келе алмайтыны туралы хабар келеді. Онсыз да күдікшіл адам, бірінен кейін бірі ауырып жататындай не жағдай туды деп, осы істі бақылауға кіріседі. Тексеру жүргізгенде анықталғаны, бірінші шақырған академигі шынымен сырқаттанып ауруханада жатыр екен. Ал екінші академик соның алдында ғана дүкенде нанның кезегінде тұрып, басы айналып құлап қалған. Мәселені тексергендер екеуі де жасы келіп қалған адамдар, жалақысы аз, жағдайы жоқ, көп жұмыс істеп, аз тамақ ішеді дегенді түсіндіреді. Сонда барып, Сталин ойланады. Арнайы комиссия құрып академиктер, ғылым адамдары тек қана ғылыми жұмыс істеп, басқа нәрсеге алаңдамауы үшін оларға қандай айлық төлеуіміз керек деп сұрақ қояды. Комиссияға жиналғандар әрі-бері есептеп, ғалымдардың жалақысын 6 есе өсірсеңіз, олар тұрмыста мұқтаждық көрмейді деген шешім айтады. Бірақ, Сталин ол жауапқа қанағаттанбайды. Сөйтіп, қолына қызыл қалам алып, 6 деген санды белінен сызып тастап, орнына 100 деген сан жазады. Міне, сонда соғыс заманы болса да, әлі жеңіске жете ме, жоқ па деген үміттен күдігі басым жылдарда да, Сталин ғылымның маңыздылығын мойындайды. Ақыры 1943 жылғы Сталиннің шешімінің арқасында Кеңес одағының ғылымы қарқынды дамып, 1946 жылдың өзінде атом бомбасын жасап, Американы қуып жетті. Ал 1949 жылы сутегі бомбасын жасап, Американың өзін басып озды. Одан кейін бірінші жер серігін Кеңес одағы шығарды. Алғашқы ғарышкерді де Кеңес одағы ұшырды. Айға барған алғашқы автоматтық станцияны да Кеңес одағы шығарды. Яғни, ғылымның барлық саласынан Кеңес одағы дүние жүзіндегі басқа елдерден алда болды.

– Ол кезде ылғи іріктелген, қатал бәсекеден озған жас-тар ғана ғылымға барды деп отырсыз. Қазір қалай? Ресми орындардың мәліметтеріне қарасақ, ғылым саласына бет бұрған жастардың саны жылдан жылға өсіп келе жатқан тәрізді.
– Ғалымдар айлықтан айлыққа әрең жетіп отырса, олардың жағдайы болмаса, жастар қалай ғылымға барады? Мысалы, жақсы білім алған, жоғары оқу орнын қызыл дипломға бітірген жастар 70-80 мың теңге жалақы үшін бізге келмейді. Айлығы аз жерге баратындар не өз жағдайы бар адамдар, не болмаса басқа жақтан жұмыс таппаған амалсыздар. Сондықтан, қабілетті мамандарды тарту үшін ғылым саласына қажетінше қаражат бөлу қажет. Мен қазір осының бәрін жас талапкерлерді ғылымнан үркіту үшін емес, ғылымға шақыру үшін айтып отырмын. Өйткені, осы мәселелер назарға алына бастады, түптің түбінде шешімін табады. Мысалы, қазір біздің көздегеніміз – демократиялық қоғам құру. Батыс Еуропадағы сияқты өмір сүрсек дейміз. Ал Батыс Еуропа ғылымға өте жақсы көңіл бөледі. Ол жақта ең жоғары айлық алатындар ғылым саласының мамандары. Алда біз де сондай жағдайға жетеміз деп ойлаймын.

КӨРШІ ЕЛДЕРДЕН ДЕ ҮЛГІ АЛЫП ТҰРҒАН АБЗАЛ

– Бізде қазір ІЖӨ-нің қанша пайызы ғылымға бөлініп жүр?
– Халықаралық сарапшылардың пікірі бойынша, ІЖӨ-нің 2,5-3 пайыз мөлшері ғылымға бөлінуі тиіс. Бірақ, соның өзі әр елде әрқалай болып отыр. Мысалы, Германияда – 2,7 пайыз, Франция­да – 2,3 пайыз, Норвегияда – 4 пайыз, Швеция мен Израильде – 4,5 пайыз, Жапонияда – 3 пайыз, Америкада 2,5 пайыз ІЖӨ бөлінеді. Ал ТМД елдері бо­йынша, Ресейде – 1,5 пайыз, Белорусияда – 1 пайыз, Украинада – 1 пайыз, Әзірбайжанда – 1 пайыз, ал бізде бұл көрсеткіш – 0,18 пайыз. Бұл экономикалық дағдарысқа байланысты төмендегені болар, әйтпесе осыдан бір-екі жыл бұрын бізде ІЖӨ-нің 0,25 пайызы ғылымға бөлінетін. Стратегиялық жос­парымыз бойынша, 2020 жылы бұл көрсеткіш 2 пайызға жетуі тиіс. Бірақ, қазір ғылымға үлес 1 пайызға көтерілсе, соның өзі үлкен серпіліс әкелер еді.

– Соңғы жылдары шет елдерден бес мыңдай ғалым ша­қырылыпты. Бізде мамандар тапшы ма?
– Маман тапшы болатын салалар бар, бірақ мәселені мүмкін­дігінше тиімді жолмен шешу қажет деп ойлаймын. Жыл сайын шетелден пәлен мың ғалымды шақыртып, ақшаны құр шаш­қанша, сол ғалымдардан үйреніп, өз мамандарымызды өзіміз да­йын­дайтын жағдайға жетуге тырысуымыз қажет. Мысалға, Астанада «Назарбаев университеті» ашылды, мұндағы негізгі мақсат – сол жерде ең ірі ғылыми орталық құрып, елімізге қажет мамандарды дайындау.

– Бізде кейбір салалар бо­йынша сабақтастық үзіліп қалғаны байқалады. Мысалы, антропологияда академик Оразақ Смағұл ағамыздан басқа ешқандай антропологты білмейді екенбіз. Сол секілді, археолог Зейнолла Самашев та өз саласы бо­йынша соңынан ерген жас­тардың, мықты сенім артуға тұратын жас ғалымдар­дың өте аз екенін айтып, өкініш білдіріп жатады.
– Бұл кемшіліктердің бәрін ғылымға қажетінше қаражат бөліп, ғылыммен айналысқысы келетін жастарға қолдау көр­сетіп, солардың жағдайын жасап шешуге болады деп ойлаймын. Баспана, азық-түлігі, тұрмыс таршылығы секілді басқа мәселелерге алаң­дамай, ғылыммен айналысып қана күн көруге болатынына көз жеткізгенде ғана қабілетті, талантты жастар қорықпай ғылым жолына түсе берер еді.

– Осы тұста есіме түсіп отыр, кейде жарнама газеттері мен сайттардан «диссертация жазып беремін» деген құлақтандыруды көзім шалып жатады. Ғылыми жұмысты сатып алу – ғылыми атақты сатып алу емес пе? Демек, бұл ашықтан ашық заңсыздыққа шақыру ғой. Мұндайға тос­қауыл қоюға болмай ма?
– Тосқауыл қоюға болады, ол үшін алдымен, бағана айт­қанымдай, экспертиза мәселесін дұрыс жолға қою керек.

– Ұлттық ғылым академия­сының құрылғанына биыл 70 жыл болыпты. Қалай атап өткелі отырсыздар?
– Расында, бұл айтулы дата. Өткенде Елбасы қабылдауына барудағы мақсат та осы, академия жұмысына тағы да тиісті жоғары мән беріп, жағдайды түзеп алу болатын. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ғылым докторы, ірі ғалым, осы ҰҒА-ның академигі 1995 жылы сайланған. Елбасы ҰҒА-сының жаңа бағытта батыс Еуропа моделіне ауысып, халықаралық деңгейде бірқатар табыстарға қол жеткізгеніне ризашылық білдіріп, қолдау көрсетіп отыр. Сондықтан, біз алда атап өтпек мерейтойға шақырдық, Елбасымыз амандық болса, келіп қатысамын деген шырай білдіріп отыр. Енді алдағы уақытта белгіленген мақсаттарымыз жүзеге асса, біздің академиямыз Қазақстан ғылымның өсіп-өркендеуін қамтамасыз етіп, отанымыздың тәуелсіздігінің одан әрі нығая түсіп, гүлдене беруіне өз үлесін қосады.

Әңгімелескен:
Нәзира БАЙЫРБЕК

The post ТАЛАНТТЫ ЖАСТАР ҒЫЛЫМҒА КЕЛСЕ ДЕП АРМАНДАЙМЫН appeared first on .

ЭЛЕКТРОНДЫ САУДАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ КӨП

$
0
0
????????????????????????????????????

Мемлекеттің мүлкі қалай басқарылады? Жекешелендіру немесе жалға беру кезінде тамыр-таныстыққа жол беріле ме? Шенеуніктерден тәркіленген қымбат көліктер мен пәтерлерді сатудың әдісі қандай? Осы және өзге де мәселелер төңірегінде Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары Ерболат Жаңбырбаевпен әңгімелескен едік.

????????????????????????????????????

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕГІ КӨП

– Ерболат Сейіткамалұлы, қалалық департамент мем­лекеттің мүлкін мақсатқа сай және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Осы ретте қандай жұмыстар атқарылуда?
– Департамент мемлекеттік басқару органдарымен бірлесіп, заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті, оларға жүктелген басқару қызметін атқаруға арналған активтерді пайдалануы туралы мониторинг және бақылау жүргізіп отырады. Соның нә­тижесінде артық немесе пайда­ланылмайтын үй-жай, құрал-жабдықтар тіркеуге алынады. Олар жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жалға беріледі немесе электрондық сауда-саттыққа шығарылады.
– Оның тиімді тұстары қандай?
– Біріншіден, мемлекеттік мү­лікті сауда-саттықта сатып алған немесе жалға алған кәсіп­керлер өз шаруасын одан әрі дөңге­ле­туге, кәсіптерін дамытуға, сон­дай-ақ өз ісін жаңадан бас­таған кәсіпкерлердің аяқтан тік тұруы­на көмегін тигізеді. Екінші жағы­нан, республикалық бюд­жетке түсетін салықтық емес түсім­дерді арттыруға мүмкіндік мол.
– Мемлекеттің мүлкін жалға алған тұлғалар оны қандай мақсатқа пайдалануда?
– Әркім өз кәсібімен айналысады. Жалға алушылардың бірі асхана, енді бірі шаштараз, дәмхана ашады. Газет-журнал және кітап дүңгіршектерін ашумен айналысатындар бар. Кейбірі темір жол, авиа-билеттер сатуды қолға алса, дүкен, шеберхана және тағы басқа кәсіптерін ұйымдастыратындар көп. Осы шаралар республикалық бюджетке қосымша салықтық емес төлемдердің түсуін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар, жалға алушылар ұйымдастырған жұмыс орындарының арқасында халықты жұмыспен қамтуға және жұмыссыздықты азайтуға әсерін тигізуде. Мәселен, соңғы 15 жылдың ішінде мыңнан астам кәсіпкерге мемлекет ба­лансындағы тұрғын-жайға жатпайтын үй-жайлар жалға берілген.
– Олай болса, жеке өз ісін ашқысы келген кәсіпкер бос жатқан үй-жайларды жалға алу мәселесімен департаментке жүгінсе бола ма?
– Әрине, заңнамада көрсе­тілген тәртіпте болады. Елордада шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін осындай сұрақтармен хабарласқан азаматтарға аянбай барлық көмегімізді көрсетеміз. Бізде бәрі ашық жүргізіледі. Жоғарыда атап өткендей рес­публикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүліктің мақ­сатқа сай пайдаланылуын бақылау кезінде анықталған артық және пайдаланылмайтын жылжымайтын объектілер, құрал-жабдықтар есепке алынып, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жалға және сенімгерлік басқаруға беріледі. Айта кететін жайт, қазіргі уа­қытта, осы нормативтік құқық­тық актіде көрсетілгендей баланс ұстаушы аталмыш ақпаратты беру кезінде болжамды жалға алушыны көр­сетпей ұсынады.
Ал бұрын, осы қағиданың алдын­дағы нормативтік құқық­тық актілерде мемлекеттік мүлікті жалға беру кезінде баланс ұс­таушының өзі таңдаған жалға алушымен департамент шарт жасасатын. Сол себепті, жалға алушылар баланс ұстаушыларға тәуелді еді. Сонымен бірге, жалға беруге ұсынылған артық және пайдаланылмайтын объектілер туралы ақпарат барлық жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға қолжетімді емес еді. Қазіргі қолданыстағы Мем­лекеттік мүлікті мүліктік жалдауға беру қағидасына сәйкес баланс ұстаушы ұсынған ақпаратты www.gosreestr.kz веб-порталына ілеміз. Егер осы жалға беру объектісіне бірінші өтінім түс­кен күннен бастап 15 күннің ішінде осы порталға басқа өтінім түспесе, онда департамент осы өтінім берген тұлғамен шарт жасасады. Ал егер веб-порталға осы 15 күн ішінде екі және одан астам өтінім берілген жағдайда тендер өткізіледі. Тендер электрондық жүйе бойынша www.gosreestr.kz веб-порталы арқылы өткізілетіндіктен адам қатынасы мүлдем азайған.

460 МИЛЛИОН ПАЙДА ТҮСТІ 

– Егер құпия болмаса, жыл басынан бері мүлікті жалға беру арқылы қала қазынасына қанша қаржы құйылды?
– Жыл басынан бері респуб­ликалық мемлекеттік заңды тұлғалардың мүліктерін жалға беру арқылы республикалық бюджетке 460 миллион теңге шамасында салықтық емес түсімдер түсті. Бәрімізге мәлім, елордада жаңадан салынып, пайдалануға беріліп жатқан нысаналар саны артып келеді. Сол себепті жылжымайтын мүліктерді жалға беру саны жыл сайын ұлғаюда. Жалға берілген нысандардың жалпы саны 600-ге жетті.
– Мемлекеттік мүлікті жалға немесе сенімгерлік басқаруға берудің пайдасы бар екенін білеміз. Жалпы, елордамыз Астананың дамуына қандай септігін тигізуде және жеке кәсіпкерлерге нақты қандай көмек бар?
– Мемлекеттік мүлікті элек­трондық сауда-саттықта сату немесе жалға беру шағын бизнес субъектісіне өндірістік қыз­метін ұйымдастыруға жағдай туғызады. Сонымен қатар, осы шаралар Астана қаласында мемлекеттік мүлікті жалға және сенімгерлік басқаруға алушылар ұйымдастырған жұмыс орындарын сақтауға әрі олардың көбеюіне жағдай туғызатын болады. Нақты бір мысал келтірейін. Астана қаласы, Жетіген көшесі, 27 мекен-жайында 1987 жылы тұрғызылған ғимараттар болды. Олар 10 жылға жуық пайдаланылмай келді. 2013 жылы 11 ақпанда республикалық мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен үш жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру жөнінде тендер өткізілді. Тендердің басты талаптары: сенімгерлік басқарудағы нысанға кемінде 300,0 млн инвис­тиция салу, сенімгерлік басқару мерзімінің шегінде жоғары технологиялы өнімдерді құруға бағытталған өндірісті іске қосу және жаңа жұмыс орындарын құру еді. Тендердің қортындысы бойынша «ХОЗУ-АВТО» компаниясы жеңімпаз болды. Аталмыш компания осы инвестициялық жобаны іске асыру барысында объектіге өндірістік құрал-жабдықтар сатып алу, орнату және ғимараттарға күрделі жұмыс жүргізу шығының қос­қанда 2 945,0 млн тенге инвес­тиция салды. Бұл дегеніміз, шарт бойынша көрсетілген сомадан 3,4 есе артық. Сонымен бірге, Жекеше­лендіру объектілерін сату қағидасына сәйкес индекс­теу әдісімен есептегенде ел бюджетіне 90,2 миллион теңге қаржы төледі. Комиссияның оң шешіміне сәйкес объекті «ХОЗУ-АВТО» компаниясына жеке меншікке берілді.

