Quantcast
Channel: Сұхбат –Астана Ақшамы
Viewing all 202 articles
Browse latest View live

Ел құрметіне бөленген ардақты ардагер

$
0
0
434_cc70d377650e27dcef23b00bf666413d

Елбасымыздың әйел­дер қауымына айтқан: «Өмірде жаны нәзік, көңілі биік, ал істе мы­ғым әйелдерсіз бұл қоғамды көзге елестету мүмкін емес» деген орынды сөзі өмірден алынғаны ол, әрине, шындық.
Міне, менің айналамда сондай еңбекқор әйел, әйел-басшы, әйел-қай­рат­кер, қо­ғам белсендісі, ардагер әйел баршылық. Солардың бірі, бірегейі – астаналық Роза Иман­ғалиқызы Асылбекова.

434_cc70d377650e27dcef23b00bf666413d

– Мен нағыз зұлмат заманның түлегімін. Саяси қуғын-сүргін жылдары өмірге келсем, балалық шағым соғыс жылдары таршылықпен өтті. Сол жылдары қаншама қиындықтар мен кедергілер де болды. 1-сыныпқа мен анам қайтқан жылы бардым. Оқуды жақсы оқыдым, анам айтушы еді, ол кезде есімді біліп қалдым ғой. «Роза жаным, оқуды жақсы оқы, көріп тұрсың ғой, күн көру оңай емес, еңбектен қашпа!» деп ақыл айта­тын, – деп өткен күндердегі қиын уақыттарын Роза апай күрсіне отырып еске алды…
… Шын мәнісінде Роза анасының осы сөздерін есіне сақтап қалады. Ол 5-сыныпты бұрынғы Ақмола қаласындағы қыз балаларға арналған интернатта жалғастырады, бұл интернат жетім қыздарға арналған оқу орны болатын. Мектепті Роза Асылбекова кілең «5»-ке оқып, күміс медальға бітіреді.
1954 жылы мектепті бітірісімен, Алматыдағы бұрынғы С.М.Киров (қазіргі Әль-Фараби) атындағы университетінің биология-топырақ­тану факультетіне оқуға түседі. Соғыстан кейінгі уақыт қой, ата-анасының жоғы бар, оған өмір сүру оңайға түспейді. Бірақ өжет те қайсар қыз өмірдің қа­таң тағдырына төтеп береді.
4-курста оқып жүргенде, Марат Тұрсынханұлына тұрмысқа шығады. Жоғары оқу орнын бітірген ол 1959 жылы Ақмола облысы, Қорғалжын ауданындағы Кеңбидайық орта мек­тебіне мамандығы бойынша қызметке орналасады. Бір жылдан кейін, 1960 жылы Целиноград кооператив техникумына мұғалім болып қызметке ауысады. Мұнда ол тура 17 жыл химия-микробиология негіздері пәнінен дәріс беріп, қызмет етеді. Сол жылдары қоғамдық жұмыстармен де етене араласады. Ауданның, Целиноград қаласының партия-кеңес жұмыстарының әртүрлі шараларына қатысып, өзін аудан тұрғындары алдында таныта біледі.
Целиноград қаласы екі ауданға бөлінгеннен кейін, 1977 жылы оны Совет аудандық атқару комитеті пред­седателінің орынбасары қызметіне тағайындайды. Онда 1981 жылға дейін істейді де, сол жылы Целиноград қала­лық атқару комитеті председателінің орынбасарлығына тағайындалады. Бұл қызметті ол 1987 жылға дейін атқарады. Партия-кеңес қызметіне көндіккен ол талай істің басын атқарады. Негізгі қызметі әлеуметтік сала болғандықтан, жұмысы өте ауқымды әрі шешімін табатын шаруа­лар көп болатын.
Шын мәнісінде оның қызметі көп­шілікпен жұмыс істейтін қызықты да қиын қызмет еді. Бірақ ол бастаған ісін тындырмай тынбайтын. Алдына қойған істі шеше алмаса, оны шешудің жолдарын іздестіріп, жаңа бір әдіс тауып, қайткенде де сол адамға көмектеспей қоймайтын. Алға қойған жұмысына уақыты жетпесе де, соны тауып, үлгеруге тырысатын.
Роза Иманғалиқызы жолдасынан да ерте айырылады, екі баламен қалған ол бала тәрбиесімен қатар, білдей азаматтың жүгін арқалап, Целиноград қалалық атқару комитетінің қызметінің ыстығы мен суығына, ауыры мен жауапкершілігіне төзе білді. Бұл қызметте ол 1987 жылға дейін болады. Бұл жерде айтайын дегенім, 1986 жылдың ызғар-шарпуы Роза Асылбековаға да тиген болу керек. Сол жайында сұрадым.
– 1986 жылғы жағдайдан кейін басшылық қызметтен біраз қазақ басшылары мен кадрлары шет­тетілгенін білеміз. Бұл үрдіс Целиноградты да шарпып, қалалық ат­қару комитетіндегі орынбасарлық қызметінен сіз де кеттіңіз ғой. «Сәкен мұражайы ашылған кезге дейін Роза Иманғалиқызы жұмыссыз жүрді» деп жазыпты кезінде «Алаш айнасы» газеті. Сол жайында не айтасыз?
– Желтоқсанның ызғары шынында көп адамдарға тиді. Ол – шындық. Маған да тістері батты. Ол қызметтен кеткеннен кейін алты айдай облыстық Бейбітшілік қоры председателінің орынбасары болдым. Маған дейін Сәкен мұражайына директорлыққа біраз ер-азаматтарға ұсыныс жасапты, бірақ олар бас тартқан екен, ал мен бұл ұсынысты қабыл алдым. Себебі ұлтымыздың мақтанышы Сәкендей азаматтың, Мемлекет қайраткерінің, сүйікті ақынымыздың жұлдызын жарқыратсам, одан артық арман бар ма деп ойладым.
1988 жылы ақпанда мұражай ашылды, мен сәл кейінірек директорлығына тағайындалып, жұмысқа кірісіп кеттім. Жұмыстың ең үлкені сол кезде «жоқтан бар құрау», яғни қор жинау болды. Әйтеуір, көңілге бір демеу – Сәкеннің көзін көрген кісілер бар. Солармен жүздесіп, Сәкенге қатысты деректер мен мұрағаттарды, жәдігерлерді іздеп, туған жерін, ауылынан бастап, қызмет істеген қалаларға, Мәскеуге дейін бардым. Қазір айтуға оңай, бірақ ол кезде қызметкерлеріміз де аз, қаражат жоқ, қиындық өте көп болды. Жалақы айлап кешігіп, ақшасы төленбегендіктен, телефонсыз да отырдық. Соған қарамастан, 1989-1991 жылдар аралығында біз қазіргі жәдігерлердің біраз бөлігін жинастырып үлгердік, – деп еске алды Роза Асылбекова.
– Шын мәнісінде ол жылдары қазаққа мұражай ашу оңай болмаған шығар. Бұл бастаманы кімдер бастады, мұның өзі бір тарих қой?
– 1985 жыл, мен ол кезде, өзіңізге аян, Целиноград қалалық атқару ко­митеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқаратынмын. Сол жылы менің қабылдауыма қаланың бір топ ақсақалдарын бастап Молдахмет Досаев келді. Ол кісі Сәкен Сейфуллинге арнап мұражай ашуға ұсыныс жасады. Бұл мәселені, ол кезде қайта құру кезеңі жүріп жатқан кез, облыстың бірінші басшысы қолдады. Менің сол кезде қазіргі Сәкен Сейфуллин мен Мұхтар Әуезов көшесі қиылысатын жерде тұрған ағаш үй есіме түсе кетті. Себебі оның қасында Сәкен Сейфуллин атындағы кітапхана бар еді. Кейін ол кітапхана көшірілді, қазір ол «7-арнаның» ғимараты ғой. Ол уақытта бұл ағаш үй балабақша болатын. Ол кезде балабақша мәселесі қиын болмайтын. Ата-аналардың келісімімен балаларды қалаған балабақшаларға ауыстырып, бұл мәселені де шештім. Содан бұл үйді Облыстық мәдени басқармасы өз қарамағына алды да, күрделі жөндеу жұмысын бастап кетті, бірақ ол кезде мен жөндеу жұмыстары біткеннен кейін осында қызметке келетінімді білмеп едім, – деп есіне алды Роза Иманғалиқызы.
… Әрине, жаңа ғана ашылған мұра­жайға көп нәрсе керек еді. Ең бастысы, іздене отырып Сәкен Сейфуллинге қатысты тың жәдігерлерді іздестіру керек болатын. Міне, Роза Иманғалиқызы жұмысты осыдан бастайды.
Кезінде бүкіл өмірі мен ғұмырын тек Сәкенге арнап, оны ақтап аламын деп зар еңіреп, зыр жүгірген, талай тар жол, тайғақ кешкен оның аяулы жан жары Гүлбаһрамның да жоқ кезі. Дегенмен Роза Иманғалиқызы алғашқы жұмысын ақынды көзі көрген адамдармен кездесіп, олардың әңгімелерін жазып алып, ол жайында жазылған мақалаларды жиыс­тырып әрі туған-туыстарымен жолығып, ол туралы деректер жинаудан бастайды.
Сәкен Сейфуллинге қатысты деректі кино, фотоқұжаттар жинауды қолға алады. Сәкен қызмет істеген жерлерде болып, ол жақтан да біраз материалдар әкеледі. Туған жері Жаңаарқа мен өзі жырына арқау еткен Көкшетау қаласы мен қызмет атқарған Қызылорда, Ташкент, Жезқазған қалаларына мұражай қызметкерлерін жіберіп, құнды деректер алдырады.
Роза Иманғалиқызын сол кезде есінде жүрген алдағы жоспары көп мазалайды. Себебі 1994 жылы Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдығы аталып өтпекші болатын. Сол мерейлі датаға орай мұражайдың алдынан ақынның ескерткіші бой көтермекші еді. Міне, осы шаралар қалай өтеді деп қатты толғанады.
Дегенмен көп болып көтерген іс жеңіл болады демекші, бұл айтулы мереке – Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдығы дүрілдеп өте шықты. Ақынның туған-туыстары, өнер сүйер қауым, жазушылар мен ақындар Целиноград қаласында бас қосып, Сәкен ақынның атын аспанға шарықтатты.
Роза Иманғалиқызының тағы бір мұражайға қосқан үлкен ісі Сәкен мұра­жайының экспонаттарын толықтыру үшін кезінде Республикалық мұражай қорынан Сәкеннің біраз дүниелерін осы Ақмоладағы мұражайға беруді сұ­райды, бір емес, бірнеше рет хат жазады.
Кезінде ақынның бар заттарын сақтаған жары Гүлбаһрам қайтыс болған соң, оның сіңлілері бар дүниелерді Алма­тының Орталық мұражайына өткізген екен. Бірақ Орталық мұражай оны көрмеге қоймапты. Ол заттар қоймада жатса да, Сәкеннің бұл дүниелерін Ақмоладағы Сәкен үйіне бермейді. Осы мәселені Роза Иманғалиқызы сол кездегі Қазақ ССР Мәдениет министрі Өзбекәлі Жәнібековке Сәкен мұражайын келіп көрген кезінде айтады. Ол кісі мұражай жұмысын жақсы білетіндіктен, ол бұл мәселені бірден шешіп береді. Көп ұзамай Сәкеннің он шақты заттары мен оның әйгілі темір кереуеті де осындағы Сәкен мұражайына әкелінеді. Бұл да Роза Иманғалиқызының талап­танған істерінің бірі әрі оның қайсар мінезділігінің бір қыры дер едік.
Міне, ол осы өзі құрған Сәкен Сейфуллин мұражайында тура 14 жыл қызмет етіпті. Роза Асылбекованың кезінде мұражай жанынан «Достық» атты әдеби ұйым жұмыс жасады. Онда Сәкеннің өмірі мен қызметі, шығармашылығымен байланыстыратын ақын-жазушылардың естеліктері арқылы шығармашылық кеш ұйым­дастырылып отырды.
2007 жылы Роза Иманғалиқызы Астана жанындағы Малиновка ауылына орналасқан саяси қуғын-сүр­гін құрбандарына арналған «Алжир» лагері ашылар алдында оның ал­ғаш­қы ұйымдастыру жұмыстарына да көмектесіп, осында алты айдай қызмет жасайды. Ал Астанадағы Максим Горький театрының мұражайын ұйымдастыруда да қолғабысын тигізген.
Бүгінде Роза Иманғалиқызы сексеннің сеңгіріне шықса да, қоғамдық жұмыстардан қалған емес. Ол – Астана қалалық және Сарыарқа аудандық Ардагерлер кеңесі президиумының мүшесі.
Ол Сарыарқа аудандық отбасы және әйелдер комиссиясының мүшесі болды. Астана қалалық Ардагерлер кеңесі жанындағы қалалық әкімшіліктегі бас­тауыш ұйымын басқарады. Наградалары да жоқ емес. Қазақстан Рес­­публикасының «Халық ағарту ісінің үздігі», «Астана», «Ерен еңбегі үшін» және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10, 20 жылдығы» медальдарымен, тағы да басқа «Құрмет грамоталарымен» марапатталған. «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хаты» да тапсырылған.
– Ендігі арманым осы тәрбиелеп өсірген екі балам Марал мен Оралдың, үш немерем – Зәуре, Жәмила мен Жәнияның амандығын тілеп, осылар­дың қызығына тоймасам деген ойым бар, – дейді қайраткер, ардагер, аяулы ана Роза Асылбекова.

Ғалия Балтабай,
ҚР-ның мәдениет қайраткері әрі құрметті журналисі, Қазақ радиосының үздігі

The post Ел құрметіне бөленген ардақты ардагер appeared first on .


Отандық және импорттық өнімдердің сапасы қандай?

$
0
0
44

Отандық және импорттық өнімдердің сапасы қандай? Қалалық емдеу мекемелеріндегі диагностикалық өлшем құралдары талапқа сай ма? Дүкен сөрелеріндегі тауарлардың ішкі-сыртқы сәйкестігі туралы не білеміз? Осы мәселелер жөнінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Сауықбек Қапаевпен тілдескен едік.

44

e9d6cfced07df7f6329709212780a9300f0fb7e1_900

– Сауықбек Әріпұлы, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті жүргізген был­тырғы тексерудің нәтижелері қандай?
– 2016 жылы департамент 103 тексеріс жүргізді. Оның ішінде іріктеу бойынша, жос­пардан тыс, комитет тапсырмасы негізінде және азамат­тардың өтініштері аясында қолға алынды. Нәтижесінде 55 бұзу­шылық анықталды. Жалпы сомасы 484 480 тең­гені құрайтын өнімдердің 12 партиясына тыйым салынды.
Заңды және жеке тұл­­ғалар 13 012 335 теңгеге әкім­шілік жауапкершілікке тар­тылды. Қазіргі таңда бұл сома толы­ғы­­мен орындалды. Тек­серіс қо­­рытындысы бо­йынша қол­да­нуға жарамсыз деп танылған 1956 өлшем құрал­дарына ты­йым салынды. Оның ішінде қа­ла­лық емдеу мекемелеріндегі нау­қас адамдарды емдеу және диаг­­нос­тика қою кезінде қолда­ны­­латын өлшем құралдары бар.
– Нақты айтқанда, қаланың қандай денсаулық сақтау мекемелері тексерілді?
– Денсаулық сақтау ме­кемелеріне жүргізілген 21 тексерістің 11 жағ­да­йында бұзушы­лықтар анықталды. Мысалы, №2 қалалық балалар
емханасында қолда­ны­­латын 860 өлшем құра­лының 335-і, «Ша­па­ғат» ал­ғашқы ме­дико-сани­тар­лық кө­мек ор­талы­ғының 37 өл­шем құралы, Онколо­гия және транс­пла­та­ция ұлттық ғылыми ор­та­лығы қол­данылатын 440 өл­шем құралы­ның 302-сі, сонымен қатар салыстырып тек­серуден өтпеген және Қа­зақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізіліміне енбеген 5 дана УЗИ аппараты, № 3 перинаталды орталықтың 39 өлшем құралдары жарамсыз деп танылды.

2016 жылы департамент 103 тексеріс жүргізді. Нәтижесінде 55 бұзушылық анықталды. Жалпы сомасы 484 480 теңгені құрайтын өнімдердің 12 партиясына тыйым салынды. Заңды және жеке тұлғалар 13 012 335 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды 

– Егер медициналық аппараттар тексерістен өтпеген болса, осы уақытқа дейін науқасқа қойылған диаг­ноздар қаншалықты дұрыс болғаны?
– Дұрыс айтасыз. Меди­ци­налық аппараттарда орындалатын талдау нәтижелерінің дұрыстығы толығымен өл­шем дәлдігіне байланысты. Осы­лайша салыстырып тек­серістен өтпеген өлшем құ­рал­дары науқасқа қойылған диагноздың дұрыс­тығына кепіл бола алмайды. Сондықтан, ме­дициналық өлшем құрал­дары да кез келген тех­никалық өлшем құрал­дары сияқты өн­дірістен немесе жөндеу­ден шығарылған кезде, пайдалануға берілгенде және шет елден әкелінгенде метро­логиялық аттестаттаудан немесе тү­рін бекітуден өткеннен кейін және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің тізіміне енгеннен соң, міндетті түрде салыс­тырмалы тексеруден өту қажет.
– Халыққа қызмет көрсету саласында қандай олқы­лық­тар тіркелді?
– Халыққа қызмет көрсету саласындағы 27 ұйымға тек­серіс жүргізілді, 13 бұзу­шылық анықталды. Нақты айтсам, «Астана газ сервис» АҚ тексерілген 95 өлшем құралының 58-і, «Қазақстан» спорт сарайы 67 өлшем құ­ралының 63-і, «Инком Астана» ЖШС («Rаdisson» қонақ үйіндегі) 67 өлшем құралының 19-ы, «Астаналық цирк» 129 өлшем құралы, «Astana Motor Astana» ЖШС 61 тексерілген өлшем құралының 51-і жарамсыз деп танылды. Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бо­йынша «Гамма Сервис ЛТД» ЖШС және «Казахстанский центр поверки и сертификации» сияқты аккредиттелген зертханаларға жоспардан тыс тексеріс жүргізілді.
Нә­ти­же­сінде, аккредиттеу аясына кір­мейтін қыз­мет­­тер жүр­гізгені үшін аккре­диттеу аттестаттары тоқ­татылды. Заңсыз берілген салыстырып тексеру туралы 12 сертификаттың күші жойылды. Сонымен қоса, «SKYMAX INNOVATIONS» ЖШС аккредиттелген салыстырып тексеру зертханалық қызметінде бұзушылық дерегі анықталды. Тексеріс нәти­же­сінде салыстырып тексеру туралы сертификат күші жо­йылды. Айта кетейін, AMS111 II метеорологиялық станция­сына берілген заңсыз сертификат анық­талып, қолдануға жарамсыз өлшем құралын қол­аныстан алып тастау туралы нұсқаулық берілді. AMS111 II қаладағы қоршаған ортаның жай-күйін метеорологиялық және гидро­логиялық болжамдарды талдауға арналған. Мұндай зерттеулер бірқатар ірі компаниялар мен филиалдарда да жүргізілді.
– Кейде күнделікті тұты­натын азық-түлік тауарлары сыртқы қаптамасында көр­сетілген стандарттарға сәй­кес келмей жатады. Ол кезде қайда шағымдану керек?
– Дәл осы мәселе бойынша 9 тексеріс жүргіздік. Нәтиже­сінде, 12 өнім партиясын сатуға тыйым салу жөнінде нұсқама берілді. 1 399 860 теңгеге 6 әкім­шілік айыппұл салынды. Тексеріс қорытындысы бойынша, таза салмағына сәйкес емес – «Тенгри» шайы, «Нежная» жұмыртқа кеспесі, «Сұлтан» вафлиі, «Шумский» ЖК кеп­тірілген аскөгі, «Забава – Экспо» ЖШС ұнтақ жармасы және «Атлантическая» май­ша­бағы жарамсыз деп танылды. Өйткені, көрсетілген тауарлар мөлшері қаптамадағы тауар саны сәйкессіздігі 9 грамнан 30 грамға дейін аралықты құ­рады. Жалпы, тексеріс қоры­тын­дысы бойынша, келесі жыл­дары өткізілетін іріктеп тек­серу кестесіне қосу үшін, бұзушылықтар анықталған шаруа­шылық субъектілері тексеріс өткізу үшін субъект дерекқорына енгізілді. Мұндай тексерістердің мақсаты ел азаматтарын, өнім сапасын нор­мативтік құжаттардың міндетті талаптарына сәйкес­тігін ба­қылау және сынау, қоршаған ортаның жай-күйін, еңбек шартының қауіпсіздігін, сатушы мен тұтынушы арасындағы есеп айырысудағы, соның ішінде азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғауды қамтамасыз етудегі дәйексіз өлшем нәти­желерінен қорғау болып табылады. Азаматтар тарапынан осындай мәселелерге қатысты шағым туындаса, біздің департаментке хабарласуға болады. Тұтынушылардың талабын тыңдау әрі қауіпсіздігіне тексеріс жүргізу – біздің басты міндетіміз.

Тексеріс қорытындысы бойынша, таза салмағына сәйкес емес – «Тенгри» шайы, «Нежная» жұмыртқа кеспесі, «Сұлтан» вафлиі, «Шумский» ЖК кеп­тірілген аскөгі,  «Забава – Экспо» ЖШС ұнтақ жармасы және  «Атлантическая» май­шабағы жарамсыз деп танылды

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

The post Отандық және импорттық өнімдердің сапасы қандай? appeared first on .

Ардақты әже Сәкен Жүсіпованың игі істері

$
0
0
9

Сарыарқа аудандық Ардагерлер кеңесіне жиі барып тұрамын. Қашан барсам да, кабинет толы адамдар. Кезекші столында отырған Сәкен Жүсіпова әртүрлі сұрақтарымен келген зейнеткерлердің бұйымтайларын тыңдап, өзі шеше алмаған мәселелер болса, бастыққа немесе оның орынбасарына жіберіп, бәйек болып жатады. Адамдармен сөйлескенде жылы шыраймен, биязы дауысымен түсіндірген оның әрбір сөзі көңіліңе бір жылылық ұялатады. Осы кісі кезінде мұғалім болған шығар деймін ішімнен. Жақынырақ танысқым келді. Бірақ сол жолы жолым түспеді, кезек күтіп отырған адамдар бар болатын.

9

Бірде 9 мамыр – Ұлы Жеңістің мерекесіне орай Астана қалалық әкімдігінің алдында мәдени шара өтті. Майдангерлердің құрметіне далада концерт өтіп жатқан. Айнала қызық-думан. Дастарқан жайылып, тағамдардың түр-түрі қойылған дәмнен ауыз тиіп, әрі қарай беттедім.
Ана бір шетте қолөнер шеберлерінің көрмесін қызықтап жатқан адамдардың қасына мен де келдім. Небір тамаша оюланған құрақ көрпелер мен қазақтың ұлттық киімдері, кестелеп тоқылған кеудешелер мен шілтермен өрнектеліп тоқылған орамалдар мен мойынға салғыштар, бас киімдер, аяққа арналып тоқылған неше түрлі заттарды көріп, қызығып кеттім. Бұларды кім дайындады екен деп сатушылардың жанына келе бергенімде, баяғы өзімнің Сарыарқа аудандық Ардагерлер кеңесінде көріп жүрген Сәкен Жүсіпова апайымыз тұр екен, қасында тағы бір екі зейнет жасындағы апайлар бар.
– Құтты болсын, керемет! Көздің жауын алатын ісмерлік ұлттық киімдер мен мына тоқымалар сіздің еңбектеріңіз бе?
– Иә, менің және біздің қыздардың дүниелері деп күлімсірей қарсы алды. Өзіме ұнаған заттар көп екен, қалтама қарай бір-екі тігін дүниелерді мен де сатып алдым. Осылайша, Сәкен апаймен тағы бір кездесуіміз өтті.
Кейін Сәкен Дәулетқызымен Ардагерлер кеңесінің әртүрлі жиындарында, мерекелерде кездесіп қалып жүрдік. Өткен жылы Наурыз мерекесі өткеннен кейін Астана қалалық Ардагерлер кеңесінің бұрынғы төрағасы Аманкелді Сыздықов «белсенді» деген біраз ардагерлерді құттықтап, марапаттап берді. Солардың бірі осы «Есіл» ПИК-не қарасты Ардагерлер ұйымының төрайымы Сәкен Дәулетқызы Жүсіпова да болды. 2016 жылдың қарашасында сәті түсіп, Сәкен Даулетқызымен сұхбаттасқан едік.
– Ардагерлер кеңесіне келуіңіздің себебі неде? Қашан көрсем де белсенділігіңізбен көрініп, жан аянбай жүгіріп жүресіз. Зейнет жасындағы адамдардың көбі үйде отырған жоқ па дей беріп едім, іле жауап беріп, әңгімеге араласты.
– «Адамды еңбек өсіреді» деп жиі айтып жатады ғой. Сол сөз бекер айтылмаған. Осы жетпістің бесеуіне шалқып жетуімнің себебі әуелі Алланың, сонан кейін осы еңбектің арқасында. «Еңбек еткен адам жасарады» деген сөз де дұрыс айтылған. Осы күнге дейін үйде қол қусырып отырмаппын. Немерелерім өсіп жетілген соң, әлі де болса еліме көмегім тисін деп, Астана қаласына көшіп келдім. Немерем Азамат «Болашақ» бағдарламасымен оқуға түсті. Шет тілінің маманы болады. Бұл жоғары оқу орнында ағылшын, француз, неміс, орыс тілдерінен білім алуда. Өзінің ана тілі – қазақ тілінде жақсы сөйлейді, сайрап тұр. Осы немерем үшін елордаға келдім ғой, бос уақытымда қоғамдық жұмыспен айналысайын деп қазірде Сарыарқа ауданы Ардагерлер ұйымында, белсенділер қатарында еңбек етіп жүрмін.
2009 жылы Сарыарқа ауданындағы «Есіл» ПИК жанындағы Ардагерлер ұйымын басқаруды маған тапсырды. ПИК-тің төрағасы Ниязымбек Қабылбайұлы Кеңшімбаев өз жұмысын білетін білікті, тамаша ұйымдастырушы, парасатты, қолынан іс келетін азамат екен. Бірден тіл табысып кеттік. Ардагерлер ұйымымда қазіргі уақытта 180-нен астам зейнеткерлер бар. Соның 28-і – тыл майдангері, 3-еуі жалғызілікті болса, 7-уі – ешкімдері жоқ, ал 2-уі – сая-си қуғындалып, жапа шеккендер.
Бұл адамдардың шешімін таппай жатқан проблемалары да көп. Сондықтан біз өз қарамағымыздағы зейнеткерлерге кеңес беріп, кейбір мәселелерін шешуге көмектесеміз. Әрқайсысының үйлеріне барып, мерекелерде азық-түлік апарып, көңілдерін көтереміз. ПИК-тің төрағасы Ниязымбек Қабылбайұлы қаражаттың көзін тауып, мейрамдарда, мерейтойлары аталып өтетін зейнеткерлерге ақшалай, заттай сыйлықтар жасап, тіпті менің ашқан «Шебер қолдар» үйірмеме де тігіншілер мен тоқымашыларға қажетті бұйымдарды да сатып алып беріп тұрады.
70, 80, 90 жастағы ардагерлердің мерейтойларында ер адамдарға қазақтың ұлттық шапандарын, ал әйел адамдардың иығына тоқыма орамалдар жауып, құттықтап тұрамыз. Сондағы олардың қуанғанын көрсеңіздер ғой, ал біз олардың қуанышынан бір жасап қаламыз. Пенде болғаннан кейін кей уақытта адам баласы үшін сый-құрмет те керек екен.
Үлкен мерекелерде, айтулы даталарда кәсіпкерлермен келісіп, өзіміздің ПИК-тің ардагерлеріне арнап, ақ дастарқан жайып, мейрамханаларда үлкен концерттік бағдарламамен атап өтеміз. Ол дағдыға айналған. Мүмкіндігінше тізім бойынша жасап, сол 180-нен астам зейнеткер мен жалғызілікті адамдарды қатыстырып, оларға тұрақты көмек көрсетіліп жатыр.
Осы орайда «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын іске асыру және «Қарттар айлығын» жалғастыру мақсатында іс-шаралар жүргізілуде. Тек былтыр – 70, 80, 90, 100 жасқа толған зейнеткерлерді құттықтадық. 90 жасқа толған Василий Сиросовтың, Дауылбаева Кенже мен Мия Иманмусованың, сол сияқты 85-ке келген Клавдия Лебединскаяның үйлеріне Сарыарқа аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Эбенғаппас Ахметовпен бірге барып, мерейтой иелерін құттықтап, үстеріне шапанымыз бен қамзолымызды жауып, құрмет көрсеттік. Біздің ауданымызда, тіпті менің ПИК-ме қарайтын үйде тұратын 10З жастағы Кұрдыбаева Нұржамила апамызды биыл «Хабар» телеарнасына апарып, бағдарламаға қатыстырдық. Ол кісі Азамат соғысын да, Ұлы Отан соғысы кезінде де әскери адамдарға киім тіккен адам екен. Журналистке берген сұхбатында ол генерал мен полковниктің, тіпті сержанттың тағатын жұлдыздары қандай болады, олардың шинельдеріне қадайтын түйменің айырмашылықтары қандай, соған дейін мүдірместен айтып берді ғой, тіпті есінде бәрін сақтаған, ақыл-ойы еш өзгермегенін байқадық. Теле- экранда сайрап отырды. Біз ол кісінің 100 жылдығын да атап өткен болатынбыз. Үстіне қамзол кигізіп, ақшалай, заттай сыйлық беріп, ол кісінің мерейтойын да, туған күнін де жоғары деңгейде өткіздік.
– Осындай құрмет көрсетуге қаражатты қайдан аласыздар, демеушілеріңіз бар ма?
– Бар ғой, бірақ шамалы. Бүгінгі заманда қалталылар қайырымдылық пен мейірімділікпен айналысуды мүлдем қойды деуге болады. Бірақ көмектесіп жатқандар да баршылық. Солардың бірі Кенесары көшесінің 17-үйінде тұрған «Жас Әмір» мейрамханасының бастығы Сәуле Бекенқызы мейрамдарда біздің тізім бойынша берілген зейнеткерлерге ақ дастарқанын жасап, мерекелік тарту жасайды.
Сол сияқты Республика көшесіндегі «Санжар» дүкенінің директоры Зәуреш Сарбасқызы мерекелерде жалғызілікті, зейнетақысы төмен зейнеткерлерге арнайы пакет жасап, азық-түліктей көмек көрсетеді. Мұндай көмекті Вера Қасымова, Мәрзия Омарова, Бәтеш Даутова, Мәрен Қасымова, Анна Вадалазовалар үнемі алып тұрады. Оразада, Құрбан айт мейрамында оларға дастарқан жасап та құрмет көрсетіледі. Ал ПИК оларды 2011 жылдан төлемақыдан босатқан.
Зейнеткерлерімізге кезекпен Сарыарқа аудандық әкімдігі орыс-қазақ драма театрларына, әртүрлі концерттерге тегін билет беріп, мәдени шараларға да шақырып отырады.
Қайтыс болған зейнеткерді жерлеуді ұйымдастыру жұмысына да қатысамыз. Санаториялық-курорттық сауықтыру мекемелерінің бірі Бурабайдағы «Қатаркөл» шипажайына жеңілдетілген жолдама да алып жатады. Осымен үшінші жыл 18 зейнеткеріміз емделіп, сауығып қайтты.
– Сәкен Дәулетқызы, сіздің негізгі мамандығыңыз – мұғалім. Сол ұстаздық қызметіңіздің шарапаты осы күнге дейін жалғасып келеді деп ойлаймын. Сізді адамдармен тіл табуыңызды өзі аңғарымпаз қасиетінен туындап отыр деп ойлаймын. Осы жөнінде не айтар едіңіз?
– Мұғалім жайлы ұлы ғұлама, философ, данышпан Әл-Фараби былай деді емес пе: «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтпағанның өзін жете түсінген» деп. Ұстаз қашан да естігенін, көргенін үнемі жадында ұстайды. Әрі соны өмірде іске асырады. Осы ұлы ғалым айтқандай, ұстаз жат адамдарына да, туғандарына да әділ болу керек. Мен осы қағиданы сақтауға тырыстым. Әл-Фараби ұстазды білікті, білімді, жасқану дегенді білмейтін батыл болу керек дейді.
– Естуімізше, Сіз Қарағандыда мұғалім болып жүргенде, жабылып қалған қазақ мектептерін қайтадан ашуға көп еңбек сіңіріпсіз. «Қазақ тілі» қоғамы құрылған кезде осы жұмысты да қолға алыпсыз. Сол жайында айтып өтсеңіз?
– Кеңес үкіметі ыдырап, Қазақстан өз тәуелсіздігін алған кезде қандай қуандық. Сол кезде алдымызда үлкен-үлкен істер тұрды. Оған кеудесінде жігері бар, нағыз қазақпын деген әрбір азамат егеменді елімізге өзіндік үлес қоссам деп жұмысқа кірісті.
Мен де сол жылдары Қарағанды облысы, Абай қаласындағы №14 мектепте тұңғыш қазақ сыныптарын ашып, оның таза қазақ мектебі болып қалыптасуына өте көп тер төктім. Мектепке қазақ сыныбына оқушылар жинау үшін алдымен олардың ата-аналарын үгіттеп, ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіру керек болды. Себебі көптеген ата-аналардың өздері орыстанып кеткен еді. Бірінші класқа қажетті оқулықтарды тауып, көрнекі құралдарды қолдан жасадық. Жыл сайын екі сынып қазақ класын дайындап, оның саны 1000-ға жеткізгенімде ғана қазақ мектебін ашуға болды. Осы жылдар аралығында талас-тартыс, түрлі қиындықтарды басымнан өткердім.
Сол жылдары аудандық оқу бөлімінің есігін тоздырып жүріп, мектеп салынады деген қуанышты хабар алдық. Мектептің құрылысын Фролов деген қолына алып, фундаментін құйғаннан кейін құрылысқа бөлінген қаржыны жеп, қашып кетті. Содан ата-аналар Қарағанды қаласының трест бастығы Төлеповке хат жазып, шағым түсірдік. Мектепке лайық болмаса да, дайын тұрған балабақшаны қазақ мектебіне алып берді. Алғашқы қазақ мектебі осылайша дүниеге келді. Жыл сайын екі қазақ класын жинап отырып, 1700-ге жеткенде, жаңа қазақ мектебін ашудың сәті түсті.
Мектеп жұмысымен бірге, қаладағы «Қазақ тілі» қоғамының жұмысына да белсене араластым. Ұлт тілінің, салт-дәстүріміздің, мәдениетіміз бен өнеріміздің өркендеуіне үлес қостым. Қазір қарап отырсам, осы жасаған ұлан-ғайыр жұмыстарым Қазақстан Тәуелсіздігіне тартқан тартуым екен. Осы ісіме бүгінде қуанышпен қараймын.
– Сіздің бұдан басқа ауыз толтырып айтар жарқын істеріңіз бар. Қолөнері мен сұлулыққа жаныңыз құштар екен. Соның куәсі – сіз ашқан «Шебер қолдар» үйірмесін айтуға болады. Қазақ қашаннан-ақ он саусағынан өнер тамған ісмер жандарға кенде болған емес. Жасаған, оюланған құрақ пен кестелеп тіккен әрі тоқыған әртүрлі ісмерлік тамаша жұмыстарыңыз көздің жауын алады. Енді осы жақсы істеріңіз жайлы баяндап өтсеңіз?
– «Шебер қолдар» үйірмесі кезінде Астана қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасының бастамасымен ашылды. «Араларыңызда ісмер аналар бар, солардың басын қосып, осы істі қолға алсаңыздар қалай болады?» деген соң, мен бұл бастамаға қуана кірістім. Әуезов көшесіндегі 9-үйде «Оптимист» клубы жұмыс істейді. Мария Платисинамен бірге осы клубтың үйін пайдаланып жүрміз. Сәрсенбі, жексенбі күндері қарамағымдағы 8 әйелмен іс тігумен айналысамын. Үйірмеге менімен бірге қатысып жүрген, тоқыма шеберлерін басқарып отырған Мария Платисинаның қолы ерен шебер. Шолпан Бақбергенованы ерекше атап өтуге болады, қолынан бәрі келеді. Әртүрлі моншақтардан ол неше түрлі бижутерия жасайды. Өзі құдды дизайнер. Ал тоқымамен айналысатын Үміт Оразбаеваның шілтерлеп тоқыған бұйымдары өте сәнді шығуда. Сол сияқты қағаздан жан бітіретін, яғни оригамамен айналысып жүрген Алевтина Сизохинаның да шеберлігі ерен. Күні бойы тапжылмай отырып, он саусағы майысқан тігінші-шеберлердің тағы бірі клубтың иесі – Тыныштық Байшагирова. Сол сияқты Меңсұлу Кожахметова, Сабира Байкутдиеваларды да атап айтуға болады. Сабираны қазақтың ұлттық қамзол, шапандары мен құрақ көрпелерінің маманы деуге болады. Міне, осы тігіншілер өздерінің білетін өнерін жастарға да үйретуде. Қазірде әрбірінің екі-екіден шәкірттері бар.
Бүгінде біздің үйірменің тігіншілері өздерінің ісмерлік өнерін тек тұрмыстық қажеттілік үшін ғана қолданып қоймай, қалада өтіп жатқан әртүрлі шараларға қатысып, көрмелер ұйымдастыруда. Одан түскен ақшалары еңбекақы ретінде отбасының қорына түседі. Бұл, біріншіден, біздің тігіншілердің еңбегі болса, екіншіден, тапқан ақшалары отбасына әжептәуір көмек емес пе?!
Иә, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқан: «Еліңнің азаматы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» дегендей, Сәкен Дәулетқызының ұжымы ел Президентінің саясатын берік ұстап, бүгінгі ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне атсалысуда. Оларға мереке құтты болсын дей отыра, зор денсаулық, бала-шағаларының қызығына тоймасын деп тілек білдіреміз.

