Quantcast
Channel: Сұхбат –Астана Ақшамы
Viewing all articles
Browse latest Browse all 202

ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ИДЕЯНЫ БІР АРНАҒА ҰЙЫСТЫРЫП ОТЫР

$
0
0

Сағатбек МЕДЕУБЕКҰЛЫ,әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің деканы:

15-kopirovat

– Сағатбек аға, өзіңіз басқарып отыр­ған факультеттің шаңырақ көтергеніне 83 жылдан асыпты. Осы уақыт аралығында қара сөздің майын ішкен небір таланттарды дайындадыңыз­дар. «Түлектермен мақтанамыз» ак­ция­сының негізгі мақсаты да осы болса керек?

– Әрине, ғасырға жуық осы уақытта факультеттің материалдық техникалық базасы нығайып, оқу-әдістемелік қоры толықты. Білім беру, оқыту, машықтандыру, кәсіби мамандарды даярлауды қалыптастырған үлкен шаңыраққа айналды. Бізді бітіргендер, сонау Дихан Әбілевтен бастап бүгінге дейінгі түлектер мемлекетшіл, отаншыл, ұлтжанды, азаматтық патриоттығы жоғары азаматтар болып қалыптасты. Отанын, елін, жерін сүйген, жұрттың сөзін сөйлейтін, ұлттың мұңын ойлайтын, жоғын жоқтайтын журналис­тер бүгінде идеологияны әрбір санаға сіңіріп отыр. Біз сондай түлектермен мақтанамыз.

Қазіргі уақытта біздің факультетте бірнеше мамандық бар. Дәстүрлі журналистика, баспа ісі, қоғаммен байланыс, дизайн, халықаралық журналистика мамандығы. Осы бес бағыт бойынша мамандар даярлаймыз. Демек, біздің факультетке жүрдім-бардым, кездейсоқ адамдар келмейді. Оның нәтижесі уақыт пен жылдар өткен сайын көрінуде.

Ал «Біз түлектермен мақтанамыз» идея­сына келсек, біздің университет әлемге әйгілі ең озық 800 университеттің ішінде 236-орынды жеңіп алды. Білдей халық­аралық агенттік рейтингінде «Түлектері кім?» сын-тезисі бойынша бітірушілердің сапасына мән берген. Мәселен, өндіріс орнын шыққан өніміне қарай бағаласа, университетте түлектердің қандай екеніне жауап іздейді. Міне, біздің оқу ордамыз осы үдеден шыға білді. Демек, мемлекеттік идеологияны жүргізіп, жұмылдырып, еңбек етіп жатқан – біздің түлектер. Сондықтан «Біз түлекпен мақтанамыз» деген акцияны бастап кеттік. Алматыдан басталған шара Астанада жалғасын тапты. «Егемен Қазақстан», «Астана ақшамы» газеттерінде және «Қазақстан» ұлттық арнасында болып, түлектерімізбен бір марқайып қайттық.

– Қазіргі қазақ журналистикасытуралы не айтасыз?
– Қазір интернет журналистика, конвергенттік журналистика деп айтамыз ғой. Жалпы, аты өзгергенімен, мақсаты, міндеті қалды. Менің ойымша, журналист ең алдымен мемлекетке, соның іргетасын қалауға атсалысу керек. Бейбіт өмір сүретін адамдардың санасын, идеясын мемлекет болашағына жұмылдыру керек. Менің ұғымымда ақпаратты екінің бірі алады, таратады. Қолында ұялы телефоны бар сен де белгілі бір оқиғаны фотоға түсіріп, әлемнің түкпір-түкпіріне жібере аласың. Бірақ ол журналистикаға жатпайды. Біздің мамандық ақпарат таратумен ғана шектелмейді. Ең бастысы, ұлттық мұратқа, халықтық мақсатқа қызмет етуің керек. Ал ол үшін сен беретін ақпарат миллиондардың үдесінен шыққаны абзал. Әлемдік кеңістіктегі оқиғалармен салыстырып, сараптап беру үшін тәжірибе, машық, білім, теория­лық таным керек.

– Дұрыс айтасыз, аға. Дегенмен әлеу­меттік желінің белсенділігі дәс­түрлі журналистикаға жақындап келетіні жасырын емес қой?
– Әлеуметтік желінің журналистикаға салмағы біршама жақындай бастады. Егер мемлекеттік тұрғыдан екшеп-елеп барып жеткізуді үйренсек, онда біздің әлеуметтік желілердің журналис­тикаға қызметі жақындайды. Есіңізде болса, былтыр бір ата-ана әлеуметтік желіде бастауышта оқитын баланың көтеретін сөмкесінің салмағының ауырлығын айтты. Оқу бағдарламаларындағы тапсырмалардың сапасын министрлікке қарата сынады. Бұл – қара басының ғана емес, миллиондаған адамдардың мүддесі. Алғашқы кездері көз ұялатын ақпараттардан сүрінетін едік. Қазір әлеуметтік желіде де мәдениет қалыптасып келе жатқанын айтуымыз керек. Жалпы, қазақ журналистикасы әлемнің көптеген журналис­тикасынан оқ бойы озық. Өйткені біздің журналистика бүкіл мемлекеттік идеяны бір арнаға мұратқа, ынтымаққа, бірлікке, болашаққа, дамуға, жаңғыруға ұйыстырып отыр. Осындай мықтылықтың арқасында ұлт бірігіп отыр деп айта аламын. Егер қазақ журналистикасы бір арнаға, бір мақсатқа жұмыс істемесе, онда елдің тұрақтылығына да қауіп төнуші еді.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

The post ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ИДЕЯНЫ БІР АРНАҒА ҰЙЫСТЫРЫП ОТЫР appeared first on Астана Ақшамы.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 202

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>