БӘСЕКЕГЕ БАСТАЙТЫН ҚАДАМ 

– Жекешелендіру объекті­лерін сату электронды саудаға көшті. Бұрынғы «балғамен сату» әдісінен артықшылығы неде?
– Жақсы сұрақ. 2013 жылы 31 мамырда департамент бас­тамасымен www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында бірінші рет онлайн режимде республикалық меншіктегі объектілерді сату үшін электрондық аукцион өткізілді. Әрине, электрондық аукцон мен «балғамен сату» сауда-саттығының айырмашылығы жер мен көктей. Атап айтқанда, электрондық аукционға қа­тысу үшін кез келген қаладан қатысуға болады. Жеке және заңды тұлғаларға барынша жағ­дай жасалынып, нәтижесінде аукционға қатысушылар саны артты, шынайы бәсекелестік пайда болды. Оған сәйкес бюджетке түсетін қаражат мол болады. Екіншіден, сауда-саттықты жүргізу процедурасы жақсарды. Қазіргі кезде қатысушыларды қабылдау және қағаз құжаттарды қабылдап тіркеудің қажеттілігі жоқ. Үшіншіден, сауда-саттық жүргізетін аукционшының қажеттілігі керек болмай қалды. Бұл дегеніміз, бюджеттік қара­­жатты үнемдеу және аукцион жүр­гізуді ұйымдастыру ісінде жеке адамдық қатысуды жойды. Төртіншіден, аукцион болатын күні комиссия мүше­лерін жинаудың қажеті жоқ. Кезінде «балғамен сату» сауда-саттығын жүргізу кезінде аукционды дәл уақытында жүргізу қиын­дықтар туғызатын. Себебі, ведомствоаралық комиссия мүшелері әрдайым жекеше­лендіру объектілерін сату комиссия отырысына уақытылы келмейтін. Бесіншіден, аукционға қатысушы­лардың бетпе-бет кездесуі бол­майтындықтан, олардың бір-бірімен сөз байласуы толығымен жойылды. Электрондық аукциондар бәсе­елестікті екі есе арттырды және сол себептен орташа сату құны 70%-ға көбейді.
– Халықтың аузында жүрген аты-шулы қылмыстық істер бойынша сотпен тәркіленген мүліктер де осы әдіспен сатыла ма?
– Әрине. Соттың шешімімен тәркіленген мүлікті нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, есепке алып, оның құнын анықтаймыз. Сатуға дейін веб-портал арқылы мемелекттік заңды тұлғаларға, оның ішінде әлеуметтік қызмет­тердің субъектілеріне олардың теңгеріміне беру үшін ұсынылуы тиіс. Егер мемлекеттік заңды тұлғалар өтініштерді бермеген жағдайда не болмаса мүлікті мемелекеттік меншікке берудің экономикалық орынсыздығы байқалса, мүлік сауда-саттыққа қойылады. Тәркелінген мүлік­терді сату, алдында айтып кеткендей, электрондық аукцион бойынша веб-портал арқылы өткізіледі.
– Әңгімеңізге рахмет!

Гүлмира Аймағанбет

The post ЭЛЕКТРОНДЫ САУДАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ КӨП appeared first on .

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІ ТАЛАЙ ЕЛ МОЙЫНДАДЫ

$
0
0
maxresdefault

Биыл тәуелсіз қазақ жұртының дербестігін алғанына жиырма бес жыл толды. Осынау ширек ғасырда мемлекетіміздің дамуына көптеген азаматтардың еңбегі сіңді, арыстардың қолтаңбасы қалды. Армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың қорғаныс саласына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Халық қаһарманы газет тілшісімен әңгімесінде еліміздегі бірегей бастамаларды сөз етті, өзекті уақиғаларды әңгімеледі, өзін екі мәрте Қорғаныс министрі етіп тағайындаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі мен сарабдал саясатын да жоғары бағалады. Мұхтар Қапашұлымен болған сұхбатымыз оқырмандарымызға қызықты, тартымды болады деген ойдамыз.

maxresdefault

АСТАНАҒА КЕЛГЕН АЛҒАШҚЫ МИНИСТРМІН…

– Елімізді екі мәрте түрлі дағдарыстан алып шығып, дамыған елу елдің қатарына қосқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ең алдымен алғыс айтқанымыз дұрыс. Міне, тағы бір дағдарыс халқымызға ғана емес, әлем елдеріне тізесін батыра бастады. Президентіміздің сарабдал саясаты бұл қиын­дықтан да алып шығады деген сенімдеміз. Өйткені, Мемлекет басшысының нұс­қауымен түрлі шаралар қолға алынуда, құр қол қусырып отырған жоқпыз. Іргелі іс­тердің негізін қалап, әлеу­меттік ахуалымызды жақ­сар­та түсу бағытында үлкен шаруалардың басын қайырып жатқанымыз рас.
– Мұхтар аға, сол Елбасымыз өзіңіз айтқан қиын-қыстау шақта сізді екі мәрте Қорғаныс министрі етіп тағайындап, сенім білдірді. Сол жылдары лауазымды қызметте отырып, Қазақстан Қарулы Күштерінің өркендеуі үшін, ірге бекітіп, ілгерілеуі үшін көп еңбек сіңірдіңіз. Десе де, оқырмандарымызға сол кездердегі ахуалды тағы бір баяндап өтсеңіз.
– Міне, бірінші желтоқсан – тұңғыш Президент күні таяп келеді. Мен үлкен жиындарда, басқосуларда үнемі «Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы болмаса, Қазақстан осылай дамымас еді» деп айтып жүремін. Өйткені, ол бірінші қадамынан-ақ өз жұртының тұрақтылығын, экономикалық жағдайын, қауіпсіздігін, қор­ғанысын күні-түні ойлап, сол бағытта маңдай терін сарп етті. Қазір халық сондай істердің жемісін көруде. Рас, біз сол жылдары генерал, қолбасшы болып, Елбасының жанында жүрдік. Бірақ, енді ғана егемендігін алған елдің жағдайында не істеу керектігін, неден бастайтынымызды білген жоқпыз. Ал Президент бізге барлығын тәптіштеп түсіндіріп, ақылын айтып, саясаткерлігінің, көре­гендігінің арқасында рет-ретімен көрсетіп, үйретіп отырды. Өзің айтқандай, екі рет министр болып тағайындалғанымда атқарылған жұмыстар ең бірінші Елбасының сенімінің және талап-тапсырмаларының арқасында жүзеге асты. Екінші, қол астым­дағы генералдар мен офицерлер, сарбаздар еңбектерінің арқасында жасалды.
Тәуелсіздік қантөгіссіз, соғыссыз, революциясыз қолымызға тиді. Қарапайым тілмен айтқанда, тегін келді. Бірақ Елбасының иығына өте үлкен күш түсті. Бұрынғы Кеңес өкіметінің іргесі сөгілгеннен кейін, экономикамыз бірден құлады. Инфляция жүздеген есеге өсті. Рубль аумағынан бізді лақтырып тастады. Ал бұл тұста біздің Мемлекет басшымыз шет елде Қазақстанның жаңа валютасын құпия түрде дайындаған екен. Жаңағыдай қиын шақта біз өз ұлттық валютамызды кіргізе қойдық.
Президенттің тағы бір көре­гендігі, ол жаңағы алмағайып тұста: «Ең алдымен, экономика, содан кейін саясат» деді. Осы бағыттың дұрыстығына да қазір көзіміз жетуде. Мәселен, сол тұста бізбен бірге егемендік алған елдер ең алдымен саясатқа мән беріп, енді еңселерін тіктей алмай отыр.
Қазір іргелі ұйымға айналған Қазақстан халқы ассамблеясын да алғашқыда түсінген жоқ­пыз. Ал бүгінде ел тыныш­тығын, тұрақтылығын сақтап отырған үлкен шаңырақ. Халық­аралық аренада да Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі байқалады. Алыс-жақын мем­лекеттермен көп век­торлы сая­сатымыз беде­лімізді асырып, бейнемізді айқын­дады.
Бүкіл әлем Қазақ елін құр­мет­тейді, сыйлайды. Бүгінде тәуел-сізді­гімзді талай ел мойын­дады.
Былтырғы БҰҰ-ның жетпі­сінші сессиясында да Прези­­денті­міздің беделін бай­қадық. Түрлі ұсыныстар енгізді, үлкен дер­жавалардың президент­терімен жүздесті, маңызды мәсе­лелерді шешті. Әлемде болып жатқан саяси тұрақсыз­дықтардың шешімін, тыныш­тандыру жолдарын Қазақ Басшысының аузынан естіді өзге президенттер.
Еліміздің тарихына қатысты бір кездері келеңсіз әңгімелер жиілеп кеткені рас еді. Біздің ұлтымыздың кешегісін жоққа шығарушылар табылған. Міне, біз Елбасының бастамасымен Қазақ хандығының 550 жылдығын дүркірете тойлап, сондай желсөзге де нүкте қойдық.
Иә, қазақ тарихы мыңжыл­дықтардан тартады. Оны да дәлелдеудің реті келері анық. Содан кейін қазір дінаралық қақтығыстың белең алып тұрған шағы. Ал біздің Президентіміз әлдеқашан Астанамыздан Бейбітшілік және келісім сарайын тұрғызып, әлемдегі діндердің, конфессиялардың көшбасшыларының басын бір дастархан басында тоғыстырып, пікірлері мен ойларын бір арнаға бұрды. Бұл – үлкен табыс.
Сөз ететін тағы бір табысымыз – Астана. Экономикалық ахуалымыз әлі жақсара қоймаған тұстағы Президенттің астананы ауыстыру туралы идеясы көпшілігімізге түсініксіздеу болды. Бірақ депутаттарға Нұрсұлтан Әбішұлының тура туған күнінде жасаған ұсынысы, әлбетте, келісіммен аяқталды. Бірақ бұл шешім мен келісім­нің сәтті жүзеге асатынына сенімсіздік танытқандардың қарасы көп болғанын айту керек. Міне, Елбасының көре­ген­дігі, ептілігі, бұл идеясы да үл­кен та­быстардың қатарына қосылды.
Айта кеткенім жөн, 1996 жылы желтоқсанда министр­лердің арасында бірінші болып Арқаға мен келдім.

ӨЗ МАМАНДЫҒЫМЫЗҒА МӘН БЕРДІК

– Қазақстан қорғаныс са­ласының қыр-сыры сізге бес саусағыңыздай мәлім. Кадр мәселесінде бұл саладағы жағдай да күрделірек екенін мойындау керек. Сіз әу баста, министр креслосында отыр­ған тұста мамандар тапшы­лығын қалай шештіңіз, қазіргі ахуалға көңіліңіз тола ма?
– Кеңес одағының Қарулы Күштері кезінде біздің территориямызда Қырқыншы армия болатын, ПОО-ның, авиа­цияның корпустары, үш стратегиялық зымыраны бар дивизия бар еді. Ауғанстандағы соғыс біткеннен кейін запастағы техникалар мен қару-жарақтар бізге шоғырланды ғой, бұған көптеген әскери бөлімшелер мен құрылымдарды қосыңыз. Ал 1992 жылы Қарулы Күштер де бөлінді. Енді көптеген қару-жарақ қоймалары мен бөлім­шелерді қалай бөлу керек?
Мен Түркістан әскери округінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс корпусының командирі қызметінен Президенттің шақыртуымен қайтып келдім. Содан кейін Президент Жарлығының негізінде Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы – Қазақстан Респуб­ликасы Қорғаныс ми­нистрі­нің орынбасары болып тағайындалдым. Осы орайда айта кеткен жөн, Қазақстанда бірінші Қорғаныс комитеті, артынша 1992 жылы 7-мамырда Қорғаныс министрлігі ірге қалады. Кеңес Одағының Батыры, генерал-лейтенант Сағадат Нұрмағамбетовке Жоғары Бас Қолбасшы – Елбасы бұйры­ғымен генерал-полковник шені беріліп, министр болды.
Ең қиын жағдай қару-жарақты бөлу кезінде орын алды. Біз ол тұста Мәскеуге бағындық қой. Қазақ ұлтынан мамандар жоқ деуге де болады. Генералдардан – мен және Сағадат Қожахметұлы. Офицерлердің өзі санаулы. Өзге ұлттағы мамандардың бәрі дерлік елдеріне кете бастады. Авиация полкінің басшылығы түгел қайтып кеткен. Не іс­те­рімізді білмедік. Оқу орны да жоқ бізде. Әскери бөлімдер басшыларының барлығы өзге ұлттағылар болғандықтан, олар­дағы қару-жарақтар да Ресейге жөнелтіле берді. Жиырма бірге жуық МИГ-29 ұшағы кетіп қалды. 1995 жылы Шағандағы стратегиялық ұшақтар кетті.
Мұның бәрін қалай ұстап қалу керек? 1991 жылы жасалған меморандум бар екен. Ондағы келісім бойынша 1991 жылға дейін келген қару-жарақтар Қазақстанда қалу керек те, одан кейін әкелінген қару-жарақтар қайту керек Ресейге. Мамандар тапшылығының салдарынан бұл келісімге де қараған жоқ олар. Не істеу керек? Содан кейін Қорғаныс министрлігінің шешімімен кіші лейтенанттарды тез-тез дайындай бастадық. Оларды әскери бөлімдерге тағайындадық.
Ол кезде өзімізде Құрлық әскерлерінің және Шекара әскерлерінің училищесі бар еді. Содан кейін Ақтөбедегі азаматтық ұшқыштар даярлайтын оқу орнын мемлекет меншігіне алып алдық. Сол жерден әскери ұшқыштарды даярладық. Көп ұзамай Радиоэлектроника институты ашылды. Іле-шала Ұлттық Қорғаныс академиясын аштық Шучинск қаласынан. Оны осы Астанаға көшіріп әкелдік. Осылайша мамандар тапшылығын шешкендей болдық.
Мұның бәрі қандай қиын­дық­тармен, машақатпен келгенін тек түсіну қажет, түйсіну керек. Айта кеткен жөн, ТМД мемлекеттерінің ішінде тек Қазақстан ғана компенсация ретінде «С-300» зымырандары мен «Ту-34» ұшақтарын, басқа да техникаларды қайтарып алдық. Мұның өзіне екі жылдай уақытымызды сарп еттік. Сол жылдары он алты қазақ ұлтының өкілін Краснодарға дайындықтан өтуге жібердік. Мұның да тарихын айтсам, қарамағымдағы қызметкерлердің ішінен он алты қазақты таңдап алдым да, кілең орыс ұлтынан тағайындалған орынбасарларымды жинап, «Біз қай елде тұрып жатырмыз?» деп сұрадым. «Қазақстанда» дейді бәрі. «Көріп тұрсыздар, қазақ ұлтынан ұшқыштар жоқ. Енді ұшқыштар дайындауға тек қана қазақтарды жіберсек қайтеді?» дедім жан-жағыма сынай көз тастап. Басшысымын ғой, ешқайсысы қарсы келе алмайды, бастарын изейді. Қазір сол он алты адам басшылық қызметте жүр. Салтанатты парадтарда ұшып жүргендер де солар, өзіміздің қандастарымыз.
Бұған қоса, Ресейге компенсация ретінде тегін мамандарымызды оқыттық. Ал бүгінде жақсы оқу орындарымыз бар, сондықтан мамандарды өзіміз даярлаймыз. Оларда шетелдік азаматтар да оқып жатыр.