Ғалия Балтабай,
ҚР Мәдениет қайраткері, құрметті журналист

The post Ардақты әже Сәкен Жүсіпованың игі істері appeared first on .

Сайлау БАЙЗАҚОВ, халықаралық басқару академиясының академигі: ӨЛШЕМІ БАР ЭКОНОМИКА РЕТТЕУГЕ ҒАНА КӨНЕДІ

$
0
0
erm_0853

Саналы ғұмырын ел экономикасын дамыту мен оны терең зерттеуге арнап келе жатқан көрнекті ғалым Сайлау Байзақовтың туған халқы үшін атқарған еңбегі зор. Биыл ардақты азамат сеңгірлі сексенге толады. Сонда да қажырлы қайратынан таймай, ел игілігінің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Таяуда ағамызбен жүз­десіп, өмір жолынан ой тартып, экономикалық тақырыпта әңгіме өрбіткен едік.

erm_0853

ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫН ИННОВАЦИЯЛАУДЫ ҮШ ТҮРЛІ БАҒЫТТА ЖҮРГІЗГЕН ДҰРЫС

– Өткен жылы тәуелсіз­дік­тің ширек ғасыр тойын атап өттік. Әрине, 25 жыл деген аз мерзім емес, біраз қиыншылықтар да болды. Бүгінгі күнмен сараптап қарағанда ел экономикасы қандай табыстарға қол жеткізді, олқы тұстарымыз қайсы? Осыған тереңдеп тоқталсаңыз?
– Өмірде өткен уақыт туралы айтудан оңай дүние жоқ. Кеңес үкіметінің тұсында жалған идеология мен саяси-әлеуметтік және экономикалық мен­шіктер мәселелерін шешу кезінде шырмалып қалған кедергілерден көз ашпадық. Бейнелеп айтқанда, қою қара түннің ішінде жүргендей күй кештік. Бір қарағанда, теория бойынша тірі, ал іс жүзінде тоқырауды бастан кешкен басқарудың социалистік принциптерінен, әзір тұрған прогрессивті және дамуға серпін беретін капиталистік бағытқа көшу күрделі емес секілді. Бірақ оны іс жүзінде жүзеге асыру, түбі тереңдеп кеткен қоғамдық меншіктегі экономикалық жүйені әлеуметтік- саяси және идеология жағынан өзгерту оңайға соқпайды.
Сөз жоқ, егемендіктің елең-алаң шағында нарықтық қатынастарға көшуде қиындықтар кездесті. Ол туралы баспасөзде жазылды. Содан кейін Қазақстанның экономикасы 2000-2010 жылдар аралығында 2007-2008 жылдардағы дағдарысқа қарамастан айтарлықтай дамыды. Одан кейінгі 2011-2015 жылдардағы еліміздің даму қарқынында менің жеке көзқарасым бойынша ептеген кемшіліктер болды. Бірақ ол нақты экономика мен қаржы экономикаларының өсу, даму қарқынына байланысты емес. Ол экономиканы басқару жүйесіндегі механизмдердің кемшілігінен болды ғой деп ойлаймын. Оған себеп, дамыған елдердің бізге келген консультанттары өз экономикаларындағы басқарудың қолданбалы механизмдерді, әдістемелерді, сол батыстан келген күйінде көшіріп алуымызды қалайды. Рас, бізге консультант та, кеңес те артық болмайды. Дегенмен, осы әдістеме мәселесі біздің елімізде әлі де болса босаңдау, ғылыми жұмыстағы кемістігіміз болып саналады. Мысалы, дамыған елден техника сатып алудан ағат жіберсек, оның зардабы бір өндіріс орнына ғана тиеді. Ал тетік, әдістеме сатып алсақ, ондағы ағаттық барлық өндіріс орындарын жайлайды. Сондықтан экономиканы басқару технологиясын батыстан алатын болсақ, оны әбден сын көзінен өткізіп, біздің болмысымызбен безбендеп, електен өткізген жөн деп ойлаймын.
Бір мысал келтірейін. Жуырда Назарбаев университетіндегі «Талдау орталығы» үлкен форум өткізді. Онда басқару технологиясы мен экономикалық қаржы жүйесін жетілдіру мәселесі сөз болды. Форумға шетелдің оқымысты­ларымен бірге, отандық ғалымдар да қатысты. Қазақстан экономикасына қатысты мәселелерді талқылады. Кеңеске қатысқан эксперттер мен ғалымдар басқаруға пайдаланатын механизмдерді жетік білетін болып шықты. Олардың ұсыныстарының ішінде іске асыруға болатын технологиялар бар. Қосылған құндардың жалғасын ұзарту жолдары, әрине, біздің басқару жұмыстарына өте қажет қолданбалы инновациялық әдістемелер қатарына жатады.
Әсіресе, мені басқару механизмдерін жетілдіру мәселесі толғантады. Мәселен, жақында Мәскеудегі экономикалық форумда орыс эксперттері «Инфляция ничего, индустриализация все» деген ұран тастады. Айтылған ұран жалаң доллардың сатып алу қабілеті деген әдістемеге қарсы айтылып отыр. Бұл маған олардың жанайқайы секілді көрінді. Оны қазір қолданып жүрген «инфляционное таргетирование» деген қолданбалы механизмге қарсы пікір деп түсінуге болады. Сондықтан жалпақ әлемге бірдей, олардың «кейбір» өзгеше көзқарастарына, идеологиясы мен діни ұстанымына бағынбайтын тек елдің нақты экономикасының өзіне ғана тән объективті заңдылықтарынан туындайтын, бизнеске де, басқару жұмыстарына да жарамды механизмдер жүйесін түбімен зерттеу, шыңдау, жетілдіру, жаңаша инновациялау менің күнделікті жұмысыма айналды. Осы мақсатыма жете аламын ба, жетпей қаламын ба деп кейде алаңдаймын.
– Қазіргі таңда әлемдік қаржы дағдарысы туралы көп айтылады. Оның мемлекетімізге тигізіп отырған зардабы көп. Осы күрделі кезеңнен шығудың жолдары бар ма?
– Әрине, бар. Қандай елде болсын қаржы саясаты мен экономика саясаты қатарласып отырады. Олардың арасын бір-бірімен жақындастыратын жоғарғы дәрежеде инновацияландырылған тех­нологиялар жүйесі болуы қажет. Айта­лық, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония мен Германия өздерінің экономикалық басқару жүйесінің өзіндік инновациялық механизмін тыңғылықты дайындап, үлкен жетістікке қол жеткізді. Малайзия өз жолын өзі анықтайтын жаңа инновациялық механизмдер жүйесін жасады. Сингапур да солай. Бірақ біздің мемлекетіміз Елбасының 2009 жылы жазған «Бесінші жол» мақаласында көрсетілген басқарудың әлеуметтік-саяси даму жүйесін инновациялау, елдің еңбек және қаржы экономикаларының инновациялық даму дәрежесіне тәуелді.
Олай деп айтуыма негіз бар. Нарықтық қатынасқа негізделген әр мемлекеттің потенциалы өскен сайын осы үш инновациялар жүйесіне, оның ішінде: техника-технологиялау, валюталық-қаржылау және әлеуметтік-саяси басқаруды инновациялау жұмыстары бір-біріне сай, жаңғырып, жаңару керектігі, жоғарыда айтқан «Бесінші жол» деген мақалада нақты көрсетілген.
Осы үш инновациялық жүйесіне өз уақытымен жаңарту жұмыстары жүр­гізілмей, қақтың суы секілді бір орында тұрып қалса, экономика тоқырайды. Ал осы үшеуі И.Крыловтың «Аққу, шортан Һәм шаян» мысалындағыдай үш жаққа тартса, онда нағыз аласапыран басталады.
Бұл проблеманың әлем бойына ше­шілмеген тұстары көп. Оның бірі – эко­номикалық басқару механизмдерінің негізгі өлшемдерін ғылыми-техно­ло­гия­лық жетістіктер арқылы ұтымды пайдаланып, уақыт талабына сай жаңартып отыр­сақ, көптеген жетістікке жетуге болады. Бұл жайында француз ғалымы Лионель Столерю өз кітабында тереңірек жазған. Сондықтан Мемлекет басшысы айтқан үш түрлі инновацияны басқару жүйесін үш көрсеткіш арқылы, яғни, нақты ішкі өнім, номиналды ішкі өнім және нақты тұтынылған ішкі өнім арқылы бір-бірімен сабақтастыру қажет.

НАРЫҚТА ТЕҢГЕНІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫН САҚТАУ ОҢАЙ ЕМЕС
– Теңгенің құндылығын сақтап қалу үшін қандай мүмкіндіктерді қарас­тыру қажет?
– Алдымен инфляцияны анықтап алайық. Белгілі экономист Валентин Катасонов оны «простое определение инфляции – всеобщий рост цен на услуги и товары и потеря стоимости денег» деп түсіндіреді. Бұл түсінік ғылыми тұрғыдан алғанда, екіұшты ойды білдіреді. Мысалы, бірі – «қырық» деп, екіншісі – «сорок» деп таласып тұрған секілді. Әрине, бұл – бағаның қалай өскенін, ақшаның көптігі ме, әлде тауардың өзіндік құны өскенінен бе деген сұраққа жауап бере алмайды. Мәселен, тауар бағасы да, ақшаның бағасы да өсіп жатуы әбден мүмкін. Өйткені оларды басқару тетіктері әртүрлі координат жүйесінде жатыр. Оның үстіне олардан түсетін пайданың бірі – банк жүйесінің игілігіне, екіншісі – нақты еңбек экономикасының игілігіне жұмсалады. Сондықтан анықтама авторы қосымша «Наиболее вероятная причина инфляции – это общий спад экономики страны при сохранении зарплат граждан в прежнем размере» деп жазыпты.
Мұнда автор инфляцияны нақты экономиканың еңбекақысымен тікелей байланыстырады, бірақ қаржы және ақша құны туралы сөз жоқ. Мәселен, нақты экономикада биыл былтырға қарағанда ғылыми техниканың қатты дамуы арқылы еңбекпен капиталдың өнімі екі есе өсті делік. Айналымдағы өнім өсті, тауар көбейгеннен соң оны сатып алу үшін айналымдағы еңбекақы да өсуі керек. Сондықтан автор инфляцияны да, девальвацияны да инновациялармен және бәсеке әсерімен, былайша айтқанда, ғылым мен техникаға, технологияға байланыстыруы керек еді.
Алайда, нарықта теңгенің құндылығын сақтап қалу қиын. Және оны сақтау қажет деп санамаймын. Өйткені басқару жұмысындағы әлеуметтік-саяси инновациялау тек қана әлеуметтік емес, экономикалық саяси шешім қабылдау деп түсінген дұрыс. Сондықтан да теңгенің құндылығын күнделікті есептеп, оны тұрмыста реттегіш ретінде пайдаланады.
Жалпы ақшаның құны мен сол арқылы инфляцияны анықтау үшін ғылыми-технологиялық потенциалының да­муынан байқауға болады. Оның эконо­микаға тікелей байланысы бар. Елба­сының «Бесінші жол» мақаласында айтылған үш инновациялық бағытты дамыту қажет. Олар: біріншісі – валюта-қаржы экономикасындағы инновацияны дамыту, екіншісі – нақты экономикадағы технологиялық инновацияны дамыту, үшіншісі – саяси-әлеуметтік эконо­ми­калық механизмдегі инновацияны дамыту. Осы бір-бірімен тамырласып жатқан үш бағыт сапалы жүзеге асса экономиканың бойына қан жүгіріп, ілгерілейді. Егер де оның біреуінің дамуы бәсеңдесе де, қалғандарының қуаты кемиді. Сондықтан осы салада жүрген азаматтардың бәрі де инновацияны дамытудың жолын ұстанған жөн. Сонымен бірге ақша мен тауар айналымының жоғарғы жұмыс істеуіне дем беретін басқару саласы да сапалы жүргізілгені дұрыс.
Бүгінде «Нұрлы жол» бағдарламасы экономикамыздың даму жолындағы бірегей жобаға айналды. Онда үш инновациялар тобы бір-бірімен таласып жатыр. Менің ойымша, «Бесінші жолдағы» рецепті пайдалана отырып, нақты экономика, қаржы-қаражат және саяси-әлеуметтік салаларды инновациялау бағдарламаларына жік­теп, саралау қажет. Өйткені оларды жасаудың механизмдері өзгеше. Осы үш инновацияның меха­низмдерін түбе­гейлі зерттеп шешпей, экономикамызды толық либерализация жасап, дивер­си­фикациялық деп айта алмаймыз. Осы ойға «Бесінші жолды» оқыған сайын қайталап келе бересің, бұл жол – ел Президентінің өзі көрсеткен жол.
Аталған күрделі мәселе жайында 2009 жылғы үлкен дағдарыстың алдында Мемлекет басшысының «Дағдарыстан шығудың кілті» және «Бесінші жол» деп аталған екі мақаласында кеңірек айтылған. Онда жоғарыда келтірген үш инновациялық дамуды бізде ғана емес, жалпақ әлем экономикасында қолдану қажет делінген.
– Аға, сонда инфляциямен күресу Дон Кихоттың желдиірменімен алысқаны тәрізді болғаны ма?
– Жоқ. Инфляция индикаторы керек. Бірақ, ол жеткіліксіз. Көптеген ғалымдар мен эксперттер инфляцияны бағалау көрсеткіші «дефлятор ВВП» деген индикатормен тең болуы қажет дейді. Оның ішінде белгілі ғалымдар Дорнбуш, Сакс, Фишердің айтқан ойлары дұрыс.
Өз басым инфляция индикаторы – күрделі құбылыс, оны екіге жіктеу керек деп санаймын. Оның бір көрсеткіші – ғылыми-технологиялық потенциалдағы өзгерістер құбылысының белгісі болса, екіншісі – ақшаның құндылығындағы өзгерістердің көрсеткіші деп айтар едім.
Өйткені инфляцияның шама-шарқын ғылыми-технологиялық үдеріс пен ақшаның құндылығы арқылы анықтайды. Сондықтан инфляциямен ғана емес, ғылыми-технологиялық потенциалдың көрсеткішін есептеп, соның орасан қуатын арттыру үшін күресіп, бәсекені жандандыру қажет. Бізге «Инфляционное таргетирование» деген механизмді пайдалануға ерте деп санаймын.
Мен инфляция индикаторын «дефлятор ВВП»-ның көрсеткішіне тең екенін дәлелдеп, оны екіге жіктеу әдістемесін зерттеп, ғылымға енгіздім. Бұл тақырыпты шешуде Солоу, Ромер, Лукас, Большаков секілді ғалымдардың еңбектері бар. Бірақ олардың бәрінде экономикалық мазмұн мен математикалық дәлдік азырақ екенін көруге болады. Осы кемшілікті жою экономикалық тұрақтылықтың негізі себебі саналады. Өйткені өлшемі жоқ экономика – басқаруға көнбейтін, тұсауы жоқ экономика. Тек, өлшемі бар экономиканың ғана басқару жұмысын жүйелеуге болады.
Қазір нарықтағы бәсекенің күші қоғамдық прогресті ғылыми-техно­логиялық потенциал негізінде дамытатыны және оның қуатын толық есептеуге болатыны белгілі болып отыр. Ал осы ғылыми-технологиялық тепе-теңдіктің есебін іс жүзіне асыруға да, күнделікті тіршілікте пайдалана беруге де болады. Мысалға, қазіргі доллардың сатып алу қабілетіне байланысты тепе-теңдікті пайдаланбай-ақ, әр ел өзінің ғылыми-технологиясының паритетін анықтап, ұлттық валютасының нақты құнын есептей алады.

Елбасының «Бесінші жол» мақаласында айтылған үш иннова­циялық бағытты дамыту қажет. Олар: біріншісі – валюта-қаржы эконо­ми­касындағы инновацияны дамыту, екін­шісі – нақты эконо­микадағы техно­логиялық инновация­ны дамыту, үшіншісі – саяси-әлеуметтік экономикадағы тетіктердегі инновацияны дамыту. Осы бір-бірімен тамырласып жатқан үш бағыт сапалы жүзеге асса экономиканың бойына қан жүгіріп, ілгерІлейді

ҒЫЛЫМ МЕН БИЗНЕСТІ ТЕЗІРЕК ҰШТАСТЫРҒАН ЖӨН
– Ұлтымыздың түп негізі – ауыл. Бірақ сол қасиетті мекен көп қиын­дықты бастан кешуде. Ауыл экономикасы мен ондағы тұрғындардың тұрмысын жақсарту үшін ғалым ретінде сіз қандай жобаларды ұсынар едіңіз?
– Азаттық алған алғашқы кезеңде ауыл күрделі кезеңді бастан кешті. Кейін ауыл экономикасын көтеруге мемлекет аз қаржы бөлген жоқ. Әсіресе, менің ауылды басқару, ұйымдастыру мәсе­лесіне көңілім ауа береді.
Бүгінде ҚР Парламент Мәжілісінде ауыл экономикасына дем беретін «ҚР Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заң талқыланып жатыр. Мұны мен елдегі адамдардың тұрмысы мен бастамасына сенім білдіретін инновациялық жоба деп санаймын. Осы жоба созыла бермей тезірек жүзеге асса деймін. Қазір ауыл тұрғындары қалаға көбірек қоныстануда. Әрине, ауыл тұрмысына қарағанда, шаһардың артықшылығы мол. Дегенмен, жоғарыдағы заң іске асырылса, ауылдың экономикасы жанданып, қайтадан елде тұрғысы келетін азаматтар көбейер еді.
Айта кетейік, осы заңнаманы жүзеге асырудағы негізгі күш – мемлекеттің жәрдемі ғана емес, мемлекеттік пен жеке секторлардың бірлескен күшін пайдалануға жол ашылады деп есептеу керек. Бүгінде елімізде мемлекет пен жеке секторлардың әріптестігі жақсы дамып келеді. Содан кейін ауылға қуат беретін тағы бір тетік, ол – кооперация­лау жүйесі. Мен коопе­рацияның елге пайдасы туралы аз жазған жоқпын.
– Саналы ғұмырыңыз ғылым жолы­на арналды. Қазіргі еліміздегі ғылым­ның дамуы көңіліңізден шыға ма?
– Жалпы, бүгінгі ғылым саласының дамуына екі жақты қарай­мын. Бірін­шіден, ғылымға мемлекет бюдже­ті­нен бөлініп жатқан қаржы аз емес. Ал бизнес пен ғылыми жұмыстарға келсек, олардың арасындағы байланыс жоқтың қасы. Тіпті, бізде бизнестің дамуы көңілге онша қона қоймайды. Сондықтан ғылым мен бизнесті ұш­тастырып, ғылымды коммерциялау мен оны басқару жұмы­сының компетенциясын көтеруге пайдаланған жөн. Сонда Қазақстан ғылымы жаңаша даму жолына түсіп, ел экономикасы жандана түседі. Бұл бизнес пен жеке кәсіпкерлікті әлемдік бәсекеге түсуіне жол ашады.

Сондықтан ғылым мен бизнесті ұштас­тырып, ғылымды  коммерциялау мен оны басқару жұмысының компетенциясын көтеруге пайдаланған жөн. Сонда Қазақ­стан ғылымы жаңаша даму жолына түсіп, ел экономикасы жандана түседі 

ҒЫЛЫМҒА ӨМІРДІҢ ӨЗІ ЖЕТЕЛЕДІ

– Аға, сіз қарапайым ауылдан шығып, ел ардақтасына айналған азаматсыз. Бала күніңізде ғалым болам деп алдыңызға мақсат қойдыңыз ба, әлде ғылымға кездейсоқ келдіңіз бе?
– Шындығында, ғылымға мені өмірдің өзі жетеледі. Бала күнімнен математикаға жақын болдым. Университеттің үшінші курсынан бастап ғылымға жол ашуға көмегі тиетін есептеу математика маман­дығын игере бастадым. Жоғары оқу орнында оқып жүргенімде есептеу математикасы мен ақпараттық-технологияны меңгеру арқылы есептеу машиналардың тілінде жазылатын алгоритмдермен бағдарлама әзірледім.
1968 жылы белгілі ғалым, профессор М.Исаеваның ғылыми жетекшілігімен кандидаттық диссертациямды, 1974 жылы Мәскеуде Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешені жөнінде докторлық диссертациямды қорғадым. 1986-1991 жылдар аралығында Қазақстан бойынша «Итенсификация-90» атты бүкілодақтық бағдарламасының бір бөлімін Қаратай Тұрысов ағамыздың тікелей басшы­лығымен дайындап шықтым.
Егемендіктің алғашқы жылдарында ҚР Мемлекеттік жоспарлау біріккен институының директоры ретінде ел экономикасын нарықтық қатынастарға көшіру жөнінде ұсыныстар жасап, дағдарысқа қарсы бағдарлама жасау жөніндегі үкімет жұмысшы тобының мүшесі ретінде ірі мұнай жобаларын сараптауға қатыстым. Сол жылдары бір топ ғалымдармен бірге, банк мәліметтерін жобалау және республикалық ақпарат желісі мен жүйесін жасадық.
– Биыл үлкен мерейлі жасқа келесіз. Артыңызда ұзақ өмірдің белесі жатыр. Көңіліңіз неге алаңдайды, неге марқаяды? Еліміздің келешегін көз алдыңызға елестете аласыз ба?
– Ертеде елде сексенге толған қариялар ақ сақалын саумалап, бұрынғы өткен бабаларының ерлігі мен өнегелі іздерінен сыр шертіп, өмірдің баянсыздығы мен жалғандығын айтып, төбедей болып төрде отырушы еді. Міне, сол жасқа мен де келіп, қырдың басына шығып, қолымды күннің көзінен көлегейлеп, артымда қалған ұзақ көшке қарап, терең ойға батамын. Көптеген ағайын-туыс, жақын сыйласқан жора-жолдастардың дені дүниеден өтіп кетті. Өз басым сексенге келемін деп ойлаған емеспін. Құдайға шүкір, отбасым, балаларым, жан-жағымды қоршаған немерелерімді көріп, көңілім сүйсінеді. Ендігі қалған өмірімде солардың амандығын тілеймін. Әрине, жұмырбасты пенде болғаннан кейін алаңдайтын да, армандайтын да дүние көп. Қазақстанымыз өркениетті ел болу үшін сауатты әрі бай болу аз, жоғарыда айтқан үш инновациялық дамытуды жетілдіру қажет. Ол үшін осы салада аянбай еңбек ететін қабілетті кәсіби мамандар керек. Сондықтан орта мектептен бастап, жоғары оқу орындарындағы ұстаздардың біліктілігі талапқа сай болса деймін. Соның бәрі де тиянақты жүзеге асса еліміздің келешегі жарқын, ашық болады.
– Ойлы, салмақты әңгі­меңізге рахмет!

Сұхбаттасқан:
Азамат ЕСЕНЖОЛ

The post Сайлау БАЙЗАҚОВ, халықаралық басқару академиясының академигі: ӨЛШЕМІ БАР ЭКОНОМИКА РЕТТЕУГЕ ҒАНА КӨНЕДІ appeared first on .

«ҚЫЗЫЛ ТАЛША – ҚЫЗ РАУШАН»

$
0
0
bez-imeni-1

bez-imeni-1

Қасиетті қара қобыздың сарынында тылсым сыр бар. Адамды тұңғиыққа тартады. Жүрегіңіздің түбінде жатқан  пернеңізді қозғайды… Осыдан үш жыл бұрын  елордада  ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі қобызшы Раушан Оразбаеваның «Аққу» аталған шығармашылық кеші өтті. Сонда кеш иесі Ықыластың сұлулықтың сұңқары атанған киелі құс туралы күйін тебірентіп орындады. Ғайыптан тайып, көз алдыма сайын даланың ғажайып  бейнесі келіп, айдында жүзген қос аққудың сұлу сұңқылын естігендей болдым. Сол кезде киелі аспапты шынайы сөйлете білген қобызшы жайында жазсам деп ойладым. Бірақ көпшіліктен бұйығы, саяқтау жүретін өнерпаз туралы қалам тербеуден тартыншақтадым. Соның сәті енді келді.

ТЕКТІ ӨҢІРДІҢ ТҮЛЕГІ

Қобыз дегенде аузымызға алдымен Қорқыт бабамыз келеді. Одан кейін Қойлыбай әулиені еске аламыз. Ықылас атамызды айтамыз. Тілеп Аспантайұлы деген талантты тұлға өткен. Нышан абыз ойымызға түседі. Кеңестік кезеңде Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев секілді ағаларымыз осы саф өнерді аман сақтап, бүгінгі ұрпаққа жеткізді. Біздің кейіпкеріміздің арғы түбі Қорқыт бабамыз ғұмыр кешкен Сыр бойынан болады. Серікбай деген нағашы атасы қобыз ұстапты. Өз атасы Қамбарбай тоғыз пернелі домбырамен Әлшекейдің күйлерін тартыпты. Әкесі Жұмабек те өнерден қара жаяу болмаған. Жыршылық өнердің байрағын көтерген. Былайша айтқанда, осындай кие қонған әулетте дүниеге келген баланың өнерпаз болмауы мүмкін емес. Бесіктегі кезінен әкесі орындаған Сыр мақамдарын тыңдайды. Шертпе күйдің шебері атанған Сүгір мен Төлеген Момбековтің күйлерімен тербеледі. Алатаудың іргесіндегі Алматыда бойжетеді. Домбыраны да бір кісідей шертеді. Бірақ өнер мектебінің табалдырығын аттағанда қобызды таңдайды. Алғашқы ұстазы Әбдіманап Жұмабекұлы: «Саусақтарың нәзік екен. Қобыз шалуға келер ме екен» деп жас балаға күмәнмен қарапты. Өзі өте қатал кісі. Кезінде Дәулет Мықтыбаевтың шәкірті болған. Сондықтан ба, жас өренге бойындағы барын беруге ерекше күш салады. Қатаң талапқа көп бала шыдамайды. Ал Раушан алған бетінен қайтпай қасиетті аспаптың қыр-сырын бір кісідей меңгеріп шығады.

КҮМІСБЕКОВТІҢ БАТАСЫ

Алғашқы өнердегі жолы да сәтті басталды. 1990 жылы мамыр айында Атырауда Құрманғазы атындағы республикалық байқау өтеді. Онда Раушан мектептің 10-сыныбында ғана оқиды. Оқушы болса да қатарластарынан өнері озық. Дүбірлі додада жан-жақтан жиылған жас таланттар бақ сынайды. Оныншы сыныптың оқушысы бәйгеге қатысуға Алматыдан ат арытып келеді. Қазылар алқасының төрағасы, көрнекті композитор – Кенжебек Күмісбеков. Өнер сайысында Ықылас атамыздың «Аққу» күйін асқан шеберлікпен орындайды. Ұйып тыңдап отырған композитор «Сенде Дәулет Мықтыбаевтың мәнері бар екен» деп жоғары баға ұсынып, батасын беріпті. Жарыс қорытындысында бірінші орынды табыс етеді. Кейін Алматы консерваториясына оқуға түскенде Кенжебек ағадан дәріс алады. Сонда ол кісі үнемі жас қобызшыларға «Мықтыбаевтың өзгеше штрихтары бар, соны үйреніп орындаңыздар» деп айтады екен. Сөйтіп талантты тұлғаның берген батасы қабыл болып, жас өнерпаздың жолын ашады. Бір ғажабы, композитор бір өңірде туған жерлес ағасы Дәулет Мықтыбаевтың өнерін ерекше қадірлеген. Сондай-ақ, Раушан Жұмабекқызы көне шежіреші, халыққа Байжігіт күйлерін жеткізген Омар Қаймолдин қария туралы да тамсанып айтады. Сол ақсақалдан да көп дүние үйреніпті.

ЕМДІК ҚАСИЕТІ БАР

Шындығында шет елдіктер қобызды жоғары бағалайды. Сол себепті біздің кейіпкеріміз Еуропаға жиі сапарға шығады. Бірде Германияның тоғыз шаһарын аралап, Тросин қаласындағы өнер университетінде көне аспаптар факультетінің жетекшісі, профессор Том Шмиттің шақыруымен студенттерге шеберлік сыныбын ұйымдастырған. Сонда неміс жастары Қорқыт атамыздың күйлерін ұйып тыңдапты.
Жалпы, қазақ қобызды бақсылықпен байланыстырады. Оның үнінде адам­ның жүйкесін емдейтін қасиет бар. Еуропалықтар қазақтың қобызын тындағанда кәдімгідей демалып, ем алғандай әсерде болады екен. «Шетелге барған сайын жаңа күйлер апарамын. Адам ақпарат алғанда оның жаны жаңарады. Сонда олардың энергиясы ауысады. Егер энергия бір орында тұра берсе, адам ауырады. Барлық күймен адамды емдеуге болады. Ол тек орындаушыға байланысты. Алдымен жан тазалығы болу қажет» дейді қобызшы.
Бүгінгідей қым-қуыт шақта көп адамдар рухани жалғыздықты бастан кешеді. Сондай кезде жаныңды жадырататын жаңа әлем іздейсіз. Ал оны қобыздың сарынынан табуға болады. Соны түсін­ген еуропалықтар көне аспапқа қатты қызығып, үйренгілері келеді. Раушан апай ондай кісілерге шеберлік сыныптарын өткізіп, қазақтың ғажайып мұраларымен таныстырады. Алдағы жаз айында өнерпазға Германия мен Австрияға баруға тағы жол түсіп тұр.

