Quantcast
Channel: Сұхбат –Астана Ақшамы
Viewing all articles
Browse latest Browse all 202

МЕЙІРІМДІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ

$
0
0
????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

«Мейірімді қала» акциясын өткізу идеясын «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының есеп беру-сайлау конференциясында елорда әкімі Әсет Исекешев жария еткен болатын. Игі ниеттен туындаған акция мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен көп балалы аналардың жайын біліп, жетімдерді сүйеп, айықпас дертке ұшыраған жандардың да көңіл-күйін сұрап, қолдан келгенше көмек беруге бағытталған.

Қоғамды ізгілендіріп, әрбір елордалықтың жүрегіне мейірім шуағын құятын осындай ізгі шараның ортасында біздер де болдық.
Ұлы Отан соғысы ардагері, II топтағы мүгедек Александр Морунов зайыбы, тыл еңбеккері Анастасия Мартыновнамен бірге «Бесшатыр» орамындағы үйде тұрып жатыр екен. Тоқ­саннан асқан майдангер әлі тың, қимылы ширақ. Сарыарқа ауданы әкімі Арман Тұрлыбек қарияларды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, алып келген сый-сияпатын ұсынды. Аудан басшысының ілтипатына риза болған қарт майдангер марқайып қалды. Қарияның отты жылдарының куәсі – 2-дәрежелі «Отан соғысы» ордені, «Жапонияны жеңгені үшін» медалі және басқа наградалары тағылған костюмін киіп, естелігімен бөлісті. Ол жылдары авиация механигі, сержант Морунов Қиыр Шығыста соғысқан екен. Одан кейінгі жылдары Арқаға келіп, осы өңірде еңбек еткен.
«Мейірімді қала» акциясы аясында Кәрібаевтар отбасында да болдық. Отыздан енді асқан Гүлжан – «Күміс алқа» иесі. Ол Нұрым, Нұрсұлтан, Динара, Ерасыл, Береке, Айсұлтан есімді алты бала туып, бағып-қағып отыр.
«Астанаға келгенімізге 16 жыл өтіпті. Елордамен бірге өсіп, кө­бейіп жатырмыз. Балаларымның әкесі – құрылысшы. Үлкендерім мектепке барады. Сабақтан бос уақытында үйірмелерге қатыс­қанын қалап едім, алайда жақын жерде ондай орындар жоқ. Ал орталыққа апарып, алып келуге мүмкіндігіміз жоқ» деп қала маңындағы елді мекеннің бір мәселесін айтты. №4 мектеп-гим­назияның 8-сыныбында оқитын балалардың үлкені Нұрым болса бокспен айналысқысы келеді екен.
Гүлжан мен Есжанның үлкендері мектепке барады. Жаңа оқу жылы­ның қарсаңында қажетті құрал-жаб­дықтарын алуға да аудан әкім­дігі қарасқан екен. Аудан әкімі Арман
Алашұлы осы жолы да құр қол келмей, сәбилерге сыйлығын табыс­тады. Одан бөлек, қысқы оты­нын алуға қол ұшын беретінін айтты.

Айгүл УАЙСОВА

The post МЕЙІРІМДІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ appeared first on .


Viewing all articles
Browse latest Browse all 202

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>