ШАХТА ЖҰМЫСЫНДА ШЫҢДАЛДЫМ

– Мұхтар аға, оқырман­дарымызға Халық қаһар­манының, Армия генера­лы­ның балалық шағы жөнінде әңгімелеп берсеңіз. Сіздің өмір жолыңыз бүгінгі буынға үлгі болары анық еді…
– Өз өміріме тоқталсам, 1945 жылы Қарағандыда тудым. Әкем Ұлытауда дүниеге келген. Ашаршылық жылдарында Ұлытаудан Атбасар, Есіл арқылы осы Ақмолаға келіпті. Сол кездері Қарағандыдағы көмір бассейні ашыла бастаған. Содан кейін комсомолдық жолдамамен Қарағандыға барған. Украинаның сол кездегі Сталино деген жеріне (қазіргі Донецк) қазақтардан жасақталған жүзден астам маманды дайындыққа жібереді ғой. «Жүз адамнан шекараға жеткенде жеті-ақ адам қалдық, қалғанының бәрі қашып кетті» деп әкем айтып отыратын. Сол жеті адам Сталиноға жетіп, оқып, үйреніп, қайта Қарағандыға келіп, әкем әлгі бассейнде қарапайым жұмыс­шыдан, шахта директор­лығына дейін өскен.
1941 жылы соғыс басталғанда әкем мен інісін соғысқа алу үшін вокзалда сапта тұрғанда, басшылық әкемді қажет кадр деп алып қалса керек. Артынша Қарағандыдағы шахта директоры қызметіне тағайындалады. Кейін білсем, әкем көмірлі қа­ладағы қазақ ұлтынан бірінші шахта басшысы болған екен.
– Сіздің өмір жолыңызға үңілсек те, бірнеше жыл шахтада жұмыс істегеніңізді көреміз.
– Жоғары сыныптарға келген соң, әке-шешемнің қарсы­лығына қарамай, шахтада жұмыс істедім. Түске дейін мектепте боламын, түстен кейін – шахтада, түнгі он бірде келіп, сабағымды оқимын. Осылайша алты жылым шахтада өтті.
Ал ұшқыш болуды бала кезім­нен армандадым. Талғат Бигел­динов, Иван Кожедуб, Александр Покрышкин сияқты Кеңес Одағының батырлары туралы кітаптарды көп оқыдым. Осы кісілердей болуды алдыма мақсат етіп қойдым. Қарағанды қаласындағы аэроклубқа түс­пекші болдым. Алғашқы барған жылымда жасым жетпе­ген­діктен, қабылдамай қойды. Келесі жылы түсіп, екі жылда орта мектептегі оқумен қатар, аэроклубты үздік деген бағамен бітіріп шықтым. Аэроклубтан кейін міндетті әскер қатарына бір жылға шақырылып, сержант-ұшқыш ретінде реактивтік «МиГ-15», «МиГ-17» ұшақ­тарында ұштым. Кіші лейтенант атағын алып, әскери запасқа тіркелдім. Екі жылдан соң офицер ретінде кадрлық әскери қызметке шақырылып, Кеңес Одағының әскери қатарына кірдім.
– Мұхтар аға, сіз туралы әңгімелерден сынақшы-ұшқыш болған деген сөзді естіп қаламыз…
– Мен сынақшы-ұшқыш болған жоқпын. Қазақта бұл қызметті атқарған – Тоқтар Әубәкіров қана. Мен өзіміздің жойғыш ұшақтарда ұшып жүрдім. Кіші лейтенанттан сегіз жылдан кейін сол полкта командир болдым. Кеңес өкіметі кезінде қазақ командиріне күмәнмен қарайтын. Бірақ менің полкым Кеңес өкіметі кезінде ПОО-ның алдыңғы қатарлы полкі болды.
1982 жылы бізді Қорғаныс министрлігі құпия тексеріп, өте жақсы баға алдық. Содан кейін басшылық менің қыз­метімді көтеру керек деп шешкен. Ал менің білімім арнайы училищенікі ғана. Академияны көрмегенмін. Сондықтан мені Жуков атындағы академияға жіберді. Оны қызыл дипломмен тәмамдадым. Одан соң Қазақстанға сұранып едім қыз­мет ету үшін, жіберген жоқ. Самарқандқа дивизия коман­дирінің орынбасары қызметіне тағайындады.
– «Ғ-16» ұшағында ұш­қаныңызды амери­ка­лықтар жоғары бағалаған деген мәліметті көзіміз шалып қалды. Осы туралы кеңірек әңгі­мелеп берсеңіз.
– Ол бір ерекше жағдай еді. Ол кезде Сағадат Қожахметұлынан кейін генерал Әлібек Қасымов министр болған еді. Ресми сапармен Америкаға бардық. Ұшқыштар академиясына жолымыз түсіп, «Ғ-16» авиабазасын араладық. Келіссөздерден кейін «Ұшақтарыңызда ұшуға бола ма?» дедім. Олар таң қалды. «Қандай ұшақта ұшқыңыз келеді?». Ол кезде «Ғ-18» – ең жаңа ұшақ. «Ғ-18» дедім ойланбастан. «Болмайды, ол құпия ұшақ» деді. «Онда жарайды, өздеріңіз таңдаңыздар» дедім де қойдым. Ертеңгісін «Ғ-16» ұшағында ұшуға рұқсат берді. Сол күні дайындық басталып, тренажерда ұштым. Түстен кейін көкке көтеріліп, полигонға бомба түсіріп, зеңбірекпен оқ аттық. Мен нысанаға түгелін дөп тигіздім.
Кешке қайтарда Қорғаныс министрінің дастарханынан дәм таттық. Сонда министрліктің басшылық құрамы менің ұш­қаныма ризашылықтарын танытып, таңданыстарын жасыра алмады. Онымен қоймай, Алғыс хаттарымен марапаттады.
– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбатты жүргізген:
Асхат Райқұл

The post ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІ ТАЛАЙ ЕЛ МОЙЫНДАДЫ appeared first on .

ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАРДЫҢ “ШАБЫТЫ”

$
0
0
????????????????????????????????????

Бейбітшілік және келісім сарайында «Шабыт» шығармашыл жастардың XIX халықаралық фестивалінің шымылдығы түрілді. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен жыл сайын өтетін дарынды жастардың сайысын қала басшысының орынбасары Ермек Аманшаев ашып берді.

????????????????????????????????????

– Он тоғыз жыл ішінде «Шабыт» фестивалі әр ұйым­дастырылған сайын өсіп, дамып келе жатыр. Осы уақыт аралығында атаулы шара қан­шама жас дарындарға өнерге қанат қақтырып, жолын ашты. Бұл жастар «Шабыттан» өнердің, мәдениеттің, әдебиеттің даңғылына түсті. Фестивальдің оған қатысқан әр шығармашыл жастың шабытын еселеп, жүрегінде үлкен орын алатынына сенімдімін. Арасында қазіргі таңда өнер қайраткері деңгейіне көте­рілгендер де көп. Биылғы фес­тивальге қатысып жатқан жастарға айтарым, өнерге бас­­қан қадамдарың құтты болсын! Тек қана биіктерден көрініңіздер, – деді Ермек Әмірханұлы.
Биылғы фестиваль 8 қара­шаға дейін жалғасады. Өнер бәсекесіне 644 үміткер қаты­сып жатыр. Бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда екі есе көп. Олар «Классикалық музыка», «Бейнелеу өнері», «Халық музыкасы», «Эстрадалық вокал», «Үздік әдеби шығарма» және «Хореография» атты алты аталым бойынша тар­тысқа түседі. Үміткерлер саны жағынан «Бейнелеу өнері» аталымы алда. Бұған 192 өтінім берілген. Бұдан соң «Хореография» 154 өтінім және «Халық музыкасы» аталымдары 134 өтінім тұр. Ал жалпы алғанда фестивальдің негізі қаланған уақыттан бері оған өнердің түрлі жанрлары бойынша 10 мыңнан аса адам қатысты.
Халықаралық деңгейдегі шараға осы жолы Қазақстан, Әзербайжан, Қытай, Қырғыз­стан, Ресей, Өзбекстан және Украина елдерінен өтініштер келіп түскен. Астананың өзі­нен фестивальге қатысуға 175 адам ниет білдірді. Қазы­лар­дың құрамындағы өнердің әр саласындағы белді мамандар жастарға баға береді. Олар­дың арасында америкалық клар­нетші Юлиан Миликс және армениялық кескіндемеші Вардгес Хахамян сынды әлемге беделді тұлғалар бар.

????????????????????????????????????

«Үздік әдеби шығарма» аталымында биыл 33 жасқа де­йінгі жас ақындар өлең жа­­рыс­тырып отыр. Өлеңге тала­сы бар жастарды белгілі ақын,
Мемлекеттік сыйлықтың лау­­реаты Несіпбек Айтұлы бас­та­ған қазылар бағалайды. «Бұл жолғы фестиваль Қазақ­стан Тәуелсіздігінің 25 жыл­дық ме­рейтойына арналуда. Қаты­сушылардан елдікті, еге­мен­дікті асқақтататын еңселі өлеңдерді күтеміз. Кешегі Мұқағали, Қадыр, Тұманбай сияқты таланттар поэзиядан көріне ме деген ойдаймын. Бұл жағы өлеңдерді саралаған соң белгілі болады» дейді ақын.
«Халық музыкасы» аталымы бойынша үміткерлер домбыра, прима-қобыз, қылқобыз, шертер-бас шертер және прима-домбыра аспаптарында ойнау шеберлігін сарапқа салады. Оларға баға беретін қазылардың бірі – белгілі күйші, өнертанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Біләл Ысқақовты сөзге тарттық.
«Халық аспаптарында ойнайтындарды тыңдағанда орындаушының шығарманың ұлттық мәнін, ұлттық саздық негізін бере білуіне, күйшілік қабілетіне көңіл аударамыз. Себебі, қазір ұлттық музыка мен сазда ұлттық негіз азайып бара жатыр. Эстрада өзінен-өзі дами береді, осындай үлкен фестивальдерде басты көңілді ұлттық музыкаға бұру керек. Негізінен, «Шабыт» жолын ашқан күйшілер көп. Мысал үшін Айбек Бекбосынов, Жігер Бертісов сынды домбырашыларды алуға болады» дейді ол.
Қатысушыларды іріктеу үш кезең арқылы өтеді. Репертуар мен әрбір музыкалық аспапта орындалатын шығарма алдын ала бекітілген. Ал бас жүлде – Қазақстан Президентінің кубогын бәрінен үздік шыққан өнерпаз иеленеді.
Фестивальдің ашылу рәсіміне оралсақ, онда Гүлнұр Оразымбетова, Қайрат Баекенов пен «Формат» тобы, Әли Оқапов сынды танымал әншілер мен «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы жи­нал­ғандардың көңілін көтерді.
P.S. Бет қатталып жат­қанда «Үздік әдеби шы­ғар­ма» аталымында топ жарған ақын анықталды. Қазы­лар алқасы бас жүлдеге Ербол Алшынбайды лайық деп таныды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

The post ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАРДЫҢ “ШАБЫТЫ” appeared first on .