ҚОБЫЗДЫҢ ҚАДІРІ КЕТПЕСІН

Бүгінде көпшілік төрт шекті қобызды жақсы біледі. Эстрадалық әуенмен де үйлесіп тұрады. Оны нағыз элиталық аспап деп санайды. Ал халқымыздың бағзы әуенін сақтап, бүгінге жеткізген қылқобыздың қадірі әлі де кемшін екен. Оны бізге кейіпкеріміздің өзі жаны ауырып айтып берді. «Жұрттың көбі төрт шекті аспапты төбесіне көтереді. Бір қарағанда, оның скрипкадан артықшылығы жоқ. Ешқандай жаңалық деуге келмейді. Қазір соны қобыз деп әжептәуір қыламыз. Ал қазақтың қобызын «қылқобыз» деп айтатынды шығардық. Негізі, ол дұрыс емес. Ол қобыз болып қалуы керек. Осыны айтам деп көп адамдарға жақпадым. Біздің қобызымыз түпсіз терең мұхит секілді. Соның қадірі кетпесін деп уайым шегемін» дейді ол. Расында, алтын мен күмісті айыра білгеніміз абзал.
Бүгінде дарынды қобызшы Астанада тұрады. Қазақ ұлттық өнер универ­ситетінің аға оқытушысы. Және елор­дадағы №1 музыка мектебінің «Қобыз-Рух» ансамблінің жетекшісі. Шәкірттері де талай байқауда топ жарып, ұстазының абыройын асқақтатып жүр. Қызы Тоғжан да анасының жолын жалғап, қобыз тартады, ән шығарады.

Өткен ғасырдағы тоқсаныншы жылдардың басы. Алматыдағы Ықылас атындағы мұражайда шағын кеш өтеді. Сонда Раушан Оразбаева сахнаға шығып, қобызбен «Аққу» күйін тартады. Жиналғандар ішінде қазақтың ақтаңгер ақыны Ғафу Қайырбеков болады. Күйдің әсерінен шабыттанып кеткен шайыр: «Қызыл талша – қыз Раушан, Бұл дүниеде сен болсаң – Қобыз болса, күй болса, Хақтан келген сый болса, Қайран баба Ықылас, Өлмейтіні ып-рас» деп өлең арнапты. Кейін ол «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көреді. Бүгінде Раушан апай осындай өлең арнаған ақын ағама алғыс айта алмағаныма қатты өкінемін дейді… Иә, өмірдің өзі – өкініш!..

Азамат ЕСЕНЖОЛ

The post «ҚЫЗЫЛ ТАЛША – ҚЫЗ РАУШАН» appeared first on .

Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ, Дін істері және азаматтық қоғам министрі : Діннің дұрыс түсінігін мектепте қалау керек

$
0
0
nurlan-ermekbaev-asli

nurlan-ermekbaev-asli

Қоғамда радикалдық діни ағымдардың деструк­тивті идеяларының таралуы көп­­шілікті алаңдатады. Олармен қалай күресу керек? Діни ахуал және басқа да мәселелер жөнінде Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев­пен әңгімелескен едік.

– Нұрлан Байұзақұлы, еліміз­дегі діни ахуал өткен жыл­дармен салыстырғанда қалыпты. Десек те, зайыр­лы мемлекеттің заң талап­тарын мойындағысы келмей­тіндердің қатары көбейіп ке­ле­­ді деген пікірмен келісе­сіз бе?
– Бұл жерде міндетті түрде басын ашып алатын мәселе бар, ол – діни ахуал ұғымы. Діни ахуалдың тұрақтылығы еліміздегі мемлекеттік-конфес­сиялық қарым-қатынас, конфессиялар арасындағы өзара әрекеттестік, азаматтар­дың ар-ождан бостандығының деңгейі, дін саласын реттейтін қолданыстағы заңнама талап­тарының сақталуы, азаматтар­дың дін саласындағы саясатқа қатынасы мен дін саласындағы ахуалды бағалауы тәрізді көп қатпарлы өлшемдердің нәти­жесінен құралады.
Бұл жағынан алғанда еліміз­дің дін саласында шешімін таппай отырған мәселе жоқ. Мемлекеттік-конфессиялық тұрғыдан дәйекті қатынас орнатылып, азаматтардың діни бостандығы толығынан қамтамасыз етілген.
Өкінішке қарай, дінді бір­жақты түсінетін ради­кал­дық ағымдардың идеяларын ұстану­шылар тарапынан еліміз­де соңғы 5-6 жылда бір­қатар жантүршігерлік оқи­ғалардың орын алғаны мәлім. Десек те, осындай оқи­ғалардың өзі еліміздегі діни ахуалдың тұрақтылығына сызат тү­сіре алмайды. Керісінше, мұндай лаңкестік оқиғалар қоғамда берік орныққан кон­фессияаралық келісім мен ауызбіршіліктің баға жетпес құндылық екеніне көзімізді жеткізе түседі. Сондықтан еліміздегі діни ахуал тұрақты екендігін және діни себептерді бүркеніп, радикалдардың қатысуымен орын алған бірді-екілі оқыс жағ­дайлар оған түбегейлі әсер етпеді деп толық сеніммен айта аламыз.
Әрине, бұл еліміздің дін саласында ешқандай мәселе жоқ дегенді білдірмесе керек… Біздің қоғамымызда радикалдық діни ағымдардың деструктивті идеяларының таралуынан көрініс тауып отырған және көпшілікті алаңдатып отырған мә­селе­лердің бар екені сөзсіз. Мен былтырғы жылы қазан айын­да өткен брифингте салафизм идеологиясын еліміз үшін мүлдем жат әрі теріс діни ағым деп санайтынымыз туралы Үкіметтің ұстанымын білдірдім.

Зайырлы заңнамалармен реттелгені жөн

– Салафизм идеологиясы­ның терістігі неде?
– Радикалдық діни ағым­дардың ұстанушылары өз идея­ларын біздің ұлттық мә­де­­ниетімізден, рухани дәс­түр­леріміз бен құн­ды­лықтарымыздан жоғары қоя­ды және діни талаптармен өмір сүретін мемлекетті қоғам­дық құрылыстың «ең дұрыс жүйесі» деп есептейді. Ал мұндай шетін идеялардың біздің мемлекетімізге және сан ғасырлық тарихымыз бен мәдениетімізге қайшы келетіні айтпаса да түсінікті.
– Осы мәселеге байланыс­ты нақты қандай шаралар жүргізілуде?
– Министрлік қазіргі күнде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, діни сипаттағы радикалдық және экстремистік идеяларға тос­қауыл қою бағытында кешенді жұмыстар жүргізуде және ол ал­дағы уақытта күшейе түсетін болады.
Жалпы, зайырлы мемлекет болып табылатын біздің елімізде қандай да бір ресми немесе міндетті дін жоқ. Керісінше, зайырлы мемлекетте діннің дамуына және азаматтардың діни сенім бостандығына кең мүмкіндіктер беріледі. Бұған алысқа бармай-ақ біздің еліміздің тәжірибесін алсақ та жеткілікті. Осы орайда, біздің елімізде әлеуметтік қатынастар, соның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, отбасы және неке институттары діни нормалармен емес, зайырлы заңнамалармен реттелетіндігін баса айта кеткім келеді. Дін бұл салаларға араласа алмайды және араласпауы тиіс.
Сондай-ақ, теріс діни ағым­­дардың идеяларын ұс­танушылар ортасында, тіп­ті дәстүрлі ханафи мазхабын ұстанушылардың ара­­сында да заңды некеге тұру­ға немқұрайлылық таныту жайттары кездеседі. Бұл дұрыс емес. Еліміздің заңына сәйкес некеге тұру мін­детті түрде мемлекет тарапынан тіркеледі. Бұл – некеге тұрған азаматтардың құқықтары заңды түрде қорғалады деген сөз. Сәйкесінше, некелерін діни жолмен қидырып, оны заңдастырмаған қыздардың, мұндай отбасында дүниеге келген балалардың құқықтарын мемлекет қорғай алмайды.
Жалпы, салафилерге ғана емес, барлық радикалдарға тән бір ерекшелік – олар өздерінің жалпы сауаттарының және зияткерлік деңгейлерінің төмен­дігінен рухани құндылық­тарды емес, керісінше, адам мен қоғамның тұрмыс-тіршілігін, жүріс-тұрысын, киім киісі мен басқа да сыртқы көріністерін реттейтін хадистерді дәл сол күйінде сөзбе-сөз түсінеді және сол талаптарды толықтай орындауға тырысады.
Осындай келеңсіз мәселелер еліміздің дамуының зайырлы қағидатын ілгерілетуге және зайырлы өмір сүру құн­­ды­лықтарын кеңінен насихаттауға бағытталған жұ­мыстарды кү­шей­те түсуді қажет етеді. Мен еліміздің діндар азаматтары, ең біріншіден, өз елінің патриоттары болуы тиіс деп санаймын. Олар жақсы білім алып, адал еңбек етуді, өздерін үнемі жетілдіріп отыруды, заң талаптарын сақтауды басшылыққа алулары керек. Сондықтан зайырлы мемлекеттің заң талаптарын мойындағысы келмейтіндердің қатары көбейіп келе жатыр деген тұжырыммен келіспеймін.

Дінді мектеп қабырғасында дұрыс түсіндіру керек

– Олай болса, жастардың діни ағымдарға тез тартылу себебі неде деп ойлайсыз?
– Қоғамның ең көп және белсенді тобы ретінде жас­тардың қандай мәселеге болса да қызығушылықтары жоғары. Бұған қоса, жұ­мыссыздық, құқықтық және діни сауатсыз­дық, жастарға арналған мемле­кеттік бағдарламалардан хабар­сыздығы сияқты әртүрлі факторларды атап өтуге болады.
Жастардың арасында ғылы­ммен, спортпен, өнер түрлерімен терең айна­лы­сып, дінге мүлдем қызық­пайтындары да, өздерін атеист санайтындары да бар еке­нін айта кету керек. Осы орайда, министрлік басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен, діни бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, жастар арасында дәстүрлі ұлттық және тарихи құндылықтарды наси­хаттау, зайырлылық қағидат­тарын ілгерілету, дінді радикалды тұрғыдан ұғынудың қаупін түсіндіру және олар­дың бойында теріс діни идео­логияларға қарсы иммунитет қалыптастыру бағытында кешенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Атап айтар болсам, 2016 жылы ақпараттық-түсіндіру топтарының күшімен барлық өңірлерде жастармен 9 мыңнан астам тікелей іс-шаралар өткізіліп, онымен 700 мыңнан астам жастар қамтылды.
Министрлік 2016 жылы ҚР Білім және ғылым министр­лігімен, еліміздің жастарының айтарлықтай кең тобын бірік­тіріп отырған «Жас Отан» жастар қанатымен және Қазақ­стан жастары конгресімен бірлесе отырып, жастар арасында түсіндіру және алдын алу жұмыстарын іске асырды. Тұрғындардың пікірі бойын­ша діннің дұрыс түсінігін қалыптастыруды және діни экстремизмнің алдын алуды мектеп қабырғасынан бастау керек. Бұл мақсат 2016 жылғы оқу жылынан бастап жалпы білім беретін орта мектептердің 9-сынып оқушылары үшін енгізілген «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні шеңберінде іске асырылуда.

Жастарға қатысты бес бағыт қолға алынды

– Елордадағы діни ахуалды қалай бағалауға болады?
– Астана қаласы аумағындағы діни ахуал елімізде қалыптасып отырған діни ахуалмен қа­райлас. Қала әкімдігінде Дін істері басқармасы және Дін мәселелерін зерттеу орталығы жұмыс атқарады.
Қазіргі таңда Астана қала­сында 14 конфессияның мүд­де­сін білдіретін 49 діни бір­лестік бар. Атап айтқанда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 8 ме­шіті, Орыс православие өкіл­дерінің 6 шіркеуі, Рим-католик шіркеуінің 4 қауымы, протестанттық бағыттағы 28 бірлестік, 2 иудаистік, бір-бірден Бахаи және Кришнаға тиесілі діни бірлестіктер бар. Қала аумағында тіркелген бар­лық діни бірлестіктермен қарым-қатынас өзара сенімге негізделген диалогтық алаң форматы аясында жүзеге асырылып отыр. Астана қаласының Дін істері басқармасы ақпа­раттық-түсіндіру, ради­кал­дық ағымдардың ұста­нушыларына кеңес беру және оңалту орта­­лықтарының қызметін ұйым­дастыру, ин­тернеттегі деструктивті сайт­тарды анықтау және оларға тосқауыл қою сияқты жұ­мыстарды іске асыруда. Жалпы, бұл бағыттағы жұ­мыстар алдағы уақытта пәрменді түрде жалғаса беретін болады.
– Өзіңіз басқарып отырған жаңа министрліктің құра­мына Білім және ғылым министрлігінің жастар саясаты саласындағы функциялары берілді. Нақты қандай жұмыстар қолға алынды?
– Өздеріңізге белгілі, жылдың басында мемлекеттік жастар саясаты мәселесі жо­ғарғы деңгейде талқыланды. Ми­нистр­лік өз тарапынан бес бағыт бойынша жұмыс жүр­гізуді ұсынды. Олар – ауыл мен қала жастары арасындағы байланысты нығайту, әлеуметтік сатыны дамыту, жас отбасыларды қолдау, жастармен жұмыс істейтін кадр әлеуетін арттыру мен ведомствоаралық үйлестіруді күшейту. Сонымен қатар, естеріңізде болса, өткен жылы жастар форумы өтті. Форумда жастар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде олардың 60 пайызы қоғамдық-саяси өмірге белсене араласамыз десе, қалғандарының саясатқа қызықпай, азаматтық бастамаларға қатысуға ынталы емес екені белгілі болды. Бұл дегеніміз – жастарымыз өзін қоғамда бөтен санап, жат ұйымдардың жетегіне еріп кетулері мүмкін деген сөз. Сондықтан да біздің негізгі міндетіміз – мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан жобалар мен бағдарламаларға жастарды көптеп тарту.
Қоғамдағы әлеуметтік тұр­ғыдан жағдайы төмен жас­тармен де жұмысты жал­ғастырудамыз. Көп жағдайда бұл категориядағы жастарға арналған жобаларды жүзеге асыру барысында мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыстар жүргізіледі. Ал жетімдер, аз қамтылған отбасынан шыққан балалар мен бас бостандығынан айырылып, еркіндікке шыққан, яғни қиын жағдайларға тап болған жастар жеткілікті әлеу­меттік қолдау шараларымен қамтылмаған. Осыған сәйкес, мемлекеттік органдармен жұмыста әлеуметтік жобаларды жоспарлағанда, жастардың түрлі сатыдағы әлеуметтік тобын кеңінен қамтуды ұсындық. Сондай-ақ, өңірлерде жастардың бос уақытын тиімді демалыс­пен қамтамасыз ету бойынша желілік қарапайым ашық спорт кешендерін, аула клубтарын кеңейту мен шығыны аз нысандарға жастарды жаппай тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қаржыландыру көлемі ұлғайды

– Мемлекеттің басты стра­­те­гиясының бірі – аза­маттық қоғам құру. Оны қалыптастыруда қоғамдық ұйымдардың орны мен бел­сенділігі қандай?
– Бүгінгі таңда үкіметтік емес ұйымдар азаматтық қоғам құруда мемлекеттің сенімді серіктесі болып отыр. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда Азаматтық форумдар, Әлеуметтік жобалар жәрмеңкелері, бейресми кездесулер, кеңестер сияқты әріптестіктің оң тәжірибелері қалыптасты. Мысалы, ірі диалогтық алаңдардың бірі Азаматтық форум болып табылады. Кезекті VII Азаматтық форум 2016 жылы қараша айында өткізілді. Форумға еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам ҮЕҰ жиналды. Форумның қорытындылары бойынша 2017-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, іске асырылуда.
Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдармен өзара әре­кеттесу бойынша министр­ліктің жанында Үйлестіру кеңесі мен Жұмыс тобының, сондай-ақ орталық және жер­гілікті мемлекеттік орган­дардың жанынан құрылған кеңестер аясында серіктестік механизмін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекет пен ҮЕҰ өзара іс-қимылының тиімді те­тік­те­рі­нің бі­рі – мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс. Осылайша, өткен жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруды қаржыландыру көлемі 20%-ға ұлғай­тылды. 2015 жылы 7,1 млрд болса, 2016 жылы 8,9 млрд теңгені құрады.
Қоғамдық ұйымдар аза­маттық қоғамның маңызды институты болғандықтан, ҮЕҰ қаржыландырудың жаңа механизмдері – гранттар мен сыйақылар енгізілді. Гранттық қаржыландыру операторы құрылды. 2016 жылы жалпы көлемі 208 млн теңгені құрайтын 11 жоба жүзеге асты. Биылғы жылы гранттық қаржыландыру көлемі 3 есеге дейін өсті. Осы жылдан бас­тап үкіметтік емес ұйымдарға әлеуметтік мәсе­ле­лерді ше­шуге қосқан үлесі үшін сый­ақылар берілетін болады.
Қоғамдық маңызды мәселе­лер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру мақ­сатында тұ­рақ­ты түрде Қоғамдық ке­ңестер қызмет етеді. Қоғам­дық кеңестердің құрамына азаматтық қоғам­ның, ҮЕҰ, саяси партиялар, кәсіподақтардың өкілдері кіреді. Бүгінгі таңда республикада 227 қоғамдық кеңес құрылған, олар қоғамдық маңызды сұрақтар бойынша 450-ден астам қоғамдық тыңдаулар өткізді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, алдағы уақытта да мемлекет ҮЕҰ-дарға көмек көрсетуін жалғастыра беретін болады.
– Әңгімеңізге рахмет!

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ,
«Астана ақшамы»

 

The post Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ, Дін істері және азаматтық қоғам министрі : Діннің дұрыс түсінігін мектепте қалау керек appeared first on .

БӘСЕКЕЛЕСТІК КІЛТІ – КӘСІБИ МАМАН

$
0
0
img_6120-asli

img_6120-asli

Бүгінде кәсіптік білімге деген көзқарас өзгерді. Мемлекет  те маңызды салаға басты назар аударып отыр. Осы тақырыпта елордадағы Көлік және коммуникация колледжінің директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Зұлфухар Гаиповпен кездесіп, кәсіптік мамандарды даярлаудың ерекшеліктері туралы әңгімелескен едік.

ТЕМІРЖОЛ – ТІРШІЛІКТІҢ КҮРЕТАМЫРЫ

– Қазір жастардың кәсіптік маман­дыққа деген қызығушылығы күшейді. Әрине, ол қуантады. Осы бағытта қандай шаралар қолға алынды?
– Соңғы жылдары кәсіптік білім берудің бәсі артып, мазмұны кеңейді. Еліміз индустрияландыру кезеңіне қадам басты. Соның аясында кейінгі жылдары бірнеше зауыт іске қосылды. Астанада электровоз құрастыру мен «Тұлпар-Тальго» зауыты пайдалануға берілді. Енді сол кәсіпорындарда жұмыс істейтін кәсіби маман қажет. Оны қайдан аламыз? Бүгін кәсіптік мамандықта оқып жатқан жастар сонда барып қызмет атқарады. Бір кездері жұртшылық балаларын гуманитарлық салада жоғары білім алуға ұмтылдырды. Қазір уақыт өзгерді. Енді техникалық мамандыққа деген парасатты көзқарас қалыптасты.
– Дұрыс екен. Бұған ата-ананың ықпалы болады деп ойлаймын…
– Әрине, оған сөз жоқ. Айталық, кәсіптік білімнің маңызы мен мәртебесін өсіретін отбасындағы тәрбие деп ұғуға болады. Біздегі студенттердің 80 пайызының әке-шешесі теміржолда еңбек етеді. Олардың арасында династияға айналған әулеттер бар. Теміржол – тіршіліктің күретамыры. «Өзен жағалағанның өзегі талмайды» демекші, шойын жолда жұмыс істеген адамның тамағы тоқ. Қазір халқымыздың көпшілігі қалаға қоныс аударды. Шаһар тұрғындары кәсіптік маман иелерінің көмегіне көп жүгінеді. Біздің колледж­де білім алатын жастардың 40 пайызы бас қаладан болса, қалған 60 пайызы жақын аймақтан болады. Алдағы таңда астаналық балалардың санын көбейтсек дейміз. Сондықтан оларды ерте жастан мамандыққа баулу үшін елордадағы барлық мектеппен байланыс орнаттық.
– Сонда ол қандай байланыс?
– Мәселен, оқу ордамызда қаладағы мектеп оқушыларымен бірлесіп жұмыс істейтін кәсіби бағдар беру бөлімі құрылды. Жаңа оқу жылынан бастап жалпы білім беретін ұйымдармен байланыс жасап, балаларға кәсіптік мамандық жайында үгіт-насихат жүргіземіз. Жеткіншектер колледждің мұражайын аралап, теміржолдың макетімен танысады. Техникалық үйірмелерге қатысады. Солай оқушыларды ерте бастан кәсіптік білімге баулып жатырмыз. Біз жыл сайын 300-400 мемлекеттік грант аламыз. Бір орынға үш баладан таласады. Соның өзі кәсіптік білімге деген қызығушылықты көрсетеді.

ДУАЛЬДІ ОҚЫТУДЫҢ артықшылығы КӨП

– Дуальді оқытуды қалай жүзеге асырып жатырсыздар?
– Біздің колледж дуальді оқыту жүйесін енгізген пионер саналады. 2012 жылдың қарашасынан бастап аталған жүйені қолға алдық. Сол кезде ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы және колледж – үшеуі бірігіп, келісімшартқа отырды. Қазір бұл жүйе тиімді жұмыс істеуде. Студенттер теміржол саласының төрт мамандығы бо­йынша дуальді оқытумен білім алады. Оқу жоспарын ұлттық компаниямен бірігіп жасаймыз. Олар бізге өз ұсыныстарын айтады. Бүгінде студенттер электровоз құрастыру зауытында дуальді жүйемен практикадан өтеді. Электровозды жасақтаудың жұмыстарын көзбен көріп, қолмен ұстап, білікті мамандардан тәжірибе алады. Сөйтіп, түлектеріміз оқуды бітіргеннен кейін өндіріске барғанда, жаңа ортаны жатырқамай, тез бейімделеді. Мемлекеттік аттестация қорытындысына да теміржол сала­сының жауапты тұлғалары қатысады. Олар білімді жастарды қызметке шақырып, жұмыспен қамту мәселесін шешіп береді. Осын­дай дуальді оқытудың артықшылығы көп.
– Жаңа инновациялық бағыт бо­йынша қандай жаңашыл жұмыстар атқарылуда?
– Қазіргі кезең – бәсекелестік заманы. Ал бәсекенің бір кілті – сапалы маман дайындау. Ол үшін білікті кадр өте қажет. Біздің колледжде бір ғылым докторы, екі ғылым кандидаты, 46 магистрант еңбек етеді. «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияда білім алған жас маман жұмыс істейді. Оқу ордамызда екі жылдан бері ағылшын тілінде бір топқа сабақ жүргізіледі. Ауылдан ағылшынша әріп танымай келген балалар сол тілде сабақ айтып, есеп шығарады. Жаңа әдістеме бойынша модульдік оқыту жүйесіне көштік. Уақыт талабына сай жабдықталған лабораториялар жұмыс істейді. 2014 жылы әлемдік банк жариялаған конкурсқа қатысып, қомақты қаржыны құрайтын грант ұтып алдық. Біз соны мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыруға, материалдық базаны нығайтуға және жаңа оқулықтарға жұмсадық. Ресейден соңғы үлгімен жарақталған электровоздың макетін сатып алдық. Студенттер оны сабақ барысында пайдаланады. Жыл сайын үздік бітірген түлектерімізді өзімізде жұмысқа қалдырып, одан әрі білімі мен білігін ұштауға қолдау көрсетеміз.
– Жаңа бір сөзіңізде аймақтан келіп оқитын жастардың қатары көп дедіңіз. Олардың әлеуметтік жағдайын қысқаша айтып өтсеңіз…
– Бүгінгі таңда колледжде 2 550 студент оқиды. Оның 500-і сырттай білім алады. Жастардың бәрі жатақханамен қамтамасыз етілген. Онда студенттер сабаққа даярлану үшін компьютер сыныптары ашылып, тегін интернет жүйесі қосылған. Көп балалы отбасыдан шыққан және ата-ананың қарауынсыз қалған жастардан қамқорлығымызды аямаймыз.

Азамат ЕСЕНЖОЛ , «Астана ақшамы»

 

The post БӘСЕКЕЛЕСТІК КІЛТІ – КӘСІБИ МАМАН appeared first on .

ЖЕР ИЕСІ НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?

$
0
0
_121002-07-asli

_121002-07-asli

ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсыруымен Бас Прокурор және Астана қаласының әкімі «Елордадағы қауіпсіздік және жайлылық» жобасын іске асыруға бағытталған кешенді жоспарды бекітті. Мақсат – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу қарсаңында қала тұрғындары және қонақтарының қауіпсіздігін және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.

kbb_2853-asliКешенді жоспардың 89-тармағына сәйкес, құрылыс нысаны ретінде берілген жерлерді мақсатымен пайдаланбаған жағдайда заңды түрде қайтаруды қамтамасыз ететін жол картасы жасалды.
Осы тұрғыда атқарылған жұмыстар жайлы Астана қаласының жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқарма­сының мемлекеттік инспекторы Дархан Сейтханов «Астана ақшамы» газетіне сұхбат берді.
– Дархан Бахытұлы, жоба неге бағытталған?
– Жобаны жүзеге асыру бо­йынша кешенді жоспар «Қауіпсіздік» және «Жайлылық» деген екі тараудан тұрады. Олар өз кезегінде 172 іс-шаралардан тұратын 6 негізгі бағытқа бөлінген. Оның ішінде 89-тармақ жер учаскелерін мемлекетке қайтару және пайдаланылмайтын жер учаскелерін игеруге бағытталған іс-шаралар кешенін әзірлеуге бағытталған.
– Пайдаланылмайтын жерлерді анықтау бойынша қандай жұмыстар атқарылды?
– Біріншіден, пайдаланылмайтын жерлерді анықтау үшін уәкілетті орган тарапынан арнайы тексеру жүргізе­міз. Сондай-ақ, жер, құқықтық, қала құрылысы кадастрының ақпаратын жинау арқылы өзге де нысандарға мемлекеттік бақылау жасалады.
Жер телімін пайдаланбау фактісі анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 94-бабына сәйкес, жер учаскесінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жерді мақсатты пайдалану үшін бір жыл мерзіміне нұсқама беріледі.
– Меншік иесі жерді қай уақытқа дейін игеруі тиіс? Егер белгіленген шарттарды да орындамаған жағдайда қандай шаралар қолданылады?
– Егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, мұндай жер учаскесi орналасқан жер бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың талап- арызы бойынша сот тәртібімен мәжбүрлеп алып қоюға жатады. Бұл туралы ҚР Жер кодексінің 92-бабында айтылған.
Атап өту керек, пайдаланылмайтын жер телімін алып қою туралы талап-арыз нұсқаманың мерзімі аяқталған соң ғана беріледі.

Жер телімін пайдаланбау фактісі анықталған жағдайда Қазақстан Респуб­ликасының Жер кодексінің 94-бабына сәйкес, жер учаскесінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жерді мақсатты пайдалану үшін бір жыл мерзіміне нұсқама беріледі

– Ал жердің иесі ғимараттың іргетасын құйып қойып, қалған жұмысты кейінге қалдырса, жер телімі қайтадан бос қалып қоймай ма? Болмаса, бұл жерді игерді деуге келе ме?
– Жерді пайдалануға алған азамат жер учаскесі игерілгенін дәлелдейтін құжат тапсыру керек. Міне, сол құжат объектіні пайдалануға қабылдау туралы бекітілген акті есебінде саналады. Сондай-ақ, ҚР Жер кодексіне сәйкес құрылыс уақыты нақты көрсетілген жобалау-сметалық құжаттамасы болуы шарт.
– Зерттеу, іздестіру, өндірістік-азаматтық мақсаттағы объектілерді жобалау және салу үшін мемлекеттік мекемелерге беріліп және мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алынып қоятын жер учаскелері үшін өтемақы төлене ме?
– Егер жер пайдаланушы берiлген құқықты мемлекеттен сатып алмаған болса, жер пайдалануға берілген жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару – жер пайдалану құқығы сатып алынбай жүзеге асырылады, ал егер ол жер пайдалану құқығын сатып алған болса, жер пайдаланушыға залалдар толық көлемінде өтеледі, оның қалауы бойынша басқа жер телімі берілуі мүмкін.

2012 жылдан бастап қала аумағында жалпы ауданы 16 мың га 1084 пайдаланылмайтын жер учаскесі анықталды. Олардың ішінде қолданылған шаралар нәтижесінде, жалпы ауданы 6 мың га 269 жер телімі мемлекетке қайтарылды. Ауданы 2,6 мың га
277 жер телімдері бойынша меншік иелері пайдалануға кірісті.

– Пайдаланылмайтын жерлерге қатысты жүргізілген жұмыстардың нәтижесі қандай?
– 2012 жылдан бастап қала аумағында жалпы ауданы 16 мың га 1084 пайдаланылмайтын жер учаскесі анықталды. Олардың ішінде қолданылған шаралар нәтижесінде, жалпы ауданы 6 мың га 269 жер телімі мемлекетке қайтарылды. Ауданы 2,6 мың га 277 жер те­лім­­дері бойынша меншік ие­лері пайдалануға кірісті.
Қалған жалпы ауданы 7,4 мың га 538 жер учаскесі бойынша пайдаланылмайтын жер учаскелерін алып қоюды қамтамасыз ететін Жол картасы әзірленіп, қала әкімдігі және Бас прокуратура тарапынан бекітілген болатын. Оның ішінде бүгінгі күнде ауданы 3 мың га 196 жер учаскесінің иелері жерлерді игеруге кірісті. Оның ішінде ауданы 0,1 мың га 39 жер учаскесі зерттеу, іздестіру, өндірістік-азаматтық мақсаттағы объектілерді жобалау және салу үшін мемлекеттік мекемелерге берілді. Ауданы 0,07 мың га 33 жер учаскесі бойынша талап-­арыздар сот ше­шімімен қанағаттандырылды, жалпы ауданы 4,31 мың га құрайтын 304 учаскесі бо­йынша мемлекеттік бақылау жүргізілді және нәтижесі бойынша бір жыл ішінде жер учаскелерін пайдалану туралы нұсқамалар жолданды, жерлерді пайдаланбаған жағдайда мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа талап-арыздар жолданатын болады, ауданы
0,02 га 5 жер учаскесі бойынша бақылау тексерулер жүргізілді, нәтижесінде 3 жер телімі бо­йынша талап-арыздар соттардың қарауында, 2 учаске бойынша сотқа жолдауға материалдар әзірленіп жатыр.
– Сот шешімімен пайдаланбағаны үшін алынып қо­йылған жер учаскелері бірден мемлекет меншігіне қайтарылмайтыны белгілі. Осы мәселеге толығырақ тоқталсаңыз.
– ҚР Жер кодексінің 94-бабына сәйкес, жер телімі сот шешімімен жер учаскесінің меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойылған жағдайда, (мемлекеттен сатып алынған) сот орындаушыларымен сауда-саттықта сатылады. Жер телімін мәжбүрлеп алып қою шығыстары шегерiлгеннен кейін және кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кепіл ұстаушыға төленгеннен кейін түскен сома жер телімінің бұрынғы меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға төленедi. Бiр жыл iшiнде кемiнде үш сау­да-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізілгеннен кейiн мұндай жер телімiн немесе оған жер пайдалану құқығын өткізу мүмкiн болмаған кезде жер учаскесi сот шешiмiмен арнайы жер қорына алынады.

Сұхбаттасқан: Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ, «Астана ақшамы»

The post ЖЕР ИЕСІ НЕНІ БІЛУ КЕРЕК? appeared first on .


Спорт қаласына серпінді қадам

$
0
0
0e1239fd1fd1d0680dedccada13ee1ce

Алдағы жылдары Астананың даму бағыттарын «20 нақты бастама» айқындамақ. Елорданың 20 жылдығына қарай нық қадамдармен бастайтын ілкімді істер осы бастан қолға алынып жатыр. Осының аясында келесі апта салауатты өмір салты және бұқаралық спортты дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жай-жапсарын түсіндіруге арналды. Бұл жөнінде бізге Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаев кеңінен әңгімелеп берді.

0e1239fd1fd1d0680dedccada13ee1ce

Астана – 61-орында

– Сөзіміздің басында бүгінгі таңда дене шынықтыруды дағдыға айналдырған астаналықтардың үлесі жөнінен елорда қай деңгейде екеніне тоқталып өтсек. Бір анығы, бұл тұрғыда Алматы және тағы басқа қалалар біздің шаһардан көш ілгері.
– Өте орынды сұрақ. Британиялық агенттіктің сараптамасы бойынша спорт шеңберінде Астана 610 қаланың ішінде 61-орында тұр. Ал Алматы – 27-орында. Бұл көрсеткіште бізден Алматының бірнеше саты жоғары тұруына онда өткен дүниежүзілік, халықаралық додалардың ықпалы мол болды. Арғысын айтпағанда, жақында ғана алмалы қалада қысқы Универсиада аяқталды. Биыл біз Астанада салмақты 10 спорт шарасын өткіземіз. Бұлар, әрине, бұқаралық спорттың дамуына айтарлықтай септігін тигізеді. Сондықтан алдағы уақытта спорт қалаларының рейтингінде Астана 20 үздіктің қатарына енеді деп сенімді түрде айта аламын.
Спортты дамыту жұмыстары нақты қандай бағдарламаға негізделіп отыр? Және бастамалардың жүзеге асырылу уақыты қалай межеленген?
– Бұқаралық спортты дамыту бағдарламасын әзірлерде бұл саланы әбден зерттедік, білікті мамандармен ақылдастық, әлемдік тәжірибе де назарымыздан тыс қалған жоқ. Бұл жобаны елорда басшысы Әсет Исекешев мақұлдады. Бағдарлама 2020 жылға дейін іске асырылады. 2016 жылы спортқа бейім халықтың саны едәуір артқанын ескерсек, белгіленген межеге дейін дене шынықтыруға ден қойғандардың үлесі 30 пайыздан асып түседі. Бүгінде қалада спорт түрлерінен мектеп лигасы, студенттер және әуесқойлар біріншілігі тұрақты түрде өткізілуде.