ЖИЫРМА БЕС ЖЫЛДА ҮЛКЕН ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТТІҢІЗДЕР

$
0
0
maxresdefault

Тоғызыншы ғасырдың шегінде Еуразияның Ұлы даласы аумағынан, бүгінгі Батыс Қазақстан жерінен қозғалған көш Карпат таулары қоршаған жазыққа жетіп тоқтады. Бұл аймақта шатыр тігіп, түтін түтеткен халық Мажарстан мемлекетін құрды. ХІІІ ғасырда Кодан хан бастаған құман қыпшақтар сол өңірге қонып, елге ел қосылды. Этникалық белгілері жағынан түркі ұлттарына жақын мажар халқы осылай қалыптасты. Осы тарихи факт Қазақстан мен Мажарстан жұрты арасындағы туыстықтың тамыры тереңде екенін айғақтайды. Бұған қоса, екі ел 1992 жылы дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Содан бері қос мемлекет түрлі саладағы байланысын үзбей келеді. Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Андраш Баранимен әңгімемізді осы жөнінде өрбіттік.

maxresdefault

ЕКІ ЕЛДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ТЕРЕҢДЕЙ ТҮСТІ

– Андраш мырза, жақында Қазақстанға Мажарстанның Ұлттық экономика министрі Михай Варга бастаған делегация келіп кетті. Бұл сапардың қорытындысы қандай болды? Екі елдің қарым-қатынасы жаңа деңгейге шығып, жаңа сапаға көтерілді деп айта аламыз ба?
– Қазақстан мен Мажарстан мемлекеттері арасында тарихи тамырластық бар. Қазақтардың да, мажарлардың да өткені көшпенді өмірден тұрады. Қос мемлекет те азаттық жолында талай күрестерді бастан өткеріп, тәуелсіздік кезеңінде сенімді серіктестерге айналып, өзара жақсы қарым-қатынас орната білді. Мажарстанның Ұлттық экономика министрі Михай Варганың Қазақстанға сапары екі елдің қарым-қатынасын тереңдете түскені сөзсіз. Ол бастап келген делегацияға 100-ге жуық адам кірді. Олардың арасында мемлекеттік мекеме­лердің, министрліктердің өкіл­дері мен бизнесмендер болды.
Астанада Қазақстан мен Мажарстан тараптарының қатысуымен Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның V отырысы, үлкен бизнес форум ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Стратегиялық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Қазақстан жағынан оған Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов басшылық жасады.
Қазақстанның Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Михай Варганы қабылдады. Мұның бәрі Қазақстан Мажарстанмен ынтымақтастық мәселесіне мән беріп қарай­тынын айтады. Мажарстан делегациясының Қазақстанға сапары және екі ел өкілдерінің осындағы кездесулері қос елдің қарым-қатынасына серпін бе­ретініне сенімдімін.
– Мажарстан делегация­сының Қазақстанға сапары барысында бірқатар екі­жақты келісімдерге қол қо­йылды. Қос мемлекет қай тараптарда ынтымақтастықты күшейткелі отыр?
– Мажарстанның Ұлттық экономика министрлігі мен Қазақстанның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі арасында халықты жұмыспен қамту, денсаулық сақтау салаларында бірқатар келісімдер жасалды. Соның ішінде дәрі-дәрмек өндіру мен медициналық қондырғыларды жасау, меди­циналық туризм туралы мемо­рандумдарға қол қойылды. Сондай-ақ, қос тараптың бизнес өкілдері де бірнеше шарт жасасты. Атап айтсақ, Мажарстан мен Қазақстанның фар­мацевтикалық компаниялары Қарағанды қаласындағы зауытта қазақстандық дәрі-дәрмек өндірісін кеңейту жөнінде келісімге келді. Мажарстан жағы бұл дәрілерді Еуропа нарығында сатуға көмектесетін болды. Аталмыш жобаның құны 5 миллион долларды құрап отыр. Бұған қоса, Қазақстанда Мажарстан технологиясын негізге алып, медициналық қондырғыларды шығару туралы келісім жасалды.
Қазақстанның Қаржы ми­нистрлігінің Қазынашылық комитеті мен Мажарстанның Мемлекеттік қазынашылығы да өзара әріптестік жоспарының аясында жобаларын тиянақтады.
«Қазақстан темір жолы» ұлт­тық компаниясы мен Мажар­станның «Rail Cargo Hungaria Zrt» компаниясы арасында халықаралық интермодальдық тасымалдауды дамыту туралы өте маңызды келісім жасалды. Аталмыш жоба теміржол немесе теңіз арқылы, сонымен қатар автокөлік жолымен жүк тасымалдауды қарастырады. Яғни, Транскаспий аймағында, Азия – Еуропа – Азия бағытында тасымалдауды дамытуға жол ашады.

КЕЙКІ БАТЫРДЫҢ БЕТ-БЕЙНЕСІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРЕДІ

– Жуырда осыдан тура жүз жыл бұрынғы Торғай даласындағы ұлт-азаттық кө­теріліс қаһармандарының бірі – Кейкі батырдың бас сүйегі Ресейден Қазақстанға жеткізіліп, ДНҚ сараптама­сын жасау және бас сүйекті қалпына келтіру үшін Ма­жар­станға жөнелтілді. Ма­жарстанның Қазақ­стандағы ресми өкілі ретінде сіз де бұл үдеріске қатыстыңыз. Қазақ халқына аса маңызды бұл оқиға қалай өрбігенін өз ауызыңыздан естісек.
– Екі елдің саяси және эко­номикалық қарым-қаты­настан бөлек, символдық мәнге ие тарихи және мәдени мұра­ларын сақтау салаларында ынты­мақтастық орнатқанына менің көңілім марқаяды. Шынын айтқанда, Қазақстан Мажар­станға қазақтың ұлттық батыры деңгейіндегі тұлғаға қатысты істі сеніп тапсырғанының астарында қос мемлекеттің бір-біріне деген құрметі жатыр. Кейкі батырға қатысты Мажарстанның Жаратылыстану ғылымдары музейінің антропологиялық бөлімі атқаратын жұмысты аса абыройлы іс деп білеміз. Біздің ғалымдарымыз ДНҚ сараптамасын жасап, оның негізінде батырдың бет-бейнесін қалпына келтіреді.
Осы істі қолға алмас бұрын Қазақстандағы бұл іске жауапты мекемелермен, Қазақ­стан Республикасының Мажар­стандағы елшілігімен тығыз қарым-қатынас жасадық. Мәселен, Кейкі батырдың бас сүйегін Қазақстаннан шығарып, Еуропалық одақтың аумағына кіргізгенде әкімшілік кедергілер тумас үшін техникалық мәселені шешу керек болды. Дәлірек айтсақ, батырдың бас сүйегі тарихи жәдігер екенін дәлелдейтін анықтама жазып бердік. Бұл іс Мажарстанның Алматыдағы бас консулдығының араласуымен оң шешімін тапты. Қазақстаннан Мажарстанға тікелей ұшатын әуе рейстері жоқ. Сол себептен Кейкінің бас сүйегі Ыстанбұл арқылы жөнелтілді. Жоғарыдағы құжат сол үшін қажет болды. Ал батырдың бас сүйегі бойын­ша атқарылатын жұмыстың нәтижесі қарашаның аяғында, желтоқсан айының басында белгілі болуы керек.
– Кейкі батырдың бас сүйегіне қай ғалымдар сараптама жасайды? Осы жағынан ақпаратты нақтылап берсеңіз.
– Батырдың бас сүйегін Мажарстанда белгілі антрополог ғалым Андраш Биро зерттейді. Бұл кісі мажар халқының шыққан түбін жаңғырту мақсатында екі жылда бір рет Мажарстанда өтетін құрылтайдың да бас ұйымдастырушысы екенін айта кетейін. Өткен жазда аталмыш құрылтай кезекті рет өтіп, оған Қазақстаннан келген үлкен делегация қатысып кетті.
Андраш Биро биылғы тамыз айының аяғы мен қыркүйектің басында Алматы облысында салт-дәстүрді сақтау мақсатын көздеген фестивальді де ұйым­дастырды.

КУМАНИЯДА 300 МЫҢҒА ЖУЫҚ ҚҰМАН ҚЫПШАҚТАР ТҰРАДЫ

– Мажарстандағы құрылтай мәселесін қозғадыңыз. ХІІІ ғасырда Мажарстанға барған құман қыпшақтардың тыныс-тіршілігінен де хабар берсеңіз.
– Қазіргі таңда Мажарстанға барған құман қыпшақтардың ұрпақтары ұлы Кумания мен кіші Кумания аталатын Мажарстанның екі орталық облысында тұрып жатыр. Әртүрлі санақтар олардың саны 300 мыңға жуықтайтынын анықтады. Оларға ортақ астана – Қарсақ қаласы. Мажарстан үкіметінде тоғыз министрдің екеуі – Ауыл шаруашылығы министрі Шандор Фазекаш пен жоғарыда аты аталған Ұлттық экономика министрі Михай Варга қыпшақтар қоныстанған аймақтардан шыққанын қоса кетейін. Шандор Фазекаш Мажарстандағы Құман қыпшақтар одағының төрағасы қызметін атқарады. Ілгеріректе бұл кісі Қарсақ қаласының мэрі де болған.
– Осыдан екі жыл бұрын Мажарстанда қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың ес­керткіші мен Астана көшесі ашылды. Жуырда сіз Абай еліне барып қайтқан екенсіз. Сапардан алған әсеріңіз қандай болды?
– Қазақ әдебиетінде Абайдың алатын үлкен орнын есепке алып, ол тіршілік еткен мекенге барып қайтуды өзіме парыз санадым. Жидебайдың ауасы адамды шынымен ерекше күйге бөлейді екен. Оны мен жан-жүрегіммен сезіндім. Бір жағынан, сол жер Еуразия құрлығының кіндігі саналады. Бұл кездейсоқтық емес деп ойлаймын. Мұнда бір құпия мән жатқан сияқты.

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ МАЖАР ТІЛДЕРІНІҢ ГРАММАТИКАСЫ ӨТЕ ҰҚСАС

– Сіздің қазақ тілінен сабақ алып жатқаныңызды естідік. Белгілі бір деңгейде тілімізде сөйлеуді үйреніп те қалған шығарсыз.
– Қазақстанға келген Мажарстан делегациясын қарсы алумен байланысты кейінгі екі ай көлеміндегі қарбалас оған мұрша бермеді. Уақытым тығыз болып, тіл сабақтарын ала алмадым. Алайда қазір үйренуді жалғастырып жатырмын. Келесі жылдың көктемінде бір нәтижеге жетемін деп ойлаймын. Тым құрығанда қазақ тілінде қысқа сөйлемдерді құрастыруға шамам жететініне сенемін. Ақиқатын айтқанда, кейбір сөздерді түсінетіндей жағдайға жеттім. Сол арқылы сөйлемдердің мағынасына да бойлай түсудемін. Негізінен, қазақ және мажар тілдерінің грамматикасы өте ұқсас. Мажар тілі түркі тілдері тобына жатпай, фин-угор тілдері құрамына кірсе де, сөйлемдерді құрау құрылымы жағынан қазақ тіліне жақын. Мәселен, қазақша «Астанада» деп айтылса, мажарша бұл мағынаны «Будапештен» сөзі береді. Сондай-ақ, қазақтар «телефоным» деп айтса, мажарлар «телефоном» дейді. Екі тілдің де айырмашылығы бір әріпте ғана. Негізінен, сіздердің әліпбилеріңізде 42 әріп болса, бізде 44 әріп бар.
Ғалымдарымыз Осман империясы жаулап алғаннан бұрын мажар тіліне түркі тілінен 300-ден аса сөз енгенін анықтады. Мажарстан 150 жыл көлемінде, 1541-1686 жылдар аралығында Осман империясының бодан­дығында болғанын білетін шы­ғарсыздар. Алайда көп сөздер османдықтар жерімізге басып кірмей тұрғанда-ақ қолданы­сымызда болды. Мәсе­лен, алма, сақал, балта, ото – әке. Түстерді айтсақ, мажарша – кейк, қазақша – көк, сары түсін біз шарго дейміз. Бұл мысалдар мажарлар мен қазақтардың жақындығын тағы дәлелдей түседі.
Халықаралық Түркі академия­сының мұрындық болуымен мажар ертегілері мен аңыздары қазақ тіліне аударылып, кітап болып жарық көрді. Кітапқа енген шығармаларды Мажар­станның Сегед университетінде қазақ тілінен сабақ беретін Раушангүл Мұқышева тәр­жімалады. Бұл кітапты оқыған қазақтар мажарлар оларға туыс­қан халық екеніне көз жеткізіп, екі ұлтқа ортақ ұғымдарды таба алады. Мәселен, бәйтерек мажар ертегілері мен аңыздарының негізгі символдарының бірі саналады. Біз оны «аспанды төбесімен сүйген ағаш» деп атаймыз. Немесе мажарларда – туру құсы, ал сіздерде – самұрық. Осы кітапты оқып-ақ екі елдің тамыры бір екендігін аңғаруға болады.
Мажарстанда құсбегілік, соның ішінде бүркітпен аң аулау спорты жақсы дамығанын айта кетейін. Мемлекетіміз – осы спорт түрінен Орталық Азия чемпионаттарына қатысатын Еуропадағы жалғыз мемлекет.

«БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫ БІЗДІ БІРІКТІРЕДІ»

– Келесі жылы Астанада айтулы әлемдік шара – «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтеді. Мажарстан бұл көрмеге қатысуды растаған алғашқы мемлекеттердің ондығына кіреді. Бұл тарапта қандай жұмыс жүргізілуде?
– Бүгінгі күнге Астанада орналасатын Мажарстан па­вильонының бірнеше жобасы жасалды. Алдағы бір-екі апта ішінде қандай жоба таңдалатыны жөнінде нақты шешім шығуы тиіс. Содан соң дизайн бөл­шектері жасала бастайды. Павильонды жабдықтайтын алғашқы мемлекеттердің қатарына кі­реміз деп ойлаймын.
Нақты дәлел айтайын: апта басында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы бес мемлекетке алғашқы павильондарды тапсырды. Олардың арасында Мажарстан павильоны да бар. Жалпы ауданы 411,9 шаршы метрді құрайтын аумақты қабылдап алдық. Павильон атауы: «Болашақ энергиясы бізді біріктіреді». Бұл тақырып мемлекетіміздің қолжетімді энергия көздерінің географиялық, экономикалық ерекшеліктеріне негізделеді. Мажарстан су, күн және жел елі болып саналады. Соған сәйкес павильонымыз энергияны және қаланы жобалау саласындағы ең жаңа қондырғылармен таныс­тырады.

ҚАЗАҚСТАН ДАМУ ЖАҒЫНАН ҚАТТЫ АЛҒА ОЗДЫ

– Алдағы желтоқсанда Қазақстан өзінің Тәуелсіз­дігінің 25 жылдығын атап өтеді. Сондай-ақ, Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығы да сол айдың еншісінде. Сіздер кеше ғана Мажарстандағы Кеңес одағы жүйесіне қарсы көтерілістің 60 жылдығын атап өттіңіз. Осы жағынан да екі ел арасында сабақтастықты байқаймыз. Қазақстанға қызметке келгелі еліміз туралы Сізде қандай пікір қалыптасты?
– Мажарстан – Қазақстан тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекеттердің бірі. Желтоқсанда еліңіз Тәуелсіз­дігінің 25 жылдығын тойласа, содан шамалы уақыт өткен соң, 2017 жылдың бас жағында Қазақстан мен Мажарстан арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына да ширек ғасыр толады. Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы тұңғыш елшісі қызметін танымал түркітанушы ғалым Йожеф Торма атқарды. Қазақ тілінде тамаша сөйлеген бұл кісі Қазақстан мен Мажарстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың бекуіне үлкен еңбек сіңірді.
Бір мемлекет үшін 25 жыл – үлкен меже. Мысалы, осы жылдар ішінде дүниеге келген ұрпақ Қазақстанның тәуелсіздігін қалыпты құбылыс ретінде қабылдайды. Бұл жағдайға үлкен мән беруіміз керек. Себебі эстафетаны қазіргі жастардан қабылдап алатын келесі ұрпақ азат рухта өсіп, жетіледі.
Қазақстан 25 жыл ішінде даму жағынан қатты алға озды. Осы уақыт аралығында үлкен жетістіктерге жеттіңіздер. Мә­селен, экономикаларыңыздың өсімі 20 есеге артыпты. Осыншама жылдар аралығында мұндай жетістікке жеткен мемлекет бар ма, жоқ па, мен білмеймін. Қазақстандықтарды тәуелсіздіктің мерейтойымен құттықтап, елдің бұдан да зор жетістіктерге жете беруіне тілектеспін.
Қазақстандағы Желтоқсан көтерілісі мен Мажарстанда 1956 жылдың қазан айында орын алған көтеріліс ара­сын­дағы сабақтастықты дұрыс байқадыңыз. Екі елдің де азат­тық аңсары ғасырлардың қой­науынан тамыр тартады. Бұл жайт қос мемлекеттің арасында дипломатиялық қарым-қа­тынастың ауқымынан асатын байланыстың барына көз жеткізе түседі. Қазақтар да, мажарлар да еркіндікті, бостандықты ерекше сүйіп, аса бағалайтын рухы биік халықтар. Екі ел бұл асқақ рухтың арқасында ақыры дегеніне жетіп, тәуелсіз мемлекеттердің қатарына қосылды. Тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін дегім келеді.
– Айтқаныңыз келсін. Мазмұнды сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан:
Аманғали ҚАЛЖАНОВ

The post ЖИЫРМА БЕС ЖЫЛДА ҮЛКЕН ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТТІҢІЗДЕР appeared first on .


САҢЛАҚ СКРИПКАШЫЛАР

$
0
0
52c662fa541e587884cab5725abb6d66

Классикалық музыка әлемінде скрипкашылардың шоқтығы биік келеді. Қазақтың атын әлемге танытып жүрген, жұлдызы жоғары туған бес өнерпазды бөлек айтуға әбден лайықты. 

«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАГАНИНИ»

04-10-14-muzykal-nyj-most_ruslan-turuntaev_skripka_kazahstan

Солардың бірі – 17 жасар Руслан Тұрынтаев. Өнерсүйер астаналықтардың көз алдында өсіп, талантын ұштап келе жатқан жас дарын Владимир Спиваковтың дуалы аузымен «қазақстандық Паганини» атанды. Маэстроның қамқорлығының арқасында Эмиль Буланженің скрипкасы да Русланның үлкен олжасы. Жеті жасынан Астанадағы Ұлттық өнер академиясында білім алған Руслан бүгінде Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының Орталық музыка мектебінде оқып жүр. Оның өнер додасындағы жетістіктерін жіті қадағалап, көп жылдардан бері оқырмандарымызбен бөлісіп келеміз. Алар биігім алда дейтін Руслан өз болашағын елімізбен тығыз байланыстырады. «Скрипкада ойнау шеберлігімді шыңдап, ең мықты скрипкашы атанып, өз елімнің даңқын көтергім келеді» дейді жас өнерпаз.

ШЕТЕЛДЕ ЖАҚСЫ ТАНЫМАЛ

ordabek_duissen

Тағы бір атақты скрипкашымыз Ордабек Дүйсен Американың «Даллас Опера» симфониялық оркестрінде ойнайды. Дүйсен – республикалық, халықаралық конкурстардың лау­реаты, Мексиканың құрметті артисі. Ол – бір кеште Никколо Паганинидің 24 каприсын түгел орындаған қазақтың тұңғыш дарабозы. Ол Австриядағы опера фестиваліне бас концертмейстер ретінде арнайы шақырылды. Ол өзінің концерттік бағдарламаларына әлемдік туындылармен қатар қазақ сазгерлерінің және қазақ әуендерін қосып, тыңдармандарына жеткізгенді ұнатады.
Ордабек те өнерпаздар отбасынан шыққан. Әкесі – күйші-домбырашы, анасы пианинода ойнайды екен. Ол өзінің бір сұхбатында «шетелде қазақ музыка мектебін білмейтін болар, алайда талантты қазақтарды шетелдерде көбірек құрметтейді» дейді.

«НАҒЫЗ КӨШПЕНДІ»

52c662fa541e587884cab5725abb6d66

Русланның өнердегі бой түзер ағалары жоқ емес. Белгілі скрипкашы Марат Бисенғалиевті сырлы саздың өнертапқышы және Еуропа мен Үндістанның арасын жол қылған «көшпенді» деп те атайды. Олай дейтін себебі, шетелдік және қазақ сазгерлерімен бірлесе жұмыс істеп, өнер саласында елеулі жаңалықтар енгізіп келеді. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Бирмингем консерваториясының профессоры, Ұлыбритания мен Үндістанда қатар өнер көрсетіп жүрген Мұрат қазақ елінің азаматы атын ешнәрсеге айырбастаған емес. Үндістанның симфониялық оркестріне жетекшілік етіп жүрген Марат жақында ұжымның 10 жылдығына орай гала-концертін өткізді.
Марат Бисенғалиев туралы бүкіл әлемде аз айтылып жүрген жоқ. Соған қарамастан, ол құпия адам күйінде қалып, көп қыры біздерге беймәлім. Білетініміз, 1990 жылы британдық Стина Уилсонға үйленіп, Арухан есімді қызды болады. Көп ұзамай Стинамен дәм-тұзы жарас­пай, ажырасады. Одан соң француз қызы Вассилиамен отау құрған. Одан да Шорай есімді қызы бар. Марат өз сұхбатының бірінде «Менің Англияда, Алматы мен Оралда, Бомбейде және Жаңа Зеландияда үйім бар» деген екен. Нағыз көшпенді дерсің! Скрипкашы Бисенғалиев жақында Астанаға келіп, концерт қойып, биік өнеріне тағы да тәнті етті.

ШАНИНДЕРДІҢ ШАРАПАТЫНАН

bez-nazvaniya-1

Қазақтың тұңғыш режиссері Жұмат Шанин мен тұңғыш кәсіби скрипкашы Раупбек Шаниндермен нағашы жағынан жалғасатын Арман Мырзағалиев әлемнің әйгілі сахналарында өнерін көрсетумен қатар, Бостонда дәріс береді. Ол 2007 жылы «Реми» триосын құрған болатын. Онда Алексей Найденов (виолончель, Ресей) және Юлия Горенманмен бірге (фортепиано, АҚШ) өнер көрсетеді. Соңғы кезде «Forte Music Fest» халықаралық классикалық музыка фестивалінің директоры болып қызмет атқарды. Атаулы өнер сайысында тек қана хас өнерпаздар бақ сынайды екен. «Арманның классикалық музыканың күні өтті» деген пікірмен түбегейлі келіспейтін себебі де сондықтан болар. Академиялық музыканың бәсін білетіндер «Арман сахна төрінде тек қана скрипкада ойнап қоймайды, өнерге жанын беріп, сахнада бір жасайды» деп айтып жатады. Ал ағайындары Арманның бес жасында қолына скрипканы ұстатқанда, жалма-жан аспаптың бір шетін алқымымен басып, кәнігі скрипкашыдай көзі жайнап кеткен еді деп еске алады. «Жігіттің жақсы болмағы нағашысынан» деген.

ЕРЖАНДЫ «FACEBOOKТЕН» ІЗДЕҢІЗ

pdxppon5pku

29 жасар Ержан Құлыбаев Испанияда тұрады. Ол – Ресей, Германия, Португалия және Аргентинада өткен халықаралық конкурстардың жеңімпазы. Ол музыкаға деген зор сүйіспеншілігімен әлемдік сахналарды бағындырып келеді. Жақында ғана Румынияда өткен «Джеордже Энеску» халықаралық фестивалінде үшінші орынды иемденді.
Мадридте және Зальцбургте білім алған скрипкашы Познань филармониялық оркестрімен бірге өнер көрсетіп, Польша камералық филармониясымен жеке концертін берді. Атақты дирижер Валерий Гергиевтің жетекшілігімен Мария театрында өнер көрсетті. Сонымен қатар, Карнеги-холл төрінде де қошеметке бөленді.
Ержан – «Facebookті» белсенді қолданушылардың бірі. Өз парақшасында өткір ойларымен бөлісіп, классикалық музыкаға отандастарын тарту мақсатында классикалық музыка әлемінің барлық жаңалықтарымен бөлісіп отырады. Ендеше, Ержанды «Фб-дан» іздеңіз.

Бетті дайындаған: Айгүл УАЙСОВА

The post САҢЛАҚ СКРИПКАШЫЛАР appeared first on .

ӘДІЛ СОТТЫҢ КЕПІЛІ –САУАТТЫ РЕФОРМА

$
0
0
040435864

Астанада 21 қараша күні Қазақстан Республикасы судьяларының кезектен тыс 7-ші съезі өтеді. Осы алқалы жиын қарсаңында ҚР Әскери сотының төрағасы Сәкен Жүсіпахметұлы Абдуллаев мырзамен болған сұхбатты жариялап отырмыз.

040435864

– Жақын арада Астана қаласында кезектен тыс 7-ші судьялар съезінің ұйымдастырылуы жоспарланып отыр, аталмыш шара туралы қысқаша айтып өтсеңіз?
– Иә, қараша айының 21-ші жұлдызында Астана қаласында республика судьяларының кезектен тыс 7-ші съезінің өтуі жоспарлануда.
Бұл жиында еліміздің сот жүйесіне қатысты көптеген маңызды мәселелер қаралады деп күтілуде. Судьялардың кезектен тыс съезін шақыру туралы шешім Ұлт жоспарының 19-шы қадамын іске асыру және Судьялар әдебінің жаңа кодексін қабылдау қажеттігіне байланысты қабылданды.
Мен бұл съезге Қазақстан Республикасы Әскери соты атынан делегат ретінде қатысқалы отырмын және судьялар съезіне жетінші рет қатысуым болмақшы.
– Бүгінгі күнге дейін судьялардың алты съезі өткізілген. Олар мемлекеттің сот және құқық жүйелеріне қандай өзгерістер алып келді?
– Республика судьяларының съезі – маңызды басқосу, судьялар асыға күтетін мәртебелі жиын. Бұл басқосуды қазылардың құрылтай жиыны деуге де болады.
Бұл жиынның маңызын арттырып, айтылған мәселелердің өміршең болып, қолданысқа енуіне Елбасының өзі тікелей қолдау көрсетіп келеді. Жиынға Мемлекет басшысы қатысып, айтылған ұсыныс-пікірлерді судьялар өз құлағымен тыңдағандықтан, сот саласының мәселелері де тез шешімін тауып, жаңа реформалар жылдам қарқын алып кетуде.
Ең бірініші судьялар съезі 1996 жылғы 19 желтоқ­санда Алматы қаласында өткізілгені өздеріңізге мәлім.
Осы өткен алты съездің нәтижесі бойынша «Қазақстан Республикасының Судьялар одағы» қоғамдық бірлестігі құрылып, Судьялар әдебі кодексі және Судьялар одағы филиалдарының ережесі бекітілген. Мамандандырылған аудан­аралық соттар құрылып, өздеріне артылған сенімін ақтауда. Бұдан басқа, алқа билер соты институты, медиация институты енгізілді.
Судьялыққа кандидаттардың іріктеу тәртібі белгіленіп, заңнамалық тұрғыда бекітілді. Соттар қызметінің заңнамалық және іс жүргізу нормалары жүйелі түрде жетілдіріліп, сот құрылымы әрі қарай дамытылуда.
Алтыншы съезде судьялардың жүктемесі туралы күрделі мәселе кеңінен қозғалып, Жоғарғы Сот төрағасының ұсынысы негізінде Елбасымен судьяларға және мамандарға арналған қосымша штаттық бірліктер енгізілді.
– Қазіргі таңда Судьялар әдебінің жаңа кодексін қабылдаудың қандай қажеттілігі бар? Оның бұрынғы нұсқасынан ерекшелігі қандай?
– Судья болмысы, мінез-құлқы, оның адамгершілігі, моральдық-этикалық бейнесі бәрінен жоғары болуы тиіс. Судьяға деген талап күшейтілмей, халықтың сенімі артады дегенге сену қиын. Сол себепті заман талабына сай халықтың сотқа, судьяларға деген сенімін бұрынғыдан да арттыру мақсатында судьялардың Әдеп кодексін жаңарту мен жетілдіру қажеттілігі туындады.
Бүгінгі күні қолданыстағы Әдеп кодексі 2009 жылы қабылданған еді. Жаңа кодекс жобасы бұрынғысына қарағанда көлемді. Онда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, судья әдебін сақтау, парасаттылық пен жоғары адамгершілікті, кәсіби біліктілікті жандандыру қажеттілігіне ерекше көңіл бөлінген. Кодексте судьяларға халық тарапынан қойылған талаптар ескерілген және күшейтілген деп санаймыз.
– Әр съезде сот жүйесінің қолжетімділігін, ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланады. Осы бағытта қандай жұмыстар атқарылған?
– Судьялардың алғашқы съезінен бастап қолға алынған шаралардың нәтижесінде қазір соттың барлық жұмысы азаматтарға алақандағыдай ашық, анық көрініп тұр. Әрбір азамат ашық сот процесіне қаты­сып, сот төрағасының қабылдауында бола алады.
Сондай-ақ, заманауи ақпараттық техноло­гиялардың көмегімен сот жұмысын және істер бойынша сот актілерін көруге, судьялар қызметін жеңілдетуге жол ашылған. Оған қоса, сот органдары бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз жұмыс жасауда.
Бұдан басқа, осы жылдан бастап қоғамдық бас­таумен өз қызметін жүзеге асыратын облыстық және оған теңестірілген сот жанындағы консуль­тативтік-кеңесші орган – соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестері құрылды. Кеңес судья лауазымына кандидаттардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалау, кандидаттарды іріктеу ресіміне қатысуға азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерді тарту мақсатында құрылды. Бұл судья лауазымына кандидаттарды іріктеу барысында осы процестің ашықтығын қамтамасыз етудің тағы бір жолы болып табылады.
– «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңбе­рінде сот жүйесінде қандай өзгерістер орын алды? Еліміздің тәуелсіздік жылдарында сот жүйесі қандай жетістіктерге қол жеткізді, сол туралы тоқталып өтсеңіз?
– Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына келетін болсақ, бұл жоспардың 11 қадамы сот жүйесін реформалауға бағытталған. Оларды жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына жүктеліп, бүгінгі күні олардың 10 қадамы толық орындалды.
Осы бағдарлама шеңберінде Қазақстан сот жүйесі бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы жүйесіне көшті. Сот жүйесін жетілдіру, оңтайландыру, жеңілдетуге қатысты 70-ке жуық заң нормалары қолданысқа енгізілді. Олардың негізгісі 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Қылмыстық кодекс, Қылмыстық процессуалдық және қылмыстық атқару кодекстері.
Осыдан басқа, 2015 жылғы 31 қазанда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексіне қол қойды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығында алғаш рет заңға қол қою рәсімі БАҚ өкілдерінің қатысуымен жариялы түрде өтті. Бұл аталған кодекстің барша халық үшін маңыздылығын білдіреді.
Бағдарлама негізінде барлық сот отырыстарын 100% дыбыс-бейне жазба құрылғысымен қаралуы қамтамасыз етілді. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы академияның Сот төрелігі институты «Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігі академиясы» болып құрылды. Ол сот жүйесі кадрларын қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және ғылыми қызметті жүзеге асыратын жоғары оқу орны болып табылады.
Жоғарыда аталып өткен сот жүйесінің жетіс­тіктерінен басқа, осы өткен тәуелсіздік жылдары сот жүйесі заман талабына сай сот ісін жүргізуді электронды форматқа көшірді. Оған көшу жолдары бірнеше сервистерден тұрады, олардың бірі – «Сот кабинеті» электрондық сервисі. Бұл ақпараттық сервис сот органдарының онлайн қызметтеріне қол жеткізуге арналған бірыңғай терезе және ол сот төрелігін жүзеге асыруды оңтайландыруға, сот ісін жүргізудің барынша ашықтығын қамтамасыз етуге арналған.
– Жалпы, өзіңіз басқарып отырған Әскери соттардың жүйесі және құрылымы туралы айтып өтсеңіз? Қаралатын істердің көп бөлігі қандай? Оның өзге соттардан айырмашылығы туралы білгіміз келеді?
– Әскери соттар Қазақстан Республикасының соттар жүйесінің құрамына кіреді және бірінші болып құрылған мамандандырылған сот болып табылады. Құрылымы жағынан әскери соттардың басқа соттардан аса айырмашылығы жоқ. Қазақстан Республикасы әскери соты облыстық деңгейдегі соттарға теңестірілген болып табылады және апелляциялық сатыдағы істерді қарайды. Оның құрылымы бірінші сатыдағы 10 гарнизондық әскери соттардан және Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотынан тұрады. Барлық гарнизондық әскери соттар еліміздің облыстық деңгейдегі 10 қаласында және Астана қаласында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған әскери соты орналасқан.
Әскери соттардың ең басты өзгешелігі ол тек әскери қызметшілерге, әскери басқару органдарына қатысты істерді ғана қарайды.
Қаралған істердің көп бөлігін тұрғын үй мәселелері бойынша, сонымен бірге еңбек даулары бойынша арыздар құрайды. Ал қылмыстық істер бойынша әскери қызметшiлер арасындағы өзара қарым-қатынасының жарғылық қағидаларын бұзу, билiктi асыра пайдалану жөніндегі әскери істер. Сонымен қатар, әскери қызметшілермен жұмыстан тыс уақытта жасалған жалпы қылмыстар бойынша да істер бар.
Әскери соттармен қаралатын қылмыстық істер әрқашан қоғамда қызығушылық тудырады. Себебі, сотталушылар әртүрлі шендегі әскери қызметшілер, қатардағы жауынгерден бастап генералдарға дейін.
– Қорытындылай келе, айтар тілегіңіз бар ма?
– Судьялар одағының өткен VI съезінде Елбасы Н.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Халқы заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам – ең дамыған қоғам. Біздің мақсатымыз – дәл сондай қоғам құру» деп атап көрсетті.
Сондықтан съезде қабылданатын судьялардың жаңа Әдеп кодексі және талқыланатын басқа да мәселелер сот жүйесін одан әрі жетілдіріп, судьялардың тәуелсіздігін күшейтіп, халықтың сот жүйесіне деген сенімін одан әрі арттырып, осы мақсатқа қызмет етеді деген ойдамын.
Судьялар қауымдастығына сот жүйесін жетіл­діру жолында жемісті еңбек, ал әр судьяға сот төре­лігін жүзеге асыруда тәуелсіздік, заңды және әділетті шешім қабылдап, халық сеніміне ие болуды тілеймін.