Қолжетімді спорт нысандары

– Астана шет аймақсыз қала болуына баса мән берілуде. Осы тұрғыда қаланың кез келген тұсында футбол, хоккей және тағы да басқа спорт алаңдары қаншалықты қолжетімді болады?
– Астананың инфрақұрылымын 654 нысан құрайды. Оның 281-і – аулалардағы спорт алаңдары. Біз мұнымен қаланың шет аймақтарындағы жағдайдың бәрі ойдағыдай деп айта алмаймыз. Қазір барлық аудандарда спорт нысандары салынып жатыр. Мысалы, «Көктал» секілді тұрғын алаптарда жұмыс қарқынды жүргізілуде. Оған қоса, шаһардағы барлық 9 паркте қосымша шағын алаңдар пайда болады. Көптеген нысандар құрылысы үшін инвесторлар тартылады.
– Балалардың спортпен жүйелі түрде шұғылдануы үшін қандай жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, спорт секцияларына тегін баруға мүмкіндік бар ма?
– Астанада 10 спорт мектебі жұмыс істейді. Олардың бәрі халыққа ақысыз қызмет көрсетеді. Спорт мектептері 7055 спортшыны қамтып отыр. Балалардың спортқа бейімделуі үшін олардың қай түріне икемі бар екеніне көңіл бөлінеді. Сол үшін арнайы психологтар жұмыс істейді. Біздің спорт мектептерінен қаншама Олимпиа­да чемпиондары шықты.
– Астанада «Астана Арена», «Барыс Арена» стадиондары, «Алау» мұз айдыны сарайы, «Сарыарқа» велотрегі сияқты ірі спорт орталықтары бар. Осындай нысандарда қарапа­йым халықтың спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасалған ба?
– Былтыр қаламызға шетелден сарапшылар келіп, осы спорт нысандарымызды аралап, өте жоғары баға беріп кетті. Мысалы, «Алау» мұз айдыны сарайында көпшіліктің уақытын қызықты өткізуі үшін баға едәуір төмендетілген. Ал «Астана Арена» Еуропаның ең дүбірлі доп додалары Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының ойындары өтті. «Барыс Аренада» да солай. Елордалықтар Құрлықтық хоккей лигасының ең тартысты ойындарын тамашалап жүр. Мұның бәрі жұрттың спортқа деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Осындай орталықтарда ұйымдастырушылықты күшейту үшін басқа елдерден менеджерлер шақырту туралы мәселелердің бары рас. Егер ондай мамандар бізге келіп, бағдарламаны жүзеге асырудың тиімді жолдарын ұсынса, неге шақырмасқа?!
– Олимпиада ойындары болсын, басқа да әлемдік додалар болсын Қазақстан ұлттық құрамасы ешқайсысынан құр алақан қалған емес. Оның ішінде, әрине, астаналық спортшылар да бар. Болашақта осындай чемпиондарды тәрбиелеп шығару үшін, олардың жігерін жанып, бабын келістіру үшін қандай жұмыстар жасалып жатыр?
– Бразилиядағы Олимпиада біз үшін сәтті болды деп айтуға толық негіз бар. Ол дүбірлі додаға ел құрамасының сапында Астанадан 23 спортшы қатысты. Нәтижесінде тарихта тұңғыш рет елордадан чемпион шықты. Ол – боксшы Данияр Елеусінов. Оған қоса, Гүзел Манюрова мен Василий Левит күміс жүлдегер атанды. Келесі Олимпиада Токиода өтетінін белгілі. Соған біз жастарды барынша дайындап жатырмыз. Олардың қатарынан жаңа есімдер шығуы да әбден мүмкін. Жасөспірімдердің арасында дәл қазіргі уақытта Астанада үш чемпионымыз бар. Ендігі Олимпиада ойындарында елордалықтар осы алған үш медальдан кем алмаймыз деген үміт бар. Бапкерлердің біліктілігін арттыруға да баса көңіл бөлініп отыр. Сол үшін қала әкімдігі барлық жағдайды қарастырған.

«ЭКСПО» кезінде 13 ірі спорт шарасы өтеді

– Бұқаралық спорт шараларын жиі өткізу – осы саланы насихаттаудың басты бөлігі. Әңгімемізді түйіндерде алдағы жоспарларды бір пысықтап өтсеңіз. Мысалы, көптен бері ел аузында жүрген «ЭКСПО» көрмесінің басталар сәті таяп қалды. Осы халықаралық шараның аясында бұқараға бет бұрғызарлық қандай спорт шаралары ұйымдастырылмақ?
– «ЭКСПО» – Астананың ғана емес, еліміздің абыройын асыратын өте ірі шара. Мұндай айтулы көрменің кезінде жұрт қызыға тамашалайтын, белсене қатысатын спорт шаралары өтетіні айдан анық. Дәлірек айтсам, үш айдың ішінде 13 үлкен жарыс ұйымдастырылады. Олардың қатарында спорттың 13 түрінен Азия Кубогы, Әлем чемпионаты сияқты байрақты бәсекелер бар.


Орынбек ӨТЕМҰРАТ,

«Астана ақшамы»

The post Спорт қаласына серпінді қадам appeared first on .

Мырзагелді КЕМЕЛ, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі: Ақиқатты тану – өзіңді тану

$
0
0
3543543

Елордамызда түрлі салаларда еңбек етіп жүрген, қоғамның аяқ алысын жіті бақылап отыратын өрелі азаматтарымыз көп-ақ. Солардың бірі – Еуразия ұлттық университетінің профессоры, белгілі қоғам қайраткері Мырзагелді Кемел ағамызбен сұхбаттасқан едік.

3543543

– Ұлт тәрбиесі теледидарға, интернетке көшкен заман болды ғой. Жақында ғана Мырзатай Жолдасбеков көгілдір экрандағы келеңсіздіктерді сынға алды. Біздіңше, оны сынға алып қана қоймай, сол тығырықтан шығатын жолды да көрсету керек. Әлде бізде ондай адамдар жоқ па?
– Кезінде «Нұр Астана» деген әп-әдемі газет болды. Сонда «Телесағыз» деген мақалам шыққан. Мына бестомдық кітаптарымды шәкірттерім шығарды, соның 5-томында бар. Сол мақала «Газет сөзіне шүбәсіз сенетін, оның әрбір жолын мұқият оқып, астын сызып отыратын, теледидарда айтылғандарды қапысыз қабылдайтын адамдар шоғыры бар» деп басталған еді. Бүгінде сол шоғыр үлкен басымдыққа ие, яғни көрушілері өте көп. Өзімді мысал етсем, біздердің аналарымыздың қолынан ұршық түспейтін, мақтадан да, жүннен де жіп иіретін. Мақтадан алаша, жүннен кілем жасайтын. Нашарлау жүндерді жуып тазартып, бояп, бетінде әдемі өрнегі бар киіз басатын еді. Біздер де бірге жүретінбіз, бетіне оюлар салуға, шиге оралған соң ыстық су құйыстырып жүріп, тепкілеп пісіруге қатысатынбыз.
Әр ұрпақ 20-25 жылда ауысып тұрады, біздер 30-35 жасқа келгенде киіз төсеніш шаң жинайды деп, төсемеймізге шықты. Жұбайларымыз әрқайсысы таңертең мектепке сабағына, наубайханаға, мекемеге, мақта даласына асығатын болды. Бүгінгі ұрпақ – біздің жасымыз­дағылардың немерелері, таңда тұрып айфонға үңілгеннен көзі ұйқыға кеткенше қараумен күндерін өткізіп жатыр. Оқушысы да, студенті де солай. Жаһандану заманында бұған ты­йым сала алмаймыз. Заманның үрдісінде Америкадағы баламыз­ға ақша жіберсек, әрі кеткенде 2 сағатта жетсе, скайп арқылы олардың бет-жүзін көріп отырып сөйлессек, бұрынғыдай фотостудияға барып жүрмей, өзімізді-өзіміз суретке түсіріп «селфи» жасасақ, сабағымызға, жұмысымызға қажет ақпаратты интернеттен оп-оңай-ақ тауып алсақ, бұларды жақсы көріп, «балаларымызды бұзып жатыр, тәрбиені ата-анасы емес, сол ақпарат құралдары беріп жатыр» деп өкпелеуге бола ма?

– Сонда тығырықтан шығар жол қайсы?
– Әлеуметтік желілердің ішінде ең көп тараған «Фейсбук» желісінің авторы, осы желіні ашып миллиардер болған Макс Цукерберг өз балаларына бір күнде 2 сағат қана көруге рұқсат береді екен. Оны қадағалау­ға уақыты бола бермеген соң, тек белгіленген уақытта ғана іске қосылатын бағдарлама жасапты. Балаларымен келісіп, екі рет бөліп қарауға рұқсат беріпті. Біздердегі мемлекеттік мекемелерде жетілген ұялы телефонды ұстауға тыйым салынғаны өте дұрыс болды, мектептер мен оқу орындарында да солай міндеттеу керек. Жақын арада мынадай жаңалық енгізілмек: Сіз екі телефон ұстағанда екеуіне бір сим-карта саласыз, яғни ұдайы пайдаланатын телефоныңыз бен желілерге қосуға, суретке түсіруге болатын телефоныңыздағы нөмірлер бірдей болады, шатастырып алмайсыз, екі телефоныңызға бірдей қоңырау келеді. Сонда біреуін үйде қалдырып, алаңдамай жүре беруге болады. Өзіңізге-өзіңіз осылай шектеу қоясыз.

Енді Мырзатай аға айтқан телеэкрандағы келеңсіздіктерге келсек, бұл дүйім жұртты ойландырып жүрген нәрсе еді, айтқаны жақсы болды. Барлық каналдардың өз сайқымазақтары бар және олар бір-бірінен озуға өршелене тырысуда. Қазақтың қалпы, қазақтың мұңы сыртта қалып кеткен. Жұртты күлдіремін деп артық, тіпті, зиянды, экран түгіл, екеуара әңгімеде де айтуға болмайтын мәдениетсіздік жайылып кетті. Белгілі, озық деп жүрген Жанар Айжанованың өзі «Жетінші арна» каналында «наймандар, наймандар» деп рушылдықты ашық қоздырып жүр. Рейтинг деген нәрсе тыңдаушыны тәрбиелеуден тыс қалса, ол неге керек? Басты мәселе елге үлгі, өнеге сіңіру емес пе? Не істемек керек? Көпшіліктің есінде, 10-15 жыл бұрын телехабарлардың тепе-теңдігі үлкен мәселе болып көтерілген еді, сонда әуелгі кезде қазақша хабарлар мен орыс тіліндегі хабарлардың пайыздық таралуы бірдей болсын делінген еді. Сонда екі тілдегі хабарлардың тепе-теңдігін қазақшаны түн жарымына қойып теңестіргендер болған. Сосын қалай шешілді деңіз: күндізгі уақыттар, оның ішіндегі ең бағалы саналатын кешкі уақыттардың тепе-теңдігі талап етілді. Осылай теңестіру арқылы проблема шешілді. Бүгінгі телехабарларды да солай жасақтауға болар еді, мысалы: халық әндері, эстрадалық әндер, күй, терме, айтыс, театрлардағы үздік баға алған қойылымдарға сатиралық қойы­лымдарды, еліміздегі ұлттардың музыкасын, әлемдік классиканы пайызбен теңгермесе де, бірдей қарастыруға болар еді. Мүмкін, Ұлттық арна аталатын «Қазақстан» каналы осылай етуді бастар. «Ел арна» каналы осыған қызмет етер. Сайқымазақтарға барлық каналдарда да күн аралатып 1 сағат қана уақыт белгілеу керек. Олардың көрсетілу уақытын белгілеп, біреуінен кейін біреуін қуалап көргісі келгендерге де жағдай жасап қоялық. Ол – телеарналардың ісіне араласу емес, мемлекеттік реттеу! Экономиканы, әлеуметтік саланы, мемлекеттік басқаруды мемлекет тарапынан реттейміз, руханиятты бетімен жібере беруіміз халықты дұрыс тәрбиелемейді. Мен Өзбекстанды жақсы білемін, ол жерде дос­тарым бар, пікірлесіп тұрамын, солар біздің өзімізді-өзіміз мазақ етіп жүргенімізге күледі.

– Экономика демекші, әлемдік дағдарыстың келе жатқанынан-ақ елімізде уақытша экономикалық қиындықтардан шығудың алғышарттары жасалды. Бұған сіздің көзқарасыңыз қандай? Бұл қиындықтан қалай шығамыз?
– Қиындау болып жатқаны рас. Ел ішінде жүрміз ғой, қиындықты елде туберкулез дерті қайтадан пайда болғаны мен қалтаға түсетін ұрылардың әрекеттерінен байқаймыз. Бірақ құдайлығын айтсақ, 1998 жылдың аяғына дейінгі қиындықпен салыстырғанда ештеңе де емес, бұл қиындықты еңсеретін жолдар айқын. Тә­уелсіздігіміз нарық экономикасына көшумен қабат келгенде, бұрынғы сыртқы байланыстарымыз күрт үзілгенде, мұнай бағасы барреліне 9 долларға ғана бағаланғанда, шын тоқырау сол кезде болған. Соны да еңсергенбіз. Ғасыр басынан бастап тойындық. Тамағымыз да, киіміміз де, үйіміз де, көлігіміз де жақсарды. Автобуста көп жүремін, адамдар, әсіресе, әйелдер америкалықтар құсап семірді. Осы сәтте келе қалған дағдарыс біздердің асау болып қалғанымызды көрсетіп жатыр. Өздерінен көрмей, мемлекеттен көретін наразылар пайда болды. Мемлекет жағдайды жақсартуға не жасап жатыр дегенге келсек, көп істер атқарылуда. Мұнайға арқа сүйеп отыра берсек, Колумбияның кебін кешеміз. Сондықтан ­Елбасы жаңа экономикалық саясат ұсынды, 5 реформа – 100 нақты қадам бағдарламасын енгізді. Жезқазғаннан Бейнеуге тартылған теміржол Түркіменстан арқылы Иранға, одан әрі Таяу Шығыс елдеріне баратын жол ашылды. Иран мен Өзбекстан – біздің астығымызды сатып алушы елдер, енді оған дастарқан молдығын негізгі мәселе санайтын Таяу Шығыс елдері қосылады. Бұл – жаңа әрі ұзақ мерзімге арналған тиімді бағыт. Екіншіден, есіңізде болар, Елбасы барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларға «Жүректен тараған артерия, Күннен тараған шұғыла» сияқты еуропалық стандартқа сәйкестелген көлік жолдары салынады деп еді. Сол құрылыс­тар біртіндеп іске қосылып жатыр. Үшіншіден, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» құбыры салып бітуге таяу, бұл жол бізге көп табыс әкеледі. Сол торап бо­йынша Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында тұтас аудандар газдандырылды, демек отбасының тұрмыстық жүгі жеңілдеді. Әрі сол торап бойында инфрақұрылымдар пайда болды, жұмыс істеуге құлшынып тұрған, өз өмірін өздері жақсартуға ұмтылғандарға жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр және жер-жердегі дәмхана, автотұрақ, шаштараз, көлік жөндеу орындарын жергілікті тұрғындар өздері ашуына мүмкіндік туды. Төртінші, Үдемелі индустрия­лық-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бесжылдығы мен одан кейінгі 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламаның екі жылында көптеген жаңа өндірістер іске қосылды. Бір сөзбен айтқанда, болашағымыз жарқын. Еңбектенген адам өмірден өз орнын табады және игілікке жетеді. Қарыштап дамып жатқан, ішкі жалпы өніміміз жыл сайын 10 пайызға жуық өсім беріп жатқан 2001-2008 жылдары, алда келіп қалуы мүмкін қиындықтың алдын алу мақсатында алдын ала, 2000 жылы-ақ ­Президентіміз көрегендікпен Ұлттық қор құрып, соған қаржы жинақтауға кіріскен еді, бүгінгі дағдарыс сәтінде соның қызығын ел көріп отыр.

5435435435

– Біздің ойымызша, экономика деген – ақша. «Ақшаң болмаса адам емессің» дегенді жиі естиміз. Шынымен де, сондай ма, аға?
– Экономика деген қаржының өлшемі – молдық. Мемлекет болсын, өңір болсын, отбасы болсын, үш тұғыры болады: экономика, әлеуметтік қорғау, руханият. Экономикалық өсім болса, қаржы жеткілікті болады, қаржы молдығы болса, әлеу­меттік салаға қаржы көбірек жұмсалады. Әлеуметтік сала дамыса, жұрт рухани әлемін жетілдіретін болады. Қырғыз­дарда: «Мосының үш аяғының біреуі құласа – ілулі тұрған сүт төгіледі» деген мәтел бар, яғни бұл үшеуі қатар жүреді. Темір леди атанған, Англияның Премьер-министрі болған Маргарет Тэтчер: «Экономика деген – құрал, мақсат – жанды өзгерту» деген. Демек, адам материалдық тұрғыдан жеткілікті болса, білімге, денсаулыққа, спортқа, мәдениетіне көңіл бөледі. Бұлай болғанда адамның жаны да ізгіленеді.

– Бүгінде кітап оқитындардың қатары сиреп кетті деп байбалам салып жүрген жайымыз бар. Сөйте тұра, «қазіргі жастар білімді» деп қайта ақтап аламыз. Өзіңіз студенттерге сабақ беріп жүрсіз. Жастардың бойынан не байқайсыз? Білімге құштар ма олар?
– Бір кездері адамдар ыммен сөйлескен, одан кейін сөз пайда болды, одан жазуды үйреніп, Библия жазылды. Одан соң еврей Гутенберг баспа машинасын ойлап тауып, Библия көптеп таратылып, оны сынаушылар, соның үлгісімен өз кітаптарын ұсыну болды, ғылымда мұны плагиат дейді. Діни кітаптардың бәрінің мазмұны бір-біріне ұқсастығы осыдан. Бір кездері кітапты радио мен теледидар алмастырды. Одан әлеуметтік желіге аудық. Біріне-бірі қарсылықтар мен қайшылықтар арқылы өтіп, кейінгісі алдыңғысынан басым болды. Сондықтан мұны қалыпты нәрсе ретінде қабылдаған дұрыс. Бұған ренжігендер заманнан қалып қояды. Кітапты аудиожазбалар арқылы оқуға әдеттеніп, ең таңдаулы саналғандарын ғана сатып алып, сақтау керек. Жастар да осы үрдістердің алдыңғы сапында. Білімге құштарлары – көпшілік. Мен дәріс оқығанда: мұғалімді тыңдаңдар, бірақ олар өздерінің білгендерін ғана үйретеді, сондықтан оқулықтар, газет-журнал, интернет материалдарымен білімдеріңді өздерің өсіріп отырыңдар. Барлық пән бірдей керекті болмауы мүмкін, сондықтан басымдықты өздерің қажет санаған білімге көбірек беріңдер деймін.

– Жақында 5 томдық кітаптарыңыз шыққанын Фейсбук желісінен көрдік. Қолыма түскен кітаптарыңызды, мақала-сұхбаттарыңызды, желідегі мәнді ойларыңызды оқып, бір сәттік сезімнен туған ойлардың өзі көп адамға ой салатынына көзім жетті. Әбіш Кекілбаев ағамыз кезінде «Мәңгілік мәнін жоймайтын кітап» деп оң бағасын берген еңбегіңізден кейін бірнеше кітаптарыңыз жарыққа шығыпты.
– Жазушы емеспін. Ол қолымнан келмейді. Армандағанмын. Бірақ жете алмадым. Жете алмаған соң, шауып өтіп бара жатқан жүйрік аттың жалына жармасып, мінуге ұмтылмадым. Одан ештеңе шықпайтынын түсіндім. Жазушы деген – оқиғаны көркемдеп, әсерлеп жеткізуші, сөзді ойната білуші. Мысалы, Дүкенбай Досжанов сияқты. Жақсы жазушы еді. Бірақ жазғандарының 50 пайызын алып тастаса, одан да жақсы жазушы аталар еді. Арагідік сұхбаттас бола қалғанда, «осыны мен жазбағанда кім жазады?» дегенін естідім. Бірақ бәріне бірдей үлгерген жоқ шығар бәрібір.
Сонда кіммін? Жинақтаушы деп аталатын шығармын. Ізгілікті, парасатты, иманды ойларды жинақтаймын. 10-12 жасымда бастадым газеттерде, кітаптарда басылған үлгі боларлық ойларды дәптерлерге жазып алуды. Ол жылдары Құбығұл Жарықбаевтың әдеп, жантану мәселелеріне арналған афоризмдер жинағы ғана болды. Кейінірек Мұзафар Әлімбаевтың кітаптары шықты. Афоризмдер жинадым, олардың ұнағандарын қазақшаға аудардым. Тұтас еңбектерді де қазақшаладым. Оларды қазаққа қажетті нұсқада ғана жеткізуге тырыстым. Өйткені бұларды ешкімнің тапсырысымен емес, ақыға емес, өз жанымның қалауымен жасадым. Кейбіреу­лерін толық аудармадым. Мысалы, католик дінін көбірек мадақтайтын Пауло Коэльо деген бразилиялық жазушының орыс тіліндегі кітаптарының ішінен өнеге берерлік сөздерді ғана қазақшаладым.

Кайқаус 63 жасында: «Мeнің дүниедегi жиып-терген ең қымбат асыл заттарым – саған арнап жазған осы үгiт-насихат кiтабым» деген екен. Сіздің де «жиып-тергеніңізден» аларымыз көп екенін көріп отырмыз. Өзіңіз қай жазушыны өнеге тұттыңыз?
– Қызық сұрақ қойдыңыз. Әдетте әркімдерге: «Қандай кітап оқыдың?» деген сұрақ қойылып жатады. Олардың барлығы дерлік «Абай жолын», Мұқағалиды оқыған болып шығады. «Абай жолынан» бір оқиғаны мазмұндап айтып берші десең, ештеңе айта алмайды. Мектеп бағдарламасынан есіне қалғанды айтады. Мұқағалидың да әнге айналған өлең жолдарын есіне түсіруі мүмкін. Тереңдеп біліп алу аз. Ташкентте оқыдым ғой. Онда Науаи атындағы бір кварталды алып жатқан үлкен кітапхана бар. Сонда тұрақты оқырман болдым. Алдымен осыдан 1000 жылдай бұрын Қабус патшаның немересі, жаңа өзіңіз айтып отырған Кайқаустың ұлына арнап жазған «Қабуснамасын» оқыдым. Сол замандағы патшаларды білімсіз, ойына келгенін жасаған деу дұрыс емес. Олар ата-бабасынан осындай білімдар болмаса, бұл кітап туар ма еді? Омар Хайямның «Наурызнамасын» оқыдым. Әлішер Науаи, Әбілхасан Рудаки, Әбiлқасым Фердоуси, Насыр Хысрау, әл-Фараби, Әбу әли ибн Сина, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Ясауи, Жүсіп Баласағұни, Абу Райхан әл-Бируни, Ахмед Йүгінеки туралы мәліметтер мен еңбектерін өзбек тілінде оқыдым. Кітапхананың жабық қорынан имам әл-Бухаридің «30 мың хадистер жинағын» оқыдым. «Бес бәйіт» деп аталған үнді даналығы «Панчатантраны» оқып, қазақ тіліне аударғанымда 18 жаста едім. Мұндай жауап күтпеп пе едіңіз? Институттағы бірінші стипендияма Алай базарынан Есениннің 3 томдығын сатып алдым, әлі бар. Высоцкийдің концертін, Андрей Вознесенскийдің, күні кеше марқұм болған Евгений Евтушенконың сұхбаттарын қуалап жүріп көрдім. Өзімнен он жас үлкен Асанбек атты ағам бар. Соның 1959 жылы шыққан «Абай» атты өлеңдер жинағы бар-тын. Ол кезде студент еді. Алдымен сол кітапты оқыдым. Менде әлі сақтаулы. Сосын ағама «Абай жолын» тауып беріңізші дедім. Жолымыз түсіп, Сарыағашқа Төлеген Айбергеновпен кездесуге бардық, сол жерден сатып алып берді. Бұл кітапты содан кейін 3 рет оқыдым. Ең соңғысы – осыдан екі жыл бұрын.
Үйімдегі кітаптарымның әлі керегі болар деген 600 дейінен басқа 4000 кітабыма, дос-тілектес азаматтар, марқұм Фариза апам бастап, Есенғали, Мереке, Әмірхан, Ғарифолла қосқан мыңнан астам кітапты қосып, туған ауылымдағы өзім 11 жыл оқыған мектебіме сыйға тарттым. 400 кітабымды Астанадағы «Отырар кітапханасына» сыйладым.

– О-о-о! Ренжімесеңіз, осының бәрі не үшін?
– Маған 2004 жылы Фариза апам: «Сен екі жаққа бөлінбе. Қорғадың, болды. Сені бәрібір ғалым деп мойындамайды. Одан да руханиятпен бол. Өз стилің бар, осымен айналыс» деді. Оны мақұл көрдім. Бірақ пендеміз ғой. «Докторлық жұмысты өзі жазды дейсің бе» дегендер болғанын ішім сезеді, оған қоса, ғылым деген – бір айналыссаң тереңіне тартып кететін иірім, ғалымдардың да әр түрі бар, біреулері ғылым жасаушы, біреулері ізденуші, құр қарап сырттан бақылап, сынағанша, еліміздің уығын тіктеуге қызмет еткеннің не айыбы бар, ізденсем, жазсам өзім үшін болса да, дұрыстау шығар деген пиғылда болдым.

– Ақиқатқа жеткен адам бар ма, сіздіңше?
– Жоқ шығар. Толстой жетпеген, Ақселеу жетпеген ақиқат қой бұл. Бірақ Сара Назарбаева із салған «Өзін-өзі тану» мектептерде пән болып оқытылып, ғылым болып қалыптасып келеді. Ақиқатты тану – өзіңді тану. Өзіңді тану – өзгелерді де қоса тану. Бұл – психология ғана емес, философия десек те толық болмас, осылар секілді ондаған ғылымды қосқан көп салалы ілім. Қожа Ахмет Ясауидың кесенесінің қақпасында жазылған: «Егер кім де кім өзін-өзі таныса, ол адам өзінің Құдайын да таниды» деген «Мұхаммед пайғамбар айтты» деген сөз бар. Ақиқат туралы Буддада да бар, үнді даналарында да, Шопенгауэр, Маркс, Ницшелерде де бар. Өзін-өзі танудан мектептер мен оқу орындарында мастер-класс өткізіп жүргеніме 15 жылдай болды. 5 томдық кітабымның 4-томы «Өзін-өзі тану» пәніне арналған 450 беттік хрестоматия «Ойтаным» аталады, оны «Бөбек» қоры мақұлдаған. Ақиқатқа ұмтылу – өзіңнің кім екеніңді тану, өзіңнен ұдайы сұрап тұру сияқты күнделікті жұмыс шығар…

– Өмір жолында қате кеткен, дұрыс шешім таппағандай болған кезіңіз болды ма? Жеке басыңызда қандай реніш, ауыртпалықтар болды?
– Осы жасыма дейін бір адам үстімнен арыз жазбапты. Депутат болған 11 жыл ішінде «мынаны қолда, мына заңды немесе шешімді мақтап сөйле» деген адам болған жоқ. Мұны мақтаныш етіп айтып отырғам жоқ. Ашық белсенділігім аз болған шығар, «бұл біз айтпай-ақ қолдайды» деген болар. Парламентте барынша мәселені жіті түсініп, саналы дауыс беруге тырыстым. Дегенмен кей жағдайда қате кеткен тұстарым бар екенін сеземін. «Ақиқатты іздеп алқындым…» деген өлең жолдары бар Фариза ақынның. Ақиқаттан ауытқымауға өзімше ұмтылдым деп малданғаныммен, кей сәттерде ештеңе жасауға жетерлік тырыспадым-ау деген уайым да бар. Мәселен, неге осы жылдар ішінде бүкіл халық ақша қуып кетті, соған тосқауыл боларлық шешімдер ұсынбадық; неге жұмысшы мамандық қадірсізге айналды; неге біз ипотека алуға көзсіз ұрындық, осыларға тосқауыл жасайтын орайы келген сәттерде неге үндемей қалдық деген мұңды ойлар бары рас. Ақиқатты іздеу деген алдыңа келгендерге, жиындарда әдемі сөйлеп, төрелік айтып қана отыра беру емес қой. Жазған шығармыз, жариялаған шығармыз, сөйлеген шығармыз, бірақ бүгін қиындыққа ұрындырып отырған жағдайларды кезінде көре алдық па, жоқ, көрмеген болып отырдық па деп ойланамын.
– Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен: Гүлжан РАХМАН

The post Мырзагелді КЕМЕЛ, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі: Ақиқатты тану – өзіңді тану appeared first on .

Ханбибі ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫ, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері: ҮНДЕМЕЙ ҚАЛСАМ, СЕН, КЕШІРМЕ!

$
0
0
hanbibi1

hanbibi1Әкемнің мектебі

– «Беу, далам, қызыңмын, еркемін, Құлпырам гүлің боп төсіңде. Елжірей саған сыр шертемін, Үндемей қалсам, сен, кешірме» деп өзіңіз жырлаған едіңіз. Сізді көбі тіке айтатын, өткір мінезді адам дейді ғой. Өз пайдасын ойламай, халықтың мүддесін түгендеп жүреді дейді. Шынымен, үндемей қалған кезіңіз жоқ па?
– Ғабит Мүсірепов ағамыз: «Халқының қорғаушысы да, қамқоршысы да, жанашыры да – жазушы. Адамзаттың адалдығы үшін күрес, ел билейтін пенденің ойының адаспауы үшін, қара жердің тазалығы үшін күрес» депті. Мен өзімнің жеке басыма қарата айтылған әділетсіз пікірлерді үндемей қабылдауым мүмкін, ал халыққа жасалынып жатқан қиянатқа, ел билеген әкім-қаралардың астамшылығына, бұра тартуына төзбеспін. Ондай жерде айтып қалатыным бар.
– Тағы бір өлеңіңізде «әлдилеймін өлеңді» деп жазып едіңіз. Өлеңді көп әлдиледіңіз бе, болмаса күйбең тіршілікті, тұрмысты ма?
– Екеуіне бірдей қарадым. Дей тұрсақ та, күйбең тіршілік, тұрмыстағы тауқыметтен арылуың мүмкін, ал өлең сенің қаныңда. Одан қалай құтыларсың?!
– Өлеңдеріңізде мінез, өткірлік, турашылдық бар. Өмірдегі мінез бен өлеңдегі мінезіңіз ұқсас секілді. «Адамның мінезі – оның тағдыры» деген сөз бар. Жалпы, турашылдықтан, тік мінезден тапқаныңыз көп болды ма, жоғалтқаныңыз ба?
– Оны өзің де біліп отырсың. «Турасын айтқан туғанына жақпайды» дейді. «Тік мінез» дегенің – бет-жүзіңе қарамай шындықты айту ма? Менің «тағдырыма әсер етеді» деп шындық айтылмауға тиіс пе? Адамға тосыннан келіп қалған ой – толғағы піскен, жарық дүниеге асыққан бала емес пе? Әрине, тосыннан айтылған сөз тағдырыңды күрделендіретіні рас, бірақ қандай болғанда да ол өз тағдырың. Маңдайға жазылғанын көрерсің. Төзуге тура келеді.
– «Әкеммен диалог немесе шындықпен бетпе-бет» деген жазбаңызда әкеңіздің өлең жазуға қарсы болғанын жазыпсыз. «Абайдан артық жаза алмассың бәрібір» деген бе? Күләш Ахметованың да әкесі дәрігерлікті оқытқан, ақындыққа барғанын онша қаламаған… Жалпы, көбі, әсіресе, қыз баласының ақын болғанын қаламайтын секілді. Неге?
– Әкем Есенқара білімді, тарихшы, шежіреші кісі еді. Ақын екен. 4-5 жасымда ғой деймін, айдың сәулесі молынан құйылып тұрған, жаздың әдемі бір түнінде сандықта сақталған көп қағаздарды тысқа шығарып, өртеп жатқанын көріп ем. «Абай болмаған соң, өлеңді қою керек!» деп қатулана айт­қаны күні бүгінге дейін көз алдымда қалып қойыпты.

Өлеңнің ауыр жүгін қа­йыспай көтеретін, рухани қуаттылық қажет екендігін білмеді дейсің бе? Маған «Өлең жазба!» дегенде, артқан жүгі орта жолда ауып қала ма, жаңа көктеп келе жатқан жас өскін, қырауға шалынып, үсікке ұрынып қала ма деген үрейден туған әкелік махаббаты шығар.Алғашқы өлеңдерімді сын найзасына іліндіріп, аяусыз сынағаны рас. Мені шыңдағысы келген шығар… Үмітін ақтай алдым ба, жоқ па, білмедім… Мен әдеби ортаға кездейсоқ емес, қатал сыншы – әкемнің мектебінен өтіп, үлкен дайындықпен келген адаммын.