The post ӘДІЛ СОТТЫҢ КЕПІЛІ – САУАТТЫ РЕФОРМА appeared first on .

ЕЛОРДА – ЕЛДІҢ МАҚТАНЫШЫ

$
0
0
13

«Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау инс­титуты» ЖШС директоры, өнер мен әдебиет саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ҚР Құрметті сәулетшісі Сәрсембек Жүнісов қалалық мәс­ли­хатқа №7 сайлау окру­гінің депутаты болып сай­­ланған. Депутат газет тілшісіне халыққа қыз­ме­тінің жаңа сапада қа­лай жал­ғасын тапқаны туралы әң­гімелеп берген еді.

13

– Өзін-өзі басқару жүйесінің маңызды бөлігі, мәслихат депутаты ретінде жергілікті тұрғындармен тікелей жұмыс жа­саудағы алғашқы тәжіри­беңіз емес пе? Белгілі сәулет­кер, шығармашылық адамы үшін қаланың тыныс-тірші­лігіндегі мәселелерді шешудің ерекшеліктері бар ма?
– Жасыратыны жоқ, сайлау алды кездесулерде сайлаушылармен бірден тіл табысып кеттім дей алмаймын. Ең күрделі округ менің үлесіме түскен екен. Тұрғындардың сынай қарап, сенімсіздік білдірген сәттерін бастан өткіздім. Мұнда негізінен ескі қаланың тұрғындары ме­кендейді. Бұларды кешегі Целиноградты қолымен салған, Ақмола облысына еңбек сіңірген ескінің көзі деуге болады. Ал­ғашында сынай қарағанның да сыры осында жатыр. Олардың әрқайсысы да құрметке лайық.
– Олардың ойындағысын тауып, ортақ тіл табудың да қиындығы бар шығар?
– Мен мәселені тікесінен қойдым. «Менің қолымда мына қағаз бен қаламнан басқа ештеңем жоқ. Сіздерге үйіп-төгіп уәде бере алмаймын. Бірақ сіздермен бірлесіп, осы аумақтағы түйінді мәселелерді шешуде сайлаушыларымның мүдделерін қорғауға дайын­мын» дедім. Салмақты өздеріне салып, егер өздеріңіз өзгерме­сеңіздер, ешкім сіздерді күш­теп өзгерте алмайтынын түсін­дірдім. Өзіме жақсы таныс, осы өңірдің даму жоспарын баяндап, тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартатын сол жобаларды жүзеге асырумен тікелей байланысты екенін жеткіздім. Ашық әңгімеден кейін адамдардың белсенділігі артып, қызығушылығы ояна бастады. Біртіндеп өздерін толғандырып жүрген ойларын ортаға салып, оның оң шешімін бірлесе іздей бастадық.
– Ол қандай түйінді мәсе­лелер екен?
– Елордада шешімі күрделі, өмірлік маңызды проблемалар жоқ деп айтуға болады. Біздің басты назарымызға абаттандыру, қалалықтардың саламатты өмір салтын ұстанып, демалысына қолайлы жағдайларды жасау сияқты сұрақтар алға шықты. Тұрғындардың қоғамдық-саяси өмірге белсенділігін арттыру да ескеретін жайт. Менің сайлаушыларымды шартты түрде екіге бөлуге болатынын байқадым. Біріншісі – айналадағы өзгерістерге ашық емес.
Екіншісі бәрін бір күнде жылдам жасап беруді талап етеді. Жалпы, халықпен жұмыс істеудің ерекшелігі бар ғой, аз ғана уақыт ішінде сайлаушылардың белсенділігіне қол жет­кіздім. Айт­қа­нымдай, осы төңі­ректегі бір­қа­тар жұмыстарға жан бі­тірдік. Жолдарды төсеп, тозығы жеткен ескі үйлерді сыруды бас­тап кеттік. «Елорда – даму» қалалық бағ­дарламасы бойынша апатты үйлерді сүріп, орнына жақсы үй салу жоспарланып отыр. Қаланың алдағы жыл­дардағы бюджетінде де қаражат қарастырылды. Демек, қала іргесіндегі аймақтар да жанданып, жаңа қарқынмен дамиды деп ойлаймын. Одан бө­лек, қаланың жаңа орталығын жаң­ғыртудан ауысқан құрылыс материалдарын да қала ірге­сіндегі қоныстардың кәдесіне жаратуды көздеп отырмыз.
Аталмыш аумақтағы күйіп тұр­ған мәселенің бірі – ескі мек­тептің жайы. Осы өңірдегі ең алғашқы, осыдан 80 жыл бұрын салынған ескі ғимарат.
– Сіз қала іргесіндегі қо­ныстардың жағдайын жақсы білетін, оны бір кісідей кө­теріп жүргендердің бірі еке­ніңіз белгілі. Оның оң нәти­жесіне жетудің басты шарттары қандай?
– Қалаларды дамыту үрді­сінде қай елдің, қай қаланың тәжірибесін алып қарасаңыз да, жаңа орталық ескі орталықты ешқашан басып озған емес. Солай болады да. Өйткені ескі қаланың өзіндік дәстүрі мен тарихы жаңа орталықтан оқ бойындай озық тұрады. Сан жылдар белесінде орнығып қалған адамдардың көңіл-кү­йінен де Есілдің оң жақ бетінде жинақылық сезіледі. Қала­ның жаңа бөлігіндегі уақыт ағымына ілесу, алға ұмтылу сияқты сезімдер басым түсіп жатады. Іскерліктің де нышандары осы жағалаудан есіліп тұрады. Бірақ өткен уақыттың елесі әр көшесінде, әр аялдамасы мен жол орамдарында бедері қалған ескі қаланың образы ескірмейді. Қала тұрғызушылардың қолы қалт еткенде қаланың ескі келбетін көріктендіріп, өз келбетін қал­пына келтіруге ұмтылғаны – заңды нәрсе. Егер тиімді жағын ойласақ, ескі үйді сүріп, орнына көп қабатты үлкен ғимарат тұрғызар едік. Алайда бұдан ескі қаланың көркі кірмейді. Сол себепті сүрілген үйлердің орнын гүлзар баққа айналдырып, жаңа келбетін ашқымыз келеді. Алдағы уақытта Есілдің оң жағалауын да жасыл баққа айналдыру жоспарда бар.
– Қала маңы аймағын көгалдандыру, қонысты аумақтың ішіндегі көгал­дандыру жұмыстары қала­лықтардың өмірінде өзгеше өзгеріс алып келеді деп ойлайсыз ба?
– Бәрі адам үшін, менің қалам, менің көшем, менің үйім деген ұғымның мәніне жетіп, қала тұрғындары оны жүре­гімен айтып, сезіну үшін сөз­ден гөрі іске көшу керек. Алдымен қалалықтардың бас қосып, жүз көрісетін, пікір алмасып, бос уақытын қалауынша өткізетін қоғамдық орындарын анықтауымыз керек. Ол үшін оң жағалаудағы кейбір көшелердегі көлік қозғалысын жауып, тек жаяу жүргіншілердің иелігіне қалдырамыз. Бұл шартты түрде алғанда, қоғамдық кеңістік деп аталатын болады. Осы арқылы көше мәдениетінің қалыптасуына әсер етеміз, адамдар да оқшауланбай, бір-бірімен жақындаса түседі. Өкінішке қарай, қазіргі ел­ордадағы қала бақтарында адамдардың демалуына көп жағдайлар жасал­маған. Мысалы, «Арай» саябағын алыңызшы. Ішінде емін-еркін сейілдеп жүрген жанды көргеніңіз бар ма?! Темір қоршауының өзі не тұрады? Демек, мұндай бақ­тардың қоршауын бұзып, бұ­қараның нағыз демалыс орнына айналдыруға мән бергеніміз дұрыс.
– Саламатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, бел­сенді демалыс түрлерін ұйым­дастыруда да қала басшы­ларының ескеретін тұстары бар дейсіз ғой…
– Осы мақсатта Есілдің жа­ғалау аймағын көркейту, дене шынықтыру-сауықтыру мақ­сатында веложолдарды дамыту жоспарлануда. Есіл арқылы өтетін 5 негізгі велосипед кө­пірлерін құру (барлығы 8), 3 типті велосипед жолдарын құру жоспарлануда. Мұның ішінде велосипедшілердің қозғалысына ғана ар­нал­­ған дербес жол, қо­ғам­­дық пай­да­лану­дағы жол­дардың құрамына веложол­дар қарас­ты­рыл­ған. Соңғы жыл­дары қала тұрғындарының арасында қала көлігінің бір түрі ретінде велосипедті қолайлы көретіндер артып келеді. Енді олардың еркін қозғалуына да жағдай жасау керек. Қаламыз тұрғындардың көз қуанышына айналып, шын мәніндегі иесіне айналып, мақтаныш тұта алса, Есілдің екі жағалауы қатар гүлдеп, жасыл ба­ғымыз орман болып, сая­сында астаналықтардың талай ұрпағы өркендеп, өсетін болады.
Түйіндеп айтқанда, елордамыз – тек қана астаналықтардың мақтанышы емес, бұл бүкіл еліміздің мақтанышына айналған бас қаламыз. Сондықтан бұл қаланың әрбір тұрғыны оның өніп-өркендеуіне өзіндік үлес қосып, жанашыр болып жүруге тиіс деп ойлаймын.

Айгүл УАЙСОВА

The post ЕЛОРДА – ЕЛДІҢ МАҚТАНЫШЫ appeared first on .

ІЗІМДІ ЕЛДОС СМЕТОВ БАСАДЫ

$
0
0
9d30f196e8ace6329592b72e52dae702

Газетіміздің бұл жолғы кейіпкері – қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, аңыз адам, ел ағасы Жақсылық Үшкемпіров. Астанаға ат басын бұрғанын әлеуметтік желіден біліп, дереу әңгімелесіп қалуға әрекет жасадық. Сөйтіп, телефонын тауып, қоңырау шалдық. Тоқтаған жері біздің редакцияға жақын болып шықты. Бәйтеректің түбінде орналасқан тұрғын үйде баласының пәтері бар екен. Содан бір күн ғана аялдайтынын, асығыс екенін айтқан ағаға асай-мүсейімізді асынып, жетіп бардық.