Бөркіңді өзгертсең де, көркіңді сақтап қалу – өте күрделі

– Бір өлеңіңізде жолдасыңызға «бас иіп өтетініңізді» жазған едіңіз. Сізді ақын қыздардың ішінде даралап тұрған «Нұрикамал» әні сол сөзіңіздің дәлелі деуге бола ма?
– Түтініміз бөлек ұшып, қазанымыз бөлек қайнағаны болмаса, кезінде өкпелегеніммен, ызаланып, жамандық тілеп көрмеппін. Айырылысар сәтте: «Біреуіміздің бақытты болуымыз керек қой, сен-ақ бақытты бол!» дедім. Ұрыс-керістен де ауыр сөз бар екенін сол сәтте түсіндім. Көзіндегі жасын көрсетпей, теріс айналып кеткенінен соны ұқтым. Ол бәрібір менің өмірімде болмаса да, өмірбаянымда қалары хақ!
– Бүгінгі күні жастардың ең таңдаулы жазушысына айналған Мұхтар Маға­уинде «қазақ емессің деді ғой» деп төбелес шығаратын кейіпкер бар. Сіз де «қазақ» атын биік қойып, қастерлейсіз. Ал қазақы менталитеттің аяғыңызға тұсау болған кездері жоқ па? Мәселен, қазақ қыздарын ұяң қылып тәрбиелеген деп жатады. Ал сол ұяңдық, ұялшақтық кейде шарасыз күйге түсіреді… Қадыр ақын айтпақшы, «ұят кедергі келтіріп тұрады» кейде… Осы туралы не айтасыз?
– Ұят сөзі – күрделі ұғым. Жас кезіңде бет-бейнеңде көрініп тұрғанымен, есейе келе кеудеңе кіріп, жүрегіңнің түбінен орын алады. Оның атын иман дейді. Сондықтан да ынсапты жандар: «Жиғанымды алсаң да, иманымды алма» деп тілейді.

Ұят сөзінің синонимін кейбіреулер аз сөйлеп, көп жымиятын, ұялшақтық, инабатты болып көріну деп ұғады. Бұл қасиет біздің замандастарымыздың кез келгенінің бойынан табылар еді. Қазір бұл ұғым алыстап кеткен сияқты. Кезінде Маркстің «Өмір – күрес» деген қағидасымен өмір сүрсек, бүгінгілер үшін «Өмір – соғыс» болып көрінетіндей. Адамдар бірін-бірі естуден қалды. Бір-бірінен бірауыз жылы сөзді аяйды. Көзімен атқан, сөзімен атқан, бітіп болмас бәсекелестік, күншілдік. Мұның себебін ойлап таба алмадым. Мұндайда ұят сөзі архаизмге айналғандай.

Сонда бұл не? Қазақы менталитет пе? Солай екені рас болса, бұл менталитет аяғыңа ғана емес, бүкіл жан дүниеңе салынып жатқан бұғау емес пе? Адамды өзгертетін – өмір, қоғам, орта. Қоғамдағы өлшеу­сіз дамып жатқан үдерістер пендені илеп, иін қандырып, қалыпқа салуға асығады. Бет-бейнең ғана емес, жан дүниең ассимиляцияға ұшырайды. Бөркіңді өзгертсең де, көркіңді (ішкі дүниеңді) сақтап қалу өте күрделі болып тұр. Ал Қадырдың заманындағы ұят сөзі бүгінгіден өзгерек…

Фариза апам
«Прозаға ақындық қуаты сарқылғандар барады» деді

– Сіз алғаш қарасөз жинағыңызды шығарғанда, Фариза апа прозаңызды «жуып» беріпті. Прозаңыз үшін алғашқы бағаны Фариза ақыннан алыпсыз. Сол жөнінде айта кетесіз бе?
– Фариза Оңғарсынова туралы жазылған «Шындыққа қарай жүздім мен» деген эссемді оқыған сияқтысың. Бұл кітап 1996 жылы жарық көрген. Ол кезде апай Алматыда, Парламент депутаты еді. Жаз айы болатын. Мен кішкентай қызым Ақмаралмен Совминнің демалыс үйінде демалыста едім. Келе сала апайды іздейтін әдетіммен, соңғы кезде жарық көрген екі кітабымды сыйламаққа апайдың кабинетіне келдім. Амандық-саулық сұрасқан соң кітаптарымды ұсындым. «Махаббатым мәңгілік» деп аталатын өлеңдер кітабымды оң жағына қойды да, «міндетті түрде оқимын» деді. Ал «Шындыққа қарай жүздім мен» деген кітапты ары-бері парақтады да, ұрса жөнелді: «Прозада нең бар? Өзің жап-жақсы ақынсың. Прозаға ақындық қуаты сарқылғандар ғана барады. Мен мұныңды қолдамаймын» деп кесіп айтты. Үндемей шығып кеттім. Ол кітаптағы бір эссенің, тіптен кітап атауының өзі апай жөнінде екендігін айтып үлгермедім. Бәлкім, айтқым келмеді.

Бір етегіңнен балаң тартып, бір етегіңнен байың тартып, азар дегенде Алматыға жетсең, көрген күнің – осы. Бәрі – манап, бәрі – кісі, бәрі – данышпан. Еститінің – әлгіндей зіркілдеу. Көңіл қаяу. Жүрек мұңлы. Демалыс үйіне сүйретіліп жетіп, кешкі тамағымызды көңілсіздеу іштік. Сенің көңіл-күйің балаға да әсер етсе керек, Ақмарал:
– Мама, манағы апай жаман, ә? – деп қойып қалмасы бар ма!
Не дегенмен ақынның қызы ғой. Сезімтал. Үшінші сыныпта оқитын.
– Жоқ, балам, ол кісі жақсы адам. Ақындардың ішіндегі ең жақсы жазатыны – сол, – дедім балаға түсінікті тілмен.
– Ендеше, сен неге жаман жазасың? Саған сол үшін ұрысты ғой, ә?
Не деп түсіндірерімді білмей, теледидарға үңіліп қалдым.
– Мама, – деді қызым, – Шымкентке кетейікші, ол жақта саған ешкім ұрыспайды ғой.
Ақмарал – бірбет, айтқанынан қайтпайтын бала. Фариза апам да жақсы көретін. Ертеректе үйде болғанда, Ақмаралдың басынан сипап, көз өтпесін деді ме, «шамалы» ғой дегені. Сөздің мәнісін түсінбеген бала әйтеуір жақсы сөз емес екендігін сезінгендей апайға қарап: «Ты сама такая» дегені бар. Ол кезде Ақмарал үш жаста еді.Таңғы сағат алтыда телефон шыр ете қалды. Ол кезде сотка жоқ-ау, шамасы, демалыс бөлмесіндегі телефонның дауысы неткен ащы еді.Тұтқаны көтергенімде:
– Жатырсың ба шәниіп, адамды әуреге салып қо­йып… – деген апамның (өзінше жұмсартып сөйлегені) дауысын естідім. Дала әлі қараңғы.
– Не болды, апа, сағат қанша өзі?
– Сағат тура таңғы алты. Кеше кешкісін тамақтан соң «не жазыпты өзі» деп прозаңды қолға алғам. Содан, міне, қазір аяқтап отырмын. Жақсы жазылған. Ақын проза жазса, одан лирикалық сарын есіліп тұрады екен ғой. Маған ұнады. Мұны атап өтуіміз керек. Қазанға ет салып қойдым. Сағат тоғыз­дарда машина барады. Ана «шамалыны» алып кел, қалдырып кетпей! Жуамыз! – деді.

Дастарқан басында «Талант тағдыры» деп аталатын ауылдағы бақташы-суретші туралы жазған шағын повесімнің ұнағанын айта келе, «Шынымен, король сыйлығына ие болды ма?» деп, қызыққанын байқатты. «Керемет! Керемет! Үлкен шығарманың бастауы сияқты. Ауылда қарап жатпапсың. Бізді өсіретін де, өшіретін де өзіміз ғой. Жалқау­мыз» деп қосып қойды.
– Ал өзі жайлы эссеге ештеңе демеді ме?
– 2004 жылы «екі бесті» атап өтпесек болмас деген облыс әкімі Болат Жылқышиевтің бастамасымен менің 55 жылдық мерейтойым аталып өтетін болды. Алыс-жақыннан қонақтар шақырылды. Облыс әкімінің құттықтауынан кейін сөйлеген ақын Қадыр Мырзалиев көшелі сөз айтты. Одан кейін театр сахнасына Фариза Оңғарсынова көтерілгенде, жұрт сілтідей тына қалды.
– Сендердің мына Ханбибілерің мен туралы «Шындыққа қарай жүздім мен» деген эссе жазыпты. Онда менің ылғи көлеңкелі жағымды – кемшіліктерімді теріп жазыпты, – деді, өзіне тән жұлқи сөйлейтін әдетімен, оның ішінде сен де барсың, Мархабат! – деп, сұқ саусағын менің жанымда кешті жүргізіп отырған әріптесіме қарай бағыттады. Зал бос қалғандай. Қымс еткен үн жоқ. Халық іштен тынды. Қазір бір сойқан басталып кетпесе деген үрей баршаны билеп алған. Мен «қай сау сиырдың жапасы едім» бірнәрсе деп қала ма деген жұртшылықтың көздері жау­таңдап, үнсіз тыңдап қалды.

Аудиторияның қыр-сырын терең меңгерген ақын аз пау­за жасап алып:
– Бірақ жазғанының бәрі шындық. Бұлтара алмайсың! Шындықты айтпаған ақын – ақын емес! Ақындықтың бір аты – батырлық! Ханбибі, мен саған ризамын, сен менен оздың! Апайдың сөзі овация тудырды. Біреулер «жарайсың» деп айқайласа, біреулер ысқырып, аямай соғылған алақандардан зал теңселіп кеткендей болды. Халықтың махаббаты осы шығар деп ойлануға мұрша келмей, өз құлағыма өзім сенбей:
– Не дейді, – деп, жанымдағы әріптесіме шүйліге қарадым.
– Менен оздың! – дейді, – деді жайбарақат.
– Қой, мүмкін емес олай айтуы!
Сенің кіремегеніме қарап:
– Ертең бейнежазбасын көресің ғой, – деп нақтылады да, – бар, апай жанына шақырып жатыр!
Орындыққа шегеленіп қалғандай, әл-дірманым құрып, апайдың жанына әзер жеттім.
– Мына аққу мамығынан жасалынған жағаны иығыңа саламын. Көңілің сияқты иінің де ағарып жүрсін! (Сүйі­суді ұнатпайтын екеу­міз де бетімізді бетімізге жақындатып қана қойдық) – Ал мынау – кешіңнің қарсаңында ғана қолыма тиген он томдығымның сүйінші данасы, мұны да саған сыйладым! Менің өмірдегі қабылдаған сыйлықтарымның ішіндегі ең мәртебелісі де, қайта қайталанбайтыны да осы болды. Қайран, ақын! Қайран, апам!
– Апай, сізді замандастарыңыз «спартандық» тәрбие алған дейді екен. Неге?
– Әке-шешеміз өбектеп, ешбіріміздің бетімізден шөпілдетіп сүйіп, шектен тыс еркелетіп, «соқыр махаб­батын» танытпапты. Жақсы көргендігін көзінен танитынбыз. Әсіресе, мен отбасында баланың үлкені болған соң ба, «арнайы махаббатқа» ие бола алмай, кейінгі алтауын әке-шешеммен қосыла тәрбие­леген сияқтымын. Жалпы, өмірімде ешкімге еркелеп көрмеппін. Отбасындағы қаталдық өмір жолдарымда да көп кездесті. Оның да мінезге әсер етуі мүмкін.

Өлең деген қауқарсыз, дәрменсіз сәби сияқты

– «Арсыздыққа санамды билетпеген,
Пысықайлық жолдарын үйретпеген.
Ащы өлеңнің көзінен жас парлатып,
Жетектеген жетімдей сүйреп келем» депсіз ғой. Өзіңіз сүйреп келе жатқан жетім жырды ауырсынған кезіңіз болған жоқ па?
– Мен ауырсынбаймын ғой, өлең ауырсынбаса… Өйткені өлеңнің де жаны бар. Көзі, құлағы бар. Кейде өлеңіме тым ауыр жүк артып жіберген жоқпын ба деп, өлеңді аяймын, одан кейін өзімді аяймын. Жан сырымды өзім жазған жырларыма қосылып жылайтын күндерім де болады. Өлең деген қауқарсыз, дәрменсіз сәби сияқты ғой…
– «Өлең, шіркін, өсекші жұртқа жаяр». Томаға-тұйық, оқшау, тасада өмір сүруді аңсаған, қаламгерліктен шаршаған кездер болды ма?
– Қара жұмыстан шаршау бар, санаға түскен салмақ одан ауырлау ма деп қаламын. Соңғысын жұбата да, көндіре де алмайсың. Қатты шаршағанда, көңіл құлазығанда сүйенерге тірек іздейсің. Өзіңнен ке­йін­­гі бауырларыңа сүйеніп жарытпассың, балаларға салмақ салудан екібастан аулақпын. Менің тірегім де, арқа сүйе­рім де – өлеңім. Әділетсіздікке тап болып, қиянат шеккенімде мені жұбататын, қайғымды бөлісетін де – осы өлеңдерім. Сондықтан кейде «өлең мені сақтады» деп, өлеңіме ризашылығымды да білдіріп қоятыным бар.

Адам баласына келген қуаныш та, қайғы да қонақ. Ұзақ тұра алмайды. Ғалымдардың айтуынша, ол сені небәрі екі-ақ минут билейді. Қалғаны – оның салдары. Ал шаршау, шаршамау – сенің өмірден өз еркіңмен алған еншің. Кейде шаршағаның басыла қоймай, біраз уақыт маңайлап кетпей қоюы мүмкін. Ондайда біреулерден үміт еткеннен гөрі, өзіңді-өзің қамшылап алған жөн деп ойлаймын.

Ей, Ханбибі, атың бар Хан-Би деген,
Өмірің өрілген жоқ әлдименен.
Заманың адамымен қоса шауып,
Қамырдай тегешке сап, жанды илеген.
Ішіңде ұлыған ит өліп жүр ме?
Артыңнан ақ сайтаның еріп жүр ме?
Жақсы ана, талантты ақын, қайраткерден,
Жаман кемпір жасағың келіп жүр ме?
Сырт көзге шымырлаған тереңдейсің,
Тереңге неге озып, теңелмейсің?
Ақсақ түйе секілді көшке ілеспей,
Шаршасаң – «шаршадым» деп неге өлмейсің?!

Шын мәнінде, біз өзімізбен күресе алмаймыз, өзімізді жеңе алмай жатамыз. Өзіміз туралы айтылған қатал пікірді қабылдағымыз келмейді. Керісінше, өзімізді дәріптегіміз келіп тұрады. Бұл мінез – жас ақындарға тән максимализм. Біздің жаста барынша талапшылдық, барынша қаталдық керек деп ойлаймын. Пышақты бос ұстасаң, қолыңды кеседі. Өзгенің сынына ұшырама­йын десең, өзіңді-өзің сынап бақ. Менің принципім осындай.

– Сіз ара-тұра оқырманмен кездесіп, сұхбат жасап жүрдіңіз ғой. Бірақ Шымкентте авторлық кешіңіз өтіпті. Алматыдан кейін… Бұл шымкенттіктер сізге шенеунік деп қарағаннан емес пе?
– Оған онша мән берген емеспін. Сол кештердің авторға беретін стимулы шамалы. «Шенеунік» десін, демесін, мен алдымен ақынмын.
– Алаш арыстарының мұрасын жаңғырту жолында көп еңбектенгеніңізді білеміз. Бүгінге дейінгі саналы ғұмырыңыз­да қазақ үшін жасаған, өзіңіз көңіліңіз толып айтатын ең үлкен олжам не деп ойлайсыз?
– Меніңше, 25 томды құрайтын «Ақжол» кітабы, қала берсе, өз шығармаларым.

Назира БАЙЫРБЕК

The post Ханбибі ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫ, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері: ҮНДЕМЕЙ ҚАЛСАМ, СЕН, КЕШІРМЕ! appeared first on .

Ербол ТІЛЕШОВ, Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры: ТІЛДІҢ БАЙЛЫҒЫ ЕМЕС, ҚЫЗМЕТІ МАҢЫЗДЫ

$
0
0
7987

– Жақында ғана Абай.kz ақпараттық порталында жарияланған «Қазақ тілін 137 сөзбен-ақ түсініп, сөйлеу­ге болады» деген пікіріңіз желі қолданушылардың  наразылығын тудырды. Ана тіліміздің мемлекеттік тіл ретінде орнығуына қарсы адамдардан «Қазақ тілі қолдануға ыңғайсыз, өте қиын тіл» деумен келе жатқаны да бізге мәлім. Миллиондық тіл тобына кіретін бай тілімізді басқаша үйретуді қашан қолға алдыңыздар? Жалпы «137 сөз» деген қайдан шықты?

7987
– Қай тілді оқыту әдістемесі болсын, ең алдымен, тілдің мыңдаған, жүз мыңдаған байлығының ішінен күнделікті қолданысқа, тұрмысқа, қарым-қатынастың басқа да түр­леріне қатысты етіп іріктеп алы­нады. Тілдің байлығы бар да, қызметі бар. Біз қаншама уақыт бойы тек тіліміздің байлығын алға тартумен келдік. Ал әлемдік қауымдастықта ешкім тілінің байлығымен мақтанбайды. Тілдің қызметімен мақтанады. Біздің қателі­гіміз, тілді үйретуде оны пісіріп, електен өткізіп, сараптап алмағанымыз көрініп қалады.  Қарапайым ғана мысалмен түсіндіріп өтейін. Біз адамдар жиі, көп шоғырланатын жерлерден 2 мың адамды тыңдап, олардың сөз қолданыстарындағы ең жиі айтылатын сөздерінен іріктеп алдық. Міне, осы сөздер 137-ні құрады. Бұл енді қатып қалған қағида емес. Оны әр педагог қосып, алып немесе өзгерте отырып жүзеге асыра берсе болады. Біз тек тірек сөздерін ұсындық. Алдымен 137 сөзді, оған қажетті сөздерді қосып, барлығы 500 сөзді жаттау тіл үйрену үшін аса қиын шаруа емес. Ал сол 500 сөзді қолданып, күнделікті өмірдегі қаншама әрекетті білдіруге болатыны бұл бастаманың тіл үйренуші үшін қызғылықты болары сөзсіз. Егер осы 500 сөзді компьютермен тізбектей терсек, онда ол А4 форматындағы 1,5 бетке сияды, бағанмен терсек, бірнеше бет қана болады екен. Үлкен көлем емес.
– Дәл осындай көлемді таңдауға не әсер етті? Мәселен, «200 сөз» деп алуға болар еді ғой. Қанша дегенмен, бай тілімізге бұл саныңыз өте аздық етпей ме?
– Бұған ағылшын, француз және басқа тілдерді үйретудің әдістемелері әсер етті. Ғалымдардың айтуынша, 400-500 сөз білген адам сол тілде қарапайым ойын жеткізе алады екен. Осы лексикалық минимум бірліктерін таңдау, іріктеу барысында алынған 137 сөздің валенттілігі жоғары екені байқалады. Яғни, бұл сөздердің басқа сөздермен тіркесу мүмкіндіктері мол.
Мұндай тәжірибе әлемде баршылық. Айталық, Жапондарда «Дзёё кандзи», «Кейку кандзи» деген сияқты міндетті тілдік, иероглифтік міндетті минимумдары бар. Білуге тиісті тілдік минимумдарды бекіту Ресейде де қолға алынды. Олар 780 сөз білуі тиіс. Тағы бір аса танымал болған тәжірибелердің бірі – ағылшын тілін үйренуге арналған Эрих Вайс сөздігі. Ол ағылшын тілін үйрену үшін бастапқыда ең басты 107 сөз қажет деп есептейді. Оның пікірінше, осынша мөлшердегі сөз күнделікті ауызекі тілдің 50 пайызын қамтиды екен. Дегенмен, Ресейлік Петроченков өзінің Эрих Вайспен келіспейтінін айтып, ауызекі тілде қолданатын сөздердің  50 пайызын қамту үшін 135 сөз керек деп санайды. Оның «135 основных слов английс­кого языка» деген кітабы көрші елде үлкен сұранысқа ие. Осындай мақсатты һәм жүйелі жұмыс біздің елімізде де атқарылуы керек.  Әдістеменің бірінші жұмысы, ол – сөзді саралау. Біз сөзді саралап алмай, үйретуді бастап кеттік. Қарапайым мысал келтірсем, адам бір жерге қонаққа барарда дайындалады. Барып алып «мен үй киіміммен келіппін ғой» деп ойланбайды. Міне, біз осыны жасадық. Ғылым докторы болды, кандидаттары болды. Бірақ сол кітаптардың бірде біреуі іске аспады. Неге? Өйткені ондағы сөздер безбенге салынғандай өлшеніп берілген жоқ. Қажетті сөздер ұсынылған жоқ. Енді гуманитарлық саланы дамытуға тиіспіз. Әлем көшіне ілесуіміз үшін Президент әлемдік 100 оқулықты қазақ тіліне аудару мәселесін қойғаны өте дұрыс. Бізде ешқандай докторантурада, бакалавр, магистратура болсын ғылымның әдіснамасында бір оқулық жоқ екен. Бұл – өте ұят. Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша айтсам, бұл сала бойынша магистратураның ашылғанына 15-16 жыл болды. Осы уақыттан бері бірде-бір оқулық жоқ.

                                                      Қазақ тілін үйрету нәтиже бермей келсе, оған тіл саласында жүргендердің де «үлесі» бар

– Олар сонда не оқып жүр?
– Жай тапсырма бере саламыз. Ананы оқы дейміз, мынаны оқы дейміз. Болды. Шопыр­дың оқуын оқытқанда «Жол жүру ережелері» деген кітаппен оқытады. Шаштараздың оқуын оқытқанда арнайы салалық басылымдарын береді. Құдай-ау, біз білдей магис­тратураның дипломын беріп жатырмыз ғой. Ол – ертеңгі ғалым, ертеңгі профессор. Сұрастырып көрсем, қоғамтануда да, өнертануда да, мәдениеттануда да жоқ. Экономикада бар, себебі оны Ресей шығарған. Біздің балалар неге орыс бөлімін қалайды? Міне, жауабы. Осы 100 оқулықты шығару кезінде көресіз ертең жаппай науқаншылық орын алып, Ивановтың, Сазоновтың оқулықтарын шығару «сәнге» айналады. Олай болмау керек. Ол қазаққа жақындатылған болуы тиіс. Бізге өз әдістемемізді ешкім жазып бермейді. Оқулық деген – әліппе. Осы әліппеміз дұрыс болма­йынша, алға жылжымаймыз.
– Елімізде әлі күнге дейін орыс мектептерінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мамандар дұрыс даярланбайды. Бұл да осы оқулық мәселесіне байланысты болып тұр екен ғой.
– Өкінішке қарай, солай. Оны айтасыз, қарапайым ғана бізде қазақтан орысшаға, орыс­тан қазақшаға аударатын ау­дармашылар жоқ. Аударма мамандықтар бар, бірақ олар қазақша-ағылшынша, қазақша-немісше болып кете береді. Мұндай факультет жоқ. Бірде-бір маман дайындамайды. Ондай грант жоқ. Білім министр­лігінің жүктемесінде ондай графа жоқ. Бұл қалай болды сонда? Біз бәрінен аттап кеттік. Үлкен нәрсе жасау үшін қарапайым ғана дүниеден бастау керек деп есептеймін.  Қазір әдістеме саласында ілгерілеу бар деп айта алмаймын. Бірақ қазақ тілінің қолданылуында ілгерілеу бар. Бұл ілгерілеу тек қана халықтың  демографиялық өсуімен ғана байланысты. Мысалы, 1991 жылы алғаш тәуелсіздік алған тұста мектептердегі оқушылардың 28 пайызы қазақ тілінде оқыған. Араға 25 жыл салғаннан кейін қазақ тілінде білім алған оқушылардың саны 68 пайызға жетті. Былтыр 1 қыркүйекте мектеп табалдырығын аттаған оқушылардың 89 пайызы қазақ сыныбын таңдады. Бұл дегеніңіз, енді, 11 жылдан кейін мектеп бітірушілердің 89-90 пайызы қазақтілді болады деген сөз. Тіл мәселесін тек қана демография түзеп келеді. Ал дәл қазір орыс мектептерінде оқитын 900 мың шәкірттің 300 мыңы – қазақ балалары. Қазақ мектептерінде оқитын басқа ұлттың өкілдері – екі-ақ пайыз. Осыдан кейін біздің еліміздің азаматы атана тұра әлі күнге дейін сенбеушілік, менсінбеушілік танытып отырғанына қалай қынжылмайсың?! Астана қаласының өзінде басқа ұлттың балаларымен салыстырғанда қазақ балалары орыс сыныптарында басым. Көңілге медеу жалғыз-ақ нәрсе – қазақы тәрбие қанына сіңген шағын ғана топтың көптеп ұрпақ әкеліп, демографияны өсіріп, мектепке балаларын жетектеп әкеп жатқандығында болып отыр.

                                                           Ал дәл қазір орыс мектептерінде оқитын 900 мың шәкірттің 300 мыңы –  қазақ балалары

– Бұл осы оқу құралын да­йындаған авторлардың ғана бастамасы болып қалмауы керек қой…
– Иә, оны үнемі жетілдіріп отыру керек. Бүгінде қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйретудегі лексика толы­ғымен айқындалмаған. Ең алдымен қандай сөздерді үйрететінімізді іріктеп алмай, тіл үйрету деген сөз, ол барар бағытыңды, аялдар бекетіңді болжамай сапарға шығумен бірдей. Ширек ғасырдай уақыт қазақ тілін үйрету нәтиже бермей келсе, оған тіл саласында жүргендердің де «үлесі» бар деп ойлаймыз. Тіл үйренушінің күнделікті қарапа­йым қолданысына ең қажетті белсенді лексиканы таңдау сияқты маңызды бас­таманы бірлесе атқарудың қамына кіріскені жөн. Сондықтан өзіміз байырғы да бай, бейнелі деп жиі айтатын тілімізді ана тілін білмейтін қандастарымызға, мемлекеттік тілді білмейтін отандастарымызға дұрыс, тиімді жолдармен үйрете алсақ, онда еңбегіміздің ақталғаны. Орталық мамандары халықаралық тәжірибелерді саралау барысында осы жобаны қолға алған болатын. Оның нәтижесі қолыңызда отыр. Онымен танысу, дұрысы мен бұрысына уақытылы пікір білдіру, біз мән берген осы әдіс­темелік бағыттың қазақ тілін үйрету саласындағы арнасын кеңейту ортақ мақсатымыз деп түсінеміз. Сондықтан әріптес ағайыннан орайлы пікірлер күтеміз.

Әңгімелескен: Гүлжан Рахман

The post Ербол ТІЛЕШОВ, Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры: ТІЛДІҢ БАЙЛЫҒЫ ЕМЕС, ҚЫЗМЕТІ МАҢЫЗДЫ appeared first on .

Баянғали ӘЛІМЖАНОВ: БІРСАРЫНДЫЛЫҚТЫ ЖАНЫМ ЖЕК КӨРЕДІ

$
0
0
4354

Ақын, драматург, жазушы, сатирик, айтыс ақыны, жыршы, манасшы, кинорежиссер, актер, әдебиет пен өнер зерттеушісі, сыншы секілді бір басына сан түрлі өнерді тоғыстырған Баянғали Әлімжанов ағамызбен әдебиет әлемі жайында кең отырып әңгімелескен едік.

4354

Рингтегі бокс емес
– Аға, мен сізді бәйге тілеп тұратын тұлпардай көз алдыма елестетуші едім. Қазір дулы ортадан көп көрінбейсіз…
– Рақмет, айналайын! Көп көрінбеймін деп айта алмаймын. Сол қалың елдің ортасында ғұмыр кешіп келемін. Астанада тұрамын.
– Биыл он екі томдығыңыз шығып, соны елордадағы Ұлттық академиялық кітап­ханаға тапсырдыңыз. Әңгімені содан өрбітсек…
– Менің шығармашылығым сан-салалы жанрды қамтиды. Соның бәрін жинап, дәмді деген дүниелерімнің басын бір құрастырып қойсам деген ой болды. Өзімнің ұрпағым үшін де керекті кітап болар деп санаймын. Соның ішінен оқырман іздегендерін алар, қажет болмаса кітапханада тұрар. Сөйтіп, осындай талаппен он екі томға тәуекел еттім. Идея да жоқ жерден келді.

2015 жылы «Фолиант» баспасынан мемлекеттік тапсырыспен үш томдығым жарық көрді. Ол екі мың данамен елдегі кітап­ханаларға тарады. Соған қосымша төртінші томнан он екі томға дейінгі туындыларымды тіркей қойдым. Оның бәрі өз қаржыммен Көкшетау­дағы «Келешек» баспасында басылды. Анау айтқандай, тиражы көп емес, санаулы ғана. Әрине, кітап шығару оңай жұмыс емес. Он екі томдығыма жазғандарымның бәрі енді дей алмаймын. Сахнада 216 рет айтысқа шығыппын. Соның кітапқа 40-қа жуығын енгіздім. Жас күнімде жазған сын мақалалар мен рецензия­лардың 2-3-еуі ғана кірді. Қалған дүниелердің ешқайсысы енбеді. Солардың бәрін қосып, нығыздасам, әлі де 4-5 томдықты жинайтын еңбегім бар екен. Бірақ осы томдыққа өз көңілімнен шыққан көркем шығармаларымды қос­тым. Бұл бір біткен іс болып, көңілім жайланып, тамаша әсерде жүрмін.

Кейде менің ақылым айран-асыр болады. Тәуелсіз мемлекетпіз. Сөйтіп отырып, қазақтың теледидары халқымыз­дың аңызы мен жырына жол ашпай отыр­ғанына қайран қалам. Сіз телеэкраннан ақындардың өлең оқығанын көрдіңіз бе? Құдай-ау, мықты ақындар толып жүр ғой. Олар сізден ешқандай ақы сұрамайды. Солардың өлең оқуына да жол жабық. Ертеден кешке дейін бітпейтін шоу. «Шоу» деген сөз жүйкеме тиеді. Содан балалар түк ойланбай өседі

– Бәрі қайырлы болсын, аға! Он екі томдықпен шық­қан кітаптардың түсі де әртүрлі екен. Оның сыры бар ма?
– Жарық дүниенің өзі алуан қырымен әдемі емес пе?! Бірсарындылықты жаным жек көреді. Шығармашылығымның өзі көп мазмұнды болғандықтан, әр жинаққа бөлек түс арнадым. Маған осы ұнады.
– Жалпы, жазу өнері бір тылсым күшке ие секілді. Ол адамға қалай қонады деп ойлайсыз?
– Айталық, француздың бір сыншысы «жазылған шығарма адамның өмірбаянынан туады» деген теориялық ой айтқан. Оның пікірін Джойс деген сыншы жоққа шығарып: «Көркем шығармаға биографияның түк қатысы жоқ. Ол басқаша жаратылады. Оның жаратылысы бөлек» деп ой сабақтаған. Шындығында, өнер қайдан туады? Ақылдан ба, жүректен туады ма? Соның бәрі үйлесіп, жаннан туатын секілді. Адам – жанның жаратылысы. Адам жанының рухын үрлейді. Жан қайдан келеді? Біз мұсылманбыз. Жан Алланың аманаты дейміз. Дәлірек айтқанда, осының бәрі Алладан деп есептеңіз. Алла адамға жан беріп, дарын сыйлаған. Соны әрмен қарай дамыту, көркейту адамның ақыл-санасына, біліміне байланысты. Бейнелегенде, өте бір күрделі дүние.

Өнердің өзі екі түрге бөлінеді. Оны рахмани және сайтани өнер деп айтамыз. Біз кейде әлемдік классик деп әуелетіп, жарты құдайдай табынып жүрген кейбір жазушыларымыз ешбір дінге сенбейді. Дінсіз десек болады. Ал құдайсыз пенде Аллаға сенген иманды адамға жол сілтеп, қандай өнеге көрсетеді? Оларды біз қопақардай классик деп қадірлейміз. Қазір шайтанды жазып, мистикалық дүниелерге қалам тербейтіндер шықты. О дүниеге ой жүгіртетіндер молайды. Өзге елдің әдебиетіндегі «Құдай іздеу» сарындары бізге де жетті. Он сегіз мың ғаламды Алла жаратты. Құранда: «Аллаға дәлел іздеме, көмескіге иман келтіресің» дейді. Сондықтан осындай философиялық ойлар мені жиі мазалайды.

Біз көп жағдайда кешегі кеңес әдебиетінің сынықтарымен келе жатырмыз. Социа­лизм идеологиясынан толық құтылған жоқпыз. Ақындардың ішкі рухани азаттығы күшті. Бірақ оның ақыл өресі мен сана сезімі қандай деңгейге жетті?! Кезінде Сталин қаламгерлерді басқару үшін әдебиетке пагон енгізуді ойластырған. Біздің көзқарасымызда әлі осы әдет бар. Атақ үшін марапатқа таласамыз. Әдебиет рингтегі бокс емес. «Ананы ұрып жықсам, атағым шығады» деген. Нағыз таланттың өз әлемі болады. Ол қаншалықты бай, қаншалықты күрделі, қаншалықты көркем! Бүгінде әдебиетте имансыз кейіпкерлерді бейнелеу көбейді. Соны ізденіс, өнер деп бағалайтындар пайда болды. Мен оны қош көрмеймін.