9d30f196e8ace6329592b72e52dae702

ОЛИМПИАДА АЛТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ ЖҮЛДЕ ТЕҢ КЕЛМЕЙДІ

– Жақсылық аға, елге есіміңізді әйгілетіп, аты­ңызды асқақтатқан ол – спорттағы жетістіктеріңіз. Оның ішінде, әрине, Олимпиада алтынының өзі – бір төбе. Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тойы қарсаңында сізбен осылай сұхбат құру – бізге ғанибет. Бағындырған биіктеріңізді қазір ел аңыз етіп айтады. Бұл белестерді егемендік жылдары есейген ұрпақ біле бермейді…
– 1968 жылдың 5 қазанында Семейдегі зооветеринарлық институтқа оқуға бардым. Бәрі сол жерден басталды. Әйтпесе, күреспен айналысамын деп ойлаппын ба?! Олимпиада шыңына шығу ойыма да кіріп-шықпаған. Содан бірінші курста шаңғы тебуден сынақ тапсыруға тура келіп, ол сыннан өте алмадым. Қары қалың түспейтін күнгей жақта туған маған бұл шаңғы алынбас қамалдай болды. Мұны өтеу үшін мені спорт залына жіберді. Бір жаттықтырушы шақырды да «Ей, бала, қане мынамен күресіп көрші» деді. Күрестің ешқандай ережесін білмеймін. Әйтеуір ұстадым да, тарс еткізіп жықтым. Одан соң тағы үшеуін жеңіп тастадым. Оның біреуі спорт шебері атағына үміткер екен. Бірақ мен оларды жеңгеніме емес, шаңғының сынағын өтегеніме масаттанып, мәз болдым.
Араға 15 күн салып инс­титуттың біріншілігіне қаты­сып, жеңімпаз болдым. Бұл – менің ең алғашқы тур­нирім. Тағы 15 күннен кейін қалааралық турнирде бақ сынадым. Бір айдай жинаған тәжірибем бар. Аздап әдіс-тәсілдерді меңгердім. Онда да бәрін жеңдім. Қалай жеңгенімді өзім білмей қалдым. Тіпті, күресіп жүргенімде жастар арасындағы турнир ме, әлде ересектер арасындағы ма, ажырата алмадым.
Бір жылдан соң республика біріншілігінде күрестім. Одан да бірінші болдым. Бірақ менің жеңістерім кездейсоқтық деп сипатталып, КСРО чемпионатына қатыстырылмайтын болдым. Сол кезде классикалық күресте орын бар екенін біліп, сонда бақ сынап көрдім. Екі аптадан кейін тағы жеңімпаз болып, ақыры іліндім.
1971 жылы КСРО-да бесінші орын алдым. Келесі жылы үшінші орын, одан кейін 1973 жылы тағы үшінші орын иелендім. 1974 жылы екінші орынға көтеріліп, 1975 жылы әйтеуір бірінші болдым. Бірақ Олимпиадада басқа балуан күресетін бол­ды. Бұл жетістікті 1980 жылы қайталап, КСРО-ның екі дүркін чемпионы болдым. Осыдан кейін ақыры Олим­пиадаға қатыстым. Қатысып қана қоймай, алтыннан алқа тақтым. Мұның бәрі – қазір ертегі сияқты.

КСРО-НЫҢ ЖЕТІ ДҮРКІН ЖЕҢІМПАЗЫ БОЛҒАН ДӘУЛЕТ НАҒЫЗ АЗАМАТ

– Олимпиадаға қатыса алмай қапа болғаныңыздан бұрын, КСРО чемпионатында талай рет тауыңыз шағылыпты. Олимпиада алтыны сол жолға жеткенге дейінгі өкінішті сәттердің бәрін жуып-шайып жібер­гені түсінікті. Дегенмен, ең есте қалған, жеңіс уысы­ңызда тұрып, соңғы секундтарда сусып шығып кеткен сәт қайсы?
– Бірде мынандай уақиға болды. 2006 жылы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде Әлем кубогы болып жатқан шақ. Байсейітов пен Дәулет екеуі айтысып жатыр. «Менің әлгі біреуден жеңілген кезім есіңде ме?» деген сияқты әңгімелер өрбіп жатыр екен. Әттеген-айларын айтуда. Мен бардым да, бірден сөзге араласып кеттім: «Дәулет, менің Еуроның финалында жеңілгенім әлі есімнен кетпейді. 4:3 есебімен жеңіп тұрғанмын. Уақытты ұстауға болатын еді. Аяқталуға он секунд қалғанда қатты қызып кетіп, тағы бір айналдырып жіберейін деп әрекеттенгенде саусағым пытыр ете қалды.
Сынып кетті» деп сол сәтке өкініш білдіретінімді айттым. Мен қазір мына сен екеу­міз шәй ішіп отырған кесені ұстасам, әлі күнге дейін қолым қалтырап кетеді.
Сөйтсем, Дәулет «Жақ­сылық аға-оу, сіздің не арма­­­ныңыз бар. Осы менің Әлем, Еуропа, Азия – бәрін қос­қанда сіздің бір Олимпиа­да алтыныңызға жетпейді ғой» деді.
Сосын Дәулеттің тағы мынадай сөзі бар: «Бір Олимпиада алтыны үшін КСРО-ның жеті рет жеңген медалін бере салар ем» деген. Әйтпесе, күрестің тарихында, тіпті, жалпы тарихта жеті дүркін КСРО чемпионы деген жоқ мүлдем. Біз сол үшін Дәулетке ерекше құрмет көрсетуіміз керек. Ол – нағыз азамат. Жақында ғана бір басқосуда жігіттерге осыны айттым. Ол айтқанымды Дәулеттің өзіне де қоңырау шалып жеткіздім. Балаша мәз болып қалды.

zhakslyky-2

ЕЛДОС МАҒАН ҰҚСАЙДЫ

– Сіздің Олимпиада алтынын алғаныңызға биыл – 36 жыл. Содан бері сол шыңға әлі бірде-бір қазақ балуаны шықпады. Осы олқылықтың орнын толтыратын оғландар бар ма бізде?
– Бар! Оның жарқырайтын сәті жақындап қалды. Ол – Елдос Сметов. Менен кейін күрестен Олимпиада алтынын алатын қазақ сол болады. Мен мұны нық сеніммен айта аламын. Оған негіз де жоқ емес. Биыл Риода көп күткен жүлдеге қол жеткізуге сәл-ақ қалды. «Міне, міне осы жолы» деп қатты үміттеніп едім. Бірақ өкінетін ештеңе жоқ. Елдос әлі жап-жас қой. Жасы – жиырма үште. Алар асуы – алда. Мен Олимпиада шыңын отызымда бағындырдым. Оған тағы екі Олимпиадаға баратындай мүмкіндік бар.
Елдос Риода керемет күресті. Өте жылдам, әбжіл қимылдайды. Жұрттар жыл­дамдығына қарап, Брюс Ли сияқты деді ғой. Мен бұған толықтай келісемін. Ол финалда ресейлікпен күш сынасты. Негізгі уақытта тең түсті. Шамалы бақ жетіспей қалды. Мен мысал келтірейін, егер баяғы Кеңес кезеңі болып, сол ақтық сында жеңілген ресейліктен бір бәс жоғары тұрмаса, оның Олимпиадаға қатысуының өзі неғайбыл болатын еді. Сондықтан Елдостың Олимпиадада күміс алуының өзі – егемендігіміздің арқасы. Тәуелсіз ел болып қана өзгелермен тереземіз теңесе алады.
– Елдосқа қарағанда өзіңіздің жастық кезіңізді көргендей боласыз ба?
– Осыны енді айтайын деп отыр едім. Елдос маған қатты ұқсайды. Ештеңеден қорықпайды, тайсалмайды, жүректі. Ол көздегеніне жет­­­пей қоймайды. Қазірдің өзінде Риодағы күміс жүлдесін айтпағанда, Әлем чемпионы атанды, Азия ойындарында бәрінен еңсесі биік болды. Бас­палдақтың бәрінен өтіп келеді. Ал алынбаған жалғыз асу – Олимпиаданың алтыны да алыс емес. Көресіңдер, Токиода топ жарады. Егемен елдің ұлан­дары кілемде солай еркін, сенімді, ширақ күресу керек.

zhaksylyk

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ АТАУЫН ӨЗГЕРТУГЕ ТҮБЕГЕЙЛІ ҚАРСЫМЫН

– Сіздің ойыңызша, «Қазақстан барысы» кү­рестің дамуына қанша­лықты ықпал етіп жатыр?
– Бұл – бүкіл елге бет бұрғызған үлкен іс. Елбасының өзі қолдау көрсетіп отыр. Мұның бәрі жайдан-жай емес. «Ұрпақ күрессін, өзіміздің дәстүрді ұмытпасын» дегені. Жапондар дзюдосын бүгінде жер-жаһанға танытты. Біз де соған неге талпынбасқа?! Қазір Астанада Жекпе-жек сарайы салынып жатыр. Тезірек бітірсе, жақсы болар еді. Жақында «Алматы-Арена» пайдалануға берілді.
– Қазақ күресінің ха­лық­аралық деңгейде танылуы үшін атауын өзгерту туралы сөз болып жатыр. Мысалы, Арман Шораев жай ғана «күрес» деп атағанды дұрыс көреді. Бұған сіздің көзқарасыңыз қалай?
– Атауына қатысты сөз шыққаны дұрыс емес. Мысалы, грек-рим күресі, дзюдо болып жаһанға таралды. Біздің де күрес Қазақ күресі деп аталуы керек. Ешқандай да дұрыс емес. Кез келген спорт түрінің аты болуы керек. Мысалы, сен жай ғана жігіт болып жүре алмайсың ғой. Сондықтан бұл атаумен алысты армандау қате. Егер қазақ күресін күрес деп атаса, онда осы күнге дейінгі атқарылған шаруаның бәрі бекер.
– «Қазақстан барысын­дағы» мықтылардың неге халықаралық додаларда даң­қы шықпай жатыр?
– «Қазақстан барысының» деңгейі әлі де төмен. Қазақ күресінің халықаралық аренаға шығуға біраз уақыт қажет. Сондықтан қазақ күресімен
айналысатындар дзюдомен, болмаса басқа да күрес түр­лерімен әуестеніп, Олимпиада чемпионы болу керек. Балуандарымыз тек қазақ күресімен шектеліп қалмаса екен.
Мен жақында Қытайға барып қайттым. Мұңғұлкүрең деген аудан бар екен. 70 мың халқы бар. Бәрі – қазақ. Қазақ десе, жан беруге дайын. Сонда күрестен үлкен жарыс өтті. Осыған қарап, біздің күрестің көкжиегі әлі кеңейетініне
көзім жетті.

ӘР АУЫЛДАН БІР-БІР АЗАМАТ ШЫҚСА, ЕЛІМІЗ ДАМЫП КЕТЕДІ

– Қазақ шекарасын бекемдеп, дербес ел болғанына биыл ширек ғасыр болды. Осынау уақытта сіз басқа қырыңыздан танылдыңыз. Яғни, Тәуелсіздік жылда­рындағы өміріңіз шаруа­шы­лықпен байланысты. Тасы өрге домалаған тірлігіңіз ауылдың дамуына қосылған үлес қой?!
– Айналысқаным – ата-бабамыздың кәсібі. 1998 жылы жүрегім ауырып, дәрігер далаға шығу керек деген кеңес берді. Содан ауылға барып осы шаруаға кірістім. Ісімді 150 ешкімен бастадым. Қазір 5 мың ірі қара, 3 мың жылқы, біраз қой бар. Жалпы, Құдайға шүкір, төрт түлік түгел.
Биыл Елбасы ауызашарға шақырып, бірге отырдық. Дастарқан басында Мемлекет басшысына «Аға, мысалы елде төрт мыңдай ауыл болса, сол ауыл­дарда бір-бірден төрт мың жігіт шықса, еліміз әл­де­қашан гүлденіп кетер еді» деп айт­тым. Діңгегіміз – ауылда.
Елбасының өзі ауылдан шық­қан. Ауылды жайнат­қанымыз – елді дамытқанымыз.
– Жер дауы көтерілгенде, халықты сабырға шақыр­ғандардың бірі – өзіңіз. Ісімен де көпке үлгі шаруақор сіздің сөзіңіз жерде қалмаған шығар…
– Ата-бабадан аманат болып қалған жер бос жатпау керек. Сол жерде егін егіп, мал бағып, еңбек етуіміз керек. Маңдай теріміз сіңбесе, қалғаны – бос әңгіме. Жер дауы шыққанда, халыққа осыны айттым. Осы мәселемен біраз жүгірдік, облыстарды араладық.
Жер дауынан кейін елдің еті тіріліп қалды. Қыбырлап, еңбек ете бастады. Бұл да бір халыққа қозғау болды. Кез келген нәрсенің жақсы жағы болады ғой. Біз мамыр айынан бастап елді шаруаға шақырдық. Күзге қарай егіндері дән бере бастағанда, дән риза болып қалдық. Сондықтан жер дауы жақсы жағынан дүмпу болды. Елдің намысы оянды. Жатқа жерін кім беріп қойғысы келеді дейсің. Бұл да күрестің бір түрі. Өзімізді өзіміз бір қайрап алдық. Жердің қадірін білдік.

ЖҰРТҚА ШАРАПАТЫМ ТИСЕ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ АРҚАСЫ

– Жұртқа ұдайы жақсылық жасап жүретін жақсы аға былтыр ауылдастарына балабақша мен жатақхана салып берді. Мұны «Тәуел­сіздіктің тойына тартуым» дедіңіз…
– Жамбыл ауданындағы Мыңбаев ауылында іс бастадым. Сол ауылға газ жүргізіп бердім. Ескі ғимаратты қайта салып, балабақша етіп аштым. Қазір онда 100 бала тәр­биеленіп жатыр. Жатақхана салып, 38 отбасыны қоныс­тандырдым. Осының бәрі – шаруашылықтың арқасы. Қаншама адамды жұмыспен қамтып отырмын. Қазір 70 адам менің шаруа қожалығымнан нәпақасын тауып жүр.
– Бапкерлікпен айна­лыс­пасаңыз да, спорт кеше­нін ашып, жастардың жат­ты­ғуына жағдай жасаға­ныңыз шәкірт тәрбиелегеннен кем түспейді ғой?!
– Жақында бапкерім Вадим Псаревтың 80 жылдығын атап өттік. Үйіне барып, көңілін аулап, шапанымызды жаптық. Разы болып қалды. Ал менің бапкер болғанымнан гөрі осындай іс бітіргенімнен елге пайдам тиеді. Қазір өзім ашқан Спорт кешенінде 200 бала күресіп жатыр. Олардың ішінен жастар арасындағы ел чем­пион­дары шығуда.
Спортқа бет бұруыма себеп болған Семейдегі өзім оқыған оқу орнын түгелдей кіреберістен бастап күрделі жөндеуден өткізіп бердім.
– Салиқалы сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан:
Орынбек ӨТЕМҰРАТ

The post ІЗІМДІ ЕЛДОС СМЕТОВ БАСАДЫ appeared first on .

САУАПТЫ АЙДАЛАДАН ЕМЕС, АЙНАЛАДАН ІЗДЕЙІК

$
0
0
maxresdefault

Тәуелсіздікке дейін елімізде небәрі 68 мешіт болған. Өзіміздің Діни басқармамыз болмағандықтан, кезінде Өзбекстан Мұсылмандар одағына қараған едік. Азаттықпен бірге келген діни еркіндігіміздің арқасында бүгінде елімізде 2500-ден астам мешіт бой көтерді. Есесіне, діни ахуал да күрделене түскендей.
Дәл қазіргі таңда ағымға бөлінген қазақты тоқтатудың жолы бар ма? Жат ағымның жетегінде кеткен жандар дәстүрлі дінімізге енді қайта орала ма? Ел арасында жүрген ақ сәлделі имамдарымыздың беделі мен білімі қандай? Биыл жариялаған «Дін және тарих тағылымы» жылында діни тұлғаларымыз қаншалықты насихатталды? Осы және өзге де мәселелер туралы еліміздегі күллі мұсылман қауымының қарашаңырағы, рухани ордасына айналған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан Маямеровпен әңгімелескен едік.

maxresdefault

АҒЫМ ДЕГЕН– АҒЫН СУ

– Мойындау керек, дін туралы айтқанда көбіміз мешіт, намаз, ораза, садақа және құран бағыштаудан әрі аса алмаймыз. Шын мәнінде, ислам дінінің шынайы құндылықтарына не жатады?
– Ислам діні – адамгершілік­тің, ғылымның, өркениеттің, бірлік пен бейбітшіліктің діні. Ол он төрт ғасырдан бері адамзатты сенім мен нанымына, тегі мен нәсіліне қарамай, бейбітшілік пен ынтымаққа, сабырлылық пен тазалыққа шақырып келеді. Ислам – екі дүние бақытының кілті дейтініміз сондықтан.
Рас, көбіміз дін деген ұғымды намаз бен ораза, құдайы ас және садақа беру секілді амалдармен шектеп қоямыз. Шын мәнінде, бұл дұрыс емес. Қарапайым сөзбен айтқанда, ислам – барлық пендеге «адам» деген жоғары атқа лайықты өмір сүруді үйрететін соңғы дін. Өзіңізді бағып-қағып өсірген аяулы ата-анаңызға қамқорлық таныту, жақындарыңызға жақсылық жасау, отбасыңызға үлгілі әке, өнегелі ана болу, балаларыңызға дұрыс тәрбие беру, көршімен көркем қарым-қатынас орнату, адал жолмен табыс табу, мемлекеттің мүлкіне қол салмау, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету, міне, осы айтылғандардың жиынтығы – дін. Әрбір жақсы істің басында діннің талабы бар. Көрдіңіз бе, дін біз ойлағандай қиын емес. Діннің шынайы құндылықтары – осы.
– Олай болса, дінге бөліну қайдан шықты?
– Дінге емес, діни сенімге бөліну деп айтқанымыз дұ­рыс шығар. Өйткені бәрі­міз бір дінді, яғни бір ислам­ды ұстанамыз. Мәсе­ле діни көзқарастар мен ұста­ным­дардың қайшы­лығында. Басты қателік – «менікі ғана дұрыс, қалғандары адасқан» деген көзқарасты басшылыққа алу. Дінде шектен шығуға болмайды. Кейбір бауырларымыз дінге бет бұрғаннан кейін түсінбестіктен ата-анасымен, туған-туыстарымен қарым-қатынасына сызат түсіріп алады. Керісінше, имандылыққа ден қойған адам бұрынғы жаман қылықтарынан арылып, туыстармен байланыс­ты күшейте түсіп, оларға мейірбан бола түсуі керек емес пе?!
Алла Тағала Құранда: «Жүз­деріңді шығысқа, батысқа жөнелту – бір игілік емес. Бірақ кім Аллаға, ақырет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе және туыс, жақындарына, жетімдерге, міскіндерге, жолда қалғандарға, сұраушыларға және құлды азат етуге, жақ­сы көре отырып, мал сарп қылса әрі намазды толық орындап зекет берсе, өзара байласқан уәдесін орындаушы, таршылықта, қиыншылықта және соғыс кезінде сабыр етуші болса, міне, солар шыншылдар әрі солар тақуалар» деген («Бақара» сүресі, 177-аят). Ал пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім ризығының көбеюін және өмірінің ұзаруын қаласа, туған-туысқандарымен қарым-қатынасын үзбесін» деп өсиет еткен. Міне, сауапты айдаладан емес, айналадан, ата-ана, көрші, туған-туысқандардан іздеу керек.
Ағым деген ағын су секілді. Уақыты келгенде «ағып» өте шығады. Ислам тарихына үңілсек, мұндай бөлінулер болған. Қоғамда бүлік шы­ғарып, мұсылмандар арасына дау тудырғанмен, уақыт өте келе идеологияларынан мән-мағына қалмай, құрдымға кеткен. Қоғамға қажет емес мұндай ағымдар түбінде тіршілігін жояды.

РАЙЫНАН ҚАЙТҚАНДАР БАР

– Десек те, жат ағымға ерген жастардың бар екендігі жан ауыртады. Қай жерден қателестік деп ойлайсыз? Олардың дәстүрлі дінімізге оралуына мүмкіндік бар ма? ҚМДБ тарапынан нақ­ты қандай жұмыстар атқарылуда?
– Еліміз тәуелсіздік алған тұста кейбір жастар діни білім алу үшін шетел асып жатты. Олардың кейбірі адасқан ағымдардың соңынан ерді. Елге келгеннен кейін шетелден алған теріс діни көзқарасын жастар арасында тарата бастады. Кейбір жасөспірімдер олардың сөзіне иланып қалды. Соның зардабынан сан ғасырдан бері ата-бабасының ұстанып келе жатқан дәстүрлі дінін ұмытты.
ҚМДБ тарапынан атқа­рылып жатқан жұмыс­тарға келсем, нәтиже жоқ емес, бар. Әр мешітте үгіт-насихат айтылуда, сауат ашу курс­тары жұмыс істеп жатыр. Білікті имамдардан құралған республикалық ақпараттық-насихат тобы және жергілікті ақпараттық-насихат топтары халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Өткен жылы қазақ, орыс тілдерін жетік меңгерген, діни һәм дүниеуи сауаты жоғары, халыққа даналықпен көркем уағыз айта алатын дінтанушылар мен имамдардан құралған екі насихат тобы құрылған болатын. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы 800-ге жуық адам райынан қайтты.
– Әрине, бұл жерде имам­дардың еңбегін айт­пасқа болмайды. Бұрын имамдар­ды тек кісі қайтқанда көру­ші едік. Қазір дін қызмет­керлерін мәдени-рухани іс-шараларда жиі көреміз. Жалпы, бүгінгі имамдарға қойылар талап қандай?
– Бәрімізге белгілі, хал­қы­мыздың танымал тұлғала­рының өткен өмір жолына зер салсақ, «ең алдымен ауыл молдасынан сауат ашқан, хат таныған» деген деректерді жиі кездестіреміз. Сол се­бепті, қоғам үшін қай кезде де имамдардың берер тәрбиесі мен білімі мол.
Бүгінде ҚМДБ құрамында жоғары білімді 500-ден астам және орта білімді 797 азамат еңбек етеді. Соңғы жылдары білімді мамандардың қатары көбейді. Имам-мол­далардың білімімен қоса, діни саладағы тәжірибесін шыңдау мақсатында екі инс­титут жұмыс істейді. Бірі діни жұмысты тиімді атқаруды меңгертсе, екіншісі жат ағымдармен жұмыс іс­теу əдістерін үйретеді. Дін қызметкерлерінің білімі мен біліктілігін арттыру үнемі назардан тыс қалған емес. Жыл сайын 200-ден астам имам Алматы қаласындағы Имамдардың білімін жетілдіру институтынан өтеді. Еліміздің 5 өңірінде оқыту курс­тары ұйымдастырылады. Өңір­лердегі имамдардың халықпен жұмыс істеу қабілетін терең­детуге арналған семинарлар жиі өткізіледі. Діни саланың жұмысын жүйелі ұйымдастыра алатын білікті имамдар корпусы қалыптасты деуге негіз бар.
Бүгінде имамдарға қояр талап та күшейді. Олардың атқарып жатқан қызметіне лайық немесе лайық емес еке­нін анықтау үшін мешіт имамдарын аттестаттау жұмыстары қолға алынды.
Кешегі тәуелсіздік алған кезең мен 2000 жылдардағы имамдар мен қазіргі дін қыз­меткерлерін салыстыруға келмейді. Қазіргі имамдарда қабілет, деңгей басқа. Іс­керлік, байсалдылық, ше­шендік өнер қалыптасты. Білім мен көзқарас көкжиегі кеңейді. Имамдар уағызды тек шариғи тұрғыдан ғана емес, тағылымға толы тарихымызбен, әдепке үндейтін әдебиетімізбен, мәнді мәде­ниетімізбен ұштастырып айтуға дағдыланды.

 МҰСЫЛМАН МЕЙРАМДАРЫ ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТА ТОЙЛАНУДА

– Осы арада өзіміздің діни мектебіміз қалыптасты деуге келе ме?
– Аллаға шүкір, көрші елдермен салыстырғанда біздің діни саладағы қол жеткізген жетістіктеріміз аз емес. Со­ның бірегейі ретінде айтарым, барлық мешітте бір мезетте бір тақырыпта жұма уағызының жүргізілуі. Кейбір елдерде аймақ-өлкеге бөлініп, бір-біріне бағына бермейтін, үйлесім таппаған діни қызмет жүйесі көрініс тапқан. Бұл тұрғыда біздің ел көш ілгері. Бір орталыққа ұйыған құлшылық үйлеріндегі сан-салалы жұмыс жанданып келеді.
Осыдан үш жыл бұрын «Дін мен дәстүр» идеясын көтердік. Бұл игі бастама көпшілік қолдауға ие болды. Діни мерекелерді ұлттық құндылықтарымызбен үйлес­тіріп тойлаудың мәдениеті қалыптасты. Құрбан айт, Ораза айт, Мәуліт мерекелері ұлттық сипатта аталып өтеді.
Діни басқарма ешқандай елдің өз ішінде қалыптасқан діни көзқарасын, ұстанымын, жолын, мектебін үлгі тұтып, оған басымдық берген емес, бермейді де. Әр елдің өзіндік дәстүрі, діни жолы бар. Біз, діни саладағы сарапшылар, теолог-ғалымдар қазақ мұсылмандығының қалыптасқан діни мектебінің рөлін арттыруды қолға алдық.
– Діни білім алу мәселесіне қайта ойыссақ… Қазіргі уақытта қанша адам шетелде діни білім алуда? Оларды бақылауға мүмкіндік бар ма?
– Діни басқарма мектепті енді бітірген жастарды шетелге діни білім алуға жібермейді. Өйткені олардың бойына ең алдымен дәстүрлі рухани құндылықтар мен дәстүрлі діни танымды сіңірген абзал. Мүфтият діни білім беру саласы бойынша мұсылман мемлекеттерімен әріптестік байланыс орнатып, ортақ келісімдерге қол жеткізді. Жыл сайын Түркия, Египет елдеріне имам-молдалар білімін арттыруға жіберіледі. Мұның бəрі де діни ахуалды түзетуге, жақсартуға бағытталған шаралар. Бұдан бөлек, түркиялық əріптесіміз профессор, доктор Мехмет Гөрмез мырзамен ортақ келісімге келуіміздің нәти­жесінде екіжақты тәжірибе алмасу және дін мамандарын даярлау жұмыстары жүзеге асып жатыр. Болашақта дін қызметкерлеріне арналған ғылыми орталық ашуды да жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта Мысырда, Түркияда 100-ден астам азаматымыз білім алып жатыр. Олар – біздің имамдарымыз бен шәкірттеріміз.

ТАРИХЫМЫЗДАН АЛАР ТАҒЫЛЫМ МОЛ

– 2016 жылды «Дін және тарих тағылымы» деп жария­­ладыңыздар. Дін мен та­ри­хымыздың байланысы қан­шалықты зерделенді?
– Иә, жылдың басында менің ұсынысым бойынша ҚМДБ Төралқа мәжілісінің шешімімен 2016 – «Дін және тарих тағылымы» жылы деп жарияланды. Басты мақсат – тарихи тамырымызға зер салып, дін мен тарихымыздың байланысын терең зерделеу. Ұлттық табиғатымызбен сабақтас ша­ри­ғаттағы мазһабымыз бен танымдық мектебімізді тұғырлап, асыл дүниелерімізді, жауһарларымызды жарыққа шығару, үзілгенімізді жал­ғап, жоғалтқанымызды түген­деу. Сан ғасырлық тарихы бар діни дәстүрлерімізді қалпына келтіру. Сол арқылы қазақтың толыққанды ұлтқа, Алаштың іргелі елге айналуы үшін қолдан келгенше үлес қосу. Мұны тарихи сананы қайта түлететін парасат баспалдағына жасалған игі қадам деп есептеуге болады.
Айта кеткен жөн, «Дін және тарих тағылымы» жылына орай көптеген игі жобалар мен іс-шаралар жүзеге асты. Атап айтқанда, діни һәм тарихи кітаптар шығарылды, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыс­тардағы, аудандардағы өкіл­діктерінде «Дін және тарих тағылымы» атты конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, рухани шаралар өткізілді. Қазақ даласынан шыққан дін қайраткерлері мен тарихи тұлғалар туралы, олардың діни туындыларына арналған деректі фильмдер мен зерттеу мақалалар жария­ланды.
Қазақ даласына исламның келуімен даналарымыз бен дара тұлғаларымыз жақсы­лықтың жаршысына айналды. Елдің жадында қалған қай тұлғаны алсақ та, дін мен дәстүрін насихаттап өткен. Текті бабаларымыз Аллаға деген сеніміне сызат түсірмеді. Мұсылманшылықты бекем ұстанды. Ғибратты ғұмыр кеше білді. Алланың берген ақылы мен талантын исламды насихаттауға, халықтың сауатын ашуға сарп еткен. Олардан қалған білім мен тәрбие ауыз әдебиеті, яғни жыр, айтыс, дастандар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырды. Біз төл тарихымызды зерделей отырып, исламның ұлттық болмысымыз бен қазақ халқының ел болып қалыптасуына зор үлес қосқанын көреміз.
Бұл тұрғыда біз қазақ қоға­мына тыңнан жаңа дүние ұсынып жатқан жоқпыз. Бар болғаны кезінде баһадүр ба­ба­ларымыз салып кеткен, кейіннен көмескі тарта бас­таған соқпақтың сүлдерін та­уып, соны қайтадан сара жолға айналдыруға тырыстық.
– Әңгімеңізге рақмет!

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

The post САУАПТЫ АЙДАЛАДАН ЕМЕС, АЙНАЛАДАН ІЗДЕЙІК appeared first on .

Viewing all 202 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>