Адам бойынан асыл қасиет  іздеймін
– Мүмкін, оқырманның талғамы өзгеріп кеткен болар…
– Олай ойламаймын. Әдебиеттің мақсаты – ізгілік іздеу, ізгілікке бастау, ізгілікке шақыру. Жалынды ақын Сұлтанмахмұтша айтқанда, «Қарайған қанымызды тазартуға қызмет етуіміз» қажет. Біздің шығармамызды оқыған оқырманның кішкене болса да жан дүниесі нұрланып, оған рухани қуат бере алсақ, қаламгердің миссиясының орындалғаны деп ойлаймын. Әдебиет осылай болуға тиісті дегенді жазбайды, болған нәрсені жазады. Тағдырдың әр тарау жолы адамды сан азапқа түсіреді. Содан ол қалай шықты, қалай жол тапты, түптің түбінде адам болып, имандылық қасиетін сақтады ма деген ойлар жазушыны үнемі қалың қиялға батырады. Әдебиет адам бойынан осындай асыл қасиеттер із­дейді. Әрине, өмірде бәрі қа­лыпты болмайды. Кейбір жазушылардың ізденгеннің жолы осы екен деп, пенденің қараңғылық жағын қазып, жыртқыштық сезімдерін оятуды көздейді. Оның бәрі саясатпен, астармен жасалады. Ғасырлар бойы сақталған халықтың құндылығын, отбасы дәстүрін бұзу үшін барады деп есептеймін. Біз осындай кесірлікті үндеген туындыларға қарсы қандай дүние бере аламыз? Бүгінгі жас буын өз ана тілінде кітап оқып, өз ана тілінде тәрбие алып, рухани жағынан қалыптасқан кемел азамат бола ма? Соған қалай ықпал жасаймыз? Осы ой мені қатты толғандырады. Ұлттық тәрбие балаға кішкентайынан берілу керек. Өткен ғасырдың 90-жылдардың басынан күнкөрістің қамымен кеттік. Ауқаттылары байлығымызды қалай молайтамыз, әлемге даңқымды қалай шығарамыз деп дақпырттың соңына түсті. Сол кездегі балалар қазір ержетті. Енді олардың санасын өзгерту мүмкін емес. Біздің қазақтың мұсылмандығы керемет болған. Діни фанатизмді айтып отырған жоқпын. Бабаларымыз бір Құдайға сенген. Ешкімнің ала жібін аттамаған, өтірік айтпаған, ұрлық жасамаған. Енді қатып қалған діни фанаттардан қадам басып жүре алмаймыз.
– Сол сананы өзгертуді өзіңіз бастап, балалар әде­бие­тіне қалам тербепсіз…
– Балғындарға арнап өлеңдер жаздым. Оның өз себебі бар. Балабақшаға барып жүр­ген немерелерімнің үйге жат­тауға берген өлеңдерін өзім түсінбейтін болдым. Ойы да, ұйқасы да, көркемдігі де келісіп тұрған жоқ. Төрт жол төрт жаққа кеткен. Сосын балаларға арнап шағын дүниелер жазуды қолға алдым. Аяғында үлкен бір кітап болды. Қатты қуандым. «Әліппе өлең» деген әліппе жаздым. Керекуде тұратын Назымбек Дүкенбай деген композитор соған музыка шығарыпты. Жаңылтпаштар мен оқиғалы өлеңдерге қалам тербедім. Балалар балабақшада немесе мектепте ана тілінде өлең оқығанда, оны жан дүние­сімен сезініп, түсініп оқу керек. Сонда оны сүйіп оқиды. Оған қойылатын талап та қатаң болса деймін. Бастауыш сыныптардың кітаптарындағы қазақ тілінде жазылған сөз түсініксіз болмағаны жөн. Бірде-бір артық сөзді қолдануға болмайды. Сонда бала өзінің ана тіліне құмарлықпен құштар болады.

Өнердің өзі екі түр­ге бөлінеді. Оны рахмани және сайтани өнер деп айтамыз. Біз кейде әлемдік классик деп әуелетіп, жарты құдайдай табынып жүрген кейбір жазушыларымыз ешбір дінге сенбейді. Дінсіз десек болады. Ал құдайсыз пенде Аллаға сенген иманды адамға жол сілтеп, қандай өнеге көрсетеді? Оларды біз қопақардай классик деп қадірлейміз

– Өзіңіз жазу өнеріне қалай келдіңіз?
– 4-сыныпта оқып жүргенде жазушы болам деп ойладым. Көктемнің көкөрім шағы. Табиғат бусанып, оянып жатқан кез. Малақайымды шешіп тастап, мектептен үйге келе жатырмын. Әне жерде Біржан сал атамыздың зираты. Келесі беткейі – ауыл. Содан кеудемді шаттық сезімі кернеп, біртүрлі толғаныс күйін кештім. Мүмкін, сол кезде менің бойымдағы алғашқы ақындықтың оянғаны шығар деп ойлаймын. Бірақ оған мән бермедім. Былдырлап бірдеңе жазғаным есімде. Кенен жырдың ортасында өссем де, ақындықты қатты қумадым. Жазушы болуға қызықтым. Бала күнімнен Мұхтар, Сәбит, Ғабит ағаларымның кітаптарын көп оқыдым. Әлем әдебиетінің інжу-маржандарымен сусын­дадым. Әсіресе, ертегілер мен аңыздарға құмар болдым. Кітап маған қасиетті дүние көрінді. Мен үшін адамның төресі жазушы саналды. Орта мектепті тәмамдап, Алматыға арман қуып келдім. ҚазМУ-дың қазақ филология факультетін бітірдім. Сол кездегі «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз» журналында жұмыс істедім. Мен үшін шығармашылық жолымда күтпеген бұрылыс болды. Кәдімгідей салмақты, байсалды психологиялық, лирикалық проза жазамын деп ойлайтын едім. Бірде телеарнадан орыстардың әзіл хабарын көрдім. Өзім әзіл сөзге бейім азаматпын. Соны көріп отырып, ойды ой түртті. «Қиқыматтың хикая­лары» деген повесім өмірге келді. Жазып отырып, шегім қатып күлемін. «Қазақ әдебиеті» газеті жариялады. Жұртшылық дән риза болды. Одан кейін «Қарасай батырдың тұқымының толғауы» жазылды. Мұның бәрі кеңес заманында жарық көрді. Менің бағытымда, жүріп келе жатқан жолымда ондай шығарма жазам деген ой жоқ болатын. Мұнда да көп нәрсе айтылады. Күлкінің астарын көріп, біліп-таныған сыншы сирек. Күліп отырып ойымды астарлап жеткіздім. Бірде Мұхтар Мағауин: «Бір сөйлемінде талай дүниенің жүгі жатыр ғой» деп баға берді. Белгілі ғалым Тұрсынбек Кәкішев газетке мақала жазды. Орыс тілінде де кітап жаздым. Абылай хан бабамды қатты жақсы көремін. Әбден бойыма сіңіп кеткен. Басқа ұлттар мен орыстілді қазақтарға асыл текті бабамыздың ерлігін білсін деген ниетпен «Аблай хан и его батыры» атты хикаят жарық көрді.
– Мектепті орысша оқыдыңыз ба?
– Жоқ, қазақы ауылда өскен, мектепті ана тілінде оқыған баламын. Бірақ мектепте орыс тілінен диктант жазғанда «5» алатынмын. Мұзафар Әлімбаев ағамыз алпысқа толғанда, «Огни Алатау» газеті маған тапсырыс беріп, орысша мақала жазып берген едім. 1984 жылы Мұхтар Мағауин Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылғанда, «Казахстанская правда» басылымына «Аласапыран» романы туралы рецензия жаздым. Сонда Ахмедин Ысқақов деген кісі менің мақаламды оқып: «Мына баланың орысша ой орамдары бөлек екен» деп айтты деп Мұқаң риза болған еді. Сөйтіп, Абылай хан бабамыз туралы хикаятты «Көкшетау» журналы басты. Кейін кітап болып шықты. Оқырмандарым ол жайында жылы пікірлерін білдірді. Одан кейін «Разрешите жить!» атты повесть жарыққа шықты. Сол кітапты Зоя Алексеевна деген дәрігердің анасы оқып, маған хабарласты. «Мен сіздің кітабыңызды оқып, толқыдым. Сіздей жазушымен танысқаныма қуаныштымын. Сіз өз шығармаңыз арқылы әлемдегі ұяты мен ақыл-есін жоғалтқан адамдарға үн қатып отырсыз» деп жоғары бағалады.

Қазақ  телеарнасы халқымыздың жырына қашан жол ашады?
– «Паң Нұрмағамбет» атты киностудия ашып, кино да түсірдіңіз…
– Әйгілі италиялық Феллини деген режиссер: «Әрбір адамның көретін өз киносы бар» деп айтады екен. Киноны елестетпейтін пенде жоқ. Шындығында, кино – құдіретті өнер. Осы ғажайып өнер арқылы имандылықты насихаттағым келді. Сол оймен киноға келдім. Төрт көркем, алты де­ректі фильм түсірдім. Бүгін­гі қазақ кинолары ұлттық бояуын жоғалтып барады. «Аран» деген фильмді туған жерім Степняк қаласында он мың долларға түсірдім. Оның оқиғасы өмірдің өзінен алынды. Әрине, кино өндірісі ұжымдық еңбекті талап етеді. Оған көп қаржы қажет. Мен жалғыз өзіммін. Өзім режиссер, өзім сценарист, өзім актермін. Әрі өзім шопырмын, жүкшімін. Имандай шынымды айтқанда, оны патриоттық сезімнен туған дүние деп санаймын. Титтей болса да қазағыма пайдасы тисе екен деп ойладым. «Айқан» деген фильм­де өмірдің түрлі теперішін көрген боксшының тағдырын бейнеледім. Әр туындыға мақсатты түрде сүбелі, сереқазы секілді ой тастайтын ұлттық бояуларды енгізіп отырдым. Мәселен, «Аранда» Біржанның «Теміртасы», Әбікен Хасеновтің «Қоңыры», «Айқанда» Қасым Аманжоловтың «Өзім туралысы», Мұқағалидың өлеңі, «Асау толқында» Мәшһүр Жүсіп атамыздың нақылын қос­тым. Мен содан бір пайда көрейін деп ойлаған емеспін. Бірақ соны рухани ерлігім деп бағалаймын. Айқын Нұр­қатов туралы үш бөлімді құрайтын деректі фильм жасадым. Тұрсынбек Кәкішев ағамыздың көзі тірісінде үйінде отырып, екі сағаттық әңгімесін жазып алдым. Айталық, қазір сол кісілердің көзі кетті. Енді соның бәрі құнды мұраға айналды.
Драмалық шығармаларым да бір төбе. Жиырмаға жуық пьеса жазылды. Алғашқы «Құдалық» деген туындым Көкшетау театрында қатарынан он жыл жүрді. «Қожанасыр», «Қайран кемпір-шалдар-ай!», »Еркегі бар болғыр», «Қазақы сайлау», «Қаптан шыққан қара қыз» секілді комедияларым ел театрларының сахналарында қойылды. «Жас қазақ», «Ойран» деген драма да жұртшылыққа ұсынылды. Бүгінгі таңда маған ғаламтор деген жақсы болды. Соған өзім жырлаған дастандарым мен толғауларымды салып қоямын. Тыңдармандар содан естіп, алғысын білдіріп жатады.
– Аға, маған бір қызық ой келді. Егер мен бір телеарнаның басшылығында отырсам, сізді соған шақырып, бір хабар ашып, халқымыз­дың бай ауыз әдебиетін
насихаттауға күш салар едім… Оны неге телеарнаға шығармайсыз?
– Ой, айналайын, мен осы мәселені айтып, «менмін» деген талай азаматқа бардым. Ұлттың жанашырымын, патриотымын деген кісілерге айттым. Кеңес заманында «Халық қазынасы» деген арнайы хабарлар дайындап, батырлар жыры мен термелерді көрерменге ұсынатын. Сөйтіп, жұртшылық одан рухани нәр алатын. Қазір соның бәрі жоғалды. «Атадан қалған аңызым» деп аталған бір циклды хабар ашайын деп біраз төрелерге айтып көрдім. Бәрі «ойыңыз дұрыс екен» дейді. Бірақ нәтижесі жоқ. Күніне телеарнадан 5-10 минут, тіпті аптасына бір рет аңыз жырлар мен дастандарды беріп отыратын болсақ, анау ескі дәуірдегі аталардың сөзі жаңғырып, бізге жетер еді. Ол тіпті үлкендер мен жастардың жүрегіне барып қонар еді. Халқымызға қуат береді. Артық қаржыны да талап етпейді. Кейде менің ақылым айран-асыр болады. Тәуелсіз мемлекетпіз. Сөйтіп отырып, қазақтың теледидары халқымыздың аңызы мен жырына жол ашпай отыр­ғанына қайран қалам. Сіз телеэкраннан ақындардың өлең оқығанын көрдіңіз бе? Құдай-ау, мықты ақындар толып жүр ғой. Олар сізден ешқандай ақы сұрамайды. Солардың өлең оқуына да жол жабық. Ертеден кешке дейін бітпейтін шоу. «Шоу» деген сөз жүйкеме тиеді. Содан балалар түк ойланбай өседі. Соның бәрі қазақ руханиятына көңіл бөлмеушілік, мән бермеушілік, еліміздің рухани әлемін адас­тыруға, соған бөгет болуға, соны теріс жолға салып жіберуге құштар ынталы күштер бар ма деп ойлаймын. Біздің азаматтар соларға елігіп, рухани құндылықтардан адасып қалды ма деп қорқамын. Қаламгерлер оларға танымалдылық жаса деп отырған жоқ. Бірақ біздің сөзіміз халыққа жету керек.
– Әңгімеңізге рақмет!

Азамат ЕСЕНЖОЛ 

The post Баянғали ӘЛІМЖАНОВ: БІРСАРЫНДЫЛЫҚТЫ ЖАНЫМ ЖЕК КӨРЕДІ appeared first on .

БІРДЕ-БІР ШАҒЫМ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

$
0
0
img_1123

Прокуратура органдарының негізгі жұмысы – қылмыспен күрес,оның алдын алу. Әлем көз тігіп отырған Астанадай ірі мегаполисте бұл асқан жауапкершілікті, қажырлы күш-жігерді, білікті ұйымдастырушылықты қажет ететіні белгілі. Елордада өтетін «Экспо – 2017» мамандандырылған көрмесі қарсаңында біздің тілшіміз қала про-куроры Болат Дембаевпен осы төңіректе келелі әңгіме өрбіткен болатын.

– Болат Бекназарұлы, қазір қаланың өмірінде бұрынғы қай кезден де қарбалас, үлкен жұмыстар атқарылуда. Енді осы елдің ерекше ықыласына бөленген шаһардағы құқықтық тәртіптің жағдайы қалай?

– Дұрыс айтасыз, біздің алдымызда орасан ауқымды міндеттер тұр. Сондықтан заңдылық пен құқықты қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте, оны неден және қалай бастау керек деген мәселе маңызды. Енді бір санаулы күндерден кей- ін бас қалада бүкіл әлем назар аударып отырған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі ашылады. Бұл – айтулы оқиға тек мемлекетіміздің ғана абыройы емес, әр азаматтың, елімізге келетін әр туристің қауіпсіздігін қ а м т а м а с ы з етуде құқық қорғау органдарына жүктелетін үлкен сынақ. «Қонақ аз отырып , көп сынайды» дегендей, біз үшін келетін меймандардың әр сөзі, әр пікірі маңызды. Сол арқылы елімізге, халқымызға деген көзқарас қалыптасады, баға беріледі. Осы тұрғыда «қауіпсіздікті қамта- масыз ету тек құқық қорғау органдарының шаруасы» деу – қате пікір. Бұл әр астаналықтың бірігіп атқаратын жұмысы болуы қажет.

Өзіңіз ойлап қараңызшы, егер ертең елімізге кел- ген бір шетелдіктің құжаты немесе ақшасы жоғалса, қандай ыңғайсыздық туындар еді? Қазақстан туралы олар не ойлап кетеді? Міне, біздің азаматтарға осы тұрғыдан ойлану керек. Егер біз ынтымақтаса отырып, өзіміздің жоғары мәдениетімізді көрсетсек, ешқандай тәртіп бұзушылыққа жол бермесек, алдағы уақытта Астана- ның мерейі асып, әлемдегі қауіпсіз қалалардың қатарына енері сөзсіз. Бұл – қосымша инвестицияға, туризмнің дамуы мен тағы басқа да игіліктерге жол ашары анық. Дегенмен, бізде бүгінгі таңда кри- миналдық жағдай мәз емес. Әсіресе, ұрлық көп. Нақтырақ айтсақ, жыл басынан бері 10 мыңға тарта қыл- мыстық іс тіркеліпті. Оның жарты- сынан астамы, 59 пайызы – пәтер тонау, автокөліктерді айдап кету, қалтаға түсу болып келеді. Қалта телефоны жоғалады, ақша мен бағалы заттар жиі қолды болады. Осындай келеңсіздіктердің ал- дын алу мақсатында қала прокура- турасы ішкі істер департаментімен бірлесіп, қылмыс ең көп етек ала- тын аумаққа 40 жаңа күзет марш- рутын ашты. Кейінгі кезде полиция қызметкерлерінің қажырлы еңбе- гінің нәтижесі көрініп келеді. Өт- кен жылдарға қарағанда аталған аумақта біраз тәртіп орнады.

Дегенмен, алынып жатқан шараларға қарамастан, кейбір түйт кілді мәселелердің түйіні әлі шешілмей келеді. Айталық, ұрлық жасап қолға түскендер жәбірленуші жақпен бітімгершілікке келіп, көбі- не жазадан құтылып кетіп жатады. Бітімгершіліктің болғаны жақсы, алайда сол адамның көп кешікпей тағы ұрлық жасайтын фактілері де бар. Сосын жәбірленуші тараппен қайыра бітімгершілік жасасып жа- тады. Осыған байланысты полиция органдарына жәбірленушіге істің мән-жайын жан-жақты түсіндіріп, бітімгершілік мәселесіне өте қатаң тұрғыдан келу тапсырылды. Көп- теген кәнігі ұрылардың тұрақты жұмысы болмайды. Сонда олар келтірілген шығынның орнын қа- лай толтырады? Міне, бітімгер- шілікке баратындарға осы жайдың анық-қанығына көз жеткізу керек- тігі ескертіледі. Мұндай жұмыстар өз нәтиже- сін беруде. Кейінгі кезде елордада пәтер ұрлығы мен қалтаға түсу өт- кен жылмен салыстырғанда азая бастады.

– Қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жергілікті полиция қызметінің рөлі аз болмаса керек?

– Бұл қызметті құрудан ең басты ұтқанымыз – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде, осыған байла- нысты алдын алу шараларын өт- кізуде жергілікті әкімдердің жауап- кершіліктерін арттыруға қол жетті. Қазір жергілікті полиция қыз- меткерлері өткізетін жиындарға халық көптеп қатысып, оның тиімділігі көріне бастады. Тұрғын- дардың өздері қоғамдағы құқық бұзушылыққа мүлде төзбеу- шілік танытуда. Осы тұрғыдағы әкімшілік өндіріс 170 мыңнан 210 мыңға дейін өскені де – осының айғағы. Қала тұрғындарының жергілікті атқарушы билікке деген сенімдері нығая бастады.

Елорда әкімдігінің қолдауымен, жергілікті полиция қызметі жұмыстарын жүйелі үй- лестіре біліп, соның арқасында қоғамдық орындардағы кримино- гендік жағдайларды тұрақтанды- руға мүмкіндіктер тууда. Сондай-ақ, елорда прокурату- расы тиісті органдардың заңдық өкілеттіктерін сараптан өткізуде. Неге десеңіз, осы тұрғыда ішкі істер департаменті әкімшілік полиция- сының қызметтік міндеттерін қайталаушылық орын алатынын жасыруға болмайды.

Жергілікті полиция қызметі бұрынғы учаскелік инспектор- лар мен жол полициясы қызмет- керлерінің жеткен жетістіктерін «жалғастырушы» жаңа орган болғандықтан, оның жұмысына баға берудің өзгеше критерийі қа- жет екені белгілі. Біз осы тұрғыда жұмыс атқарып жатырмыз. Әрине, жаңа істің кейбір қиын- дықтары мен кемшіліктері де бола- тыны түсінікті. Сондықтан жаңаша жұмыс істеуге ұмтылып отырған полиция қызметкерлеріне аяқтан тұрып кетуі үшін қолдан келген көмектерімізді аямаймыз.

– Прокуратура органдарында азаматтардың сенім білдіруі жайлы көп айтылып жатады…

– Бұл – жай ғана айтыла салған сөз емес, бұл бізге жүктелген міндет салмағы. Өздеріңіз ойлап қараңыздаршы, жыл сайын жеке және заңды тұлғалардан 25 мыңнан астам арыз-шағым келіп түсіп жатады. Осыларды жедел әрі дер кезінде қарау үшін біз шағымдарға қатысты жеке жобаны іске қостық. Осының негізінде ең шиеленісті жағдай деп танылған екі бағытты негізге алдық. Олар – алимент төлеу жөніндегі сот шешімдерінің орындалмауы және қылмыстық қудалау органдарының әрекетсіздігіне қатысты шағымдардың аяқсыз қалуы. Алимент бойынша негізгі қарызгерлер – Астанаға жұмыс іздеп еліміздің басқа аймақтарынан келгендер. Әрине, олардың алимент төлейтін ешқандай қаржысы болмайды. Бірақ, бұл – мәселенің бір жағы.

Мұның өзі сот орындаушыларына дер кезінде шара қолдануларына қиындық келтіреді. Осы түйінді шешу үшін әрбір факті бойынша жіті хабардар барлық мүдделі органдардың өкілдерінен жұмыс тобы құрылды. Соның арқасында басқа аймақтардан сот орындаушылары осы іске жұмылдырылып, жұмыс істемейтіндерге жағдай жа- салды, еңбекке орналасты- рылды. Осы арада бір атап айтарлығы сол, жұмыс істегісі келгендерге құрылыс ком- паниялары қол ұшын созды. Нәтижесінде «қиюы қашқан тірлік» ілгері басты. Қазір қарап отырсақ, осындай жұмылған жұмыстың арқасында алименттік төлемдердің 60 миллион теңгесі төленді, 400-ден астам қарызгер жұмысқа орналасып, алименттерін төлейтін жағдайға жетті. Мұндай төлемнен қасақана жалтарып жүрген 9 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ал қылмыстық қудалау қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне келетін болсақ, мұнда да біз олардың жұмыстарына кейбір түзетулер енгіздік.

Бұдан басқа, аудандық ішкі істер басқармасы ғима- ратында тұрақты болатын және өтініш берушінің «көз алдында» мәселесін қарап беретін кезекші прокурор өкілеттігін күшейттік. Бұл өтініш беруші мен ішкі істер органы қызметкерлерінің қатысуымен мәселені қағаз- бастылықсыз шешуге, ал қа- жет болған жағдайда тікелей тергеу амалдарын жүргізуге мүмкіндік береді. Былайша айтқанда, бір- де-бір шағым аяқсыз қалмай- ды.

Бұл арада азаматтың өз талабына қатысты немқұрай- лығы, ашу мен ыза, реніш білдіруі шарт емес. Кезекші прокурор осының бәрін еске- ре отырып, өз пайымы мен біліктілігін көрсетуге тиісті. Жай ғана бір мысал ай- тайын. Осы жылдың ақпан айында Алматы ауданын- дағы кезекші прокурорға бірден зардап шегушілерден 10 шағым түсті. Олардың барлығы бірауыздан өздерін қай- дағы бір Ж.Сүлейменов деген азаматтың алдап кеткендігін мәлімдеді.

Прокурордың жедел нұсқау беруінің нәтиже- сінде олар бірнеше күннің ішінде құрықталып, іздестіру, соңдарына түсу сияқты бірқа- тар шаруалардан арылдық. Реті келгенде айтатын тағы бір жай – кезекші прокурорлар арызданушылар келген сәт- тен бастап оларға оқиғаның неден, қандай жағдайда орын алғандығын түсіндіріп, ақ пен қараның арасын ажырата білуге кеңес те беріп жатады. Соның нәтижесінде шағым- мен жүгінушілер саны бүгінде екі есе қысқарды десе болады.

Cондай-ақ, азаматтардың басқа да мемлекеттік орган- дардың жұмысына қатысты шағымдарымен жұмыс жаса- уы да қарастырылуда. Осыған орай сол құрылымдардағы азаматтардың шағымдарын жедел әрі дер кезінде қара- луының жолдары іздестірілуде.

erm_27565

Осы арада шағымдар жайына ерекше тоқтала кетсек… Азаматтардың көпшілігі астанамыздағы алақол құрылысшыларға, аяқталмаған құрылыстарға қатысты көптеген арыз- шағымдар айтуда.

– Сөз жоқ, бұл – елорда- мыздағы ең ушығып тұрған мәселелердің бірі. Қазіргі таңда Астанада 7 мыңнан астам адам алақол құрылыс- шылардың өз істеріне жа- уапсыз қарауларынан зардап шегуде. Қ ы с қ а с ы , б ұ л і с т е олқылықтар бар, біз олар- ды шешуге тырысып жаты- рмыз. Менің өзіме келсек, қазіргі уақытта 200-ден аса үлескердің ісімен айналысып жатырмын. Бірақ бұл да шек емес… Дегенмен, бір айта кетер- лігі сол, бүгінгі күнге дейін алақол құрылыс салушы- лардың 24-і сотталып, тағы да 10-ның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Олардың мүліктері мен есеп шоттарына тоқта- уыл қойылды, бұлар проку- ратураға берілген шағымдар бойынша соттың шешім- дерімен зардап шеккендерге берілетін болады. Тағы бір айта кетерлік жай мынадай: көп жағдай- да құрылысты салушылар немесе олардың қосалқы компаниялары әдейі жоба- лық-сметалық және басқа да қаржылық-бухгалтерлік құ- жаттарды жоғалтып жібереді. Осының салдарынан зардап шегушілердің нақтылы са- нын, құрылысқа жұмсалған қаржының көлемін анықта- уда қиындықтар туындайды. Оның ақыры тергеу жұмыс- тарының ұзаққа созылуына соқтырады. Былайша айтқанда , қаржыны ұрлап алған кінәлілер заңға сәйкес жаза- ланғанымен, онымен мәсе- ленің бәрі шешіле қалмайды. Менің ойымша, мерзімі ұзаққа созылған құрылысқа қатысты қылмыстық іс қозғау ды айтпағанның өзін- де, сол құрылыстарға қаржы- сын салған адамдардың өз- дерінде де бірлік, ұйымдасқан талап қоюшылық жоқ. Осы арада, мұндай мәсе- лені шешуде қазіргі кезде біраз іс-тәжірибелер жинақталды.

Мәселен, «Экспо Таун» тұрғын үй құрылыс компа- ниясының төрайымы («Азбу- ка Жилья» компаниясының проблемалық құрылыс ны- санынан) Ольга Лигай біздің тарапымыздан көрсетілген көмекке ризашылығын біл- діреді. Осы азаматшаның араласуы арқасында соның «қанатының» астына біріккен үлескерлер өздерінің үмітті армандарына қол жеткізіп, енді осы жақында баспаналы болғалы жатыр. Өткен сәуір айындағы аяқталмаған құрылыстарға қатысты жәрмеңкеде осы тұрғыдан басқа құрылыс нысандарындағы мәселе- лерді шешуге тырыстық. Осы мақсатқа орай бірқатар инвесторларды жинастырып, оларға аяқталмаған құрылыс нысандарының жай-жапсар- лары таныстырылып қана қоймай, мұндай құрылыстар- ды салушылардың іс-тәжіри- белерін де алға тарттық. Осы жәрмеңкеге қатысқан 55 құрылыс ұйымынан, ішінде тек екеуі ғана түрік фирмасы, тоғызы аяқталмаған осындай құрылысты әрі қарай жалғас- тыруға мүдделілік танытты. Бұл жалаң уәде, жайдақ сөз болған жоқ. Оларға бұл құрылыстардың тиімділігі мен техникалық шарттары толық таныстырылды.

Сондықтан да бүгінгі таңда осы іске ықылас білдірушілер қа- тары толығып келеді. Олар- мен келіссөздер жалғасуда. Мұның сыртында қазір біз «Алданбайтын тұрғын үй үлескерлері» жобасын да жү- зеге асырып жатырмыз. Бұл жоба үш бағытпен жүзеге асырылуда. Олар – құрылыс салушыларды сендіру, оған қаржы салушылардың құқы- ның қорғалуы және монито- рингі мен бақылау жасалып тұруы. Осымен қатар , қала әкімшілігімен бірлесе отырып, бірыңғай республикалық техникалық веб-сайт жасау жөніндегі профилакти- калық шаралар ұйымдастыру мәселесі де қарастырылуда. Онда анықтамалық матери- алдар – ескертпелер, қажет- ті құжаттар, бейнероликтер және басқа ақпараттар орна- ластырылады. Сонымен қа- тар пайдалануға берілетін, сондай-ақ аяқталмаған құрылыстар, үлескерлердің қаржыларын тарту есебінен заңсыз құрылыс салушылар туралы да ақпараттарды та- буға болады.

Толымды да мол мағлұматты сұхбатыңыз үшін рахмет.

Сұхбатты жүргізген: Таңатар ТӨЛЕУҒАЛИЕВ

The post БІРДЕ-БІР ШАҒЫМ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ appeared first on Астана Ақшамы.

КҮН ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҮМКІНДІГІ МОЛ

$
0
0
dekan

Еліміз санаулы күндерден кейін «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізеді.  Бұйыртса, күн, жел, су секілді табиғи қуат көздерін дамытудың болашақтағы жолдары мен мүмкіндігі әлемге таныстырылмақ.  Осы орайда елордадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты Серіктай Баймұханов Қазақстанда күн энергиясын пайдаланудың тиімділігін зерттеп келеді.  «Астана ақшамы» газетіне берген сұхбатында да табиғи қуат көзін пайдаланудың мүмкіндіктерін әңгімелеп берді. 

dekan

– Серіктай Кәкенұлы, өзіңіз білесіз, әлем елдері энергияны пайдаланудың қауіпсіз әрі табиғи түріне көшуде. Бұл ретте өзіңіз сонау 90-жылдардың кезінде күн энергиясын түрлендірудің термохимиялық әдістерін зерттедіңіз. Осы ғылыми ізденісіңіздің нәтижесі бар ма?
– Дұрыс айтасыз, күн энергиясын тасымалдау мен түрлендірудің тиімділігіне ғылыми талдау жасау арқылы күн энергиясын түрлендіру үшін жабық термохимиялық цикл қағидасымен жұмыс істеуде энергияны орнатудың дамуына үлес қостым деп айта аламын. Күн энергиясын Қазақстанда пайдаланудың тиімділігі жөнінде ғылыми еңбектер жаздым. Бұл – қатардағы жай тақырып емес, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арқау болған тақырып. Бізде күн энергиясын пайдаланудың мүмкіндігі зор. Еліміздің оңтүстік елді мекендерінің көбі күн энергиясын пайдаланып келеді. Бірақ, ашық әдіспен. Біздің қолға алғанымыз – әлемдік деңгейде жұмыс өндірісінде пайдалану. Кезінде Ресейдің Новосибирск қаласында дәл осы мәселемен айналысқан едім, кейіннен ұйымдастыру басшылық жұмысына кетіп қалдым.

Құрылыс еріккеннің ермегі емес
– Өзіңіз Механика және қол­дан­балы математика маман­дығын тәмам­дағансыз. Бірақ сәулет-құрылыс факуль­­тетінде декан болып жүрсіз…
– Сөзіңіздің жаны бар. Өзім осында келгенде «Мына кісі механик, біз болсақ құрылыстың білгіріміз» деп менсінбегендер де болды. Сөйтіп жүргенде емтихан кезінде айқай-шу шықты. Сұрастырсам, оқытушылар «Жоғары математика-1» дегенді ғана оқытамыз, «Математика-2» типтік бағдарламада жоқ дейді. Таңғалдым. Себебін сұрасам, бұрын болған екен. Кейіннен алып тастады дейді. Сосын осы пәннен беретін оқытушыларды жинап алып себебін сұрасам, күмілжіген жауаптар алдым. Өзіңіз ойлаңызшы, математика оқымаған, механиканы қайдан біледі? Механика – барлық техникалық мамандықтардың негізі. Формуланың бәрі механикадан шыққан. Математиканы білмесе, қимылды шеше алмайды. Формула аспаннан түскен нәрсе емес, формула бір процесті білдіреді. Оның шешуін табу үшін математиканы білу керек. Болашақ құрылысшы мамандар математиканы білмесе үйді қалай салады? Үй неге құлап қалады? Үй сапалы болу үшін іргесін құймас бұрын жерді қазып, оның астында су бар ма, қай жері құрғақ, оған қанша күш түседі, салмақ түседі, соған шыдай ма, майысып кете ме, құлап кете ме, осының бәрін есептеу керек. Олар математиканы, механиканы білмесе, әрине, сапалы құрылыс сала алмайды.
– «Жоғары математика-2» оқу бағдарламасын енгізудің қажеттілігі содан туындаған екен ғой…
– Әрине, оқу бағдарламасын қайта жасаттым. Оқытушыларға өтірік маман дайындап жатқан­дарын, тіпті, мемлекет алдында қылмыскерсіңдер деп қатты айтуға тура келді. Өйткені сауаты аз маманның тұрғызған үйлері ертең құлайды. Бұл – қылмыс. Құрылыс баланың ойыны емес, оның артында қаншама адамдардың тағдыры тұр. Алысқа бармай-ақ, Қара­ғандыда құлап қалған көп қа­батты «Бесоба» тұрғын үй кешенін айтсақ та жеткілікті.

Инновациялық бағдарлама тиімділігін көрсетті
– Елімізде сапасыз құрылыс­тың көбеюіне не себеп деп ойлайсыз?
– Мұндай апатқа жол беру – құрылыс жұмысын бастамас бұрын алдын ала зерттеп, өлшеп, тексеріп алмағанның салдары. Қазір осының бәрін ғылыми зерттейді. Мәселен, біз заманауи аппараттар сатып алдық. Яғни, оның көмегімен бетонның қалыңдығын сыртынан біле саламыз, арматураның қалыңдығын көре аламыз. Жердің тығыздығын өлшей алатын да апараттар бар. Үй салатын жерге барып бәрін алдын ала есептеп, зерттеу керек. Қазір біз үй тұрғызатын компанияларға «Бізге келіңдер, ақшасын төлеңіздер, есептеп береміз» деп айта аламыз. Негізінен, осылай болу керек. Кез келген үй салатын құрылыс компаниясы жердің топырағын өлшетіп, оның астында су бар-жоғын, қазықты құрғақ жерге жету үшін қанша метр қазу керек екенін алдын ала анықтату керек. Қазір жылдам үй саламыз деп, сапасына мән берілмей жатыр. Бүгінде ешкімнен ештеңе талап етіліп жатқан жан жоқ. «Ақшамды салып едім, үй құлап қалды, фирма жоқ болып кетті» дейтін жұрт көбейді. Жа­уапсыз мекемелер елдің тірнектеп жинаған ақшасын алады да, қашып кетеді. Іздесең, ол фирма жоқ немесе атауын өзгертіп жіберіп, мына жақта екінші сапасыз үйін салуды бастайды. Міне, қоғамның бүгінгі кеселі.
– Құрылыс саласында қанша маман даярлануда?
– Факультетте 20217 білім алушы бар, соның 313-і – магистрант. Жеті ғылым докторы бар. Астана еліміздің бас қаласы болғаннан ба, бізге оқуға түсушілер өте көп. Біз сәулет, дизайн, құрылысшы, инженерлік жүйелер мен желілер, геодезия және картография салалары бойынша мамандар дайындаймыз. Құрылысшы мамандығына гранттар көп. Республика бойынша 500 орын беріледі, соның 350-400-і біздің факультетке келіп түседі. Жылына 30-40 адам академиялық ұтқырлықпен шетелге барып, білімін көтеріп келеді. Мемлекеттік инновациялық даму бағдарламасы бойынша былтыр бізде 112 адам бітірді. Осы бағдарлама аясында студенттердің басым көпшілігі Корея, Германия, Турция секілді шел елдерге барып, білімін көтеріп келді.

Еуростандартқа сай мамандар даярланбақ
– Бітірген түлектеріңіз бірден жұмыс тауып кете ала ма?
– Бізді бітіргендердің 80 пайызы жұмысқа орналасады. Әсіресе, құрылыс инженері мамандығын алғандардың көбі Астанада қалғысы келеді. Аймақтарға барғысы келмейді. Оларға «Елге барыңдар, отбасы құрып, жақсы табыс тапсаң, әлемнің кез келген жерін шарлайсыңдар» деп кеңес беріп қоямыз.
– Елорда төрінде құрылыстың қар қыны жоғары екені белгілі. Сырттай қарағанда, көбіне шетелдік жұмыс­шыларды байқаймыз. Біздің мамандар қаншалықты осы құрылыстың басында жүр?
– Құрылыс болғанда оның көбі – қара жұмыс. Бізді бітіргендер – инженерлер.
Қазір мамандарды сертификаттау деген мәселе шығып жатыр. Ол – кәсіби маман екеніңізді бағалау, тексеру. Көбіне құрылысшылар шетелден келуде. Біздің мамандарды алайын десе, сертификат жоқтығын алға тартады. Соған қазір көп көңіл бөлудеміз. Балаларға сертификаттау орталығынан өтіңдер десек те, сертификат жасайтын орталықтар аз. Біздегі құрылыста тендер ұйымдастырылатын кезде жұмысшылардың 80 пайызы қазақстандық болуы керектігін айтамыз. Олар келіседі. Бірақ құрылыс басталғанда әлгі сертификаттың жоқтығын алға тартады. Сондықтан үй салатын кезде 20-30 пайыз ғана еліміздің азаматтары жүреді. Себеп, еуростандартқа сай маман жоқ. Сондықтан жоғарыда тілге тиек еткен ҮИИДБ бағдарламасына еуростандартқа сай мамандарды дайындау ісі енгізілді.
– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен:
Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

The post КҮН ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҮМКІНДІГІ МОЛ appeared first on Астана Ақшамы.


«БОЛАШАҚТЫҢ ЭНЕРГИЯСЫ» БОЛАШАҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

$
0
0
01-3

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен сұхбат

– Ахметжан Смағұлұлы, ЭКСПО-ны дайындау үшін сізге өте қысқа уақыт берілді. Соған қарамастан, сіз бұл жұмысқа үлкен оптимизммен кірістіңіз. Бұған не себеп?

01-3
– Шынымды айтсам, бірден оптимизм пайда бола қалды деп айта алмаймын. Компания төрағасы болып тағайындалған күннің ертеңіне, яғни 2016 жылғы тамыздың 13-і күні құрылыс алаңына алғаш рет келген кезде менде дәл сондай сезім болды деп айта алмаймын. Әлі бірде-бір сайманы жоқ, көптеген жұмыстары тіпті қолға да алынбаған, жасалған жақтарының өзі жайрап жатқан жерді көргенде, көңіл-күйдің қандай болғанын көрсеңіз. Мен BI-Group компаниясы салып жатқан C1 павильонын көргенімде, бұл жерде қабырғалары мен өндірістік кестесі орнатылған бетонды тақташасы ғана бар еді. Дегенмен Президент уақыттың өте тығыздығына байланыс­ты үлкен сеніммен тапсырғаннан кейін, бірден іске бел шешіп кірісу керек болды. Бізде бұдан басқа таңдау болған жоқ. Алда орасан зор, қат-қабат, қауырт жұмыстар күтіп тұрды. Ең ал­дымен, ұлттық компания де­парт­таменттерімен, оның құ­ры­лымымен, іске асырылуы тиіс жұмыстың көлемімен танысу қажет болды. Ал жұмыс бас­талғаннан кейін біртіндеп оптимизм де пайда бола бастады. Содан кейін арада бір ай өткесін әңгімемізде шынымен оптимизм сарыны жеткілікті еді.

Рас, біздің тірлігімізге күмән­­мен қараған адамдар сол кезде де, содан кейін де көп болды. Соған қара­мастан, біз алға қойған мақсатымыздан айнымадық, барлығын жаңадан бастадық. Тіпті соңғы сәттерге дейін «Уақытша шарттық баға» деген түсінікпен жүрдік, бізде бірде-бір нақты жоба болмады. Өздеріңізге мәлім, кез келген құрылыста ең алдымен жобалау-сметалық құжаттама дайындалады, ол сараптамадан өтіп, бекігеннен кейін ғана құрылыс жұмыстары қолға алынады. Ал біз уақыттың өте тығыздығына байланысты бұл құжатты тек өткен жылдың қараша айында ғана алдық. Қазіргі таңда біздің қолымызда 26 нысан бойынша 26 құжаттама бар, олардың барлығы сараптамадан өткен. Сөз жоқ, біз осы уақыттарда орасан зор жұмыстарды атқардық. Соның ішінде тіпті мердігерлермен ашық тіреске барып, баға жолында күрестік. Осының арқасында ақыр соңында құрылыс жұмыстарынан 2014 жылы әзірленген қызмет құнынан 300 млрд теңгені үнемдеуге қол жеткіздік. Осы ретте мен құрылысқа қатысқан барлық компанияларға, әсіресе, жұмысшы жұртқа алғысымды білдіргім келеді.

– Астана ЭКСПО көрмесінің ұраны – «Болашақ­тың энергиясы», яғни жаңа технологиялар мен жаңа энергияның көзін табу. Мұның Қазақ­станның болашағы үшін жасайтын қызметі қандай болмақ?

– Дұрыс байқап отырсыз, Астана көрмесінің ұраны да болашақ үшін жұмыс жасайтын болады. Әлбетте, оның қысқа мерзім ішінде біздің елдеріміздің экономикасын көтеруге серпін бере қоймасы анық. Бірақ ол – болашақтың бағдары. Сондықтан оған ұзақ мерзімді перспектива ретінде қарауымыз тиіс. Осы тұрғыдан келгенде, өмірдің өзі сияқты, экономиканың өзгеретіні де сөзсіз. Айталық, 90-шы жылдары Мен Премьер-министрдің орынба­сары болдым, сол кездері энергетика мәселелеріне жетекшілік еттім.
Рас, ол кезде жаңартылатын энергия көздері және альтер­на­тивті энергия туралы сөз де болған жоқ. Шынымды айтсам, мен жұмысқа кіріскен кезде ғана осы тақырыпты зерттей бастадым. Қазір Президент­тің алға болжанған «Бола­шақтың энергиясы» деген ұғым мен тақырыптың неге таңдалғанын жақсы түсінеміз. Бүгінде шикізат өндіруші елдердің мұнай бағасының құбылмалығына тәуелділігін көріп жүрміз. Бұдан шығудың бірден-бір жолы осы тұжырымдама болатынына қазір иманым кәміл.
«Болашақтың энергиясы» тақырыбы тек әлемдік державаларға ғана емес, дамушы елдер үшін де маңызды. Ал мұнда көрме Халықаралық көрме бюросының тарихында бірінші рет өткелі тұр. Біз осылайша энергия дағдарысын шешетін жолдарды іздеуде бас­тама бастап бердік. Мұның керек екенін жаһан жұрты сезініп отыр. Сондықтан өткен жылы көрмеге қаты­суға ықылас білдірген 30 мемлекеттің қатары биыл 115-ке жетті.
– Сіз ЭКСПО жұмысына кіріскеннен кейін бас менеджерлер санын екі есе қыс­қарттыңыз. Мұның дайын­дық жұмыстары мен сапасына әсері қандай болды?
– Ұлттық компания құры­лыммен танысқаннан кейін оның жауынгерлік қабі­летін арттырып, икемділігін күшейту үшін оны оңай­ландыруды жөн деп таптым. Шашылып-төгіліп жүретін уақыттың керек емес екенін ұғындым. Мәселен, департаменттер негізгі жұмысты орындайтын «жұмыс алаңы». Онда 9 басқарушы директорлар болды. Сосын оларды 3 адамға дейін азайттық. Маған дейін тіпті бір департаменттің екі директоры болған жағдайы да орын алған екен. Сөйтіп, біз құрылымның қажетсіз саналған шептерін қысқарта отырып, шешім қабылдау жеделдігін арттырдық. Департамент директоры өзі шешім қабылдап, сол шешімдердің орындалуы­на жауапты болып саналды. Біздің негізгі міндетіміз қажеті жоқ саланы қысқарту еді. Нәтижесінде біз тек ақшаны үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар құрылымды күшейтіп шығардық. Мұнда әрбір жұ­мыс­шының міндетіне дейін белгіленіп берілді. Құрылымды қыркүйек айының басында оңтайландырғаннан кейін, қайта өзгертпедік. Сөйтіп, Елбасының жан-жақты қол­дауы­мен 6 жыл істелетін жұмысты 21 ай ішінде бітірдік. Осы жұмыстардың барысында ұлттық компанияның ішінде, біздің бас мердігерде, жобалаушыларда, сәулетшілерде және басқа да қызметтерде тиімді қарым-қатынас те­тігі қалыптасты. Біз бұл қыс­қартулардан ұтпасақ, ешқандай да ұтылған жоқпыз.
– Келуші мемлекеттердің па­вильондарын дайындау жұмыстары қалай жүр­гізілді?
– Біз көрмедегі халықаралық павильондардың бәрін орта­дағы шарды қоршай орна­ластырдық. Олардың барлығы бір стандартпен салынды. Тек шаршы көлемінде ғана аздаған айырмашылық бар. Ал әр мемлекеттің павильоны қанша шаршы көлемді алады дегенге келсек, олар С1, С2, С3 және С4 деп аталатын 4 блокқа жайғасты. Мәселе оның қай бөлігінде орналасуға байланысты емес, себебі барлығы негізгі нысан – «Нұр Әлемнен» бірдей қашықтықта тұр. Бұл тұрғыда, біз мемлекеттермен жақсы жұмыстар атқардық, бұған Халықаралық көрме бюросының үлкен көмегі тиді. Шет мемлекеттермен ұйымдастырушы мемлекет, яғни біз және өзге мемлекеттердің арасында туындаған мәсе­лелерді талқылауға арналған екі жиын өткізілді. Бүгінде біз барлық мәселелерді бір бітіммен шештік. Ал Қытай, Германия, Франция, Ресей, Жапония, Монако секілді көптеген елдер жоспарға сай 1 қарашадан бас­тап павильондарын алды. 1 қарашада халықаралық павильондар дайын болды, бірақ кей мемлекеттер әртүрлі себеппен құрылыс жұмыстарын кештеу бастады.
– Аталмыш жоба Қазақстан үшін келешекте қандай нақты жетістіктер береді?
– Ең алдымен ЭКСПО-2017 мамандармен бірге қатардағы азаматтардың, әсіресе, жас­тардың сана-сезіміне серпін беретінін айтқым келеді. Жас­тарымыз инновациялы, бұл жерде шығармашылық бағытта жұмыс істейтін және ойлайтын тұлғаларға қы­зықтар өте көп. Мысалы, үз­дік тәжірибелер аймағы-арнайы Халықаралық комиссия әлемдегі жаңартылатын энергия көздері саласында ең үздік жобаларға іріктеу жүргізіп, 24 жобаны таңдап алған. Көрмеге бір рет қатысу осы саладағы жаңалықтарды көруге мүмкіндік береді. Бұл – шетелдік көрнекті ғалым­дардан, соның ішінде екі Нобель сыйлығының лау­реаттарынан құралған өте абыройлы комиссия. Ұсы­ныстардың көп болуы­на байланысты бірнеше ай іріктеу жүргізілді. Сол себепті осы павильонға келу мен танысу пайдалы әрі тиімді болады деп ойлаймын. Әрине, жоғарыда айтқанымдай, экономикадағы өзгерістер бірден бола салмайды. Біз оның жемістерін жақын келешекте көре бастаймыз. Бізде сонымен қатар «Қазатомпром» және «Росатомның» бірлескен павильоны атом энергиясын бейбітшілік мақсатта қолдану бойынша бірнеше керемет экспозицияларды ұсынады. Президентіміз бірнеше рет айтқанындай, мемлекет шикізат көзінен шығып, жаңа энергия көзіне көшуі тиіс, сондықтан менің ойымша, Астанада «Болашақ энергиясы» көрмесі осы бағытқа көп ықпалын тигізеді.
– Көрмеге қатысты тағы бір маңызды мәселе жөнін­де сөз қозғайық: Осы күн­дері ЭКСПО-ға қанша турист ке­­леді деп күтіп отырсыздар?
– Біздің жобамызда ЭКСПО-ға келетін адамның саны 5 миллионнан асуға тиіс. Бұлардың 15 пайызын шетелдерден келетін қонақтар құрайды. Негізінен, бұлардың да дені біздің екі алып көршіміз – Ресей мен Қытай елдерінің тұрғындары болмақ. Біз осыған байланыс­ты бұл елдерде орасан зор жұмыстар атқардық. Атап айтқанда, Ресейде, барлық шекаралас аудандармен, губернаторлармен меморандумға қол қойдық. Сонымен қатар, Санкт-Петербург, Мәскеу секілді көптеген ірі қалаларда роуд-шоу іс-шарасы өткізілді. Сондықтан, біз көрші мемлекеттерден көп турист келеді деп күтіп отырмыз. Қазірге дейін бір миллионнан астам билет сатылды. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Оларды әлем­нің 44 елінің өкілдері алып отыр.

Сұхбаттасқан:
Серік ПІРНАЗАР

The post «БОЛАШАҚТЫҢ ЭНЕРГИЯСЫ» БОЛАШАҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ appeared first on Астана Ақшамы.

ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛҒАН ЕСІМДЕР

$
0
0
ngghnggh

Табыл Құлияс… Кешегі игі жақсылардың көзін көріп, көп дүниені көңілге түйіп жүретін қаламгер. Сексеннен асса да сергек. Бірде «Ақмола атырабынан талай қаламгерлер шықты. Солар елеусіз қалып, ұмытылып барады» деп күрсінді. Айтып беріңіз, жазайық дедік. Содан өрбіген сырлы сұхбатты оқырмандарға ұсынып отырмыз.

ngghnggh

ҚАЛАМГЕРЛЕР ҚҰРМЕТ КӨРМЕДІ

– Ал, аға, әңгімеңізді өзіңіз көзіңіз көрген жазушылардан бастасақ?
– Ақмолаға 1988 жылы қоныс аудардым. Содан бері осы қалада тұрамын. Міне, отыз жылға тақап қалды. Осы елдің талай тұғырлы тұлғаларымен араластым. Қараөткел – ертеден тарихы қалың жер. Көптеген әйгілі адамдар ғұмыр кешкен. Тың дәуірін де бастан өткерді. Сол кезде жаппай қазақ мектептері жабылды. Соның ұлт руханиятына залалы көп тиді. Бірақ соған қарамастан осы елде қара сөздің туын жықпаған қаламгерлер өмір сүрді. 1990-2000 жылдары Ақмола облысы бойынша Қазақстан Жазушылар Одағының филиалын басқардым. Ол уақыт белгілі. Еліміз Тәуелсіздік алып жатқан тұс. Өте ауыр кезең десе де болады. Сол бір қиын шақта белгілі балалар жазушысы Мәдіхат Төрежанов дүниеден озды. Туған жұрты қаламгерді арулап жөнелтті. Ол кісі іргедегі Ақкөл ауданында өмірге келген. Ұзақ жылдар ұстаздық қызмет атқарды. КСРО Жазушылар одағының мүшесі. Әсіресе, жеткіншектер тақырыбына жетік болды. Оның «Бітпеген ойын», «Тең ойын», «Шегіртке мен ара», «Қанатбек пен Жанатбек», «Кім ақылды?», «Түйе қалай өз көлеңкесін жоғалтты?» секілді прозалық кітаптары жарық көрді. Балалар әдебиетінің дамуына сүбелі үлес қосты. Кейбір шығармалары орыс, белорусь тілдеріне аударылды. Былайғы тіршілікте араласып, әңгімелесіп жүрдік. Сондай кездері: «Менің әкем молда болды. Онысы қызыл үкіметке жақпады. Содан үркіп, жазған шығармаларымды дәріптей алмадым. Жасқаншақ болдым» деп айтатын. Қазір Мәдіхат туралы ешкім айтпайды. Асыл азамат осылай ұмытылып барады.
– Ақын Рысты Шотбаева апамыз да көп айтылмайды?
– Иә, ол кісінің есімі де ескерусіз қалды. 90 эпикалық поэма жазған ақын. Он бала тәрбиелеп өсірген ардақты ана. Көп жылдар Степногорск қаласында тұрды. Мектепте мұғалім болып жұмыс істеді. Көз тірісінде «Ереймен етегінде», «Нұра – бақыт өзені», «Толқынды Нұра», Арайлы таң» деген жұп-жұқа кітаптары жарыққа шықты. Балалар әдебиетіне де қалам тербеді. Шығармашылықпен тынымсыз айналысқан адам. Бірде ақын туған еліне барады. Сол кездегі аудан басшысы: «Біздің жазушылармен кездесетін уақытымыз жоқ» деп қабылдамай қойыпты. Осыны апамыздың өзі жаны күрсініп отырып, маған айтып еді. Қаламгерді қадірлеу де, бағалау да қызық қой. Көп әкімдер сенің атақ-дәрежеңізге қарайды. Атағыңыз болса, аспандатады. Ал қара жаяу болсаңыз, қатардағы көптің бірі санайды. Кеңестік дәуірде ақмолалық жазушылар соншалықты құрмет көрді деп айта алмаймын. Ел тізгінін ұстағандардың дені өзге ұлт өкілдері болды. Олар қазақ әдебиеті мен мәдениетін елегесі келмеді. Ақынның ақырғы «Қарашаш» деген поэмасы облыстық «Арқа ажары» газетінде басылды. Ағыл-тегіл төгілген туынды еді. Өмірінің соңғы жылдарында Ақмолаға көшіп келіп, осында дүние салды. Әлі де баспа бетін көрмеген шығармалары болуы керек. Балалары соған бас-көз болып отырған шығар деп ойлаймын. Алдағы жылы тоқсанға толады. Ең құрығанда мерейтойы қарсаңында бір кітабы жарық көрсе деймін.

ТАЛАЙ АЛЫПТАР ДӘМ ТАТТЫ

– Абай көшесінің бойындағы көп қабатты тұрғын үй­дің қабырғасындағы мемориал­дық тақтадан «Бұл үйде жазушы Мәди Хасенов тұрған» деген жазуды оқып едім. Осы қаламгерді де жұрт онша айта бермейді…
– Дұрыс айтасыз. Қазақта «Көзден кетсе, көңілден кетеді» деген сөз бар. Мәди Хасенов – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Табиғаты көркем Зерендіде туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Өмір бойы облыстық «Арқа ажары» газетінде жұмыс істеді. Журналистиканың қара қазанында қайнап жүріп, прозалық шығармалар жазды. Көзі тірісінде «Алғашқы ән», «Тұлпардың дүбірі», «Қайсар»,«Тайталас» секілді оннан астам кітабы басылды. «Нар тәуекел» деген романы жарыққа шықты. Олардың бәрі өз кезінде оқырмандардан жылы бағасын алған. «Менің замандастарым» атты очерктер жинағында сол кездегі республикаға танылған Наталья Геллерт, Нұрғабыл Мәлғаждаров, Сұлтанхамит Балғожин секілді майталман азаматтардың еңбегін арқау етті. Өмірінің ақырғы жылдарында «Қиянат» деп аталған роман жазып жүрді. Тіршілікте қарапайым, біртоға, сырбаз адам болатын. Былтыр сексенге толды. Оны ешкім білген де, елеген де жоқ. Кітаптары да қайта басылмады. Ауырып жүргенде ауруханаға барады. Дәрігерден ем алып жатқанда «мен кеттім» деп ың-шыңсыз жөнеле берген. Соңғы сөзі сол болған. Әйтеуір, бүгінде Мәди тұрған үйге мемориалдық белгі қойылды. Соның өзі – көңілге жұбаныш.

Жеке мұрағаты өте бай еді. Бірде мен соның үйіндегі магнитаспадан Жақып Ақбаев пен Әлімхан Ермековтің дауыстарын тыңдадым. Сондағы асыл дүниелер әлі көз алдымда тұр. Нөгербектің өзі 1997 жылы өмірден өтті. Сол архивтің бәрі балаларының қолында қалды деп ойлаймын. Кейде асыл азаматтың артында қалған мұраларын жинақтап, кітап шығарса деп армандаймын. Содан кейін марқұм Жомарт Әбдіхалық деген көрнекті қаламгердің есімі көп
айтылмайды

– Аға, Әскен Нәбиев деген майдангер жазушы болып еді?
– Әсекең алтын адам ғой. Екінші дүниежүзілік соғыстың жауынгері. Білікті журналист. Тамаша прозашы. Әсіресе, әңгіме жанрында ерекше қолтаңбасы қалыптасқан. Соғыс тақырыбына терең бойлаған қаламгер. Жалпы, әдебиет те өнімді еңбек еткен жазушы. «Бел-белестер», «Шынығу шағы», «Алдыңғы толқын», «Майдан әңгімелері», «Шерулі жылдар» деген бірқатар кітаптары жарық көрді. Оның кез келген туындысы өмірдің өзінен алған. Содан ба, бірден жүрекке жылы тиіп, жүрдек оқылады. Ағамыздың 85 жылдығында «Фолиант» баспасынан екі томдық таңдамалар жинағы шықты. Әсекең – ұзақ уақыт Қазақстан Жазушылар одағының Целиноград облысаралық бөлімшесінің әдеби кеңесшісі болды. Талай талапкер жасқа қолдау білдіріп, батасын берді. Соның кезінде осы өңірдегі жас қаламгерлер Жазушылар Одағының мүшесі атанды. Ағамыздың үйіндегі жеңгеміздің дастарханы берекелі еді. Ақмолаға Алматыдан келген жазушылардың бәрі сол үйге түсетін. Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин секілді әдебиет алыптарының бәрі жеңгеміздің қолынан дәм татты. Сонда Фарида апай: «Сол ағаларды күткеннің өзі – маған бақыт қой» деп сыпайы жымия­тын. Міне, сол Әскен ағамызға көше берсек те артық болмайды.

ҚАЗАҚЫ РУХТЫ САҚТАДЫ

– Тағы қандай азаматтар­дың есімі ұмыт қалды?
– Облыстық Қазақ радиосында бас редакторы болып Нөгербек Мағзұмов деген азамат жұмыс істеді. Тәп-тәуір прозаға қалам тербеді. Жеке мұрағаты өте бай еді. Бірде мен соның үйіндегі магнитаспадан Жақып Ақбаев пен Әлімхан Ермековтің дауыс­тарын тыңдадым. Сондағы асыл дүниелер әлі көз алдымда тұр. Нөгербектің өзі 1997 жылы өмірден өтті. Сол архивтің бәрі балаларының қолында қалды деп ойлаймын. Кейде асыл азаматтың артында қалған мұраларын жинақтап, кітап шығарса деп армандаймын. Содан кейін марқұм Жомарт Әбдіхалық деген көрнекті қаламгердің есімі көп айтылмайды. Ол ұзақ жылдар бойы «Арқа ажары» газетінің бас редакторы болды. Өткен жылы өмірден өткен белгілі ақын Нұрғожа Ораз ағамызды да ұмытуға болмайды. Одан бөлек, Ақмола өңірінде туып, Алматыда тұрған Қажымұрат Рахимов пен Ермек Өтетілеуұлы секілді ақын-жазушылардың есімдері де туған елінде ардақталса деймін.
– Енді тек жалаң сөз болмасын. Өзіңіз сөз еткен қаламгерлерді есте сақтау үшін қандай ұсыныс айтар едіңіз?
– Өткен жылы Уфа қаласын­да болдым. Сонда олар ақын-жазушыларды қатты құрмет­тейді екен. Төбелеріне көтереді. Қайран қалдым. Әрбір мектепте өмірден өткен сөз зергерлеріне арнап шағын музейлер ашылған. Олардың шығармалары жайын­да оқырмандар конфе­ренциясы өтіп тұрады. Қыс­қасы, әрбір суреткерді құр­меттей біледі. Бізде де осы үрдісті жандандыруға болады. Жоғарыда айтып өткен азаматтарды есте сақтау үшін олар тұрған үйлерге мемо­риалдық тақта орнатайық. Көшелерге есімін берейік. Тіпті, қиын болмаса, кітаптарын шығаруға ұйытқы болайық. Қолжазбаларын жинап, мұра­ғатқа тапсырайық. Бүгінде елордада жүзден астам талантты жазушылар тұрады. Бірақ біз сөз еткен қаламгерлер сол кезде орыстанып кеткен қаладағы қазақы рухты сақтап қалды. Сол үшін де оларға алғыс айтуымыз қажет. О дүниеге кеткендер енді ешкіммен таласпайды. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында тұлғаларды дәріптеу туралы жақсы ойлар айтқан. Адам мың жыл өмір сүрмейді. Сөз ғана мың жасайды. Біздің де жасымыз ұлғайды. Сондықтан мен айтқан қаламгерлердің есімдері ескерусіз қалмаса екен деймін.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

The post ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛҒАН ЕСІМДЕР appeared first on Астана Ақшамы.

Асxат Оралов, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы: ЕРІКТІЛЕР КӨРМЕ КЕЗІНДЕ ӨМІРЛІК ТӘЖІРИБЕ ЖИНАЙДЫ

$
0
0
erm_8686

– Жастар саясаты мәселелері бас­қармасы «ЭКСПО-2017» халық­ар­а­­­лық көрмесінде 1500 ерікті дайындады. Еріктілерді іріктеп алуда қандай талаптарға мән бердіңіздер?

16602961_367782083592731_6486324685333025895_n
– «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін ұйымдастыруда жастар­дың белсенділігі жоғары болды. Мәселен, 2015 жылдан бастап басқармаға қарасты «Астана жастары» ведомствоаралық мекемесімен бірлесіп, еріктілерді дайындауға ерекше мән бердік. Жалпы, халықаралық көрмеге еріктілерді Астана қаласының әкімдігі мен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы дайындады. Мысалы, біз қаламыздағы мәдени-бұқаралық нысандарға келген қонақтарға қызмет көрсетсек, ұлттық компания дайындаған еріктілер ЭКСПО аумағында жұмыс жасайды.
– Халықаралық көрмеде қызмет көрсетіп жатқан еріктілер неше тілді меңгерген?
– Астанаға табаны тиген турист ең алдымен халықаралық әуежай мен теміржол вокзалына келеді. Шет тілін еркін меңгерген еріктілер өзге елден келетін қонақтарды ақжарқын әрі жылы жүзбен қарсы алып жатыр. Жалпы, біздің еріктілер ағылшын, қытай, испан, түрік, француз, итальян, неміс, орыс, өзбек, қырғыз тілдерін еркін меңгерген. Алайда 1500 еріктілердің барлығы бірдей бірнеше тілді біледі деп айта алмаймын. Мысалы, бірі ағылшын тілін білсе, екіншісі қытай, үшіншісі испан тілдерінде қызмет көрсетуге қабілетті. Негізі, әуежай арқылы келетін қонақтардың көпшілігі ағылшын тілінде сөйлейді. Сондықтан да біздің еріктілердің 40 пайыздан астамы ағылшын тілін өте жоғары, ал 40 пайызы орташа деңгейде меңгерген. Ал қалған 20 пайызы орташадан төмен деңгейде ағылшын тілін біледі.

zhastar-1
– Еріктілер әуежай мен теміржол бекетінен басқа қай жерлерде қызмет көрсетіп жатыр?
– ЭКСПО басталмай тұрып еліміздегі барлық құзырлы органдар еріктілер дайындап беру туралы тапсырыс­тар берді. Солардың ішінде ҚР Ішкі істер министрлігі, Астана қаласы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінен көп сұраныс болды. Мәселен, қазіргі таңда аталған департаментте біздің 110 ерікті жұмыс жасап жатыр. Өйткені адамдар ең көп хабарласатын «102» пультында тергеу, жедел алдын алу қызметтерінде еріктілер қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласы бойынша «103» пультында, қаладағы балалар мен ересектерге арналған аурухана және емханада 20 ерікті жұмыс істеп жатыр. Денсаулық сақтау саласы бойынша қызмет көрсететін еріктілер «Астана» медициналық университетінің түлектерінен жасақталды. Өйткені болашақ дәрігерлер ауырып тұрған науқастың жағдайын бірден түсінеді. Ал Жергілікті полиция қызметі бойынша осы саланы жақсы білетін, мінезі өткір азаматтарды іріктедік. Бұдан бөлек, білім саласы бойынша 20 ерікті ЭКСПО көрмесіне жан-жақтан келетін оқушыларға қызмет көрсетеді. Олардың міндеті – вокзалдан оқушыларды қарсы алып, көрме, жалпы Астананың көрікті жерлеріне апару. Сонымен қатар, мәдениет саласы бойынша дайындаған еріктілердің санын 20-дан 30-ға дейін көбейтіп отырмыз. Себебі театрдан бастап әртүрлі мәдени ошақтарға баруға шетелдік қонақтар ерекше қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар, Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінде біздің еріктілер қызмет көрсетіп жатыр.
– Еріктілерге әкімдік тарапынан нақты қандай жағдай жасалған? Үш ай бойы тегін қызмет көрсету оңай емес қой…
– Еріктілер емін-еркін жұмыс жасау үшін Астана қаласы әкімдігі оларға барлық жағдай жасап отыр. Еріктілер туралы 2016 жылы шыққан Қазақстан Республикасының заңында олардың міндеттері ашық көрсетілген. Мәселен, ерікті 18 жасқа толған әрі Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек. Осы талаптарға сай азаматтар жеке немесе мемлекеттік органдардың мүддесі үшін әлеуметтік маңызды іс-шараларға өтемақысыз қызмет көрсете алады. Сондықтан да көрмеде қызмет көрсететін еріктілер тегін жұмыс жасап жатыр. Алайда біз 93 күн бойы қызмет көрсететін еріктілердің мәселелерін шешіп беріп отырмыз. Ең біріншіден, біз барлық еріктілерге шет тілін тегін оқыттық. Сонымен қатар, шетелдік қонақтың алдында ерікті өзін қалай ұстап, сөйлесуі керек деген сияқты әртүрлі этикалық мәселелерді үйреттік. Мысалы, ислам елдерінен келген әйел адамдармен қол алысып амандасуға болмайды, керісінше, өзге елден келген қонақтар қол ұсынса, оның сәлемін қабыл алу керек. Бұдан бөлек, еріктілер оқыс жағдай болған кезде алғаш­қы медициналық көмек көрсетуге бейімделді.

erm_8686
– Әлеуметтік желіде «3 ай бойы тегін ерікті болып жұмыс жасау – еріккеннің ісі» деп жазып жатқан­дарды байқап қалдым. Жалпы, ерікті болу жастарға қандай пайда береді?
– Шыны керек, кез келген еріктінің жаз айында қандай да бір компанияға орналасып, табыс табуына болады. Бірақ біздің жастар елімізде жүргізіліп жатқан саясатты қолдап әрі азаматтық борышын сезініп, ерікті болуға өздері қуана-қуана келді. Біріншіден, олар ЭКСПО көрмесінің еліміз үшін үлкен мүмкіндік екенін жақсы түсінеді; екіншіден, көрмеде қызмет көрсету – жастар үшін тарихи сәт. Жастар көрме арқылы өмірлік тәжірибеге ие болып, ертең қандай да бір қызметке орналасқан жағдайда, олардың көрмеде ерікті болғаны көп пайда әкеледі; үшіншіден, Астана қаласы әкімдігі жастарға жақсы мотивация беріп отыр. Мәселен, әкімдік тарапынан 500 еріктінің жататын жері мен ыстық тамағы тегін болып отыр. Сондай-ақ, оларға жол жүру билеттерінен бас­тап киімдеріне дейін тегін берілді. Бұдан бөлек, Астана қаласында болып жатқан кез келген мәдени-бұқаралық іс-шараларға еріктілер тегін кіре алатын болады. Ең бастысы қала әкімі Әсет Өрентайұлы ақылы бөлімде оқитын студенттерге арнап 20 білім беру грантын беріп отыр. Бұл деген – жастар үшін үлкен мотивация.
– Еріктілер мен шетелдік қонақ­тардың арасында атап өтерлік қандай байланыстар болып жатыр. Нақтырақ айтсам, еріктілердің жұмысына турис­тер қандай баға беруде?
– Мәселен, «Нұрлы жол» теміржол вокзалында біздің еріктілер Германия­дан келген ерлі-зайыпты қонақтарға қызмет көрсетті. Олар Ақмола облысы, Целиноград ауданындағы «Алжир» мұражайына қалай баруға болатынын сұраған екен. Біздің еріктілер ағылшын және неміс тілдерінде Ақмол ауылына қалай бару керек екенін жан-жақты түсіндіріп беріпті. Сондай-ақ, Египеттен келген қонақ өзінің әмиянын жоғалтып алып, полиция қызметкерлеріне арызданғысы келген. Міне, осы кезде біздің еріктілер дер кезінде көмекке келіп, оның затын тез арада тауып беруге ықпал етті. Жоғалған дүниесінің тез арада табылғанына таң қалған турист полиция қызметкерлері мен ерік­тілерге қайта-қайта алғыс айтыпты.

zhastar-3
– Жастар десе, жұмыссыздық пен баспана мәселесі алдымыздан шыға­ды. Осы екі күрделі мәселеде басқарма нендей жұмыстар жасап жатыр?
– Жұмыссыздық жөнінен Астана қаласы алдыңғы қатарда тұрған жоқ деп нық сеніммен айта аламын. Елорда болғандықтан атқарып жатқан жұмыстар өте көп. Біз, ең біріншіден, жұмыссыздықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мәселен, мектеп оқушыларының таңдаған мамандығы бойынша болашақта жұмыс табыла ма, жоқ па деген сұрақтарға еңбек нарығын зерттей отырып жауап береміз. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарын бітірген мамандарға арнап бос жұмыс орны жәрмеңкелерін өткіземіз. Бұл бағытта Астана қаласы Жұмыспен қамту басқармасы үлкен жұмыстар жасап жатыр. Ал енді баспана мәселесі жастардың ғана емес, сонымен қатар, үлкен азаматтардың да күрделі мәселесі болып отыр. Жалпы, пәтер мәселесімен Тұрғын үй басқармасы айналысады. Ал біздің басқарма тұрғын үйге қатысты бағдарламаларды жастарға жан-жақты түсіндіруге көңіл бөліп отыр.

Сұхбаттасқан:
Серік ЖОЛДАСБАЙ

The post Асxат Оралов, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы: ЕРІКТІЛЕР КӨРМЕ КЕЗІНДЕ ӨМІРЛІК ТӘЖІРИБЕ ЖИНАЙДЫ appeared first on Астана Ақшамы.

Талғат МАМАШЕВ: Барша қазаққа рухани сілкініс керек

$
0
0
4559d38a-b848-450b-b1ed-014edd6d7d2f

Ертең Астанада Дүние­-жүзі қазақтарының V құрылтайы басталады. Осыған орай, біз Дүние­жүзі қазақтары қауымдас­тығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев­пен сұхбат­тас­қан едік.

4559d38a-b848-450b-b1ed-014edd6d7d2f

– Талғат Асылұлы, тағдырдың жазуымен кезінде жер бетіне тарыдай шашыраған қазақтың басын қосуда Елбасының және құрылтайдың атқарып келе жатқан қызметі ерекше.
– Дұрыс айтасыз, Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы қазіргі таңда атамекеннен
сыртта жүрген қандастарымыздың басын қосып, тарихи отандарымен байланыстырып тұрған бірден-бір қоғамдық ұйым болса, оның басқарушы органы – құрылтай осы бағыттағы барша жұмыстардың қорытындысын шығарып, болашағына бағыт түздіріп беретін алқалы жиын. Сол жолды бастап берген бірінші құрылтайдың 1992 жылдың 28 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Алматыда өткені мәлім. Бұл еліміз егемендігін алып, алғашқы елең-алаңның алмағайып күндерін бастан кешіп жатқан кезі еді. Соған қарамастан, тәуелсіз Қазақ­станның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев хал­қы­мыздың үштен бірін құрайтын бөлігі өкілдерін елге шақырып, арнайы мәслихат құруға тәуекел етті.Мен ол кезде Алматы облысы әкімінің орынбасары едім. Сол күндері қызмет жағдайымен бірінші құрылтайдың бүкіл ойындары мен салт-дәстүрлері қанат жайған Дегересте ұйымдастыру жұмысының басы-қасында жүрдім.

Осы жолы қазақ жеріне әлемнің 33 елінен келген 800-ден астам қандасымыз алғаш алғаш рет аяқ басты. Олардың әуежайдан түскен бойда жерді сүйіп, тәу еткендерін өз көзімізбен көрдік. Құрылтайда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылып, оның төрағалығына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, төрағаның бірінші орынбасарлығына Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаев сайланды. Міне, содан бері де ширек ғасыр уақыт өтіпті. Екінші құрылтай арада 10 жыл өткеннен кейін шақырылды. Ол 2002 жылы 17-19 қазан күндері Түркістанда өтті. Құрылтай тарихи отанына оралуды аңсап жүрген қандастарымыздың қатарының толығуы жайын талқылады. Онда сон­дай-ақ қауымдастықтың жар­ғысы қабылданып, құрылтай әр бес жылда бір рет шақырылып тұратын болып мәміле жасалды. Алайда үшінші құ­рылтайды мерзімінен екі жыл бұрын шақыруға тура келді.

dkz

Бұған сол тұстағы саяси ахуал әсер етті. Сыртта жүрген ағайынға күн сайын өсіп, өркендеп келе жатқан елдің жаңа байтағы Астананы көрсету мәртебе еді. Сөйтіп, бұл алқалы жиын 2005 жылғы 27-28 қыркүйекте елордада керуен түзді. Бірақ елордада бұл кезде жаңа сипаттағы ғимараттар көптеп салына қоймаған еді. Сондықтан жиын Үкімет үйінің мәжіліс залын жайлады. Ал бұдан кейінгі төртінші құрылтай 2010 жылы өтуге тиісті еді. Дегенмен, сол жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп отырғандықтан бұл шара бір жылға шегеріліп, сырттан келген қандастарымыз 2011 жылдың 25-26 мамырында Астанадағы Тәуелсіздік сарайында бас қосты. Бұл жиынның ерекшелігі, оның аясында алғаш рет мәдени сала, білім саласы, көші-қон саласы сынды 4-5 министрлікте пленарлық отырыстан кейін секциялық жұмыстар өткіздік. Сол сияқты бір күнді спортқа арнап, әлемнің әр түкпірінен жиналған қазақ диаспоралары арасында футболдан турнир ұйымдастырдық. Тағы бір айтатыны, осыдан бастап құрылтайға жаңа өсіп келе жатқан жас толқынды көптеп тартуға айрықша мән берілді. Себебі алдыңғы екі құрылтайда жастары ұлғайған кісілердің айқын басымдылығы білінген еді. Сондықтан ендігі жерде халқымыздың болашағы саналатын жастар толқынына көбірек көңіл бөлмес­ке болмайтын еді.

erm_8202
– Бұл жолғы құрылтайдың алдына қойылып отырған міндет қандай?
– Аталмыш құрылтайдың да өзіне тән біраз ерекшеліктері бар. Ендігі басқосу Президенттің бұдан бұрын алға қойған өркениет өзегіндегі ең өрелі мәселесі – рухани жаңғыру міндетін жүзеге асырып, ұлтымыздың ұлағаты жолында қызмет етуге бет бұрып жатқан шағында өткелі тұр. Осыған орай жиынның ортақ тақырыбы «Рухани жаңғыру және шет елдегі қазақтар» деген тақырыпта айтылатын әңгімелерді қаузайды. Бұл басқосуға әлемнің 38 елінен 350 ағайын қатысады деп күтіп отырмыз. Бұдан бөлек, оларға елімізден 370 зиялы қауым мен Дүние­жүзі қазақтары қауымдастығының өкілдері қосылады. Құрылтай 23 маусым күні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуы­мен Тәуелсіздік сарайында ашылады. Жұмыстар негізінен бес секция бойынша жүргізіледі. Оның біріншісінде – Мәдениет және спорт, Ақпарат және коммуникациялар, Дін істері және азаматтық қоғам министр­ліктерінің өкілдері қатысып, тиісті мәселелер қаралады. Екіншісінде – Білім және ғылым министрлігінің, үшінші­сінде – Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау, Сырт­қы істер, Ішкі істер ми­нистр­ліктерінің, төртіншісінде – Инвестиция­лар және даму, Ауыл шаруа­шылығы министр­лік­те­рі­нің, бесіншісінде Ден­саулық сақтау министрлігінің өкілдері қатысып, рухани жаңғыру, жастарға білім беру, кәсіп үйрету, жұмысқа орналас­тыру, көші-қон, туризмді дамы­ту сияқты мәселелер жан-жақты талқыланады.

Құрылтайға келетін шетелдік меймандардың 60 пайы­зын 35-ке дейінгі жастар құ­райды. Бұлардың 80 пайызы қазақ жеріне тұңғыш рет қадам басатыны да белгілі болып отыр. Жиында шет ел­дер­дегі қазақ мәдени орталық­тарын қаржыландыру, қазақ жастарын Қазақстанға оқуға шақыру, қандастарға басқа да көмек көрсету туралы жайттар талқыланады. Онда шет жақтарда тұратын қандастарымыздың елге қызы­ғушылығын арттырып, ортамызға шақыру, көшіп келуге тілек білдірушілерді ынталандыру, олардың мұқтаждықтарын білу басты мәселе болмақ. Тағы бір айта кететін жайт, құрылтай аясында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қолдауы негізінде тұңғыш рет шет елдегі қазақ жастары көшбасшылары мен біздегі «Жас Отан», «Жасыл ел» сынды ұйымдардың, сондай-ақ шет елдерде «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатқан жастар лидерлерінің форумы да өтеді.

erm_1216

– Құрылтай Астанада ЭКСПО көрмесі өтіп жатқан кезбен тұспа-тұс келіпті.
– Ол да рас. Мұның да өз артықшылықтары жеткілікті. Сондықтан бағдарламада бұл жағы да ескерілді. Мәселен, 22 маусым күні түске дейін меймандарға Астананы таныс­тырамыз. Ал ЭКСПО-ға байланысты бой көтерген үлкен этноауыл оларды бірінші болып күтіп алады. Сол жерден қазақтың бүкіл тыныс-тіршілігі, ұлттық байлығы көрсетіледі. Кешкілік қонақтарды Астана опера театрына «Қыз Жібек» операсының жаңа қойылымына апарамыз. Екінші күні «Назарбаев Университетте» Президенттің қатысуымен пленарлық отырыс көген кереді. Содан кейін делегация мүшелері ЭКСПО-ның павильондарын аралай бастайды. Сол күні шетелден келген қонақтар Мемлекет басшысының қабылдауына барады. Құрылтайдың үшінші күні министрліктерде секциялық жұмыстар жүргізіледі. Қатысушылардың бір бөлігі сол күні түс ауа конференцияда бас қосса, қалған бөлігі жастар форумының жұмысына араласады. Ендігі бір жаңалық, құрылтай күндері «Қазақстандағы медицина жағдайы және туризм» деген секция жұмыс істейді. Ол болашақта ағайындарға арзан бағаға елде емделуге мүмкіндік жасау жайын талқылайды. Сөз соңында біздің «100 жаңа есім» жобасы сияқты, сыртта жүрген қазақтар арасынан да таңдау­лы 100 тұлғаны шығаруға да дайын екенімізді жеткізгім келеді. Бұл да сырттағы қандастарымыздың Қазақстанға деген қызығушылықтарын арттыра түсер еді. Қысқаша айтқанда, құрылтай күндері осындай қарбалас жұмыстар атқарылғалы тұр.
– Әңгімеңізге рақмет!

The post Талғат МАМАШЕВ: Барша қазаққа рухани сілкініс керек appeared first on Астана Ақшамы.

СӘУЛЕ ЖАНПЕЙІСОВА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ: ТҰЛПАРЛАРЫ ТҰСАЛҒАН КЕЗЕҢДЕ ӨМІР СҮРІП ОТЫРМЫЗ

$
0
0
14622445571_26dc1e551c_h

– Апай, Астанаға қош келдіңіз! Әрбір әнін бар жан-тәнін сала, ағынан жарыла, қара терге малына шырқағанда жанары нұрлана, шабыттана, сезімге шексіз беріле жарқылдап шыға келетін қазақтың Сәулесін кім білмейді? Төрткүл дүние көзін тігіп, күн санап көркейіп келе жатқан бас қаламыз Сіздей қыздарымен қуана қауышқан болар?!14622445571_26dc1e551c_h

– Рақмет, лайым солай болсын! Астанаға ат басын былтыр тіреген болатынмын. Бір жыл өте шықты. «Келдіңіз-ау, кеттіңіз-ау» деген адам жоқ. Алайда мен оған қарамаймын. Өзімнің елімде, өзімнің қаламда, өзімнің Астанамда өмір сүріп жатырмын.

– Сонда немен айналысып жүрсіз?
– Мен ұзақ уақыт бойы «дәстүрлі өнердің өз шаңырағы болуы керек» деген идея­ны көтеріп жүрген адаммын. Астанада болсын, Алматыда болсын, болмаса кез келген облыс орталығында кәдімгі ұлттық, киелі өнердің басын бір жерге тоғыстырып, үлкен шаңырақ атанатын осындай орталықтың болғаны керек еді. Бұл идеяны жүзеге асыру жолында талай есікті қақтым да. Бірақ болмады. Астанаға келетін болып шешкен жылы шығармашылығымда ерекше жаңалықтар болды. Соның бірі – Астана және Алматы қалаларынан «Аманат» өнер орталығымызды аштық. Алдымен осында келдім. Мемлекет тарапынан іске асу мүмкіндігі мүлдем болмаған соң, өзімнің хал-қадірімше жеке орталық етіп аштым. Сол сәтте «Алматыдан «Алатау» дәстүрлі өнер театры ашылды» деген сүйінші хабар жетті. Құдайым-ау, бұл менің қаншама жылдар бойғы арманым ғой. Қалайша қарап отырамын? Міне, сонда барып, осы «Аманаттың» өнер студиясын аштық. Қазір екі қалада да өнерге талабы бар жандар орталығымызға келіп, өнерлерін ұштауда.

– Енді сол «Алатау» дәстүрлі өнер театры, Сіз армандағандай, дәстүрлі өнердің өз шаңырағы бола алып отыр ма?
– Мен бұл сұрақтың жауабын уақыттың еншісіне қалдырғым келеді. Тәй-тәй басқан баладай болып басталған орталықтың жұмысын бірден сынға алғанымыз жарамас. Бұл орталықтың жұмысы әлі де көп. Дәстүрлі өнер дегенде домбырамен айтылатын әндерді ғана айтпаймыз ғой. Оның ішінде ақындық, музыкалық драмалы дүниелер, жыршылар сияқты қаншама қасиетті өнеріміз бар. Бір ғана мысал айтайын. Соңғы кезде Біржан-Сараны болсын, Қыз Жібекті болсын еуропалық қойылымға бағыттап жібердік. Ал оның түбін қазсаңыз, олар – біздің дәстүрлі өнеріміз. Сондықтан олардың сахналануы да ұлттық нақыш бояуымен болуы керек қой. Қазақтық дәстүрлі дауыс қойылымы операдағыдай емес. Неге соны өзіміздің қазақша нағыз музыкалы спектакльдерімізде қоймасқа?! Опера-балет театр­ларының өзіндік ұстанымы, бағыты бар. Онда еуропалық қойылымдар қойылады. Тек қана қазақтың өмірінен бірді-екілі Абай, Біржан-Сара сынды спектакльдерді қояды. Олардың киімі, тілі қазақша болғанымен, жалпы дауыс қойы­лымдары – барлығы еуропаша болып кеткен. Ал біз соларды өзіміздің таза қазақи дүниеміз ретінде көрсете алуымыз керек. Осы өнер орталығымыз алдағы уақытта атына сай болып, дәстүрлі дүниелерді өзімізге қайтарудың осындай жұмыстарын жасауы керек деп есептеймін.

– «Батысты айтатын адамдар Арқаның әуенін айта алмайды, Арқаны айтатындарға Жетісудың мақамы тән емес, жетісулықтар Сырға мүлдем бара алмайды» деген сын-пікірлерді құлағымыз шалып жатады. Дархан даламыз ән-жырға бай, әр өңірдің өз мақамы, сазы бар десек те, қазақтың әні бір емес пе?! Осының өзін музыка зерттеушілері бөле-жара қарап, теріс тенденция ұстанып жүрген жоқпыз ба?
– Арқаның атақты әншісі Жүсіпбек Елебеков бірде батысқа барған ғой. Бірінен соң бірін тамылжытып, «Жиырма бес», «Қарқаралы», «Ақбақай» сынды Арқаның әндерін орындапты. Сонда көптің арасынан бір қария шығып: «Айналайын, Жүсіпбек, енді қазақша айтшы» депті. Сонда Жүсекең ренжіп: «Мен бағанадан бері қай тілде ән салып тұрмын?» деген екен. Сөйт­се, қазақша айтшы деп тұрғаны өзіміздің Ғарифоллаша бұрқыратып, төгіп айтшы дегені екен ғой.

Дұрыс айтасыз, дархан даламыздың ән-жырға байлығы соншалықты, ұшса құстың қанаты талатын біздің кең-байтақ еліміздің ана шеті мен мына шетіне ол заманда бұл әндер жетпей жатты. Әркім өз қазанында қайнады. Ал қазір оңтүстік пен солтүстік, күнгей мен теріскей бір-бірімен мидай араласып жатқан бір Қазақ деген мемлекет болдық. «Жылдам хабар алғызған» бұл уақытта біз ортақ өнерімізді білуіміз, құрметтеуіміз, бағалауымыз қажет.

Ал әншілік өнердің өз алдына мектеп болып бөлінгені – біздің ұлы байлығымыз. Бұл үрдісті барынша сақтауға тырысу керек. Бұл домбыраның сүйемелдеуіне, сосын әншінің орындау шеберлігіне байланысты. Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Ғарифолла Құрманғалиев, Жамал Омарова, Рабиға Есімжанова, Роза Бағланова өздерінше бір-бір мектеп болып қалыптасты. Рас айтасыз, мұндай қасаң пікірлер бой көрсетіп қалып жатады. Меніңше, бұл, ең алдымен, ниетке байланысты. Әншінің құдай берген қабілеті, таланты деген болады. Кезінде өзім сабақ беріп жүргенімде қайта-қайта қаузап жүріп консерваторияда осыны бір жолға қойдым. Бүгінде бұл оқу ордасын бітірген әнші барлық аймақтың әндерін үйреніп шығады. Бұдан жаман болып жатқан жоқ. Арқадан келген қыз бала тек сол өңірдің әуенін үйреніп жатыр делік. Ертең ол ақтөбелік жігітке тұрмысқа шықса ше? Мүмкін мектепте, мүмкін колледжде ұстаз болар. Сол кезде ол шәкірттеріне тек қана Арқаның әнін үйретіп отырмайды ғой. Ата-анасы келіп «Менің балама өзіміздің Мәдидің әнін, Манарбектің әнін үйретіңіз» десе ше? Содан өзі жұмыссыз қалмай ма? Мұндай жан-жақтылық, әсіресе, филармония әншісі үшін өте-мөте қажет.
– ХХ ғасырдың ұлы әншісі Ғарифолла Құрманғалиевтің шәкіртісіз. Ұстаздан шәкіртке өнер берілген кезде өзінің дауыс иірімдерін меңгертеді. Ұстазыңыздан нені көбірек үйрендіңіз?
– Сізді түсініп отырмын, бұл ұстаздан шәкіртке мақам көшірмесі болмауы керек. Ғарекең өзі актер еді ғой. Оның ән айту стилі ешкімге ұқсамайтын. Әнді айтқан кезде қасы-көзін ойнатып, иегіне дейін қимылдап, көздерін аударып-төңкеріп жіберген кезде, бүкіл ел күлкіден қырылып қалатын. Ахмет Жұбановтың жазғаны бар. Ауғанстанға барған кезде Ғарекең «16 қыз­ды» айтыпты. Ол жақта ер адамдар бір бөлек, әйелдер бір бөлек отырады екен. Ғарекең осы бөлінушілікке саяси көзқарасын білдірейін деп әдейі осы әнді айтыпты дейді. Балконда отырған әйелдерге «Ұрқия-ай, Зұлқия-ай, Қатира-ай, Сағира-ай…» деп қайта-қайта қарап қоймапты. Әйелдер болса ұялғандарынан шәлілерімен беттерін тұмшалапты. Ал ер-­азаматтар жағы «Менің әйелім қалай отыр екен?» дегендей артына ожырая қарапты дейді. Сондағы Ғарекеңнің шеберлігін кейін қайталағысы келгендер болды. Бірақ ол шынайы болуы керек. Тума таланттылығы ғой. Бұл біреуге жарасады, біреуге жараспайды. Мұндай шеберлік іштен туады. Ең абзалы, ізденген жақсы, жақсы нәрсені қабылдаған, меңгерген дұрыс. Түптеп келгенде, қазақтың әні бір-ақ ән. Шетелдіктер тыңдаған болса, мұның айырмасын байқамайды. Сондықтан, бұл менің артықшылығым да болар, еліміздің қай өңіріне барсам да, дархан даламның қай өңірінің де әнін теңдей етіп айтып жүремін.

– Әнге «жиендік» жасайтындар көбейіп кетті. Тіпті қазір шоу-бизнесте соңғы кездердегі хит деп жүрген әндердің дені шетелдік боп шығып жатыр. Бұған адамдардың да еті үйреніп кеткен сияқты. Әнді талдап, талқылап жатпайды.
– Бұл енді қоғамның үлкен дертіне айналды. Ең өкініштісі, мұның ұлттық өнерімізге салқыны тиіп жатқандығында. Жалпы, өнерге «жиендік» қай ғасырда да жасалған. Біреудің тұсау кесуіне, бетін ашуына, 60-қа немесе 70-ке толуына, зейнетке шығуына лайықты арналған әндер болса, кез келгеніне қазақша сөз жазып, сахнаға, тойдың сахнасына шығара беретін заман болды ғой. Ол көшірме емес, ұрлық емес, өзара келісім бар деп те уәж айтып, ақталатындар бар. Қазіргілерінің шет жағасын өзіңіз білетіндіктен, бұрынғылардан айтып өтейін. Кезінде филология саласы бойынша кандидаттығымды қорғаған кезімде сол өңірге бардым. Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» повесі бойынша ізденіп жүрген кезім еді. Бес-алты қарт кісі отыр екен. Олар «Балуан Шолағыңды да, Мұқановыңды да білмейміз» деді. Содан Сегіз серіні сұрап қалып ем, әлгі кісілер шулап қоя берді. «Сен Сегіз серіні жоққа шығарып, солардың сөзін сөйлеуге келіп отырған адам екенсің ғой» деді. Олардан Сегіз серінің осы әндердің бәрін шығарған деу­ге қандай негіздері бар екенін білгім келді. Сөйтсем, қолдарында бір кітаптары бар екен. Кейінгі кездері шығыпты. Парақтап қарап, таңғалдым. «Ақ бұлақты» да, тіпті «Айман-Шолпан», «Қыз Жібекті» де, Ғарифолла Құрманғалиевтің репертуарындағы батыстың «Жылой» сынды бірнеше әндерін Сегіз сері шығарып кеткен дейді…

– Мысалы, біз «Ақ Жайық­ты» «Қыз Жібек» фильмінен білеміз. Киноның соңындағы титрда музыкасын жазған Нұрғиса Тілендиев деп жазылып тұр. Біреулер оны халық әні дейді…
– Біз кезінде оны бір концертте қалай хабарларымызды білмей дал болдық. Сонда әнші Ержан Қосбармақов: «Бұл халық әні де емес, Нұрғиса Тілендиевтің де әні емес, бұл – Пішәннің әні» деді. Бұл сөзге мен қатты таңғалып едім. Кейін­нен мұның түбін зерттеу­ге мүмкіндік алдық. «Қыз Жібек» киносында осы әнді орындаған адам Жақсылық Зәкіров деген кісі еді. Ол әннің бүкіл тарихын қолмен қойғандай етіп айтып берді. Ол фильмге қалай әкелгенін, қалай орындағанын, Нұрғиса Тілендиевтің оны қалай дайындағанына дейін айтты. Қиыншылық кезеңде Оралдан Башқұртстанға көшіп кеткен отбасында дүние­ге келіп, ке­йін оқуға Мәскеуге барып, одан жолдамамен Алматыға келген мұнайшы, бірақ өзі той басқаратын асаба екен. Бір тойда асабалық жасап тұрған жерінен бір кісілер оны Нұрғиса Тілендиевке апарыпты. Оған Нұрғиса ағамыз қатты қуанып, Қадыр Мырзалиевті шақыртып, сөзін жаздыртқан. Оны Қайрат Байбосынов ағамызға берген. Қайрат аға репертуарына енгізіп, гастрольдік сапарға алып шығып, әрі қарай тарап кеткен. Сол телебағдарламада Жақсылық аға бұрынғы өз сөзімен орындап шықты. Әннің бұрынғы атауы «Туған елім» екен. Осыны неге Нұрғисаның әні болып қалмады деп ренжитіндер бар. Әлі күнге дейін мойындағысы келмей жүргендер де бар. Бұл қалай сонда? Шындықтың беті ашылып тұрса, оны неге мойын­дамасқа? Бұл жерде ешкім одан ұрлықшы жасап тұрған жоқ. Нұрғиса ағамыз бұл әнді ешқашан өзімдікі деп айтқан емес. Бұл жердегі түсінбеушілік фильмнің соңындағы титрдан туындап тұр.

– Эфир арқылы таралып жатқан музыкалық шығармаларымызға қарап, халқымыз­дың жанын, психологиясын, дүниетанымын жеткізе алып отырмыз деп айта аласыз ба? Оның сыртында дәстүрлі өнерді насихаттауға арналған фестивальдер неге жиі өтпейді?
– Турасын айтып, туғаныңа жақпайсың. Шындық деген – өте қиын нәрсе. Елдің бар көргені эстрадада жүрген әншілер болып отыр. Олар өзі көп те емес. Әрі кетсе 30-40 әнші де­йікші. Міне, бар елдің баққаны солар. Енді, міне, екі ортадан Димаш шықты да, бүкіл Қытайды таңғалдырды. Қазақ оған таңқалды ма? Жоқ. Әлі де таңданып жатқан жоқ. Елдер «Димашқа Қытай таңғалып жатыр екен» деп соған таңғалып жатыр. Енді халық «Шын өнер осы ма?» дегендей ойланып қалды. Димаштың деңгейіне қарай ауысу керек пе? Дай-дай боп отырмыз. Екінің бірі Димашты өзіне қабылдай алмайды. Себебі Димаштың деңгейі менен тойдағы әншілеріміздің арасы жер мен көктей. Біз халықты әрі қарай қалай тәрбиелеуіміз керек? Енді Димаш өсе түседі. Біздің әншілеріміз соған қарай, сол биікке қарай көтерілуге қадам жасаса дейсің. Егер олай болмаса, сол жаттанды жазып алған әндерімен жүре береді.

Қазір эфирден кімдерді беріп жатыр? Бала-шағаны. Әндерінің көбісінің ән сиқы жоқ. Біз енді халық әндеріменен, сал-серілердің, жыраулардың сүйекті, керемет, терең туындыларыменен сусындап өскендіктен, мынандай балалардың шалдыр-шатпағын қабылдай алмаймыз. Отандық телеарналардың дені тек қана жиырма жасқа дейінгі көрермендер деңгейінде қалып отыр. Тыңдап, рахаттанып отыратын кештер көп берілмейді. Біздің өзіміз анда-санда жылт етеміз. Телеарна не ұсынады, жастар соны бойына сіңіреді.
– Неге жастар бүгінгі өз замандарында шығып жатқан сөзінде, әнінде не мағына, мән жоқ арзан дүниеге құмар болып барады? Олар неге қазақтың ғажап дүниелерін қабылдамай жатыр?
– Мұның бәрі – тәрбиеден, мұның бәрі – оларға беріліп жатқан ақпараттан. Бұл жағынан «әттеген-айлар» жеткілікті. Бірақ, енді «Кедейді шүкір құртады» дегендей, «Көш жүре түзеледі» деп қо­йып өзімізді жұбатып отыра беретін халықпыз ғой өзі. Айтсаң, жақпайсың. Айтамын деп талай сыбағамыздан қағылған да жайымыз бар. Менің кемшілігім де, артықшылығым да сол болуы керек, тура айтқанды ұнатамын.

Астанада дәстүрлі «Астана ар­қауы» фестивалі бар. Ол да бір үлкен халықтық сипат алып кет­кен жоқ. Шағын залдарда өте­ді. Бұлардың барлығы тек да­талы күндерде ғана өтеді. Жер­гілікті билік тарапынан не­месе Мәдениет министрлігі тара­пынан жүйеленіп отыруы ке­рек. Биыл Елбасымыз рухани жаң­ғыруға арналған Жолдау жа­сады. Міне, қазір осыны жалау етіп, дәстүрлі өнерімізді дә­ріптейтін керемет дүмпу жа­саса да жарасар еді. Фес­ти­вальдер бір рет өтеді де, сол жер­дің басшылығы ауысса, әрі қарай жалғасын таппай қалып кетеді. Шетелдерге шыққанда көріп жүреміз, оларда 40-50 фес­тивальдер өтіп жатады. Бұл дегеніңіз – оларда дәстүрлі түрде жыл сайын өтеді деген сөз.
– Осы өнердің өз өкілі ретінде бұған неге өзіңіз бел шеше кіріспейсіз?
– Менің қолымда билік бар ма? Жалғыз өзім не істей аламын? Астанаға алғаш келгенде Мәдениет басқармасының бас­шысына кіріп, жолықтым. «Этн­оауыл жасап жатырмыз. Сіз­дің айтып отырған дүние­леріңіз соның ішінде болады» деп айтты. Шыны керек, Астанаға келгелі мен мұндай жерді естіп, көріп отырған жоқпын. Көрме қарсаңында бо­лып жатса, мен қуана-қуана барар едім. Маған әлі күнге де­йін «ЭКСПО»-ның мынадай ке­шінде сіз өнер көрсетесіз» де­ген бірауыз хабарландыру, ша­қыру түскен жоқ. Мен осы дәс­­түрлі өнердің өкілімін ғой. Ас­таналық болып келіп жатырмын. Мұндай кештер туралы ақпараттарды мен білмей отырғанда халық қайдан білсін?
Астанаға келе сала Ұлттық ар­наның басшылығына кірдім де, өзімнің жобаларымды ұсын­дым. Бірақ оны керек ет­кен ешкім болмады. Менің жо­бамды қабылдамады деп тоңтеріс болып жатқаным жоқ. Басқа да ұлтқа, ұлттық өнер­ге жаны ашып, осындай бағ­дарлама болу керек деп бі­реу­дің бас көтермей отыр­ғаны ма? Мен соған таңғала­мын. Бастап­қыда театрға, дәстүрлі әнге, мұражай қорына, айтысқа арналған салалық бағдарламалар болатын. Қазір солардың бәрін экраннан жоғалтып алдық. Оның орнын шоу-бағдарламалар бас­ты. Екі әншінің немесе әртістің басын қосып, жеңіл күлкіге, әжуаға құрылған бағдарламалар көбейді. Біреудің жеке басына тиісіп, отбасылық өмірін жариялайтын нәрселер көптеп бой көрсетіп жатыр. Қазақ қашан отбасылық құндылықтарды жалпақ жұртқа жариялап еді?
– Ілкіде сал-серілер, дәстүрлі өнердің өкілдері ел-елді, жер-жерді аралап, жеке концерттерін ұсынып, көпшіліктің көз алдында жүретін. Қазір ешкімді көрмейміз. Ауылға барып, концерт беретін әнші бар ма өзі?
– Жоқ. Бармайды. Себебі олар қиындықтардан қорқады. Екіншіден, маған бұл неге керек деп ойлайды. Оған күш жұмсауың керек, ақша жұмсауың керек, уақыт бөлуің керек. Концерт беру деген оңай дүние емес. Күнде бізді жарнамалап жатқан телеарналар жоқ. Өкініштісі, біз тұлпарлардың аяғын тұсап қойдық та, мәстектерді бәйгеге салып жүрміз. Қазір сол мәстектердің жұлдыздары жанып тұр…
– Ұлттық өнерге деген жарнама, имидж жеткіліксіздігі себеп сияқты. Дәстүрлі әнді жастарға тыңдату үшін бұдан да басқа қандай амал ойлап табуға болады?
– Бүгінде ешнәрсені пиарсыз, имиджсіз елестете алмайсыз. Қатардан қалмау үшін осылай қамдануың керек. Концерттерімді бергенде пайданы ойламайтыным сондықтан. Бұл әншінің өзін жоғалтып алмауы үшін әрі өнерін өрістетіп отыруы үшін керек. Әр концертіңде тың жаңалық енгізуге талпынасың. Жеке концерт беретін әнші өткізетін кешін жарнамалайды, дайындығы, жаңалықтары туралы бөліседі. Міне, бұл — жарнама. Негізінде, дәстүрлі өнер иелерінің имиджін біздің бабаларымыз, сал-серілеріміз жасап беріп кеткен. Біз тек оны түрлендіруіміз ғана керек.

Сұхбаттасқан:
Гүлжан Рахман

The post СӘУЛЕ ЖАНПЕЙІСОВА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ: ТҰЛПАРЛАРЫ ТҰСАЛҒАН КЕЗЕҢДЕ ӨМІР СҮРІП ОТЫРМЫЗ appeared first on Астана Ақшамы.

Viewing all 202 articles
Browse latest View live